Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы
21 қаңтардағы № 35
бұйрығымен бекітілген
Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары № 1 бөлім. Жалпы ережелер 1. Негізгі ережелер 1. Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және рельстік көлік құралдарын пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:
1) аралық - шектес станциялар (аялдау пункттері) арасында ораласқан метрополитен желісінің (трамвай желісі) бөлігі;
2) габарит – заттардың, құрылыстардың, құрылғылардың шекті сыртқы геометриялық кескіні;
3) еңіс – көлденең сызыққа еңісі бар жолдың ұзына байындағы пішінінің элементі. Төменгі нүктеден жоғарғыға жылжитын жылжымалы құрам үшін еңіс, көтерілу, ал кері жылжитынға - түсу болып табылады;
4) жылжымалы құрамның габариті - шегінен шыкпай жылжымалы құрам (трамвай вагоны) рельстік жолда орналасатын шекті көлденең (рельстік жол осіне перпендикуляр) кескін;
5) қызметтік тежеу - жылдамдықты бірқалыпты баяулату немесе көзделген жерде тоқтату үшін жылжымалы құрамды тежеу;
6) құрылыстардың жақындау габариті – оларды дайындау мен монтаждауға нормаланатын рұқсаттарды ескере отырып, тұтас металконструкциялардың тіреулерінен басқа, құрылыс конструкциялары мен ғимараттардың ешқандай бөліктері кірмейтін, жылжымалы құрам мен жабдық қана кіретін шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін;
7) метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
8) метрополитен басқармасы – жылжымалы құрамды пайдалану және жолаушыларды тасымалдау үшін қажетті пайдалануды, жөндеуді, басқаруды, жоспарлы-талдамалық жұмысты және өзге де қызмет түрлерін қамтамасыз ететін метрополитеннің басқарушы құрамы (директор, бас инженер, пайдалану бойынша директордың орынбасары және метрополитен поездарының қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас ревизор);
9) рельстік көлік құралдарының көлік кәсіпорны – метрополитенмен (трамвай) жолаушыларды тасымалдау, рельстік көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметпен айналысатын заңды тұлға;
10) рельстік көлік құралдары – көлік желісін (метрополитен, трамвай, жеңіл рельстік, монорельстік көлік) құрайтын бағыттағыштарымен арнайы жолдар бойынша жүруге арналған көлік құралы;
11) сигнал – шартты көрінетін немесе дыбыстық белгі, оның көмегімен белгілі бір бұйрық беріледі;
12) тежеуіш жол – поездың (құрамның, трамвай вагонының) тежелу сәтінен бастап толық тоқтағанға дейін өтетін арақашықты. Тежеудің басталуы тежеуішті басқару элементінің (педаль, тұтқыш, машинист кранының тұтқасы, тоқтату краны) іс-әрекетке келтірілу сәті болып есептеледі.
13) трамвай – қала шекарасында берілген бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған қалалық рельстік көлік түрі;
14) түйіспелі желі - электр энергиясының жылжымалы құрамның ток қабылдағыштарына берілуін қамтамасыз ететін түйіспелі рельстер, кабель және жабдық;
15) уәкілетті мемлекеттік орган - көлiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) шұғыл тежеу – өте қысқа уақыт аралығында жылжымалы құрамды тоқтату кезінде қолданылатын барынша тежегештік әсерімен тежеу.
№ 2 бөлім. Метрополитенді техникалық пайдалану тәртібі
2. Метрополитеннің жылжымалы құрамын пайдалану тәртібі
3. Электр депоның, электр жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсету пункттерінің, жөндеу базаларының, мотовоз депосының және жылжымалы құрам шаруашылығының басқа құрылыстары мен құрылғыларының орналасуы мен техникалық жабдықталуы электрпоездар қозғалысының белгіленген мөлшерін, жылжымалы құрамды неғұрлым жақсы пайдалануды, оған техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ең жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
4. Жылжымалы құрам оның үздіксіз жұмысын және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жарамды жай-күйде пайдалануға жіберіледі.
Жылжымалы құрамды жөндеу және оған техникалық қызмет көрсетуге жауапты адамдар қандай да бір ақаулықтар пайда болуының алдын алуын және оның жұмысының белгіленген мерзімін қамтамасыз етеді.
5. Пайдалануға қабылданған жылжымалы құрамның конструкциясына өзгерістер енгізуге тек метрополитеннің бірінші басшысының рұқсатымен жылжымалы құрамды жасаушымен келісу бойынша рұқсат етіледі.
6. Жылжымалы құрамның әрбір бірлігі мынадай айырым белгілерімен және жазулармен қамтамасыз етіледі: нөмірі, жасап шығарушы зауыттың тақтайшасы, ыдысының салмағы, резервуарлар мен бақылау аспаптарын куәландыру туралы тақтайшалар мен жазулар.
7. Жылжымалы құрамның әрбір бірлігі үшін техникалық және пайдаланымдық сипаттамаларын қамтитын техникалық паспорт жүргізіледі.
8. Электрпоездар құрамдарды автоматты енгізу жүйесінде поезды басқару үшін (бұдан әрі - ҚАЕЖ), жылжымалы құрамның диагностикасы және жұмысқа қабiлеттiлiгін тіркеу үшін жылдамдық өлшеуіштермен, жылжымалы құрамның қауіпсіздігі және бақылау (бұдан әрі - АТР/АТО) борт құрылғыларымен, поездық радиобайланыс және жолаушыларды ақпараттандыру техникалық құралдарымен жабдықталады, сондай-ақ оларды поездар қозғалысын автоматты басқару құрылғылармен жабдықтауға рұқсат беріледі.
9. Вагонның жолаушылар үй-жайларында есіктерді қолмен ашу мүмкіндігін туғызу үшін электрлі-пневматикалық басқаруды ажырату крандары орнатылады.
Вагондарда жолаушыларды дауыс зорайтқыш хабарландыру құрылғылары және және «жолаушы-машинист» шұғыл байланысы жарамды жай-күйде ұсталады.
10. Вагондардың электр жабдықтары шамадан тыс жүктелуден, қысқа тұйықталу тогынан және қызып кетуден қорғайтын аппаратурамен жабдықталады. Жылжымалы құрамнан сорғыш желіге поездар қозғалысы (бұдан әрі - АТДП) және байланысқа арналған автоматика, телемеханика құрылғыларының қалыпты жұмысын бұзатын токтың түсуіне жол берілмейді.
11. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулықтары бар, жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға және поездардың жүру жолына жіберуге жол берілмейді.
12. Техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді тікелей жүзеге асыратын жұмыскерлер, шеберлер және тиісті бөлімшелердің басшылары жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын қадағалайды және оның қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз етеді.
13. Электржылжымалы құрамның техникалық жай-күйі машинистердің (локомотивті бригадалардың), техникалық қызмет көрсету пункттері жұмыскерлерінің және жөндеу бригадаларының тексеріп қарауы арқылы жүйелі тексеруге жатады, сондай-ақ электрдепо және жылжымалы құрам қызметінің басшылары мерзімді бақылайды. Техникалық қызмет көрсету кезінде мыналар тексеріледі:
1) түйіндер мен бөлшектердің жай-күйі мен тозуы, олардың белгіленген өлшемдерге сәйкестігі;
2) тежегіш жабдығының, автотіркегіш құрылғылардың, АТР/АТО құрылғылары жұмысының, бақылау, өлшеу, сигнал беру аспаптары мен қауіпсіздік аспаптарының, автожүргізудің жарамдылығы.
14. Мынадай ақаулықтардың ең болмағанда біреуі болғанда, жылжымалы құрамды пайдалануға жол берілмейді:
-
пневматикалық, электрлі, тұрақталған немесе қол тежегішінің ақаулығы;
-
автотіркегіш құрылғыларының ақаулығы;
-
сигнал беру аспаптарының, жылдамдық өлшеуіштің ақаулығы;
-
автотоқтау құрылғысының ақаулығы;
-
АТР/АТО поезд құрылғысының ақаулығы;
-
поездық радиобайланыстың, дауыс зорайтқыш хабарлағыштың, «жолаушы-машинист» шұғыл байланысы құрылғыларының ақаулығы.
Қауіпсіздік аспаптарының пломбалары жоқ арбаша рамасында және вагон асты жабдығының басқа да бөлшектерінде жарығы бар немесе сынған, сондай-ақ тексергенге және пайдалануға беруге жарамды деп танылғанға дейін рельстен шыққан немесе соқтығысқан электржылжымалы құрамды пайдалануға жіберілмейді.
15. Электржылжымалы құрамды желіге техникалық тексерусіз (жөндеусіз).
16. Электржылжымалы құрамдағы электрлік қорғау құрылғылары, ауа резервуарлары, манометрлер мен пневматикалық аспаптар куәландырудан немесе ревизиядан өткізіледі.
17. Электрпоездар өрт сөндіру құралдарымен, аспаптар жиынтығымен және басқа да қажетті құрал-саймандармен жабдықталуы тиіс.
18. Электрпоезға машинист және машинист көмекшісі (локомотивтік бригада) мынадай жағдайда қызмет көрсетеді:
-
поезда АТР/АТО құрылғылары болмаған кезде;
-
АТР/АТО поезд құрылғылары жұмыс істемеген кезде;
-
поезды басты емес кабинадан басқарған кезде.
Жылжымалы құрам басты кабинадан басқарылған жағдайда, машиниске көмекшісіз стационарлық жолдарда маневрлік қозғалыс жасауға рұқсат беріледі.
Басты емес кабинадан басқарылған жағдайда, стационарлық жолдардағы маневрлік қозғалысты локомотивтік бригада жасайды.
19. Машиниске жұмыс жағдайындағы электржылжымалы құрамды, оған қызмет көрсету ережелерін және оны қалай тоқтатуды білетін жұмыскердің бақылауынсыз қалдыруға жол бермейді. Машинистің жолға шығуын талап ететін жұмысты орындау үшін тұрақ немесе қол тежеуішімен жолдың ұзына бойындағы пішініне байланысты тежеу санымен құрам вагондарын тежеп, құрамның жүріп кетуін тексергеннен кейін электржылжымалы құрамды қалдыруға рұқсат беріледі. Қажет болған жағдайда машинистің өтінімі бойынша түйіспелі рельсітен кернеуді алу жүргізіледі.
20. Ақаулы құрамды электрдепоға жеткізу лауазымды тұлғалардың басшылығымен және лауазымды адамдардың алып жүруімен жүргізіледі.
21. Күрделі, орта немесе көтергіш жөндеуден шыққан вагондар тексеріліп, сыннан өткізуге арналған желілер мен жолдарда сыннан өтуге жатады және оларды электржылжымалы құрамды қабылдаушы қабылдайды.
3. Метрополитеннің тежегіш жабдығын және автотіркегіш құрылғысын күтіп - ұстау тәртібі
22. Жылжымалы құрам автоматты пневматикалық тежегіштер (автотежеуіштер) болған кезде пайдаланылады.
Автоматтық пневматикалық тежегіштерден басқа, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған электржылжымалы құрам электр тежегіштермен де жабдықталады. Бұл ретте вагонның әрбір осі тежегіш.
Автоматтық пневматикалық тежегіштер және олардың элементтері белгіленген нормалар бойынша ұсталады, пайдаланудың әртүрлі жағдайларында іс-қимылдардың басқарылуын және сенімділігін, тежеудің бірқалыптылығын, сондай-ақ әуе тежеуіш магистралі бөлінген немесе ажыраған кезде, тоқтату кранын (кранды немесе шұғыл тежеу кнопкасын) ашқан немесе автотоктатқыштың клапаны үзілген кезде поездың тоқтауын қамтамасыз етеді.
Электржылжымалы құрамның автоматты пневматикалық және электрлік тежеуіштері вагондарды әртүрлі тиеу кезінде тежеу жолының тұрақтылығын сақтау үшін авторежим құрылғысымен қамтамасыз етіледі және доңғалақ жұптарының сыналануын болдырмайтын және шұғыл тежелу немесе осы Қағидалардың 1-қосымшасында келтірілген, есептік тежеуіш жолынан аспайтын қашықтықта АТР/АТО құрылғыларынан тежеу кезінде поездың тоқтауына кепілдік беретін тежеу күшін қамтамасыз етеді. Осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген шұғыл тежеу кезінде ашық жер үсті және оларға теңестірілген учаскелер үшін есептік тежегіш жолының ұзындығы 50 % ұлғаяды. Нақты тежеу жолдарының есептіге сәйкестігі мерзімді тексеріледі.
23. Электржылжымалы құрам машинисінің әрбір кабинасы кран немесе жедел тежеуге арналған кнопкамен, ал вагонның қарама-қарсы бөлігінде –орындықтың арқа жағында қысқартылған штангасы және тұтқасы бар тоқтату кранымен жабдықталады.
Машинистің кабинасы жоқ вагонында тоқтатқыш крандар орындықтардың арқасының артынан вагонның екі артқы бөлігінде орнастырылады.
Локомотивтерді тасымалдауға арналған арнайы жылжымалы құрам тоқтату крандарымен жабдықталады.
24. Ажырауы немесе сынуы габариттен шығуын немесе жолға құлауға әкелуі мүмкін вагондардың барлық тораптары мен бөлшектері сақтандырғыш құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.
25. Тіркеме салмағының массасын есепке ала отырып, локомотивтердің нақты тежеуіш жолдары, есептік тежеуіш жолдарына сәйкестігіне мерзімді тексеріледі.
26. Жылжымалы құрам жарамды автотіркегішпен жабдықталады.
27. Жылжымалы құрамды дайындаушы жұмыскер (аға шебер, шебер, бригадир) құрамдағы вагондардың дұрыс тіркелуін қамтамасыз етеді.
28. Шаруашылық поезының машинисі шаруашылық поезының құрамындағы жылжымалы бірліктердің дұрыс тіркелуін қамтамасыз етеді.
4. Метрополитеннің доңғалақ жұптарын пайдалану тәртібі
29. Әрбір доңғалақ жұбының осінде доңғалақ жұптарының қалыптастырылған уақыты мен жері және толық куәландырылуы туралы анық қойылған белгілері, сондай-ақ оны қалыптастыру кезінде қабылдау туралы таңбасы болады.
Белгілер мен таңбалар белгіленген жерлерге қойылады. Доңғалақ жұптары жылжымалы құрам астындағы тексеруден, әдеттегі және толық куәландырудан өтуі керек.
30. Жүктелмеген доңғалақтар жұбын оның ішкі қырларының арасындағы қашықтық 1440 миллиметр (бұдан әрі – мм) болғанда пайдалануға рұқсат етіледі. Ауытқуларға ұлғаю немесе азаю жағына 3 мм аспағанда рұқсат етіледі, ал жаңа дайындалатын доңғалақ жұптары үшін: ұлғаю жағына қарай 1 мм-ге, азаю жағына – 3 мм-ге дейін рұқсат етіледі.
Жүктелген доңғалақ жұбының төменгі нүктесіндегі доңғалақтардың ішкі қырларының арасындағы қашықтықты мөлшерден 2 мм асырмай азайтуға рұқсат етіледі.
31. Доңғалақ жұптарының мынадай тозулары мен зақымдануларының ең болмағанда біруі болған кезде жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға жол берілмейді:
-
доңғалақ жұптары осінің кез келген бөлігінде сызат немесе электрлік тұтану;
-
резеңкелі доңғалақ жұптары үшін домалау шеңбері бойынша біркелкі желіну 3 мм аса, тұтастай илемделген доңғалақ жұптары үшін 5 мм аса, сондай-ақ доңғалақтардың желіну айырмашылығымен бір доңғалақ жұбы үшін 2 мм астам болғанда;
-
үзілген клапандармен орнатылған доңғалақ жұптары үшін домалау шеңбері бойынша әркелкі желіну – 0,5 мм аса, басқа доңғалақ жұптары үшін - 0,7 мм –ден астам болса;
-
жалдың қалыңдығы – 33 мм-ден астам немесе жалдың басынан 18 мм қашықтықтан өлшеген кезде 25 мм-ден аз болғанда;
-
жалдың арнаулы шаблонымен және үшкір төсемімен өлшенетін биіктіктегі жалдың тік қиюы 18мм-ден астам болғанда;
-
домалау беті бойынша ойық (шұңқыр) тереңдігі 0,3 мм астам болғанда;
-
кез келген элементте сызат немесе жiктелу, бандажда сынық немесе қабыршақ болғанда, сондай-ақ домалау бетіндегі жарық торлары белгіленген мөлшерден көп болса;
-
бандаж қондырғышы немесе бекетке шығыры босағанда, доңғалақ күпшегі немесе тісті доңғалағы жылжыған;
-
доңғалақтың домалау үстіндегі уатылып бітуі 200 мм, тереңдігі 1мм-ден астам болғанда;
32. Доңғалақ жұптарын куәландыру мен жөндеу арнайы жөндеу пункттерінде осы жұмысты орындауға құқығы бар адамдар жүргізеді.
5. Метрополитен инфрақұрылымын пайдалану тәртібі
№ 1 параграф. Жалпы ережелер
33. Метрополитен басқармасы метрополитен құрылыстары мен құрылғыларын жарамды жай-күйде күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді және поездарды барынша жоғары белгіленген жылдамдықпен өткізуді қамтамасыз етеді.
Құрылыстар мен құрылғылардың қандай да бір ақаулықтардың пайда болуының алдын алу және олардың қызмет етуінің ұзақ мерзімдерін қамтамасыз етуді оларды күтіп-ұстауға жауапты адамдар қамтамасыз етеді.
34. Метрополитен басқармасы құрылыстар, құрылғылар, механизмдер және жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
35. Метрополитенді техникалық пайдалану сабақтас жолдардың остері арасында, түзу, сондай-ақ қисық учаскелерде радиусы 500 метр (бұдан әрі – м) және одан астам кемінде мынадай қашықтық қамтамасыз етілетіндей жүзеге асырылады:
1) аралық тірегі жоқ қос жолды тоннельдердегі басты жолдарда – 3400 мм;
2) көпірлер мен эстакадаларда – 3700 мм;
3) жер үсті учаскесіндегі басты жолдарда, қиылыстық құлама төселген жерлерде және жылжымалы құрамның айналымына арналған жолдарда – 4000 мм;
4) парктік жолдарда – 4200 мм;
5) депо жолдарында – 4500 мм;
6) Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы жылжымалы құрамдар айналысына арналған парктік жолдарда – 4800 мм.
Жөндеу жұмыстары кезінде рельстер қалпақшасы деңгейінің жобалық белгісін және жоспардағы жолдың қалпын өзгертуге метрополитеннің бірінші басшысының рұқсаты бойынша жүргізуге рұқсат етіледі.
36. Ашық жылжымалы құрамдағы жүк (қаптамасы мен бекітпесін есепке ала отырып) белгіленген жүк тиеу габариттері шегінде орналастырылады.
Жолдың маңында түсірілген немесе тиеуге дайындалған материалдар немесе жабдық, олардың жақындау габариті бұзбайтындай етіп орналастырылады және бекітіледі.
№ 2 параграф. Метрополитен жолының жоспары мен пішіні
37. Қисықтар радиустары, түзулер мен қисықтардың жанасуы, еңістердің тіктігіне қатысты метрополитен жолы желінің бекітілген жоспары және пішінімен анықталады.
38. Салынып жатқан желінің тоннель және жердегі жабық учаскелеріндегі станциялар бір тегісті 0,003 бойлық еңісте орналасуға тиіс (қиын жағдайлар үшін 0,005 дейін еңістікке рұқсат етіледі).
Негізделген жағдайларда станцияны су ағызу қамтамасыз етілген жағдайда көлденең алаңда орналастыруға рұқсат етіледі. Жылжымалы құрамның айналуы мен тұрақтауына арналған жолдар жолаушылар платформасы жағына қарай көтерілетін 0,003 еңісте орналасуға тиіс.
Парктік жолдардың көлденең алаңда немесе 0,0015-тен аспайтын еңісте орналасуына рұқсат етіледі.
39. Жолдың жоспары, пішіні және тоннельдік қаптамалары мерзімді аспаптық тексеруден өткізіледі.
Жоспардың немесе пішіннің өзгеруін туғызатын, қайта жаңарту немесе басқа да жұмыстар жүргізілетін учаскелер жұмыс аяқталған соң тексеріледі.
40. Жолдар мен тоннельдердің жай-күйі:
1) жол өлшегіш вагонмен немесе жол өлшегіш арбашамен айына кемінде бір рет тексеріледі;
2) жабдықтардың жақындау габаритін тексеруге арналған габаритті вагонмен немесе габаритті рамамен - жылына кемінде бір рет.
Тоннельдер қаптамаларының жағдайы тоннельдерді пайдалану кезінде тұтастай тегістеумен мынадай мерзімде тексеріледі:
5 жылға дейін — жылына кемінде бір рет,
5 жылдан 10 жылға дейін — үш жылда кемінде бір рет,
10 жылдан аса — бес жылда кемінде бір рет.
Жол дистанциялары барлық өзгерістер уақтылы енгізіліп отыратын, станциялардың схема түріндегі жоспарлары, басты және станциялық жолдардың бойлық пішіні мен жоспары болуын қамтамасыз етеді.
№ 3 параграф. Метрополитен жолдарының жоғарғы құрылысын, жер төсемін және жасанды құрылыстарын пайдалану тәртібі
41. Тоннельдерде барлық ұзына бойында жолдың жоғарғы құрылысының элементтерінен, тоннель конструкцияларынан, құрылғылар мен жабдықтардан сенімді су ағуы қамтамасыз етіледі.
Жер үсті учаскелердегі, сондай-ақ парктік жолдардағы жер төсемі жер төсемінің берік жағдайда күтіп - ұстауды қамтамасыз ететін су бұратын, бұзылуға қарсы және бекіткіш құрылғылармен жабдықталады.
42. Жолдың тікелей учаскелеріндегі рельстер қалпақшасының ішкі қырлары арасындағы жолтабан енінің номиналды көлемі 1520 мм. Жолдың барлық қисық учаскелеріндегі жолтабан ені мынадай радиус кезінде пайдалануға рұқсат етіледі:
-
1200 м және жоғары – 1520 мм;
-
1199 бастап 600 дейін – 1524 мм;
-
599 бастап 400 дейін – 1530 мм;
-
399 бастап 125 дейін – 1535 мм;
-
124 бастап 100 дейін – 1540 мм;
-
99 м және төмен – 1544 мм.
Тарылымы бойынша – 4 мм аспауға, кеңеюі бойынша + 8 мм, ал парктік жолдарда тарылымы бойынша - 4 мм, кеңеюі бойынша +10 мм артуға жол берілмейді. Жолтабан енінің 1512 мм-ден кем және 1548 мм-ден астам болуына рұқсат етілмейді.
43. Түзу учаскелердегі жолдың екі желісіндегі рельстер қалпақшаларының төбесі бір деңгейде орнатылады (ұсталынады).
Жолдың түзу учаскелерінде олардың әрбірінің ұзына бойында рельстің бір желісінің құрылымын екіншісінен 6 мм-ге биіктете ұстауға рұқсат етіледі.
Сыртқы рельс желісінің жоғарылауы 120 мм-ден асуына жол берімейді. Қажет болған жағдайларда, Метрополитен басқармасының рұқсатымен басты жолдың қисық учаскелерінде сыртқы рельс желісінің ең көп жоғарылауы 120 мм-ден астамға рұқсат етілуі мүмкін.
Рельс желісінің орналасу деңгейінде жолдың қисық учаскелерінде белгіленген нормалардан 4 мм-ден аспайтын ауытқуларға рұқсат етіледі.
44. Тоннельде, жер үсті учаскелерде, электрдепоның парктік жолдарында рельстер, метал конструкциялармен, жабдықтармен, құбыр өткізгіштермен және кабель қабығымен, жол бетондарымен, балластармен байланысуына жол берілмейді (электрдепоның парктік жолдарында құрылғыларды біржелілік рельстік тізбектің тартымдық желісімен жерге тұйықтауға рұқсат беріледі). Олардың арасындағы рұқсат етілген саңылау - кемінде 30 мм.
45. Жолдардың, жол қабырғаларының конструкцияларында, платформа астындағы кеңістіктерде, желдету мүлдіктеріне және басқа да құрылыстарда шу басу және дірілден қорғау элементтерімен жабдықталады.
Депо жолдарында төселген рельстер құрылыс конструкцияларынан және жерге тұйықталған құрылғылардан электрлі оқшауланады.
№ 4 параграф. Метрополитен рельстерін, бағыттамалы
бұрмаларын, жол және сигнал белгілерін, қиылыстары
мен жанасуларын пайдалану тәртібі
46. Бағыттамалы бұрмалардың мынадай маркалы айқастырғыштары болады:
парктік және өзгелерден басқа, барлық жолдарда құламасы - 1/9;
парктік және өзгелерде құламасы - 1/5.
Айқаспалы құламалардың тұйық қиылысы 2/9 тік емес маркасының айқастырмалары бар.
47. Төменде келтірілген ақаулықтардың ең болмағанда біреуі бар бағыттамалы бұрмаларды және тұйық қиылыстарды пайдалануға тыйым салынады, мынадай:
1) бағыт ұштары ажыраған;
2) ұштарда бірінші жалғастырушы тартымға қарсы өлшенетін рамалық рельстен 4 мм-ге және одан астам артта қалған;
3) тарақтардың жылжу қаупін төндіретін және мынадай:
басты және станциялық жолдарда (парктік және өзгелерінен басқа) – 200 мм және одан артық;
парктік және басқа станциялық жолдарда – 400 мм және одан артық ұштары боялған барлық жағдайларда тереңдігі 3 мм астам ұшынан бірінші жалғастырушы тартымға дейін ұштары боялған;
4) үстіңгі беті 50 мм және одан артық болып келетін ұш басының ені қиылу кезінде өлшенетін, ұш рамалық рельске қарсы 2 мм-де және одан астам төмендеген;
5) айқастырғыш ортасының жұмыс шегі мен контррельс басының жұмыс шегі арасындағы қашықтық кемінде 1472 мм;
6) контррельс басының және мұрғы басының жұмыс шеттерінің арасындағы қашықтық 1435 мм астам;
7) ұш немесе рамалық рельс сынған;
8) айқастырғыш (орталығы, мұрты немесе бақылау рельсті) сынған;
9) бір бұрандалы немесе екі бірдей қос бұрандалы астардағы контррельс бұрандасы бөлінген ақаулары бар бағыт көрсеткіштер мен тұйық қиылыстарды пайдалануға жол берілмейді.
48. Жер үсті және парктік жолдардағы бағыттамалық бұрмалар климаттық және басқа да жағдайларға байланысты механикаландырылған тазарту және қар еріту құрылғыларымен жабдықталады.
Тоннельдердегі, сондай-ақ жер үсті және парктік жолдардағы бағыттамалық бұрмалар (тәуліктің қараңғы уақытында) қосымша орнатылған шамдармен жарықтандырылады.
Басты жолдар мен электрлік жылжымалы құрамның айналуына және тұруына арналған жолдарда поездардың кері бағытта қозғалуы кезінде ұштардың алдына қырлы бөренелер төселеді.
49. Қиылысатын құламада бағыттамалық бұрмалардың, тұйық қиылыстардың төселуі мен алынуы және оларды пайдалануға берілуі метрополитеннің бірінші басшысының бұйрығы бойынша жүргізіледі.
50. Қос жолды желілер аралықтарындағы дұрыс бағытта жүретін поездар үшін бағыттамалық бұрмалар төселеді, көбіне басты жол бойынша түзу бағыты болады. Ерекше жағдайларда, жанасушы жолдардың қиын кірер жерінде, метрополитеннің бірінші басшысының рұқсатымен қарсы бағытты бағыттамалық бұрмаларды төсеуге рұқсат беріледі.
Электржылжымалы құрамның айналуы үшін жол желісінің соңғы станцияда жолаушылар платформасының артында орналастырылады.
51. Бағыттамалар электрлік орталықтандырылуға қосылады. Электрлендірілмеген парктік және басқа да станциялық жолдарда бағыттамалық нұсқағыштармен жабдықталған орталықтандырылмаған бағыттамаларды орнатуға рұқсат етіледі.
Барлық жолдардағы бағыттамалар оларды аспалы құлыптармен құлыптауға мүмкіндік беретін тетіктермен жабдықталады.
52. Бағыттамалардың орны қозғалыс бағытымен анықталады және тура жолмен жүру үшін – плюс (қалыпты) және бағыттамалық бұру бойынша ауытқуы бар қозғалыс үшін - минус (ауыстырмалы) белгілерімен көрсетіледі.
Басты жолдарда орналасқан бағыттамалар басты жолдарға қозғалуға арналған жағдайға, ал сақтандырғыш тұйық жолдарға апаратын бағыттамалар – осы жолдарға бағыталған қалыпта болады.
Белгіленген маршруттар болмаған кездегі қалған орталықтандырылған бағыттамалар плюс немесе минус қалпында болуы мүмкін.
Маршруттағы орталықтандырылған бағыттамалардың және күзет бағыттамаларының қалпы бағыттамалардың, сигналдардың және маршруттардың өзара байланысты кестесінде көрсетіледі.
Бағыттамалардың плюстік қалпы орталықтандырылған бағыттаманың электржетек корпусында бағыттаманы плюстық қалыпқа ауыстыру кезіндегі ұштар қозғалысының бағытын көрсететін бағыттамамен белгіленеді.
Бағыттамаларды:
поездарды қабылдау және жөнелту үшін маршруттарды әзірлеген кезде;
маневрлік жұмыстар кезінде;
станция жолдардағы кедергілерді және жұмыстар жүргізілетін орындарды қоршау қажеттігі кезінде;
бағыттағыштарды тазарту, тексеру және жөндеу кезінде ауыстыруға болады.
53. Бағыттамаларды және сигналдарды басқаратын әрбір пост өзі бағыттамалардың ауыстырылуына, сигналдарды басқаруға және қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты болып табылатын тек бір ғана қызметкердің қарауында болады:
1) орталықтандыру посты – пост кезекшісінің қарауында;
2) диспетчерлік орталықтандыру посты – поезд диспетчерінің қарауында;
3) станциялық орталықтандыру посты – станция бойынша кезекшінің қарауында;
54. Орталықтандырылған бағыттаманы ауыстырудың алдында оған қызмет көрсетуші жұмысшы автоматтандырылған жұмыс орнын (бұдан әрі - АЖО) монитор бойынша немесе жекелей өзі тексереді, ал қажет болған жағдайда жұмысшылардың біреуі: станция бастығы, бағыттамалық пост кезекшісі, орталықтандыру постының операторы, станция бойынша кезекші (орталықтандыру постының кезекшісі), поездарды қабылдау және жөнелту бойынша кезекші, ПҚАТ электрмеханигі, жол мастері арқылы бағыттамалық бұрмада жылжымалы құрамның жоқ екендігіне көз жеткізеді.
55. Орталықтандырылған бағыттамаларды қолмен басқаруға көшу кезінде және олардың ауысуын және құлыпталуын станция кезекшісінің (орталықтандыру посты кезекшісінің) өкімі бойынша осы жағдайда бағыттамаларды ауыстыру дұрыстығына жауапты болып табылатын тек бір ғана қызметкер: станция бастығы, бағыттамалық пост кезекшісі, орталықтандыру постының операторы, станция кезекшісі (орталықтандыру постының кезекшісі), поездарды қабылдау және жөнелту бойынша кезекші немесе метрополитеннің бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған басқа қызметкерлер жүргізеді.
Көрсетілген өкім жеке түрде немесе тоннельдік байланыс және радиобайланыс телефоны арқылы, ал аталған байланыс түрлері ақауланған немесе болмаған жағдайда бағыттамалық байланыс телефоны арқылы беріледі.
56. Орталықтандырылған бағыттамалардың электр жетектерінің курбелдері қозғалыс қызметінің кезекші жұмыскерінің бөлмесінде пломбаланған жәшікте сақталуы тиіс.
57. Аспалы құлыппен бекітілетін бағыттамалардың тізбесі станцияның техникалық-өкімдік актісімен белгіленеді.
58. Бағыттамаларды ауыстыру туралы өкімді қабылдаған жұмыскер оны ауызша қайталайды. Өкімді орындағаннан кейін осы жұмыскер бұл туралы бұйрықты берген адамға дереу баяндайды.
59. Басқа қызметтер мен ұйымдардың қарауына берілгендерді қоспағанда, бағыттамалық бұрмалар станция бастығының иелігінде болады. Жол дистанциясының бастығы бағыттамалық нұсқағыштар мен бағыттамалық бұрмаларды таза және жарамды жай-күйде ұстауды қамтамасыз етеді, ал станция бастығы бақылауды жүзеге асырады.
60. Бағыттамалық бұрмалардың, қиылысатын құламалар тұйық қиылыстарының және бағыттамалық нұсқағыштардың жөнделуі мен ағымдағы жарамды күтіп-ұсталуын жол дистанциясы, ал бағыттамалық бұрмалардағы (бұдан әрі - СОБ) сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларының жөнделуі мен күтіп-ұсталуын – сигнал беру дистанциясы жүргізеді.
61. Метрополитен жолдарының электр беру және байланыс желілерімен, мұнай құбырлары, газ құбырлары, су құбырлары, сондай-ақ басқа да жер үсті және жер асты коммуникацияларымен және құрылыстармен қиылысуына метрополитеннің бірінші басшысының рұқсатымен жол беріледі.
Осындай қиылыстарда қажет болған жағдайларда поезд қозғалысының, қауіпсіздігі мен үздіксіздігін, маневр жұмыстарын орындалуын қамтамасыз ететін арнайы сақтандыру құрылғылары қарастырылады. Осындай құрылғылар жобасы Метрополитен басқармасымен келісіледі.
62. Метрополитеннің пайдалананылатын учаскеселері жаңадан салынып жатқан учаскелердің жанасатын тоннельдерінен тұтас бетонды далдалдармен немесе оларды пайдаланатын тоннель жағынан басқаратын металл конструкциялармен бөлінеді.
63. Түйіспелі рельс кез келген атмосфералық жағдайда қозғалыстың белгіленген жылдамдығы кезінде үздіксіз токты қамтамасыз етеді.
64. Түйіспелі рельстің жұмыс қабатын 160 мм жүріс рельстерінің басынан жоғары арту немесе азаю жағына 6 мм-ден асырмай ауытқуға жол беріледі.
Түйіспелі рельстің осінен бастап ауытқушылығы бар жақын орналасқан 690 мм жүріс рельсі басының ішкі шегіне дейін қашықтық арту, ұлғаю немесе азаю жағына қарай 8 мм-ден аспайды.
65. Түйіспелі рельс жүріс рельстері мен тоннель конструкцияларының электрлі оқшауланады және тез тұтанбайтын материалдан жасалған қорғаныш қабымен қорғалады.
66. Түйіспелі рельс бөлек оқшауланған секцияларға (қоректендіру аймақтарына) өтпе бөліктердің металдық бөлімі ұштары арасының ұзындығы кемінде 14 м жабылмайтын әуе аралықтарына бөлінеді. Бір вагонның токқабылдағышымен жабылмайтын осындай әуе аралықтары поездардың тартқыш қозғалтқыштары ажыратылған жерлерде, ал станцияларға таяу басты жолдарда – жолаушылар платформасының басынан 50м –ден аспайтын қашықтықта орналасады.
Бағыттамалы бұрмалар, айқаспалы ауыспалар мен металл конструкциялар орналасқан жерлер түйіскен рельстердің ұзындығы 10 м-ден аспайтын (әдетте 7,7 м) жабылатын әуе аралықтарымен жабдықталады. Басты жолдардың түйіспелі рельстерінде әуе аралықтары жерлерінде түйіспелі рельстің қабылдаушы және беруші шеттерінде еңісі 1/50 соңғы өтпе бөліктерді, ал электрдепоның парктік жолдары тұйықтарының түйіспелі рельстерінде екі шетінде 1/25 еңісі бар соңғы өтпе бөліктерді қарастыру қажет.
67. Салынып жатқан желілердегі парктік жолдардың түйіспелі рельстерін бөлшектеу төрт-бес жолдың түйіспелі рельсінен кернеуді алып тастау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
68. Аралықтардағы басты жолдарда (тоннельдерде) сигналдық және жол белгілері дұрыс бағытта келе жатқан поезд қозғалысының бағыты бойынша оң жақта орнатылады.
69. Тоннельдердегі бағыттамалы бұрмаларда және басқа да жолдарды жалғастыратын жерлерге шекті тақтайшалар, ал жер үсті жолдарына – шекті бағаншалар орнатылады.
70. Шекті бағаншалар жол арасының ортасына, ал шекті тақтайшалар- жол арасына орнатылады, бұл жердегі қосылатын жолдар остерінің арасындағы қашықтық төмендегідей болған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасы темір жолының жылжымалы құрам айналымына арналмаған тоннельдерде, жер үсті учаскелерінде және парктік жолдарында –– 3400 мм;
2) Қазақстан Республикасы темір жолының жылжымалы құрам айналымына арналған парктік жолдарында - 4100 мм.
71. Қоршалған жағдайдағы жолдың кедергі құрылғылары (лақтырғыш табандар немесе бағыттамалар) олар орнатылған жолдан жылжымалы құрамның шығып кетуіне жол бермейді.
Осы құрылғылар, сондай-ақ, бұрылысты бөренелер мен тұйық тіректер жолды қоршау нұсқағыштарымен жабдықталады.
72. Жолдар мен құрылыстарға қызмет көрсететін жұмыскерлер үшін, сондай-ақ механизмдер, жабдықтар, мүкәммалды және құрал-саймандарды сақтау үшін станциялық және аралық тоннельдерінің арнайы өнімінде - бөлме, ал жер үсті және парк жолдарында- жол ғимараттары қарастырылады.
Осы бөлмелер мен ғимараттар қызмет ету учаскелері бойынша біркелкі орналасуы керек.
73. Микропроцессорлық орталықтандыру құрылғылары төмендегілерді болдырмайды:
1) егер бағыттамалар, оның ішінде күзеттік, тиісті қалыпқа келтірілмеген, ал қарсы бағыттың маршруттардың жабылмаған болса, осы маршрутты қоршайтын бағдаршамның ашық болуын;
2) маршрутқа кіретін бағыттаманың ауысуын немесе бағдаршам ашық кезінде бекітілген маршрутты қоршайтын қарсы маршруттың бағдаршамдарының ашылуын;
3) бос емес жолға бекітілген маршрут кезінде бағдаршамды ашуды;
4) жылжымалы құрам астындағы бағыттаманы ауыстыруды.
74. Микропроцессорлық орталықтандыру құрылғылары төмендегілерді қамтамасыз етеді:
1) бағыттамалар мен сигналдардың өзара тұйықталуын;
2) осы маршрутты қоршайтын бағдаршамды бір мезгілде жаба отырып, бағыттаманың кесуін бақылау;
3) басқару аппаратында жолдар мен бағыттамалардың бос еместігін бақылау.
75. Микропроцессорлық орталықтандырылған бағыттамалары мен сигналдары бар және екі жақты қозғалыс үшін жабдықталған бекетке жалғасып жатқан аралық (жалғастырушы тармақша) жолдарда бір бағыт бойынша бағдаршам ашылғаннан кейін қарсы бағыттағы бағдаршамның ашылу мүмкіндігі жоқ болуын қамтамасыз етеді.
76. Орталықтандырылған бағыттамалардың электржетектері мен тұйықтағыштары:
1) бағыттамалардың соңына қарай қысылған рамалық рельске басылған үшкірдің тығыз жанасуын қамтамасыз етеді;
2) басылған үшкір мен рамалық рельстің арасындағы саңылау 4 мм және одан асқан болған кезде бағыттаманың тұйықталуына рұқсат етпейді;
3) рамалық рельстен басқа үшкірді кемінде 125 мм қашықтыққа алып тастайды.
Орталықтандырылған бағыттамалар ойып орнатылатын үлгідегі электр жетектерімен жабдықталуға тиіс.
77. Жартылай автоматты әрекеттегі бағдаршамдар шақыру сигналдарымен жабдықталады. Шақыру сигналдары мына жағдайларда ашылмайды:
1) теріс бағыттағы басты жолға қозғалу үшін;
2) егер маршрутқа кіретін бағыттамалар қалпының бақылауы жоқ болса.
Парктік жолдарда шақыру сигналы жоқ маневрлік бағдаршамдарды қолдануға рұқсат етіледі.
Басты жолдарда орналасқан жартылай автоматты әрекеттегі бағдаршамдарды автоматты әрекетке ауыстыру кезінде автоматты жұмысқа олардың шақыру сигналдары да бір мезгілде ауыстырылады.
№ 5 параграф. Метрополитеннің автоматика, телемеханика және телекомуникациялар техникалық құралдарын (құрылғыларын) техникалық пайдалану тәртібі
78. Қорғаныс учаскелері бар автоматты бұғақтау құрылғылары бағдаршамның тыйым салушы көрсеткішінің (кіру, шығу және өтпелі) поезд осы бағдаршам артындағы блок-учаскені және қызыл шаммен жабылатын келесі бағдаршамнан кейінгі қорғаныс учаскесін босатқанға дейін рұқсат беретін көрсеткішке ауысуына жол бермеуі тиіс.
Қорғаныс учаскілері жоқ автоматтық бұғақтау құрылғылары бағдаршамның тыйым салу көрсеткішін осы бағдаршамнан кейінгі блок-учаскені поезд босатқанға дейін және келесі бағдаршамды қызыл шаммен жапқанға дейін рұқсат беру көрсеткішіне ауысуына жол бермеуге тиіс.
79. Барлық бағдаршамдар мынадай жағдайда автоматты түрде қызыл шаммен жабылады:
поезд олар қоршаған жол учаскісіне кіргенде;
осы учаскелердегі рельс тізбегінің бүтіндігі бұзылған кезде;
бағдаршаммен басқару тізбектерінің ақаулығы кезінде.
80. Қорғаныс учаскелерінің ұзындығы:
1) шығу бағдаршамынан кейін – кемінде сағатына 35 км жылдамдығы бар шұғыл тежеу кезінде есептік тежеу жолынан кем емес;
2) аралықтарда орналасқан бағдаршамдардан кейін – жылдамдықтың осы желісі үшін орнатылған барынша жоғары жылдамдықтан шұғыл тежеу кезіндегі есептік тежеу жолынан кем емес;
3) станцияға таяу жерлерде орналасқан бағдаршамдардан кейін - поезды жүргізудің есептік режимімен қарастырылған, бірақ кемінде сағатына 60 км жылдамдықпен, жедел тежеу кезіндегі есептік тежеу жолынан кем емес;
Жол пішінінің жағдайы бойынша осы желі үшін бекітілген ең жоғарғы белгіленген қозғалыс жылдамдығына жету мүмкін болмаған жерлердегі қорғаныс учаскелерінің ұзындығы осы учаскеде поездың жүзеге асыра алатын ең жоғары жылдамдығымен анықталады.
81. Өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында автобұғақтау келесі бағдаршам артындағы қорғау учаскесін поезд толық босатпағанда бағдаршамды ашуға рұқсат беретін поездардың қозғалыс жылдамдығын поездан тыс бақылау құрылғыларымен толықтыруға рұқсат етіледі.
Егер станцияға таяу жерде жолаушы платформасы басталғанға дейін бұл еңістер 250 м кем қашықтықта аяқталатын болса, жылдамдықтың поездан тыс бақылау құрылғылары 800 м-ден астам ұзындықтағы 0,025-тен тік емес құлама бұрылысында қарастырылады.
Құрамдардың айналуына арналған станциялық жолдарда осы жолға кіреберісте жылдамдықтың поездан тыс бақылау құрылғысы қолданылуы мүмкін.
82. Метрополитен желілері диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталады. Диспетчерлік орталықтандыру желісі:
1) аға поездық және поездық диспетчер АЖО-да барлық бағыттамалардың жағдайын бақылауды, станциялардағы және оларға жанасатын аралықтардағы бағыттамалық секциялар жолдарының бос еместігін, сондай-ақ жол дамуы бар станциялардағы автобұғақтау сигналдары мен бағдаршамдар көрсеткіштерінің қайталауын бақылауды;
2) диспетчерлік басқару орталығынан (бұдан әрі – ДБО) беру және станцияның өзінде бағыттамалар мен сигналдарды жергілікті басқаруға көшу мүмкіндігін;
3) микропроцессорлық орталықтандыруға, автоматты бұғақтау жүйесіне және ҚАЕЖ режимінде қозғалысты басқарудың негізгі жүйесіне қойылатын талаптарды орындауды қамтамасыз етеді.
Диспетчерлік орталықтандыру поездардың орындалған қозғалыс кестесін автоматты жазу, жол дамуы бар станцияда келетін поездардың нөмірлерін бақылау құрылғыларымен және техникалық құралдардың жұмысын және оперативті персонал әрекеттерін хаттамалау құрылғыларымен толықтырылады.
83. Метрополитен желілері поездар қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталады. Автоматтандырылған басқару құрылғыларымен басты жолдар, құрамдардың айналым жолдары, сондай-ақ электржылжымалы құрамдар жабдықталады.
84. Поездар қозғалысының автоматтандырылған басқару жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:
1) поездардың қозғалыс кестесінің орындалуын;
2) поездардың станцияларда және құрамдардың берілген нақтылығымен айналым жолында тоқтауын;
3) станциялардағы поездардың вагон есіктерінің және белгіленген жерде поезд тоқтаған кезде жабық үлгідегі станцияларды автоматты есіктердің ашылуы мен жабылуын;
4) шығу бағдаршамының (автобұғақтау бағдаршамдары) тыйым салушы көрсеткіші кезінде поезды автоматты түрде қозғалысқа келтірудің және вагондар есіктерін жабудың, ал маневрлік бағдаршамның немесе жартылай қолданыстағы бағдаршамдардың тыйым салушы көрсеткіші кезінде - құрам айналуының мүмкiн еместiгi;
5) поезды жүргізуді берілген тәртіпте орындау үшін тартқыш қозғалтқыштарды қосу мен ажыратуын және аралықтарда сәл тежеуін;
6) поездың қозғалыс кестесінен ауытқыған кезде станцияларда аралықтар мен тұрақтар бойынша поездың жүру уақытын қысқарту немесе ұзартуын;
7) желінің соңғы станцияларында құрамдардың автоматтандырылған айналымын;
8) жолаушыларды хабарландыру құрылғысын автоматты түрде қосу және ажыратылуы.
85. Поездар қозғалысын автоматтандырылған басқаруда мыналар болады:
1) аралықтар бойынша поездар жүрісі уақытының автоматты тапсырмасын және қозғалыс кестесіне сәйкес олардың арасындағы үзiлiсін, поездар қозғалысының кестесі бұзылған кезде осы уақыттың автоматты өзгеруін қамтамасыз ететін ДБО;
2) поезд құрылғыларына поездарды аралықтар, станциялар және құрамдардың айналымына арналған жолдармен жүргізуге қажетті бұйрықтардың берілуін қамтамасыз ететін станциялық және жол құрылғылары;
3) жол құрылғыларынан командалардың қабылдауын, олардың орындалуын, сондай-ақ поезды машинистің басқаруына ауысуына рұқсат етуді қамтамасыз ететін поезд құрылғылары.
86. Метрополитен желілері букстардың қызуын автоматты түйісусіз табатын, сондай-ақ жүріп өтетін поездардың жылжымалы құрамының вагон астындағы жабдықтардың габариттерін бақылау, тиісті ақпараттарды жақын станциялардың орталықтандыру постына немесе поезд диспетчеріне жеткізуші құрылғылармен жабдықталады.
Жылжымалы құрамның вагон астындағы жабдықтарының габаритін бақылау құрылғылары ПҚАТ құрылғыларымен үйлестірілуі тиіс.
87. Адамдардың жол бойымен тоннельге өтуін бақылау үшін автоматтық сигналдық құрылғылар орнатылады.
88. Салынып жатқан және қалпына келтірілетін желілерде диспетчерлік орталықтандырудың, поезд қозғалысын автоматты басқарудың, диспетчерлік байланыстардың, шағын станцияларды, эскалаторларды телебасқарудың, инженерлі-техникалық қамтамасыз ету құрылғыларының өзара резервтелетін сымдары коллекторлардың әртүрлі бөліктерінде және көбінесе әртүрлі аралық тоннельдерде төселетін жеке кабельдерге қосылады.
89. ПҚАТ және байланыс желісі бұзылған кезде олардың қалпына келтірілуі төмендегідей кезектілікте жүргізіледі:
1) электрлік орталықтандырудың және автобұғақтаудың желілері;
2) диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
3) поездың диспетчерлік байланыс және поездық радиобайланыс желілері;
4) энергия диспетчерлік байланыс желілері;
5) тоннелдік және бағыттамалық байланыс желілерін;
6) ПҚАТ, байланыс және өрт сигналын берудің басқа желілері.
90. Әртүрлі тәуелділіктерді жүзеге асыратын ПҚАТ құрылғылары курбельдік тұтқалар жабылады, парольмен қорғалады немесе пломбаланады. Пломбаларды бұзуды – қозғалыс қызметінің, автоматтандыру, сигнал беру және байланыс қызметінің уәкілетті жұмыскері жүргізеді.
Курбель тұтқыштарындағы пломбалардың бүтіндігі үшін осы аппараттарды пайдаланатын кезекші жұмысшылар жауапты болады.
Қажетті жағдайларда ПҚАТ құрылғыларының көмекші қызметтерін пайдалану үшін пломбаларды шешуге немесе парольді енгізуге станция бойынша кезекшіге, орталықтандыру постының кезекшісіне ол туралы дереу поезд диспетчеріне және ПҚАТ электрмеханигіне, сондай-ақ АББ диспетчеріне дереу хабарлай отырып, поезд диспетчеріне рұқсат беріледі.
91. ПҚАТ құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, орнын ауыстыру, жөндеу, сынау және СОБ құрылғылары мен аспаптары жұмысының бұзылуын тудыратын немесе олардың әрекетін уақытша тоқтатуға әкелетін басқа да жұмыстарды, сондай-ақ ақаулықтарды жою бойынша жұмыстарды орталықтандыру посты кезекшісінің келісімінсіз, ал жол дамуы жоқ станцияда – станция кезекшісінің келісімінсіз жүргізуге жол берілмейді. Диспетчерлік орталықтандыруы бар желілерде ұқсас жұмыстар тек поезд диспетчерінің келісімімен жүргізілуі тиіс.
Белгіленген тәуелділіктерді бұзбайтын ПҚАТ жекелеген құрылғылары мен аспаптарын ауыстыру және ажырату орталықтандыру посты кезекшісінің, жол дамуы жоқ станцияда – станция кезекшісінің (диспетчерлік орталықтандыру бар учаскілерде – поезд диспетчерінің) келісімімен.
92. Қолданыстағы ПҚАТ құрылғыларын сынау барлық жағдайларда станция бойынша кезекшінің, орталықтандыру посты кезекшісінің келісімімен және бақылауымен, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар желілерде поезд диспетчерінің келісімімен жүргізіледі.
№ 6 параграф. Метрополитенді электрмен жабдықтау техникалық құралдарын пайдалану тәртібі
93. Электрмен жабдықтау құрылғылары:
1) талап етілген қозғалыс көлемінде поездар арасындағы белгіленген жылдамдық және интервалмен поездар қозғалысы үшін электржылжымалы құрамды сенiмдi электрмен жабдықтауды;
2) метрополитеннің барлық тұтынушыларын сенiмдi электр қуатпен қамтамасыз ету және қажетті резервтің болуын қамтамасыз етеді.
94. Шағын станция шинасындағы тұрақты ток кернеу 975В аспай, ал электржылжымалы құрамның ток қабылдағышында – 550В көп емес ұсталады.
95. ПҚАТ құрылғылары, серверлік және коммутациялық жабықтары мен АББ жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін ауыспалы токтың үш тәуелсіз қуат көзі қамтамасыз етіледі.
Су төкпе және желдеткіш қондырғылардың, өрт сөндіргіш қысым беретін сорғылардың, эскалаторлар электржетегінің, автоматты бақылау пунктерінің, телемеханика және өрт автоматикасы құрылғыларының, метрополитенде жол ақысын төлеуді бақылаудың автоматты жүйесінің (бұдан әрі – МЖАТБАЖ), тоннельге өтуді бақылау құрылғысының (бұдан әрі - ТӨБҚ) электрқозғалтқыштары қуат көзі ауыспалы токтың екі тәуелсіз қуат көзінен алынады.
Байланыс, электр сағаттары, қоңыраулы сигнал беру жүйесі және жоғары дауысты хабарландырғыштар құрылғыларының қуат көзі шағын станциядан ауыспалы токтың екі желісі бойынша бөлу қалқанының әртүрлі секцияларынан және тұрақты токтың бір желісінен алады.
Диспетчерлік басқарудың автоматты жүйесі (бұдан әрі – ДБАЖ) құрылғыларының шағын станциядан ауыспалы токтың екі желі бойынша тәуелсіз қуат көзінен электр жабдықтаумен және резервті үздіксіз қуат көзінің қорымен қамтамасыз етіледі. Үздіксіз қуат көзі ДБАЖ құрылғыларын авариялық режимде (ауыспалы ток жоқ кезде) кемінде 2 сағат уақыт бойы электр жабдығымен қамтамасыз етеді және қайта қосудың нөлдік уақыты болуы тиіс.
СОБ және байланыс, СЖБЖ, МЖАТБАЖ, ТӨБҚ құрылғыларына бір көзден қорек беру токтаған кезде автоматты түрде осы құрылғылардың қондырғыларындағы басқа қорек көзіне ауыстыру қамтамасыз етіледі. ПҚАТ құрылғыларына бір шағын станциядан қорек беру токтаған кезде, автоматты түрде басқа шағын станцияға қоректенуге ауысуы қамтамасыз етіледі.
ПҚАТ құрылғыларында ауыспалы токтың нақты кернеуі ~ 220 В немесе ~ 380В деңгейде ұстанылады. Бұл ретте номиналды кернеудің аталған мөлшерден ауытқуның азаю жағына қарай 10 % - дан көп емес, ал ұлғаю жағына қарай 5% - дан аспауына рұқсат беріледі.
96. Метрополитеннің құрылыстары мен құрылғыларының метал конструкциялары тоттанудан кезбе токтар арқылы қорғалады. Шағын станциялар, түйіспелі және кабельдік желілер құрылғылары қысқа тұйықталу токтарынан, белгіленген нормалардан жоғары кернеулер мен жүктемелерден қорғайтын жүйемен қамтамасыз етіледі.
Біріккен тартқыш-азайту шағвн станциялары серверлік және коммутациялық жабдығының, ПҚАТ құрылғыларының қалыпты жұмысын бұзатын токтардың түйіспелі желісі кіруден қорғайтын қорғаныспен қамтамасыз етіледі.
97. Әрбір біріккен тартқыш-азайту кіші станциясы энергия жүйесінің үш тәуелсіз қуат көзінен электрэнергия қоректендірумен қамтамасыз етіледі.
98. Біріккен тартқыш-азайту кіші станциялары автоматика, телебасқару, телеөлшеу және телесигнал беру құрылғыларымен, сонымен қатар 825 В шиналарын телебасқаратын жерлендіруші ажыратқыштармен жабдықталады. Телемеханика құрылғылары үш тәуелсіз қуат көзімен қамтамасыз етіледі және шағын станцияның өзінде жергілікті басқаруға ауысу мүмкіндігін береді.
Шағын станцияның автоматты құрылғылары берілген жұмыс режимін ұстауды, сондай – ақ резервті жабдықтың тез және сенімді түрде қосылуын қамтамасыз етеді.
99. Тоннельдерде және жер үсті учаскелерінде, соның ішінде бөгде ұйымдардың барлық үлгідегі жаңа кабельдерді төсеу метрополитеннің бірінші басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Жануды таратпайтын электр жабдықтау кабельдерін қайта төсеуге рұқсат беріледі.
Өзара резервтелетін кабель әртүрлі аралық тоннельдерде төселеді.
100. Ауыспалы токпен қоректену тоқтаған кезде станциялардың, қызметтік бөлмелердің, тоннельдердің, жабық жер үсті учаскелерінің және негізгі инженерлік-техникалық қондырғылар бөлмелерінің жарықтанатын бөлігі автоматты түрде аккумуляторлы батареядан қоректенуге көшеді..
Осы объектілердің авариялық жарықтандыруы аккумуляторлы батарея сыйымдылығы есебінен бір сағат бойы қуат көзімен қамтамасыз етіледі.
101. Электрпоезд қозғалысы аяқталғаннан кейін түйіспелі рельстегі кернеуді алуды және құрамды түнгі тұрақтауға орналастыруды поезд диспетчерінің бұйрығымен энергия диспетчері іске асырады.
Энергия диспетчерінен кернеуді алу туралы хабарландыруды (бұйрықты) алғаннан кейін поезд диспетчері осы бұйрықты желідегі барлық станцияларға, сондай – ақ электрдепоның парктік жолдарындағы электрлік орталықтандыру посттарына жібереді.
102. Электрпоездар қозғалысы алдындағы түйіспелі рельске кернеу беруді электрпоездарды өткiзуге желінің дайындығы және жұмыскерлердің тоннельден және жер үсті учаскелерінен шығуы туралы хабарды айтуға құқылы жұмыскерлердің хабарлауынан кейін поезд диспетчерінің бұйрығымен энергия диспетчері іске асырады.
Аталған хабарлар поездың диспетчерлік немесе тоннельдік байланысы арқылы бірмезгілде поезд диспетчері мен энергия диспетчеріне беріледі.
103. Түйіспелі рельстегі кернеуді шұғыл ажыратуды машинистің, машинис көмекшісінің немесе станция кезекшісі талабының негізінде, ал адамдардың жазатайым оқиғасы немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төнетін жағдайларда - поездық диспетчерлік, тоннельдік байланысы немесе поездың радиобайланысы арқылы алынған метрополитеннің кез келген жұмыскерінің талабы бойынша поезд диспетчерінің бұйрығымен энергия диспетчері іске асырады.
104. Түйіспелі рельстегі кернеудің шұғыл ажыратылуынан кейінгі берілуін поездың диспетчерлік, тоннельдік байланысы немесе поездың радио байланысы арқылы кернеуді алуды талап еткен жұмыс басқарушысының немесе жұмыскері талабының негізінде персонал тоннельден немесе жер үсті учаскесінен шыққаннан кейін, поезд диспетчерінің бұйрығымен энергия диспетчері жүзеге асырады.
Тоннельде немесе жер үсті учаскелерінде жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде жабдықты бақылауға құқығы бар жұмыскерлердің қалуына рұқсат беріледі.
№ 7 параграф. Метрополитен станциялық шаруашылығының техникалық құралдарын, құрылыстары мен құрылғыларын
пайдалану тәртібі
105. Станцияның жол дамуы және техникалық жабдықталуы желінің берілген өткізгіш мүмкіндігін, поездар қозғалысының және маневрлерді жасау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Электрпоездар құрамдарының айналымына арналған жолдың, осы жолдан шығуын қоршаған бағдаршамнан тұйық тіреуіштің призмасындағы оқшаулағыш тоғысқан жерге дейінгі пайдалы ұзындығы поездың перспективті дамуына кемінде 40 м есептік ұзындықтан жоғары орналастырылады.
106. Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған станцияның құрылыстары мен құрылғылары ең көп 15-минуттық есептік жолаушы ағымына сәйкес келетін қор есебімен перспективті дамуына өткізу мүмкіндігін, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдауға байланысты операцияларды жылдам, ыңғайлы әрі қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
107. Жер үсті учаскесінің тоннель немесе жабық станциялардағы жолаушыларды отырғызу мен түсіруге арналған платформалардың ұзындығы поездың есептік ұзындығынан перспективада дамуына кемінде 6 м, ал ашық жер үстін және оларға теңестірілген учаскелерде, (жер үсті ашық учаскеден 300м-ге дейінгі қашықтықта) орналасқан станцияларда кемінде 10 м асуы керек.
Жолаушылар платформасы рельс қалпақшасы деңгейінен 1100 мм биікке орнатылады (орналастырылады).
Жолаушылар платформасында станциялық айналар немесе жолаушылардың отыру мен түсіру барысын, сондай-ақ поездың станциялар бойынша өтуін бақылайтын мониторлар орнатуға рұқсат етіледі.
Жаңартылғанға дейін тоннельдік жарықтандыру жиынтықтарында жарықтандыруды қосу мен ажыратуын қолмен жасауға рұқсат беріледі.
108. Станцияларды, тоннельдерді, жолдарды, соның ішінде жер үсті және парктік жолдарды жарықтандыру станцияның сәулеттік ресімделуіне орнатылады және поездар қозғалысы мен маневрлік ауысудың қауіпсіздігін, жолаушылар қауіпсіздігін, қызмет көрсетуші персоналдың үздіксіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Жарықтандыру бағдаршамдардың сигнал беру шамдарының, сигналдық нұсқағыштар мен белгілердің анық көрінуіне әсер етпейтіндей етіп орнатылады.
109. Жабық түрдегі станциялар поезд бен жолаушылар залы қабырғасының арасындағы кеңістік бостығын бақылау құрылғыларымен жабдықталады.
110. Станция жұмысын басқару станция бойынша кезекші бөлмесінен және орталықтандыру постынан жүзеге асырылады.
111. АТР/АТО бақылау және қауіпсіздік борттық қондырғылары келесілерді қамтамасыз етеді:
1) +/-50 см ең жоғары рұқсат етілген ауытқумен құрамның берілген жерде тоқтауының дәлдігі;
2) берілген шектеулердегі құрамның қозғалыс жылдамдығын автоматты шектеу;
3) құрамның автоматты шұғыл тежеуішін мынадай жағдайларда қолдану:
оның жолдың бос емес учаскесіне кіруіне әрекет еткен кезде;
поезд машинисінің интерфейсі құрылғыларында ақаулар туындаған кезде;
АТР/АТО борттық жүйенің (қолмен және автоматты басқару режимінде) электрқоректендіргішін ажыратқан/жұмыс істемейтін кезде;
қозғалыс кезінде сымсыз байланыстың істен шығуы кезінде;
бас контроллердің және құрамды басқару режимін ауыстырып қосқыш жағдайының сәйкес еместігін анықтаған кезде;
поезд қозғалысы кезінде ағымдағы бағытпен, қозғалыс бағытын бақылаушы жағдайының сәйкес еместігін анықтаған кезде;
поезд қозғалысы кезінде басқару режимі ажыратып, қосқышының сәйкес еместігін анықтаған кезде;
жұмыс істемейтін екі тэгті қатарынан анықтаған кезде;
4) поезд машинисінің интерфейсі құрылғыларында және орталық диспетчерлік басқару (бұдан әрі - ОДБ) құрылғыларында құрам қозғалысының жылдамдығы және бағыты туралы ақпараттың сәйкестігі;
5) ОДБ поездың орналасқан жерін және құрамдарды басқару режимін анықтаудың дұрыстығы;
6) поезд диспетчерінің АЖО-дан ағымдағы немесе алдында жатқан блок-учаскені оқшаулау кезінде құрамның автоматты қызметтік тежегішін қолдану;
112. (ҚАЕЖ) қалыпты пайдалану келесілерге рұқсат етпейді:
1) жолдың станциялық учаскесінде екі метрден астам жерге құрамның артқы жүріспен қозғалысы;
2) жолдың аралық учаскесінде сегіз метрден астам жерге құрамның артқы жүріспен қозғалысы;
3) құрамның өздігінен кейін шегінуі;
4) кіреберіс есіктері ашық құрамның қозғалысы.
113. Резервті автобұғақтау жұмысы кезінде поездар қозғалысы бағдаршамдары бар станциялар болып табылатын бөлінген пункттерді межелеу арқылы, ал сигнал берудің негізгі құралы ретінде қолданылатын ҚАЕЖ жүйесінде қорғаныс блок учаскелерінің шекараларымен жүргізіледі.
114. Станция шекаралары:
-
жолаушы платформасында орналасқан автоматтық әрекеттегі бағдаршамдар, егер оның алды мен артында жартылай автоматтық әрекеттегі бағдаршамдар орналаспаған болса, жолаушы бағдаршамы болмаған жағдайда - жолаушы платформасының шет жағы;
-
жолаушы платформасынан неғұрлым алыста орналасқан жартылай автоматтық әрекеттегі бағдаршамы;
-
жартылай автоматтық әрекеттегі шығу бағдаршамы, ал оның артында бағыттағыш бұрмасы бар болғанда - соңғы шығу бағыттағыш бұрмасының ортасынан 180 м қашықтықтан асырмай орнатылған «Станция шекарасы» сигналдық белгісі;
-
парктік жолдардан бас жолға немесе жалғастырушы тармақша жолдарына шығуды қоршайтын жартылай автоматтық әрекеттегі шығу бағдаршамы.
Станция шекаралары Станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.
115. Әрбір жеке пунктке атауы немесе нөмірі беріледі.
Станциялар атауы жер үсті вестибюлінің фасадында немесе жер астындағы вестибюльге көше жағындағы өткелден кіре берісте, ал жол қабырғаларда - жолаушылар платформасының бойында орналастырылады.
116. Метрополитен жолдары аралықтардағы басты, станциялық (соның ішінде станция ішіндегі бастысы) және арнаулы мақсаттағы жолдар болып көрсетіледі.
Станция шекараларының шегіндегі басқа қызметтер мен ұйымдардың жүргізуіне берілгендерінен өзге, барлық жолдар станция бастығының иелігінде болады.
117. Станцияда әр жолға, бағыттамалы бұрма және бағыттамалық пост, ал аралықтарда әр басты жолға нөмірі орнатылады. Бір станцияның шегінде орналасқан жолдарға, бағыттамалық бұрмаларға және бағыттамалық посттарға бірдей нөмірлер беруге жол берілмейді.
118. Станцияның техникалық құралдарын пайдалану тәртібі поездардың қауіпсіз және кедергісіз қабылдануын, жөнелтілуін және станция арқылы жүріп өтуін, сондай – ақ маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін реттейтін техникалық-жарлық актісімен белгіленеді.
Техникалық-жарлық актісімен белгіленген тәртіп метрополитеннің барлық бөлімше жұмысшыларына міндетті болып табылады.
119. Станцияның техникалық-жарлық актісін осы Қағидаларға сәйкес станция бастығы құрады, қозғалыс қызметінің бастығы бекітеді.
Станцияның техникалық-жарлық актісі және оның қосымшалары станцияның жол дамуын, ПҚАТ құрылғыларын, байланысын қайта құру кезінде, сондай-ақ поездарды қабылдау, жөнелту немесе маневрлік жұмыс жүргізу кезінде қайта құруға немесе түзетілуге жатады.
Техникалық-жарлық актінің бірінші данасы және оның қосымшалары орталықтандыру постында сақталады, ал станция бастығы бекіткен станцияның техникалық жұмысының жергілікті ерекшеліктері және жол дамуының жоспары қосылып берілген техникалық-жарлық актіден алынған үзінді көшірмелер - электродепо желілік пункт бойынша кезекшілердің, мотовоз депосы шеберінің бөлмелерінде және қозғалыс қызметі бастығының нұсқауымен басқа жерлерде болуы тиіс.
№ 3 бөлім. Трамвайды техникалық пайдалану тәртібі
1. Трамвайдың жылжымалы құрамын пайдалану тәртібі
120. Пайдалануға енгізілген жаңа трамвай вагондары (бұдан әрі – вагондар) пайдалану құжаттамаларының жиынтығымен қоса беріледі, оның ішінде:
1) пайдалану бойынша нұсқаумен;
2) вагонға формуляр, доңғалақ жұптары, тартқыш электр қозғалтқыштармен;
3) бөлшектер мен құралым бірлігі каталогымен;
4) қосалқы бөлшектер және құрал – саймандар тізімдемесімен (бұдан әрі – ҚЖҚ);
5) трамвай вагонының өнеркәсіптік өндіріс үлгісі туралы шешімімен қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі.
121. Вагондарды пайдалануға енгізу рельстік көлік құралдары (бұдан әрі – РКҚ) ұйымының шешімі бойынша ресімделеді. Жолаушылармен желіге бірінші шығару алдында, депода оның электрлік және механикалық жабдықталуына ревизия және жолаушыларсыз желіде кемінде 50 км жүргізіп жаттықтыру жүргізіледі.
122. РКҚ ұйымы алдыңғы, артқы және жанама борттарына енгізілетін әрбір вагонға, сондай-ақ жолаушылар үй жайларына мүкәммал нөмірін береді.
123. Меншікті РКҚ ұйымы жолаушылар тасымалы мен қозғалыс қауіпсіздігін және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін вагондардың жарамды жай - күйде ұсталуын қамтамасыз етеді.
124. Пайдаланымдағы вагондар қозғалысына үлесті қарсылықтың негізгі өлшемдерінің қорытындылары тіркеу кітабына енгізіледі.
125. Қозғалыс және жолаушылар қауіпсіздігіне әсер ететін немесе қабылдау сынамаларын жүргізу арқылы трамвай вагондарының констукциясына әзірлеуші (әзірлеуші зауыт) келісімінсіз өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
126. Табиғи тозу салдарынан пайдалануға жарамсыз, сондай-ақ жол-көлік оқиғасынан кейінгі қалыпқа келтіру пайдалы емес жағдайдағы вагон есептен шығарылуы тиіс.
127. Вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу әзірлеуші зауыттың пайдалану құжаттарына, сондай-ақ жөндеу кәсіпорны әзірлеген құжаттар бойынша трамвай вагондарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі үлгілік ережесіне сәйкес жүргізіледі.
128. РКҚ ұйымы әзірлеуші зауыт келісімі бойынша жергілікті жағдай есебімен вагонмен жеткізілетін пайдалану және жөндеу құжаттамасын түзете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |