«Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өндірудің өнеркәсіптік сапасының техникалық-экономикалық негіздемесі» «Болжанып отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау»



Дата02.07.2016
өлшемі90.55 Kb.
#173054
«Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өндірудің өнеркәсіптік сапасының техникалық-экономикалық негіздемесі» - «Болжанып отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау» бөлімі жөнінде өткізілген қоғамдық тыңдаулар хаттамасы, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті.

Өткізілген күні : 28 тамыз 2014 жыл.

Өткізілген орны: Әуезов кенті Жарма ауданы.

Қоғамдық тыңдауларды Әуезов кентінің әкімшілігі ұйымдастырды.

Қоғамдық тыңдаулар өткізілетінідігі туралы ақпарат жұртшылықтың назарына мынандай әдістермен жеткізілді: «Рудный Алтай» газетінде (06.08.2014 ж.), «Қалба тынысы» газетінде (07.08.2014ж.), «Дидар» газетінде (05.08.2014ж.) хабарландырулар жариялау, Әуезов кенті әкімшілігінің қабырғасында орналасқан тақтайшаға хабарландыру ілу, Жарма ауданы әкімінің: http://garma.vko.gov.kz/ru/news.htm?id=001043 сайтына хабарландыруды орналастыру жолымен.

Қатысқандар:



  • Жарма ауданы әкімшілігінің өкілдері,

  • Әуезов кенті әкімшілігінің өкілдері,

  • «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС өкілдері,

  • «Эколира» ЖШС жобалаушыларының өкілдері,

  • БАҚ өкілдері,

  • Көпшілік қоғам өкілдері.

Қоғамдық тыңдауларға қатысқан тұрғындардың толық тізімі осы Хаттамаға қосымшада келтірілген.
Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібінде:

Уақыты

Сөз алушылардың сөйлейтін сөздерінің тақырыбы

Баяндамашы

14:30-15:10

Қатысушыларды тіркеу




15:10-15:15

Қоғамдық тыңдауларды ашу, күн тәртібін бекіту; төраға мен хатшыны бекіту, қатысушылар мен баяндамашыларды ұсыну.

Қоғамдық тыңдаулар төрағасы – Әуезов кентінің әкімі Амиргазин Б.А.

15:15-15:20

Әуезов кенті әкімшілігі өкілінің кіріспе сөзі

Әуезов кентінің әкімі Амиргазин Б.А.

15:20-15:30

«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС өкілдерінің кіріспе сөзі

«БКӨК» ЖШС Бас директоры Овчинников Ю.Б.

15.30. – 15.45

Кәсіпорынның даму жоспары- тақырыбындағы баяндама

«БКӨК» ЖШС Бас директорының өндірістік сұрақтар жөніндегі орынбасары Исаев К.О.

15.45-16.10

«Полиметалл компаниясының кәсіпорындарындағы қоршаған ортаны қорғау және экологиялық менеджмент жүйесі» тақырыбындағы баяндама

ПМ УК Бас экологы Яцевич Е.В.

16:10-16:35

«Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өндірудің өнеркәсіптік сапасының техникалық-экономикалық негіздемесі» - «Қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау» бөлімі бойынша баяндама

«Эколира» ЖШС директоры Кашин А.К.

16.35 – 16.55

Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың алдын-ала кент тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға жауап беруі.

ҚТ қатысушылары өз қызметі жауапкершілігіне сәйкес

16:55-17:25

Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың жарыс сөзі (бос микрофон жұмысы)

Барлық қатысушылар

17:25-17:30

Қоғамдық тыңдаулар төрағасының қорытынды сөзі.

Қоғамдық тыңдаулар төрағасы



Сөз сөйлегендер :

Әуезов кентінің әкімі Амиргазин Б.А. – қоғамдық тыңдауларды ашып, қатысушыларды қоғамдық тыңдаулардың тақырыбымен таныстырды.

Қоғамдық тыңдаулар кезінде төраға мен хатшы сайланды.

Төраға болып - Әуезов кентінің әкімі Амиргазин Б.А. сайланды.

Хатшы болып - «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС заң бөлімінің бастығы Романенков Д.С. сайланды.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу регламенті бекітілді: баяндамашыларға 15-20 минут, қатысушылардың жарыс сөз сөйлеуіне/сұрақтар қоюына 5-10 минуттан артық болмайтын уақыт бөлу бекітілді.

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі бекітілді.

«БКӨК» ЖШС Бас директоры Овчинников Ю.Б. – қатысушыларды кәсіпорынның тарихымен, кәсіпорындағы жоспарланып отырған жобалау, құрылыс салу және болашақта пайдалану қызметтерімен таныстырды. Жоспарланып отырған инвестиция көлемін, кәсіпорынның кен және алынатын металл бойынша жобалық өнімділігін, жұмыс тәртібін, жобаның толық жұмыс істеу циклін жария етті. Көпшіліктің назарына жобалық және рұқсат беретін құжаттарды дайындау мен бекітуден бастап, толықтай пайдалануға беруді бастауға дейінгі кезеңге арналған инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспары ұсынылды. Ауданның, сондай-ақ кенттің әлеуметтік саласына инвестиция салу сияқты әлеуметтік қызмет аспектісіне көңіл бөлетіндігін айқындап көрсетті.

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Исаев К.О. – қатысушыларды кәсіпорынның жобаланып отырған өндірістік қызметімен, тау-кен жұмыстарын жүргізу технологиясымен, кенорны кенін қайта өңдеу стратегиясымен, басқа да жоспарланып отырған жұмыстардың өндірістік аспектілерімен таныстырды. Оның ішінде, мына төмендегілердей жерасты өңдеулерінен бұрын ашық әдіспен өндірудің негізгі артықшылықтары да айтылды: кеніш құрылысын салудың жылдамдығы, пайдалы қазбаларды толықтай бөліп алу, күрделі қаржы шығындары мен пайдалану шығындарын азайту, күрделі тау-кен техникалық жағдайларын ескере отырып, тау-кен жұмыстары өндірісінің қауіпсіздігі, тұрақты жоғары өнімділікті қамтамасыз ету және т.б. Кенорны кенін қайта өңдеу бойынша компанияның кезеңдік стратегиясы ұсынылды. Кенорнын ашық әдіспен өңдеуді меңгерудің бірінші кезеңінде соңғы өнім ретінде сульфидтік концентрат алу ұйымдастыралытн болады; Екінші кезеңде кенді автоклавты тотықтыру, концентратты соңынан автоклавты тотықтыру флотациясын және флотациялық концентратты сыртқы сатып алушыларға сатуды қоса алғанда, тиімді қайта өңдеу технологиясын таңдап алу мақсатында өңдеудің әртүрлі варианттарын бағалау және салыстыру жүргізіледі. Бұл жағдайда сапа техникалық-экономикалық негіздемесінде (ТЭН) кен қорын бекіту үшін соңғы өнім-Доре балқымасын алу жолымен сульфидтік концентратты өз орнында қайта өңдеу қарастырылады.

ПМ УК Бас экологы Яцевич Е.В. тыңдаушыларға «Полиметалл» компаниясының басқа да тау-кен өндіру кәсіпорындарында, оның ішінде кен өндіру жағдайлары осыған ұқсас кәсіпорындарында қолданылатын қоршаған ортаны қорғау аспектілерін айтып өтті. Негізгі кезеңдері: заманауи технологиялық қондырғыларды, тазалау қондырғыларын және т.б. қоршаған ортаға кері әсерін тигізуді төмендететін қондырғыларды қолдану. Апаттар мен оқиғалардың алдын алу үшін барлық жалпыға белгілі технологиялар қолданылады. «Полиметалл» компаниясы, жергілікті жерде ашықтық пен мөлдірлікті қамтамасыз ету принципі үшін қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін өз жұмысына жергілікті тұрғындарды да тартатын болады. Мысал ретінде Россия Федерациясы мен Қазақстан Республикасы аймағындағы «Полиметаллдың» көптеген кәсіпорындары келтірілді. Компанияның тобында арнайы экологиялық қызмет, «Полиметалл Инжиниринг» ЖАҚ-да жобалау тобы құрылған. Компанияда қызмет ететін экологиялық менеджмент жүйесі, басқару тәртібі, жөн-жосықтарды орындау және т.б. толық сипатталды. Компанияның экология саласындағы жетістіктері толық көрсетілді (лас заттың ауаға шығуы мен таралуын азайту, экологиялық тәуекелдің алдын-алу және сақтандыру).

«Эколира» ЖШС директоры Кашин А.К. қатысушыларға «Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өндірудің өнеркәсіптік сапасының техникалық-экономикалық негіздемесі» құрамындағы «Болжанып отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау» бөлімі бойынша алғашқы таныстыру рәсімін (презентация) ұсынды. Баяндамашы ластаушы заттардың ауаға, су ресурстарына, топыраққа, флораға, фаунаға әсер етуін алдын-ала бағалауды көрсетіп берді, бөлім бойынша қорытындыларды ұсынды. Жүргізілген қоршаған ортаға әсер етуді алдын-ала бағалау қорытындысы бойынша Жобадан болатын барлық әлеуетті әсер етулер, егер дайындалған кешенді ұйымдастыру және табиғатты қорғау шаралары сақталған жағдайда, рұқсат етілген норма көлемінде болады деп есептеліп отыр.
Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертпелері:

1. Рәбиев Бейбіт –30-35 жылдан, компания жұмысын аяқтаған соң, карьермен не болмақ?

Жауап (Исаев К.О.): Кәсіпорын барлық бүлінген жерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады. Тау-кен жұмыстары аяқталған соң құрылыс (еңістер мен қияларды тегістеу) және өсімдік өсетін қабатты қалыптастыру, биологиялық топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ ғимараттар мен қондырғыларды бөлшектеу мен консервациялау жұмыстары да жүргізіледі. 

Бүлінген жерлердің өнімділігін қалпына келтірудің соңғы кезеңі болып жердің биологиялық құнарлылығын қайта қалпына келтіру болып табылады, бұған құнарлылығы қайта қалпына келтірілген жердің өнімділігін қайта қалпына келтіруге және жел мен судың эрозиясына ұшыраудың алдын-алуға бағытталған шаралар кіреді. Бос жыныс үйінділерінің үстіңгі қабатына көпжылдық шөптер себіледі, және олар мал жаюға пайдаланылады. Қалдық қоймасы мен қалдықтар жиналған полигондарға мал жемейтін шөптер түрлері себіледі. 

2. Бекишева Разия Мысырқызы – шахтаға су жіберілетіндігі (сумен басып тастайтындарыңыз) рас па, компания кенорнын толықтай зерттеді ме?

Жауап (Исаев К.О.): Кенішке бұған дейін де жартылай су жіберілгенін және ол бұған дейін де ішінара «ылғалды» консервация жағдайында тоқтап тұрғанын айтуымыз қажет, өйткені так как стволовые выработки до горизонта +10 деңгейжиекке дейін оқпандық өндіру сумен басылып қалған. Кенорны мейілінге толық зерттелді және жер асты жұмыстарымен аршылған кен денелерін өндіру ашық әдіспен жүзеге асырылатын болады.

3. Мұсабаева Райхан –№ 33 үй бойынша кәсіпорынның қандай жоспарлары бар?

Жауап (Овчинников Ю.Б.) – Үй БКӨК жұмысшалыра мен мердігерлері тұру үшін пайдаланылатын болады.

4. Бекишева Разия Мысырқызы – кәсіпорында жұмыс істеу үшін мамандарды даярлау жүргізіле ме және Әуезов кентінің тұрғындары қандай да бір артықшылықтарды пайдалана ала ма?

Жауап (Овчинников Ю.Б.) – Әуезов кентінің тұрғындары осы кентте, яғни кісіпорын орналасқан жерде тұратындықтарынан, олар артықшылық құқықтарын пайдаланады.

Кез-келген маманды даярлап шығаруға болады. Аттестациядан өткен соң және білім деңгейін, даярлығын, кәсіптік біліктілігі мен БКӨК-те жұмыс істегісі келетін қалауы бар екендігін тексеріп көрген соң қайта даярлау, біліктілігін көтеру, қосымша білімін көтеру курстары бағдарламасы дайындалатын болады. Жұмыс көлемі өте ауқымды, кез-келген жұмыс істеймін деушіні әртүрлі учаскелер мен бағыттарда жұмысқа тартуға болады. Сондай-ақ, БКӨК тарапынан Әуезов кенті мен Шалабай ауылындағы мектептердің түлектеріне білім гранттарын өндіріске қажетті, нақты мамандықтар бойынша ғана ұсыну біздің көрсеткіштеріміздің бірі болып табылады.
Талқылау қорытындысы бойынша негізгі қорытындылар:

Қоғамдық тыңдаулар өткізілді деп саналады.

Әр түрлі пікірлер туындаған жоқ.

Қоғамдық тыңдаулар қорытындылары бойынша, қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстарын есепке ала отырып, төрағаның ұсынысы бойынша өткізілген дауыс беру қорытындысы бойынша мынандай шешім қабылданды:



  1. «Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өндірудің өнеркәсіптік сапасының техникалық-экономикалық негіздемесі» - «Болжанып отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау» бөлімі туралы баяндама назарға алынсын.

  2. «Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өндірудің өнеркәсіптік сапасының техникалық-экономикалық негіздемесі» - «Болжанып отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалауға» қатысты қоғамдық тыңдауға қатысушылар тарапынан сөз алған кезде айтылған пікірлерді және ұсыныстарды, қойылған сұрақтарды есепке ала отырып, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің қызметін мақұлдансын.

  3. Осы шешімдер негізге алынсын. Бірауыздан қабылданды. Шешім жобасы бекітіледі.

Қоғамдық тыңдауларға қатысқан қоғам өкілдерінің қоғамдық тыңдаулар Хаттамасының мазмұны бойынша айтқан пікірлерін, ұсыныстар мен ескертпелерді (олар бар болған жағдайда) есепке алу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу, Жарма ауданы әкімінің: http://garma.vko.gov.kz/ru/ сайтына орналастырғаннан кейін жеті күнтізбелік күн ішінде Әуезов кентінің әкімшілігіне жолдау жолымен жүзеге асырылады.


Қоғамдық тыңдаулар төрағасы: ______________________ Амиргазин Б.А.



Қоғамдық тыңдаулар хатшысы: __________________________ Романенков Д.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет