Білім беруге арналған нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға жауап беру талап етілетін көптеген қарапайым және күрделі жағдайлар беріледі; неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз кейсін жаза алады.
Іскерлік ойындар болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті дағды, ептіліктерді өңдеуге көмектеседі; кей ойындар бойынша үйде дайындалу немесе кітапханада аяқтау қажет.
Топтық жоба – топта 3-5 адамнан құрылып, әрбіреуі өз жобасын өңдеуі керек.
Жеке жоба – неғұрлым дайын тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек, жоба нәтижелері ғылыми конференцияда қарастырылуы мүмкін.
БАӨЖ-ді тиімді ұйымдастыру үшін арналған тыңдаушыға ұсыныстар.
Өткен материалды әрі қарай өңдеу. Өтілген дәріс материалын әрі қарай өңдеу өзіндік жұмыстың неғұлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзге де өзіндік жұмыстарды орындауда жеңіл болады. Алғашқы сабақтан бастап, өтілген дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәрістер материалдарын түсіну мен семинарлық және лабораториялық сабақтар материалдарын меңгерудің қажетті шарты болып табылады.
Материалды әрі қарай өңдеуге кірісе отырып, мыналар қажет болады:
жұмыс орнын анықтау;
егер үйде жұмыс жасауға арналған жағдайлар болмаса, университет немесе қалалық кітапхананың оқырмандар залының қызметіне жүгіну;