Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы
2013 жылғы 12 желтоқсан №412 Астана қаласы
«Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім мен сауалнама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 335 бұйрығына толықтыру енгізу туралы»
«Қазақстан Республикасы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 4) тармақшасы 5-бабына сәйкес бұйрамын:
1. «Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім мен сауалнама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 335 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7214 тіркелген, 2011 жылғы 18 қазандағы № 501-502 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшасы қосымшаға сәйкес жана редакциясын жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетіне (Е.К. Хаиров) белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуденөткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралықақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтүзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министірі Ә. ИСЕКЕШЕВ.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2013 жылғы 12 желтоқсандағы №412 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2011 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 335 бұйрығына 2 қосымша
Нысан
Арнайы экономикалық аймақ
қатысушысы ретінде тіркеуге арналған сауалнама
1. Жалпы мәлiметтер:
Заңды тұлғаның толық атауы
|
|
Құрылтайшылар туралы мәліметтер (атау, аты-жөні, қатысу бөлігі)
|
|
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні
|
|
2. Мекенжайы:
Өңір (ел, облыс, аудан)
|
|
Елді мекен
|
|
Көше
|
|
Үй №
|
|
Индекс
|
|
e-mail
|
|
Телефон
|
|
Факс
|
|
3. Банктiк деректемелерi:
Қызмет көрсетуші банк
|
|
Есеп шот №
|
|
Бірінші басшы (ТАӘ)
|
|
Байланушы тұлға (ТАӘ), телефоны
|
|
4. Арнайы экономикалық аймақтағы инвестициялық жоба туралы ақпарат:
Сала
|
|
Кіші сала
|
|
Өнім түрі
|
|
Қызмет түрi
|
|
Жылдық айналым, теңге
|
|
Тұрақты жұмыс орын саны, адам
|
|
Қосымша ақпарат
|
|
5. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV Заңына 2-тармақшасына 9-бап сәйкес өтініш беруші ақпарат:
жер қойнауын пайдаланушылар
|
|
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар
|
|
арнайы салық режимдерін қолданатын ұйымдар
|
|
инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар
|
|
ойын бизнесін ұйымдастырушылар
|
|
Бірінші басшының аты-жөні: _______________________
Қолы: _______________________
М.О.
20__ жылғы «___»__________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 20 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9008 болып енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |