Утепова Баян Абдаевнаға пікір баян Абдаевна



бет1/3
Дата17.05.2024
өлшемі22.23 Kb.
#501347
түріИсследование
  1   2   3
Баян апайға пікір


«Бабайқорған» жалпы орта мектебінің
орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Утепова Баян Абдаевнаға

ПІКІР
Баян Абдаевна 11.01.2023ж. 6 «а»-сыныбына «История означает исследование» жаңа материалмен танысу сабағын өткізді. Сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары, оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған. Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, сабақта оқушылар білімі жағынан да тәртібі жағынанда өздерін жақсы жағынан көрсетті. Мұғалім оқушыларға сабақ сонында нені білу керек екенін,сабақ нәтижесін айтты. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында, оқушыларды сабақ тақырыбына байланысты «Әсем әдемі» атты сергіту сұрақтары арқылы сабағын аша білді. Бұл бөлімде оқушылардың білім деңгейін анықтау көзделген. Жаңа материалды ашу бөлімінде оқушыларға тиімді әдістер қолданылды. Тақырып арқылы оқушыларды еңбекке баулу тәрбиесіде жүрді. Әдістер оқушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды деп есептеймін.Сабақ тиянақты ресурстармен,техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті.Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, сабақ мақсаты бойынша оқушылар тармақталған критериялар қолданып бағдарламалар құра білуді меңгерді, сабақ мақсатына жетті деп есептеймін.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.Бабаева

«Бабайқорған» жалпы орта мектебінің
орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Утепова Баян Абдаевнаға


ПІКІР
Баян Абдаевна 23.02.2023ж. 7«Ә»-сыныбына «Искусство звука» жаңа материалмен танысу сабағын өткізді.Педагог өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін тек талдап немесе сынақ түрінде бағалап қана қоймай, алғыр ойларымен бөлісіп, өз шығармашылық деңгейін жүйелі түрде өткізді. Мұғалімнің сабақтары, логикалық ойын арқылы қызықты әрі тез өте шықты. Осындай ұстаздар катары көбейе берсе, білім алып жатырған оқушыларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймын. Баян Абдаевна өзіне тән коммуникативтік және ұйымдастырушылық деңгейде қасиеттері бар ұстаз. Тәжірбиелі ұстаз әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну, оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау,оқушыларға қиындықтарды жеңуге және кемшіліктерін арылтуға көмектесті.Топқа бөліп әртүрлі әдіс-тәсілмен оқушылардың қызығушылығын оята білді. Әдіс-тәсілдерді, ресурстарды қолдана отырып,кезеңдерді білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау кезеңін қолдану арқылы сабақты аша білді.Бақылау барысында кері байланыс жасай алды.Сабақ барысында бағалауды қорытындылады. Мұғалімнен күнделікті сабақтардың жемісі ретінде қабылдайтын маңызын көрдім.Ол талап қойғыш оған қоса мейірбан, жауапкершілігі бар ұстаз.Әріптестері, оқушылары арасында еңбегі беделге ие мұғалім.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет