-
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы «__ » ________
№____ бұйрығымен
бекітілген
|
Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
-
Осы Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің құнын есептеу әдістемесі (бұдан әрі– Әдістеме) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
24 қарашадағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 24) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің құнын есептеуге арналған.
-
Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер Заңның
7-бабы 29) тармақшасымен бекітілетін ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогына (бұдан әрі – Каталог) сәйкес осы қызмет түрлері және оларды тұтынушылар бойынша сыныпталады.
-
Әдістемеде мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
-
ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет – осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, сервистік бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;
-
бастапқы құжаттар – ұсынылған және алынған төлем шоттарын, жүкқұжаттарды, орындалған жұмыстар актілерін, қабылдау-тапсыру актілерін, мүкәмалдық карточкаларды, төлем ведомостерін қамтитын есептелген кірістерді және шеккен шығыстарды бастапқы есепке алу құжаттары;
-
жүйелік бағдарламалық қамсыздандыру – «электронды үкіметтің» АК-инфрақұрылымы аппараттық кешенінің және деректерді беру желісінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған бағдарламалар мен бағдарламалық кешендер жиынтығы;
-
жанама шығындар– оператордың есеп беру мерзіміндегі шығындары, соның ішінде бірнеше АК-қызметтермен себептік-салдарлық байланысы бар және осындай АК-қызметтер арасында үлестірілуге жататын тіркелген активтер бойынша шығындар, сондай-ақ АК-қызметтерді көрсетумен байланысты емес және АК-қызметтермен себептік-салдарлық байланысы жоқ және олар арасында үлестіруді талап ететін оператордың шығындары (өзіндік құны бойынша шығындар, мерзім шығындары, әкімшілік шығындар, өзге шығындар);
-
АК-қызмет инфрақұрылым ретінде – «электронды үкіметтің» АК-инфрақұрылымының ақпаратты өнде, сақтау, беру жөніндегі есептеуіш ресурстарын өз бетімен басқару үшін жалға беру (IAAS);
-
сервистік бағдарламалық өнім – ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті іске асыруға арналған бағдарламалық өнім (СБӨ);
-
«электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
-
АК-қызмет платформа ретінде – онда кейіннен жаңа немесе қолданыстағы қосымшаларды (өзінің, тапсырыс бойынша әзірленген немесе таратылатын сатып алынған қосымшаларды) орналастыру үшін жүйелік бағдарламалық қамсыздандыруды жалға беру (PAAS);
-
АК-қызмет сервис ретінде – оператордың бұлттық инфрақұрылымнда жұмыс істейтін сервистік бағдарламалық өнімдерді жалға беру (SAAS);
-
тікелей шығындар – оператордың есп беру мерзіміндегі шығындары, соның ішінде нақты АК-қызметпен тікелей себептік-салдарлы байланысы бар тіркелген активтері бойынша шығындар (өзіндік құны бойынша шығындар, қаржыландыруға жұмасалтын шығындар және басқа шығындар);
-
IAAS (infrastructure as a service) –инфрақұрылым қызмет ретінде;
-
PAAS (platform as a service) – тұғырнама қызмет ретінде;
-
SAAS (software as a service) – бағдарламалық қамтамасыз ету қызмет ретінде;
-
WACC (weight average cost of capital) –капиталдың орташа құны.
-
Шығындарды тікелей шығындарға және жанама шығындарға бөлу осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
-
АҚ-қызметін іске асыру мемлекеттік органдардың операторларымен көрсетілетін Заңның 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі-Қағида) бекітілетін ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
-
Әдістеменің негізін қалаушы қағидаттар:
-
Қатерлердің өтеуді қажетті деңгейін ескере отырып, АК-қызметтерді ұсынуға жұмсалатын дәлелді шығындардың орнын анықтау;
2) кірістерді және шығындарды тиісті АК-қызметтерге жатқызған және бөлген кездегі ашықтық.
-
Әдістеме қаржылық, басқарушылық және салықтық есептілікті оператормен ұсыну тәртібін және нысанын өзгертпейді.
-
Құнын есептеген кезде АК-қызметтің мынадай түрлері бар:
-
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жалға алу бойынша қызметтер (IAAS/PAAS);
-
инфрақұрылымдардың өзіне енгізетін (IAAS/PAAS) бағдарламалық қамтамасыз етуді (SAAS) жалға алу бойынша қызметтер.
-
Шығындарды бөлу тәртібі (шығындарды белгілі бір АК-қызметтер түрлеріне жатқызу процесі), Тапсырыс берушіге АК-қызметтерді ұсынатын қатысушылардың есептік құжаттарымен белгіленеді.
2. Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер құнының есебі
1 параграф. Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды (IAAS, PAAS) жалға беру бойынша қызмет құнының есебін анықтау
-
Мерзім ішіндегі АК-қызметтер құнының есебі:
-
онда,
IAAS/PAAS - АК-қызметтің инфрақұрылым ретіндегі құны (платформа қызмет ретінде, инфрақұрылым қызмет ретінде);
D – мерзім ішіндегі тікелей шығындар;
I – мерзім ішіндегі жанама шығындар;
WACC – капиталдың орта өлшемді құны;
В – мерзім ішіндегі үлестіру базасы. Ұсынылатын қызмет түріне байланысты сандық немесе уақыттық өлшеммен белгіленеді бір жұмыс орны, абоненттік төлем, байланыс арнасы, трафиктің көлемі, ай, жыл ішіндегі абоненттік төлем және т.б.). Үлестіру базасының көрсеткіші АК-қызметтер Каталогында, Даму жоспарында, Бюджетте және т.б. белгіленуі мүмкін.
-
Әр АК-қызмет үшін жанама шығындарды үлестіру оператормен мерзім ішіндегі оператордың барлық АК-қызметтері бойынша шығындардың жалпы сомасындағы әр АК-қызметке келетін шығындардың үлестік салмағы бойынша өз бетімен жүргізіледі.
-
Капитал құнының орта өлшемді көрсеткіші (WACC) капиталдың құнын және қатерлерді ескере отырып, қажетті пайдалылық деңгейін анықтау үшін пайдаланылады және осы Әдістемеге 1- қосымшаға сәйкес WACC есебіне сәйкес есептеледі.
-
WACC есептеу Оператордың тиісті бюджетін бекіткен кезеңде жылына бір рет, бірақ мемлекеттік органдарға ақпараттандыруды қарау бойынша бюджеттік өтінімді ұсынған күннен бастап 3 күннен кешіктірмей жүргізіледі.
2 параграф. Бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға беру бойынша қызмет құнының есебін жүргізуді анықтау
-
АК-қызметтің сервис ретіндегі құнын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
-
мұнда,
SAAS - АК-қызметтің сервис ретіндегі жыл ішіндегі құны;
IAAS/PAAS– нақты сервистік бағдарламалық өнімнің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шығындарға келтірілген және осы Әдістеменің 14 тармағына сәйкес есептелетін АК-қызметті инфрақұрылым ретінде жалға берудің жылдық құны;
- сервистік бағдарламалық өнімді жалға берудің жылдық құны.
Сервистік бағдарламалық өнімнің келесі түрлері болады:
-
құны нормативтік шығындарды есептеу әдістемесіне сәйкес есептелетін тапсырысты сервистік бағдарламалық өнім;
-
құны мердігермен нарықтық коньюктураға байланысты есептелетін бар сервистік бағдарламалық өнім.
Бар сервистік бағдарламалық өнім тапсырыс беруші – тұтынушылармен Ережеге сәйкес таңдалады.
Мемлекеттік органдар үшін
ақпараттық-коммуникациялық
қызметтердің құнын есептеу әдістемесіне
1-қосымша
Шығындарды тікелей шығындарға және жанама шығындарға бөлу
Шығындардың атауы
|
Тікелей
|
Жанама
|
Өзіндік құны
|
+
|
+
|
Қорлар
|
+
|
+
|
Қызметкерлердің еңбекақысы
|
+
|
+
|
Еңбекақыдан аударымдар
|
+
|
+
|
Материалдық емес активтердің амортизациясы
|
+
|
+
|
Негізгі құралдардың тозуы
|
+
|
+
|
Негізгі құралдарға және материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу
|
+
|
+
|
Көліктік қызметтер бойынша шығындар
|
-
|
+
|
Байланыс қызметтері бойынша шығындар
|
+
|
+
|
Консультациялық шығындар
|
-
|
+
|
Ақпараттық қызметтер
|
-
|
+
|
Іс сапар шығындары
|
+
|
+
|
Өкілдіктік шығындар
|
-
|
+
|
Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша шығындар
|
+
|
+
|
Әлеуметтік бағдарлама бойынша шығындар
|
+
|
+
|
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
|
+
|
+
|
Өзге шығындар
|
+
|
+
|
Жалпы және әкімшілік шығындар
|
-
|
+
|
Қорлар
|
-
|
+
|
Қызметкерлердің еңбекақысы
|
-
|
+
|
Еңбекақыдан аударымдар
|
-
|
+
|
Материалдық емес активтердің амортизациясы
|
-
|
+
|
Негізгі құралдардың тозуы
|
-
|
+
|
Негізгі құралдарға және материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу
|
-
|
+
|
Көліктік қызметтер бойынша шығындар
|
-
|
+
|
Байланыс қызметтері бойынша шығындар
|
-
|
+
|
Консультациялық шығындар
|
-
|
+
|
Аудиторлық шығындар
|
-
|
+
|
Ақпараттық қызметтер
|
-
|
+
|
Іс сапар шығындары
|
-
|
+
|
Өкілдіктік шығындар
|
-
|
+
|
Қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетумен байланысты шығындар
|
-
|
+
|
Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша шығындар
|
-
|
+
|
Әлеуметтік бағдарлама бойынша шығындар
|
-
|
+
|
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
|
-
|
+
|
Директорлар кеңесін ұстауға жұмсалатын шығындар
|
-
|
+
|
Өзге шығындар
|
-
|
+
|
Активтердің шығуына байланысты шығындар
|
-
|
+
|
Активтердің құнсыздануына байланысты шығындар
|
-
|
+
|
Бағамдағы айырмашылық бойынша шығындар
|
-
|
+
|
Қаржыландыруға жұмсалатын шығындар
|
+
|
+
|
Өзге шығындар
|
+
|
+
|
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар
|
+
|
+
|
Мемлекеттік органдар үшін
ақпараттық-коммуникациялық
қызметтердің құнын есептеу әдістемесіне
2-қосымша
WACC есептеу
WACCUSD = Rd * Wd * (1-T) + Re * We , мұнда
Rd – қарыздық қаражатты тарту құны (CostofDebt)
Wd – қарыздық қаражатты нарықтық үлесі (D/(E+D),%)
T – пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі (TaxRate,%)
Re – өз капиталының құны (CostofEquity)
We– өз қаражатының нарықтық үлесі (Е/(E+D),%)
Қарыздық капитал құнын белгілеу (Rd)
Қарыздық капитал құны (CostofDebt) оператордың бар кредиттері бойынша мөлшерлемелері деңгейінде қабылданады (олар нарықтық шарттармен алынған жағдайда). Операторда қарыздық қаражат болмаған жағдайда, немесе олардың шарттары нарықтық емес болған жағдайда, қарыздық капиталдың құнын анықтаған кезде, Қазақстан Республикасның Ұлттық банкі деректері негізінде (ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюллетені) қаржылық емес ұйымдар үшін АҚШ долларында бір жылдан астам мерзімге берілген кредиттер бойынша орта мөлшерлеме қолданылады, немесе Дамодаран сайтының деректерінен (http://www.Damodaran.com) салаға арналған ортасалалық мәндер пайдаланылады.
Өз қаражатының нарықтық үлесін (We) немесе қарыздық қаражаттың нарықтық үлесін анықтау (Wd)
Дисконттау мөлшерлемесі Оператор капиталының құрылымына немесе ол арқылы Оператор активтерді сатып алуды қаржыландырған әдіске байланысты емес, өйткені активтен күтілетін келешек ақшалай қаражат ағымдары актив қаржыландырылған әдіске байланысты емес (МСФО (IAS) 36, А қосымшасы, А19 параграфы).
Өз (E/(E+D)) және қарыздық (D/(E+D)) қаражат үлесін анықтау үшін бес жылдық мерзім ішіндегі ең толық қорды пайдаланатын Статистикалық анықтамалықтардың деректерінен алынған салаға арналған ортасалалық мәндер пайдаланылады.
Маңызды: деректер βlev (ReleveredBeta) еептеу үшін пайдаланылған ұқсас көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс.
Өз капиталының құнын белгілеу (Re)
Өз капиталының құнын есептеген кезде Оператордың қызметімен байланысты тәуекелдерді ең анық көрсетуге мүмкіндік беретін капиталдық активтерді бағалаудың түрлендірілген моделін (CapitalAssetPricingModel (САРМ) пайдалану ұсынылады. Бұл ретте, Қазақстанда дамыған қор нарығы болмағандықтан, ең дамыған және өкілді ретінде АҚШ нарығының деректері пайдаланылады.
Өз капиталының құнын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:
Re = Rf + βlev * (Rm – Rf) + S1 + S2 + S3, мұнда
Re – күтілетін табыс мөлшерлемесі (өз капиталына)
Rf – тәуекелсіз мөлшерлеме (АҚШ-та)
βlev – бета коэффициенті
Rm – Rf – акционерлік капиталға инвестициялау қатері үшін нарықтық сыйақы (АҚШ-та)
S1 – АҚШ-пен салыстырғанда елдегі қатер үшін сыйақы
S2 – шағын капиталдандыру үшін сыйақы (компанияның көлемі)
S3 – ерекше тәуекел үшін сыйақы
Өз капитал құнын белгілеу (Re)
Өз капитал құнын анықтаған кезде, «Зерде» Холдингі компаниялары тобының қызметімен байланысты тәуекелдерді ең дәл көрсетуге мүмкіндік беретін капиталдық активтерді бағалаудың түрлендірілген моделін (CapitalAssetPricingModel (САРМ) пайдалану ұсынылады. Бұл ретте, Қазақстанда дамыған қор нарығы болмағандықтан, ең дамыған және өкілді ретінде АҚШ нарығының деректері пайдаланылады.
Өз капиталының құнын есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:
Re = Rf + βlev * (Rm – Rf) + S1 + S2 + S3, где
Re – күтілетін табыс мөлшерлемесі (өз капиталына)
Rf – тәуекелсіз мөлшерлеме (АҚШ-та)
βlev – бета коэффициенті
Rm – Rf – акционерлік капиталға инвестициялау қатері үшін нарықтық сыйақы (АҚШ-та)
S1 – АҚШ-пен салыстырғанда елдегі қатер үшін сыйақы
S2 – шағын капиталдандыру үшін сыйақы (компанияның көлемі)
S3 – ерекше тәуекел үшін сыйақы
Тәуекелсіз мөлшерлемені анықтау (Rf)
Тәуекелсіз мөлшерлеме ретінде жоғары инвестициялық рейтингі бар және өтеу мерзімі кәсіпорынның тіршілік мерзіміне тең, елдің ұзақ мерзімді үкіметтік облигациялар бойынша табыстылық нормасы пайдаланылады. Тәуелсіз мөлшерлеме ретінде 20-жылдық өтеу мерзімімен АҚШ Қазнашылығының облигацияларын өтеуге орта табыстылық пайдаланылуы мүмкін (ұсынылатын дерекккөзі: АҚШ Федералды қор жүйесі http://www.federalreserve.gov).
Бета коэффициентін белгілеу (β)
Қарыз бен өз капиталының нысаналы арақатынасын ескере отырып βlev (ReleveredBeta), бета мынадай формула бойынша есептеледі:
βlev = βu * [1+ (1-t) x (D/E)], мұнда
βlev – қаржылық тәуекел ескерілген бета коэффициенті
βu – қаржылық тәуекел ескерілмеген бета коэффициенті (салыстырылатын компаниялар бойынша бета коэффициенттің медиандық мәні); NewYorkUniversity’sSchoolofBusiness (Damodaranon-line) есептелген осы коэффициенттің салаға арналған орта салалық мәндері немесе бес жыл ішіндегі ең толық қор пайдаланылған IbbotsonAssociates, SBBI Yearbook анықтамалықтарының деректері пайдаланылады
t – қазақстан Республикасының Салық туралы заңнамасына сәйкес нормативтік салықтық мөлшерлеме
D/E – өз және қарыздық қаражат арақатынасының ортасалалық көрсеткіші (мысалы, Bloomberg қаржылық-талдамалық агенттігінің немесе Дамодаран сайтының деректері бойынша)
Маңызды: βu , D/E мәндері үшін дамып жатқан нарықтарға арналған салалық көрсеткіштер қолданылады.
Rm белгілеу
Rm – тұтас АҚШ акциялар нарығының ұзақ мерзімді табыстылығы (кемінде 40 жыл ішіндегі нарықтық портфельдің тарихи табыстылығы). Ұсынылатын дереккөздер: АсватаДамодаранның (http://www.Damodaran.com) статистикалық анықтамалықтары, IbbotsonAssociates, SBBI Yearbook компаниясының статистикалық анықтамалықтары.
Елдік тәуекелдігі үшін сыйақыны белгілеу (S1)
Елдік тәуекелдігі үшін сыйақы Қазақстанның доллардағы бағалы қағаздары бойынша табыстылық пен тәуелсіз активтердің (АҚШ тәуелсіз мөлшерлемесі) табыстылығы арасындағы ағымдағы айырмашылық ретінде есептеледі. Қазақстанның шетел валютасынданоминацияланған мемлекеттік бағалы қағаздары болмағандықтан, есептеу үшін Қазақстанның мемлекеттік компаниялары (мысалы, БРК) облигацияларының табыстылығын пайдалану қажет. Салыстырылатын бағалы қағаздар шығарылу шарттары және айналу мерзімдері бойынша салыстырмалы болуы және олардың ішіне салынған опциондары болмауы тиіс. Ұсынылатын дереккөздер: «Cbonds.ru» (http://www.cbonds.ru) ақпараттық агенттігі; АҚШ Федералды қор жүйесінің ресми сайты (http://www.federalreserve.gov).
Шаңын капиталдандыру үшін сыйақыны белгілеу (S2)
Көрсеткіш АҚШ қор нарығындағы инвестициялар бойынша орта тарихи табыстылықтары арасындағы айырмашылық ретінде және компанияның қапиталдануына қарай оның бизнесіне инвестициялау бойынша есептеледі.
Ұсынылатын дереккөздер: IbbotsonAssociates, SBBI Yearbook компнаиясының статистикалық анықтамалықтары.
-
Ерекше тәуекелдік үшін сыйақыны белгілеу S3. Қолданыстағы кәсіпорынның ерекше тәуекелдігіне әсер ететін негізгі факторлар:
-
негізгі қызметкерлерге тәуелділік;
-
корпоративтік басқару сапасы;
-
негізгі қызметті тұтынушыларға тәуелділік;
-
негізгі жеткізушілерге тәуелділік.
-
Ерекше тәуекелдік үшін сыйақыны белгілеу сыйақыны белгілеу үшін мынадай алгоритм пайдаланылады:
-
жоғарыда келтірілген әр фактор бойынша тәуекелдік дәрежесін анықтап, 1-кестеге сәйкес оларға шартты балдарды беру;
-
барлық балдарды қосу және алынған соманы 4-ке (тәуекелдік факторларының саны) бөлу жолымен, барлық факторлар бойынша жиынтық тәукелдік негізінде кәсіпорынның ерекше тәуекелдігінің мағынасы белгіленеді ;
-
ерекше тәуекелдіктің 2- кестеге сәйкес алынған балдағы мағынасына байланысты ерекше тәуекелдік үшін сыйақы беріледі.
1кесте
Тәуекел дәрежесін белгілеу алгоритмі
Тәуекел факторы
|
Тәуекел дәрежесі
|
Төмен балл
|
Орта балл
|
Жоғары балл
|
негізгі қызметкерлерге тәуелділік
|
1
|
2
|
3
|
корпоративтік басқару сапасы
|
1
|
2
|
3
|
негізгі қызметті тұтынушыларға тәуелділік
|
1
|
2
|
3
|
негізгі жеткізушілерге тәуелділік
|
1
|
2
|
3
|
2 кесте
Ерекше тәуекел үшін сыйақыны есептеу алгоритмі
Тәуекел дәрежесі
|
Есептелген мағынасы
|
Сыйақы мөлшері, %
|
Төмен
|
≥1, бірақ ˂1,5
|
0-0,5
|
Орта
|
≥1,75, бірақ ˂2,25
|
1-1,5
|
Жоғары
|
≥2,75, бірақ ˂3
|
2-3
|
Теңгедегі ақша ағымдары үшін инвестициялауға арналған WACCUSD дисконттау мөлшерлемесін мына формула бойынша теңгеге аудару жүргізілуі тиіс:
WACCKZT = (1+WACCUSD) * 1+ rcur /1+ rusd - 1,
мұнда
WACCKZT – ақша ағымдарының қорытынды валютасында (теңге) инвестициялар үшін дисконттау мөлшерлемесі;
WACCUSD – АҚШ долларында инвестициялар үшін дисконттау мөлшерлемесі;
rcur – Қазақстандағы ұзақ мерзімді инфляция;
rusd – АҚШ-тағы ұзақ мерзімді инфляция.
Достарыңызбен бөлісу: |