Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет1/6
Дата15.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#136845
  1   2   3   4   5   6




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы ____________

№ ___ бұйрығымен

бекітілген




Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (25-шығарылым)




  1. Жалпы ережелер

1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (25- шығарылым) (бұдан әрі - БТБА) «Азот өндірістері және органикалық синтез өнімдері», «Негізгі химиялық өндірістері» бөлімдерінен тұрады.

2. Жұмыстардың дәрежелері еңбек жағдайларын ескерусіз олардың күрделілігі бойынша анықталған (еңбек күрделілігінің деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне талаптарды арттыратын экстремалды жағдайларды қоспағанда).

3. Әрбір маманның тарифтік- біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінің жұмысшы орындай білуі тиіс жұмыстардың сипатын қамтиды. «Білуі тиіс» бөлімінде арнайы білімдерге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтарды және басқа басқарушы материалдарды, жұмыс қолдануы керек әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар жазылған.

4. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларда жұмысшы мамандығының берілген дәрежеы үшін неғұрлым тән жұмыстардың тізімі келтіріледі. Бұл тізім жұмысшы орындай алатын және орындауы керек барлық жұмыстарды тәмамдамайды. Қажетті жағдайларда жұмыс беруші сәйкес дәрежелердің жұмысшыларының тарифтік- біліктілік сипаттамаларында жазылғандарға орындау күрделілігі бойынша сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізімін әзірлеп, бекіта алады.

5. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде қарастырылған жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау мен тапсыру, жұмыс орнын, керек-жарақтарды, құралдарды жинау және оларды тиісті күйде ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу бойынша жұмыстарды орындауы керек.

6. Бөлімде жазылған теориялық және практикалық білімдерге қойылатын талаптармен қатар жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша ережелер мен нормаларды; жее қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері; орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) сапасына қойылатын талаптарды; ақау түрлерін және оның алдын алу және жою тәсілдерін; өндірістік белгі беруді; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру тәсілдерін білуі тиіс.

7. Неғұрлым жоғары біліктілікті жұмысшы оның тарифтік- біліктілік сипаттамасында аталған жұмыстардан басқа, неғұрлым төмен біліктілікті жұмысшылардың тарифтік- біліктілік сипаттамаларымен қарастырылған жұмыстарды орындап, сондай-ақ осы мамандықтағы неғұрлым төмен біліктілікті жұмысшыларды басқара Білуі тиіс. Осыған байланысты неғұрлым жоғары дәрежелердің тарифтік- біліктілік сипаттамаларында неғұрлым төмен дәрежелердің тарифтік- біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыстар, әдетте, келтірілмейді.

8. Жұмысшының еңбек кітапшасын толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік дәрежелі өзгерткен кезде оның мамандығының атауы БТБА сәйкес жазылады.

9. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

11. «Азот өндірістері және органикалық синтез өнімдері», «Негізгі химиялық өндірістері» бөлімдерінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген.




2. «Азот өндірістері және органикалық синтез өнімдері»

1. Азоттау аппаратшысы


Параграф 1. Азоттау аппаратшысы, 2-разряд
12. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен азоттаудың технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу;

пештерге шихта тиеу, оны вибратордың көмегімен нығыздау;

пештерді электр тоғына қосу;

шихтаны пештерде электр тоғымен жылыту;

электродтары орнату және алып тастау;

пештің жұмысын қадағалау;

оларды іске қосуға дайындау.

13. Білуі тиіс:

технологиялық процесті;

қызмет көрсететін құрал- жабдығының белгіленуі мен әрекет ету қағидасын.

Параграф 2. Азоттау аппаратшысы, 4-разряд


14. Жұмыс сипаттамасы:

азоттаудың технологиялық процесін – кальций цианамидін алу мақсатымен жоғары температура кезінде цианамидті пештерде кальций карбидіне азотпен әсер етуді жүргізу;

азоттың қажетті мөлшерін есепке алу;

шихтаны азоттау;

пештердің жұмысын қадағалау, цианамидті блоктар мен пештерді суыту;

оларды кальций цианамидінің қалдықтарынан тазарту;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен көзбен бақылаулар бойынша азот қысымын және жиілігін, толассыз түсуін, электродтарға электр энергиясының берілуін, пештердегі температураларды, бекітпелердің жағдайын және электродтарды бақылау және реттеу;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жүргізу;

құрал- жабдықты қосуға және тоқтатуға дайындау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

15. Білуі тиіс:

кальций цианамид өндірісінің технологиясын;

қызмет көрсетілетін жабдықтың, бақылау - өлшеу құралдарының құрылысын;

арматура мен коммуникациялардың сызбаларын;

кальций карбидінің, кальций цианамидының, азоттың физикалық - химиялық және технологиялық қасиеттерін;

процесті реттеу ережелерін;

есептеу әдістемесін.

2. Булау және ұсату аппаратшысы


Параграф 1. Булау және ұсату аппаратшысы, 3-разряд
16. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары аппаратшының басқаруымен аммиак селитрасының балқымасын булау және ұсату технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу;

ерітінділерді - булау аппараттарына, балқымасын ұсатқыштарға беру;

талдау нәтижелері бойынша бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен және көзбен технологиялық процестің дұрыс барысын қадағалау;

булағыш аппараттарға, ұсатқыштарға, өлшегіштерге, қысым бактарға, сорғыларға және басқа құрал- жабдыққа қызмет көрсету;

технологиялық журналда жазу жүргізу;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жүргізу.

17. Білуі тиіс:

аммиак селитрасын булау және ұсату процесінің мәнісін, негізгі және көмекші құрал- жабдықтың белгіленуін, шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін.

Параграф 2. Булау және ұсату аппаратшысы, 4-разряд


18. Жұмыс сипаттамасы:

жылына 450 мыңға дейін бірлік қуатымен өндірістерде аммиак селитрасының балқымасын булау және ұсату технологиялық процесін жүргізу;

бақылау - өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша ерітінділерді беруді, бу мен балқу температурасын, вакуумды, гранулометрияық құрамды және процестің басқа параметрлерін бақылау және реттеу;

сынамалар алу және талдаулар жүргізу;

булағыш аппараттарға, сепараторларға, барометрлік конденсаторларға, өлшегіштерге, ұсатқыштарға, желдеткіштерге, қысым бактарға, сорғыларға және басқа құрал- жабдыққа қызмет көрсету;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жүргізу;

технологиялық журналда жазу жүргізу;

неғұрлым жоғары біліктілікті жұмысшыларды басқару.

19. Білуі тиіс:

аммиак селитрасын булау және ұсату процесінің мәнісін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, арматура мен коммуникациялардың сызбаларын;

азот қышқылының, аммиактың және аммиак селитрасының технологиялық қасиеттерін;

дайын өнімге қойылатын талаптарды;

сынамалар алу ережелерін;

процестің физикалық- химиялық негіздерін.

Параграф 3. Булау және ұсату аппаратшысы, 5-разряд


20. Жұмыс сипаттамасы:

жылына 450 мың және одан жоғары бірлік қуатымен агрегаттарда аммиак селитрасының балқымасын булау және ұсату технологиялық процесін жүргізу;

бақылау - өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша ерітінділерді беруді, бу мен балқу температурасын, балқу концентрациясын; вакуумды; гранулометрияық құрамды және процестің басқа параметрлерін бақылау және реттеу;

зертханалық талдаулар мен көзбен бақылаудың негізінде хлорлы калий мен дайын өнімнің дозасын есептеу, дайын өнімнің, диспергатордың, ұнтақ жағатын агенттің арақатынасын түзету;

өндірісті бақылау үшін сынама алу және талдаулар жүргізу;

технологиялық журналда жазу жүргізу;

булағыш аппараттардың, буландырғыштардың, сепараторлардың, конденсаторлардың, ұсатқыштардың, форэжекторлардың, сорғылардың, желдеткіштердің және басқа құрал- жабдықтардың вакуумдық жүйелеріне қызмет көрсету;

құрал- жабдықты қосуға және тоқтатуға дайындау, құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау;

құрал - жабдыққа күрделі емес жөндеу жүргізу.

21. Білуі тиіс:

булау және ұсату процесінің мәнісін;

технологиялық процесті реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының кинематикалық және электрлық сызбаларын, арматура мен коммуникациялардың сызбаларын;

азот қышқылының, аммиактың және аммиак селитрасының, несепнәрдің, нитроаммофоскидің технологиялық қасиеттерін;

дайын өнімге қойылатын талаптарды;

талдаулар мен есептеулер жүргізу әдістемесін;

процестің физикалық- химиялық негіздерін.

Параграф 4. Булау және ұсату аппаратшысы, 6-разряд
22. Жұмыс сипаттамасы:

жылына 450 мың т. жоғары бірлік қуатымен агрегаттарда нитроаммофос ерітіндісін булау, балқыманы хлорлы калиймен, аммиакпен және нитроаммофоскидің ұсақ фракциясымен булау, нәрлі буды аммиактан, фтор мөлшері бар қоспалардан тазарту, балқыманы ұсату, өнімді ұсатқұрамы бойынша жіктеу, дайын қоспалармен тазарту арқылы нитроаммофоски алудың технологиялық сатыларының кешенін жүргізу;

қол астындағы персоналдың жұмысын бақылау және үйлестіру;

жүргізілетін химиялық талдаулардың нәтижелері бойынша бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының көмегімен булау және ұсату процесінің технологиялық режимінің параметрлерін бақылау;

фтордың, аммиактың қосылыстарын ұстау үшін амселитраның дозасын есептеу;

дайын өнімнің, диспергатордың дозаларын, қатынастарын түзетуді басқару;

аспирация жүйелерінің автоматтандырылған талдау жұмысын бақылау;

технологиялық процестің әр түрлі сатыларында бақылау анализдарын, шұғыл- анализдарды орындау;

бүкіл құрал- жабдықтың жұмысын қадағалау;

бүкіл технологиялық сатының іске қосылуы мен тоқтауын басқару;

технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерін анықтау және жою, құрал - жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

шикізат шығынын және алынған өнімнің мөлшерін есепке алу.

23. Білуі тиіс:

нитроаммофоски өндірісінің булау және ұсату процесінің технологиялық сызбасын;

процесті реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын;

белгі беру және блоктау сызбаларын; аммиактың және аммиак селитрасының және нитроаммофоскидің технологиялық қасиеттерін;

дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды;

бақылау талдаулар мен есептеулер жүргізу әдістемесін.

4. Қосымша өнімдерді алу аппаратшысы


Параграф 1. Қосымша өнімдерді алу аппаратшысы, 4-разряд
24. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен фракциялық айдаумен технологиялық циклден таза пайдалы өнімдерді бөлу процестерінің жекелеген сатыларын жүргізу;

бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша дисталляциялық бағаналарда ағындар мен флегмаларды, вакуумды, температураны, қызмет көрсетілетін аппараттарда деңгейлерді бақылау және реттеу;

сынамалар алу;



дисталляциялық бағаналарға, араластырғышпен қайта кристаллизаторға, ыдыстарға, сүзгіге, сорғыларға және және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;

олардың жұмысын бақылау;



құрал- жабдықты жөндеуге дайындау, оны жөндеуге тапсыру және жөндеуден қабылдау;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жүргізу;

технологиялық журналда жазу жүргізу

25. Білуі тиіс:

процестің технологиялық сызбасын және физикалық- химиялық қасиеттерін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;



арматура және коммуникациялар сызбасын;

сынамалар алу ережесін;

қолданылатын өнімдердің, жартылай өнімдер мен химикаттардың физикалық- химиялық қасиеттерін;

негізгі материалдар мен дайын өнімге қойылатын талаптарды.

Параграф 2. Қосымша өнімдерді алу аппаратшысы, 5-разряд


26. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық циклден таза пайдалы өнімдерді бөлу процесін жүргізу;

басты фракцияны – метанол мен кубтық өнімді, шикі диметилтерефталат және диметилтерефталат изомерінің қоспасын, шикі диметилтерефталат қоспасын, органикалық қышқылдың паротолуил эфирін, органикалық және бензоил қышқылдардың метил эфирін, термиялық ыдырау өнімдерін бөлумен қысыммен үздіксіз бөлумен фильтратты дисталляциялау;

диметилтерефталатты бөлумен кубтық өнімді қайта кристалдау;

бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша таза өнімдердің (метанолдың, сары май мен басқа компоненттердің) бөлінуін, бас факциялардың тазалығын, пайдалы өнімдердің мөлшерін және процестің басқа параметрлерін бақылау және реттеу;

дисталляциялық қондырғыларға, вакуумдық барабан сүзгіге, араластырғышпен ыдысқа, муфель пешіне және басқа құрал- жабдыққа қызмет көрсету;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жүргізу;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

27. Білуі тиіс:

диметилтерефталатты өндіру;

процесті реттеу технологиясын қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен әрекет ету қағидасын;

қолданылатын өнімдердің, жартылай өнімдер мен химикаттардың физикалық- химиялық қасиеттерін;



технологиялық процестің бұзушылықтар себебін және оларды жою тәсілдерін.

5. Конверсиялау аппаратшысы


Параграф 1. Конверсиялау аппаратшысы, 4-разряд
28. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен технологиялық конверсиялау процесін жүргізу;

газды немесе ерітіндіні қабылдау, булармен қанықтыру, компоненттерді араластыру, жоғары немесе орта температура кезінде конверсиялау;

бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері, химиялық талдау нәтижелері бойынша және көзбен буды, газды, оттегіні, оттегі ауа қоспасын және суды беруді; сілтілердің концентрацясын, гагольдерде газдың деңгейін; реакторда сілтілердің және процестің басқа параметрлерін бақылау және реттеу;

шикізат пен жартылай өнімдерді есепке алу;

сынамалар алу және талдаулар жүргізу;

конверторларға, реакторларға, қазандық - утилизаторларға, араластырғыштарға, сорғыларға, коммуникацияларға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықты қосуға және тоқтатуға қатысу;

құрал- жабдықты жөндеуге дайындау:

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеуді орындау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

29. Білуі тиіс:

конверсия технологиясын; процесті реттеу ережесін;

негізгі және көмекші құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының жұмыс істеу қағидасын;



коммуникациялар мен арматура сызбаларын; сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін;

газдың, тұз ерітінділерінің, қышқылдардың, сілтілердің физикалық- химиялық қасиеттерін;

жалпы химия негіздерін.

Параграф 2. Конверсиялау аппаратшысы, 5-разряд


30. Жұмыс сипаттамасы:

метанды және көміртегі тотықтарын конверсиялау агрегаттарында, реакторларда және толассыз әрекет ететін басқа құрал-жабдықта аммиактың, спирттардың, сутегінің, калий селитрасының, натрий нитриты және нитратының, аммиакты селитраның және карбонатты тұздардың өндірістерінде конверсиялаудың технологиялық процестерін жүргізу;

негізгі компоненттердің қажетті мөлшерін есептеу;

бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері, химиялық талдау нәтижелері бойынша және көзбен процестің параметрлерін бақылау және реттеу: катализатор аймағында, жүйеден кіретін және шығатын жерінде ерітіндіні, конверторларда қысым мен кедергіні, агрегаттар бойынша күш түсуді, бу- газ қатынастарын және басқа параметрлерді;

конверторларға, реакторларға, сатурациялық мұнараларға, коммуникацияларға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;

күрделі емес жөндеу орындау;



құрал- жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;

неғұрлым төмен біліктілікті жұмысшыларды басқару;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

31. Білуі тиіс:

технологиялық процесті және оны реттеу ережесін;

негізгі және көмекші құрал- жабдықтың;



автоматика құралдарының және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын; талдаулар жүргізу және есептеулер әдістемесін;

шикізаттың, катализаторлардың және дайын өнімнің технологиялық қасиеттерін;

негізгі компоненттерге және дайын өнімге қойылатын талаптарды.

Параграф 3. Конверсиялау аппаратшысы, 6-разряд


32. Жұмыс сипаттамасы:

конверсиялаудың технологиялық процесін жүргізу және құрамында жылына 550 мы т. қуатымен агрегаттармен нитроаммофоски өндірісі бойынша бірлескен конверторлар немесе цехтері бар газ цехы жұмысшыларының жұмысын үйлестіру;

бу- газ арақатынасын, газ бен ауаның және басқа компоненттердің қажетті мөлшерін есептеу;

процесс параметрлерін бақылау: конверсияланған газдың шығымы мен сапасын, газдағы және өндірістің алынатын қосымша өнімдеріндегі компоненттердің, ылғал мен қоспалардың, метанол өндірісі үшін сутегінің және синтез- газдың мөлшерін;

негізгі параметрлерді реттеу: бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша агрегаттар мен компрессорлар бойынша газдың құрамын және күш түсуді;

автоматты талдау жүйелерінің, РН-метрияның жұмысын бақылау;

белгіленген параметрлерден ауытқулардың себептерін анықтау және жою;

құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды, оны жөндеуге дайындауды басқару, жөндеуді бақылау;

құрал- жабдық жұмысындағы олқылықтарды анықтау және оларды жою;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

33. Білуі тиіс:

технологиялық процесті;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, автоматика құралдарының және бақылау- өлшеу құралдарының, белгі беру және блоктау сызбасының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;



конверсияланатын және конверсияланған газдың технологиялық қасиеттерін;

талдаулар жүргізу және есептеулер әдістемесін;

конверсияланатын және конверсияланған газдың құрамына қойылатын техникалық талаптарды.

34. Орта кәсіби білім қажет.

6. Қышқылдарды концентрациялау аппаратшысы
Параграф 1. Қышқылдарды концентрациялау аппаратшысы, 3-разряд
35. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен күкірт және азот қышқылдарының ерітінділерін концентрациялаудың технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу;

сақтағыштар мен жинағыштарда қышқылдың деңгейін, тоңазытқыштар мен жылытқыштардағы температураны, аппараттардан сақтағыштарға қышқылды беруді, сақтағыштардан жинағыштарға купоросты майды беруді, бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен, вентильдердің және ысырмалардың көмегімен қолмен, талдау нәтижелері бойынша және көзбен қышқыл ағындарының бөлімшеден қоймаға бағытталуын бақылау және реттеу;

сынамалар алу және әрбір істейтін бағанадан және тоңазытқыштардан кейін қалдық және өнімді қышқылдардың концентрациясына, буландырғыш пен қыздырғыштардан кейін – ағынды сулар мен конденсаттың қышқылдығына әлсін- әлсін талдаулар жүргізу;

концентрациялау бағаналарына, концентраторларға, эксгаустерлерге, сорғыларға, буландырғыштарға, жылытқыштарға, тоңазытқыштарға және басқа құрал- жабдыққа қызмет көрсету;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықты қосуға және тоқтатуға қатысу;

құрал- жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу жасау.

36. Білуі тиіс:

қышқылдарды концентрациялаудың технологиялық процесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының белгіленуі мен жұмыс істеу қағидасын;

бекітпе арматура мен коммуникациялардың сызбаларын;

азот және күкірт қышқылдарының физикалық- химиялық қасиеттерін;

сынамалар алу ережесін;

жалпы химия негіздерін.

Параграф 2. Қышқылдарды концентрациялау аппаратшысы, 4-разряд


37. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары қысымды автоклавтарда тура синтез әдісімен концентрацияланған азот қышқылының ерітінділерін алудың технологиялық процесін жүргізу;

бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша ауаны, табиғи газды және қышқылды беруді; қышқылдың, су мен будың қысымы мен температурасын; желдету газдарында оттегінің мөлшерін бақылау және реттеу;

сынамалар алу:

автоклавтарға, сорғылар мен басқа құрал- жабдыққа қызмет көрсету;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

38. Білуі тиіс:

концентрацияланған азот қышқылын алу технологиясын;

процесті реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

азот қышқылының, азот тотықтарының, оттегінің физикалық- химиялық қасиеттерін;

негізгі материалдармен дайын өнімге талаптарды.

Параграф 3. Қышқылдарды концентрациялау аппаратшысы, 5-разряд


39. Жұмыс сипаттамасы:

концентрациялау әдісімен күкірт және азот қышқылының ерітінділерін концентрациялаудың технологиялық процесін жүргізу;

шикізаттың қажетті мөлшері мен дайын өнімнің шығымын есептеу;

бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша қалдық қышқылды беруді, күкір қышқылынан қалдық газдарды тазартуды, газ (мазут) оттығында жану режимін, бағанада вакуумды және басқа параметрлерді бақылау және реттеу;



сынамалар алу;

концентрациялау бағаналардың, концентраторлардың, тоңазытқыштардың, конденсаторлардың, буландырғыштардың, электр сүзгілердің, сорғылардың, сорғыш мұнаралардың (бағаналардың), автоклавтардың және басқа қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысын бақылау;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет