Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КеАҚ
СӨЖ
Тақырыбы: Эссе «Менің мансаптық және кәсіби өсуім»
Орындаған: Қаржау Айгерім
Тобы: Тарих-11
Қабылдаған: Смаилова Гүлдана Сәрсенбайқызы
Арқалық,2024
«Менің мансаптық және кәсіби өсуім»
Білікті білім жинап, кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп өнер.
-Иүгінеки Ахмед
Эссені бастамастан алдын ең алдымен мансап және кәсіби өсу туралы өз ойымда айта кеткенді жөн санаймын.Менің ойымша мансап адамның кәсіби және тұлғалық дамуы. Яғни өз карьерасында өзін жоғары лауазымдық түрде дамыту деп ойлаймын. Өзінің өмірлік тәжірибесінде белгілі бір сала бойынша өзін еңбек жұмысын жоғары тұлғалық дәреже атқаруы. Ал кәсіби өсу дегеніміз белгілі бір еңбек саласы бойынша адамның сол еңбекті өз жауапкершілігімен, оны өмірлік мансабы ретінде сүйіп, өз жқмысын ұнатып, сол сала бойынша өсіп, дамуы. Кәсіби даму адамнан білімді болуды, саналы болуды талап етеді. Менің ойымша кәсіби даму қарапайым оқу үрдістерінен ерекшеленеді. Сонымен бірге әртүрлі бағытта даму, ақпараттар алу, қандай жолмен жүретінінде өзі қалыптастырып шешеді. Менің ойымша әр бала өзінің кішкентай кезінен бастап белгілі бір сала түріне қызығушылығы артып, сол саланы таңдағысы келеді. Бірақта қазірге таңда көп мамандық таңдайтын оқушылар өз жолдарынан қателесіп жатады. Кей біреулері ата-анасының таңдаған мамандығын оқып, 4 жыл уақытын босқа зая кетіріп, сол сала бойынша жұмыс жасамай өмірінің соңына дейін жалдамалы жұмысшы болып жүреді. Менің ойымша ол мүлде дұрыс емес секілді. Әрбір адам өзінің өмірінде екі нәрсені таңдауға құқылы және сол таңдауды жауапкершілікпен ақылмен таңдай білуі керек. Соның бірі мамандық таңдау. Мамандық таңдау көп оқушылар ойлайтындай оңай нәрсе емес. Болмаса басқа жұмыс жасаймын дегенде соқырлықтың белгісі деп санаймын. Өзінің жүрек қалауымен түскен мамандыққа ештеңе жетпейді. Мейлі оның жалақысы аз болсада өзінің сүйіспеншілігімен өз жұмысын жақсы, бар ынта-ықыласымен атқаратыны сөзсіз. Менде заңгер мен мұғалім мамандығының арасында таңдау болды. Соңғы күндері мен мұғалімнің арман мамандық екенін анық түсіндім. Мен болашақ кәсібімді таңдауға көп киналып, қатты ойланған жоқпын. Себебі бала күнімнен бері мұғалім болуыды армандадым деседе болады. Кішкентай кезімізде достарыммен мұғалім, оқушы болып ойнаушы едік. Сондықтан мұғалім болуға кішкентай кезімнен армандадым. Дегенменде мұғалім болумен қандай пән мұғалі боламын деген сұрақ үнемі мазалайтын. Кейде математика, қазақ тілі-әдебиеті пәндерін таңдағым келді. Бірақ соныңда жаныма жақын деген Қазақстан тарихы пәнін таңдап, ұбт тапсырдым. Осылайша грант жеңіп алып, Ы.Алтынсарин атындағы институт студенті болдым. Мен ойлаймын мүмкін бұлда менің кәсіби жетістігім деп санаймын. Бұл менің мансабымдағы ең маңызды қадам болды. Енді бар ойым өз мансабымды жалғастыра отырып, жоғары оқу орнын үздік бітіріп, үздік мұғалімдер қатарында болсам деймін.Тағы бір мақсатым өз мансабымды бірінші орынға қоя отырып, жұмыста, жеке өмірімдегі тепе-теңдікті ұстау. Демалыс пен мансап арасында қатаң тепе теңдікті ұстау маңызды екенін түсіндім. Мансап маңызды әрине , дегенменде отбасымен уақыт өткізу маңыздырақ. Мансап пен жеке өмір арасында теңдікті ұстана білу керек деп санаймын. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат тарихында ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген баланың арманы мен оның сырлы өмірін қарауды мойнына алған маман. Мұғалім тек оқушыларға білім беріп қана қоймай, оның психологиялық түрінінде оның көздеріне, көңіл күйіне қарап жағдайын түсіне білу. Кейде айтып жатады мектеп екінші үйің, ал мұғалімің екінші анаңдай деп. Мен бұл оймен келісемін отбасы,ата-ана балаға тәрбиені үйретсе, мұғалім балаға білімді үйретеді. Тәрбие мен білім адамға ең қажетті екі дүние деп санаймын. Сондықтан бала үшін ата-анада, мұғалімде ең сыйлы, құрметке ие жандар деп ойлаймын. Жоғары оқу орындарында кəсіби дайындыққа оқу процесін ұйымдастыруда , ұстаздар мен топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері, оқу-тəрбие түрлі іс-шаралары т.б. жағдайлар кәсіби өзін-өзі дайындалуға әсерін тигізеді. Бұл туралы көптеген зерттеушілердің сөздерінен анық байқауға болады. Б.С. Круглов, А.В. Петровскийлердің айтуларынша, оқытуды ұйымдастыру кезіндегі дəстүрлі емес нысандар құндылықтық бағдарлардың қалыптасуына əсер етеді. Сонымен, бұдан көрініп тұрғандай белгілі бір құндылықтың пайда болуы кəсіпке бейімделуге септігін тигізеді. Оқыту процесі кезінде, кəсіптік оқыту кезінде студенттердің бойында құндылықтық бағдарларды қалыптастыруға үлкен əсер тигізетін тұлға ұстаз болып табылады. Осылайша, әрбір адам өз-өзін сан қырлы жағынан ашып, кәсіби дами алатыны сөзсіз.
Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!
-Асқар Жұмаділдаев
Достарыңызбен бөлісу: |