Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі



Дата01.07.2016
өлшемі36.97 Kb.
#169160








Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрі   

міндетін атқарушының


2011 жылғы «___» _____
____

Қазақстан Республикасы   


Экономикалық даму және сауда министрі   

міндетін атқарушының


2011 жылғы «___» _____
____

бірлескен бұйрығымен бекітілген








Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

     1. Осы Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) атом энергиясын пайдалану қызметімен айналысатын ұйымдарды (бұдан әрі – атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер) тәуекел дәрежесіне жатқызу мақсатында «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 8-бабының 11-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.     

2. Өлшемдерде мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
тәуекел – атом энергиясын пайдалану саласындағы тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.

3. Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау мынадай өлшемдерге негізделеді:     

объектінің ықтимал қауіп-қатер бойынша санаты (радиациялық және ядролық);
пайдаланылатын иондаушы сәуле көздерінің қауіп-қатер деңгейі;

атом энергиясын пайдалану саласында жүзеге асырылатын жұмыстардың радиациялық қауіп-қатер деңгейі.     

4. Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер тәуекел дәрежесіне байланысты жоғары, орташа немесе болмашы тәуекел топтарға бөлінеді.     

5. Жоғары тәуекел тобына ядролық қондырғыларды (реакторлық қондырғылар, энергетикалық реакторлардың ядролық отыны үшін уранның қос тотығынан жасалған таблеткалар шығаратын кәсіпорындар) пайдаланатын, пайдаланылған ядролық отынды тасымалдауды және ұзақ уақыт сақтауды жүзеге асыратын атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер жатады.

6. Орташа тәуекел тобына:

сәуле терапиясы үшін радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын;


      дефектоскопия жүргізу үшін радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын;
      радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін өндіруді жүзеге асыратын;
      ғылыми-өндірістік қызмет үшін қуатты изотопты гамма-қондырғыларды пайдаланатын;
      ұңғымаларда геофизикалық зерттеулер жүргізу үшін радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын;

өз қызметінде өнеркәсіптік радиоизотопты аспаптарды; медициналық изотопты радиофармпрепараттарды пайдаланытын;     

радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін тасымалдауды жүзеге асыратын;
      иондаушы сәулені өндіретін қондырғыларды пайдаланатын (зарядталған бөлшектер үдеткіші);     

радиоактивтік қалдықтарды ұзақ уақыт сақтауды (көму) жүзеге асыратын;


      құрамында радиоизотопты иондаушы сәуле көздері бар жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді, оларды монтаждауды, зарядтауды, қайта зарядтауды, жөндеуді жүзеге асыратын атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер жатады.     

7. Болмашы тәуекел тобына:     

дефектоскопия жүргізу үшін рентген жабдығын пайдаланатын;
      жабдықты рентгентелевизиялық тексеруді пайдаланатын;     

рентген жабдықтарын шығаруды жүзеге асыратын;


рентген жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді, оларды монтаждауды, бөлшектеуді, жөндеуді жүзеге асыратын;     

уранөндіруші өнеркәсіпте қызметті жүзеге асыратын;     

радиациялық оңалтумен және аумақты қалпына келтірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын;     

төмен радиоактивті қалдықтарды жинау мен сұрыптауды, белсенділігі төмен радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын;     

иондаушы сәуле көздері бар талдама жабдықты (хроматографтар, рентгенфлюоресценттік талдағыштар, спектрометрлер) пайдаланатын;     

атом энергиясын пайдалану саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын;


     радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтар үшін көлік контейнерлерін, буып-түю кешендерін шығаруды жүзеге асыратын;
      жүргізілген ядролық жарылыстардың нәтижесінде ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында және басқа аумақта қызметін жүзеге асыратын;     

ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;     



иондаушы сәуле көздерін өткізуді жүзеге асыруды ұйымдастыратын;
      атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметтер үшін мамандар мен персоналды арнайы даярлайтын қызметті жүзеге асыратын атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер жатады.     

8. Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер үшін жоспарлы тексерулер жүргізудің кезеңділігі: жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;   орташа тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен;   болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – бес жылда бір реттен жиі болмауы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет