Жарнама жарнама



Pdf көрінісі
Дата20.11.2023
өлшемі94.44 Kb.
#483789
ЖАРНАМА



ЖАРНАМА 


Жарнама
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) —
тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы
ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында
таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет
пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.
Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет,
Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге
асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып
табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық,
болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. 


 
Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы Жарнама, институционалдық (жақсы
пікір қалыптастыру мақсатындағы) Жарнама, хабарламалық Жарнама, сауда және
көлік жүйесіндегі Жарнама, көше Жарнамасы (плакат, афиша), ауызша Жарнама,
баспалық Жарнама т.б. Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. Ежелгі
Грекия мен Ежелгі РимдеЖарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып,
халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған
Жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ-да пайда болды. Жарнама қазақ халқына
да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”,
“жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-
Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 


 
19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экон.
мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша
Жарнамалар берілген. 20 ғ-да Жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп,
икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық
экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан
алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама
компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (affіcher —
хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл
көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына,
көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді.


Корпоративтік жарнама (фирма, кәсіпорын жарнамасы)- фирма туралы түсінікті,
фирмаға және оның қызметіне деген көзқарасты жарнама құралдары арқылы
имидж жасау жолымен калыптастыратын фирмалык жарнама (мәселен, «Қазком-
мерцбанктің», Салық комитеті мен «ҚазМұнайгаздың» жарнамалары) больп
табылады.
Алдында тұрган міндеттерді шешу тәсіліне орай жарнама коммерциялық және
коммерциялык емес болып бөлінеді. Коммерциялық жарнама тауар немесе
кызметті сатудан материалдық пайда көруге багытталады. Бул категорияға жаппай
сураныстағы жане өнеркәсіптік тұтыныстағы тауарлар жарнамасын, сауда
кәсіпорындарының жарнамасын жаткызуға болады.
Коммерциялык емес жарнама материалдық емес пайда алуға жэне әлеуметтік
маңызы бар құндылықтарды насихаттауға бағытталады.
Осы көзкарас тұрғысынан алғанда бұл топқа мемлекеттік, әлеуметтік, саяси
жарнаманы және мақсаттары ұксас өзге де жарнамаларды жатқызуға болады.


 
Мемлекеттік жарнама экономикалык және адами әлеуетті ұлттың және
мемлекеттің игілігіне орай дамыту мақсатын көздейді, мемлекет мүдделерін
насихаттап, биліктің (мемлекеттің) коғамдағы жағымды имиджін қалыптастыруға
жәрдемдеседі (министрліктердің, Қарулы Күштердің жарнамалары).
Әлеуметтік жарнама коғамдық құндылықтарды насихаттайды, халықтың
қорғансыз бөлігінің (балалардың, егде кіcілердің, мүгедектердің) мүдделерін
жақтап, корғайды, тіршілікті камтамасыз етуге бағытталған жалпы коғамдық
мүдделерді (қоршаған ортаны, жан-жануарларды қорғаy) көздейді.
Саяси жарнама коғам мүшелерінің азаматтық кұқықтары мен бостандықтарының
жүзеге асырылуына жәрдемдеседі (сайлау алдындағы кезеңде саяси партиялардың
және мемлекеттік билік органдары депутаттығына кандидаттардың жарнамасы,
азаматтық қоғам кұрылымдарын қалыптастыратын қоғамдық бірлестіктер мен
ассоциациялардың жарнамалары).


 
Жарнаманың таралу аумағына қарай оны мына топтарға бөлуге болады:
aумақтық — жергілікті, жекелеген аумақтармен: қаламен, кентпен, аудан, облыспен
шектеледі;
аймақтық — ауқымына бір ел шеңберіндегі екі немесе бірнеше облыс немесе тұтас
бір аймақтар кіреді;
ұлттық— аумақтың көп бөлігін немесе бүкіл елді қамтиды;
халықаралық — бірнеше мемлекет аумағына тарайды;
аймақтық — (халықаралық ұғымының бір түсінігі) — белгілі бір аймақтардың
(мәселен, Еуропа, Оңтүстік Америка, Орталық Азия аймақтары) тұтынушыларына
бағытталады;
ғаламдық — (халықаралық ұғымының бір түсінігі) — әлемнің көпшілік елдерінің
тұтынушыларын қамтиды.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет