«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті
Көкшетау техникалық институты» РММ
Күндізгі оқу факультеті
Өрттің алдын алу кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
ӨАА кафедрасының бастығы
техника ғылымдарының кандидаты
өртке қарсы қызмет полковнигі
______________Қ.Карменов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Тақырыбы: «Қызылорда қаласындағы А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Винтаж» сауда үйінің автоматты өртке қарсы қорғанысы»
Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»
Орындаған ______________________ С.М.Жолмурзаев
Жетекші ______________________ М.Ж.Тұрғынбаев
Көкшетау 2015
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті
Көкшетау техникалық институты» РММ
Күндізгі оқу факультеті
Өрттің алдын алу кафедрасы
Бакалавр 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша дипломлық жұмысты (жоба) дайындау
ТАПСЫРМА
Жұмыс (жоба) тақырыбы: «Қызылорда қаласындағы А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Винтаж» сауда үйінің автоматты өртке қарсы қорғанысы»
1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген № 20 ж.
2. Аяқталған жұмысты (жобаны )тапсыру мерзімі 2015 ж.
3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер сауда үйінің жобасы
4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:
№
р/с
| Тарау атауы |
|
Орындау
мерзімі
|
1
| Кіріспе |
|
05.02.2015
|
2
|
Қорғалатын объекттің қысқаша сипаттамасы
|
|
07.02.2015
|
3
|
Өрт қауіптілігін сараптау
|
|
15.02.2015
|
4
|
Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын жобалау
|
|
23.02.2015
|
5
|
АӨСҚ – ның гидравликалық есептелуі
|
|
25.02.2015
|
6
|
Өрт сөндіруде және өрт дабылдағыш жүйесі
|
|
28.02.2015
|
7
|
Автоматты өртке қарсы қорғаудың экономикалық тиімділігін бағалау
|
|
08.03.2015
|
8
|
Қорытынды
|
|
23.03.2015
|
9
|
Әдебиеттер тізімі
|
|
01.04.2015
|
10
|
Графикалық бөлімі
|
|
07.04.2015
|
11
|
Дипломды алдын-ала қорғау
|
|
11.05.2015
|
5.Консультанттар:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Тапсырманы тапсыру мерзімі 2015 жыл
7. Бекітемін (кафедра бастығы) ө/қ қ.п-гі Қ.К.Карменов
8. Жетекші (кафедра оқутышы ) ө/қ қ.п- п-гі М.Ж.Тұрғынбаев
9. Тапсырманы орындауға қабылдадым С.М.Жолмурзаев
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе
|
6
|
1
|
Өрт қауіпсіздігінің қағидалары
|
10
|
1.1
|
Жалпы талаптар
|
10
|
1.2
|
Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын ұстау тәртібі
|
11
|
1.3
|
Сумен өрт сөндірудің автоматтандырылған қондырғысының мақсаты мен мәліметтері
|
12
|
1.4
|
Желдеткіш жүйелерін ұстау тәртібі
|
13
|
1.5
|
Тоңазытқыш қондырғыларын ұстау тәртібі
|
13
|
1.6
|
Өрт хабарын қабылдау, тексеру және өрт сөндіру құралдары
|
15
|
1.7
|
Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін ұстау тәртібі
|
19
|
1.8
|
Ғимараттар мен құрылыстардың электр қондырғыларын, өртке қарсы ержелерін ұстау тәртібі
|
19
|
1.9
|
Жылыту жүйелеріне ұстау тәртібі
|
21
|
1.10
|
Инженерлік жабдықтың басқа түрлерін ұстау тәртібі
|
22
|
2
|
Жұмыста (жобада) қорғылытын нысынның қысқаша сипаттамасы
|
23
|
2.1
|
Жоспарлы және көлемді шешім
|
23
|
2.2
|
Инжерлік қондырғылар бойынша шешім
|
23
|
3
|
Жұмыста (жобада) қорғалатын нысанның өрт қауптілігін талдау
|
27
|
3.1
|
Қорғалатын «Винтаж» сауда үйінің өрт қауіптілігінің қысқаша талдамасы
|
27
|
3.2
|
«Винтаж» сауда үйінің заттар мен материалдарына қатысты, өрт қауптілігі және физико-химиялық әсеріне сипаттама
|
27
|
4
|
Өрт сөндірудің автоматты қондырғысын жобалау
|
31
|
4.1
|
Қызылорда облысы бойынша автоматты өрттен қорғау техникалық құралдарының жағдайы
|
31
|
4.2
|
Автоматты өртке қарсы қорғауды қолданудың қажеттілігін негіздеу
|
35
|
4.3
|
Өрт сөндіру құралдарын негіздеу
|
37
|
4.4
|
Өрттен қорғауда автоматтық жүйені таңдау
|
38
|
4.5
|
Өрт сөндіру қондырғысының негізгі тораптарына және жұмыс істеу принциптерін қысқаша сипаттау
|
39
|
5
|
Өрт сөндірудің сулы автоматты қондырғысының гидравликалық есебі
|
44
|
5.1
|
Есептеуге бастапқы берілімдер
|
44
|
5.2
|
АӨҚҚ су шашатын түтіктерінің орналасуы
|
44
|
5.3
|
Торап сипаттамасы
|
47
|
5.4
|
Қызмет көрсететін және кезекші қызметшілердің нұсқамасы
|
50
|
6
|
Өрт сөндіруде және өрт дабылдағышы жүйесіндегі спринклерлік қондырғының негізгі орталығына қойылатын талаптар.
|
51
|
6.1
|
Жалпы талаптар
|
51
|
6.2
|
Шашыратқыштарға қойылатын талаптар
|
51
|
6.3
|
Сорғыш станциясына қойылатын талаптар
|
57
|
7
|
Автоматты өртке қарсы қорғаудың экономикалық тиімділігін бағалау
|
58
|
7.1
|
Автоматты қондырғымен өрт сөндірген жағдайдағы негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау
|
58
|
7.2
|
Өрт автоматикасы қондырғысын қауіпсіз, сенімді және тиімді қамтамасыз етуге жұмсалатын шығынмен байланысты пайдаланатын шығын
|
59
|
7.3
|
Қозғалыс құралдарымен өрт сөндіру нұсқасында негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау
|
61
|
8
|
Техникалық қауіпсіздік бойынша негізгі талаптар
|
64
|
|
Қысқаша қорытынды
|
66
|
|
Қолданылған әдебиеттер
|
67
|
Кіріспе
Өртке қарсы автоматты қорғау өрт қауіпсіздігі тұрғысындағы мәселелерді шешуде аса маңызды орынға ие. Жарты ғасырдан астам мерзімдік тәжірибе ішінде спринклерлі және дренчерлі қондырғылардың енгізілуімен, барлық нысандардың өртке қарсы қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Сауда үйлері жаппай адамдар болатын обьектілерге жататындықтан адамдардың қауіпсіздігін өрт кезінде мүліктің қорғанысын және өрттің алдын алу жүйесімен жабдықталуы тиіс. Соңғы жылдары біздің еліміздің және шет елдердің сауда үйлері өртті сумен өшіру кең етек алуда. Су тек өртті өшіру құрылғыларының бірден бір қолайлы жағы оның бағасының төмендігі, жұмыс істеу принципінің қарапайымдылығы және қорғалатын аумақты зиянсыз тиімді сөндіру. Экономикалық жағынан тиімділігі және адам денсаулығына зиянсыздығы.
Техниканың дамуына сәйкес жоғары деңгейлі механикаландыру және автоматтандырумен, өндірісте қолданылуымен ерекшеленетін жаңа технологиялық үдерістер енгізілуде, бұл өз кезегінде қоймаларда шикізат пен дайын өнімді көптеп сақтауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты өртке қарсы автоматты қорғаныстың рөлі артып келеді, оның қондырғылары әркез жетілдірілуде, заман талабына сай келетін, жалынды жақсы сөндіретін құралдар іздестірілуде. Дегенмен, экономиканың әр саласындағы техникалық өрлеу өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесімен тікелей байланысты, себебі ол тілсіз жаудың орын алу қаупін күшейтеді және шығын көлемі де анағұрлым көп болуы ықтимал. Тіпті, шағын өрттің өзі бүгінде ауқымды жалын жалмағандай шығынға ұшыратып жатады. Осыған орай, өрт қауіпсіздігін сақтау біздің елімізде басқа да өзекті мәселелермен қатар қойылып отыр.
Өрт автоматикасының пайда болуы мен дамуы адам қоғамының ғылыми-техникалық прогресімен тығыз байланысты. Өрт сөндірудің автоматтанған құрылғылары өте ертедегі деректерде келтірілген. Жекелеген түрде, өртпен күресу үшін әртүрлі техникалық құрылғылардың баяндалуы Архимед еңбектерінде, грек механик оқымыстысы Ктесибитя – б.э.д. ІІ-І ғасырларда Александрияда өмір сүріп, су көтеретін насосты ойлап шығарған, Герон Александрийскийдің, Пифагордың трактаттарында, рим архитекторы Витрувия және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.
Алғашқы (нақты көрсетілген дерек) рет өрт сөндірудің автоматты құрылғысын 1973 жылы ағылшын Джон Грин патентін ұсынған. Өкінішке орай, бұл құрылымның конструкциясы мен жұмыс істеу принципі бізге жеткен жоқ. XVII ғасырдың аяғымен XVIII ғасырдың басында Батыс Европаның бірқатар елдерінде өрт сөндірудің автоматты құрылғылары облысында ойлап тапқыштық „жарқ” етті. Олардың барлығы жарылғыш құрылғылармен жасалды, жұмыс істеген кезде ыдыстан лақтырылып және өрт сөндіру құралдары шашылды. Мұндай құрылғылардың қатарына 1708 – 1710 жылдары Ресейде І Петрдің қатысуымен жасалған бөшке тәрізді ыдыстар, 1715 жылы Захари Грейлем (Германия), 1723 жылы – Годфрей (Англия), в 1770 жылы. – артилерия полковнигі Роттың (Германия) құрылғылары жатады. 1769 жылы К. Д. Фролов қазіргі пайдаланылып жүрген өрт сөндірудің қондырғысының туындысының макеті мен жобасын жасағанын жариялады. 36 жыл өткен соң 1806 жылы ағылшын Джон Кэри осыған ұқсас қондырғыны патенттеді.
XIX ғасырдың екінші жартысында, әсіресе соңғы он жылында су шашатын түтікті және дренчер қондырғыларының шығуымен есте қалады, олардың „тууы” және жаппай таралуы Стюарт Гарисон (Англия), Генри Пармели и Фредерик Гриннеля (АҚШ) есімдерімен тығыз байланысты.
Автоматты өрттен қорғау өрт қауіпсіздігі сұрақтарын шешуде маңызды рөл атқарады. Су шашатын және дренчерлі қондырғылардың эксплутациясының жарты ғасырдан астам уақыт тәжірибесі шаруашылық нысандарының өртен қарсы қорғауын қамтамасыз етуде.
Өрттен қорғаудың мұндай мүмкіншіліктері іске асқанша, қазіргі кезде өрт қаупі потенциалын арттыруда ӨҚАҚ ең таңдаулы құрал болып саналады. Өртке қарсы қорғаудың конструктивті шешімі оның алдына қойған мақсатына және оның құрылысына байланысты. Өртке қарсы қорғаудың техникалық жүйелерінің спецификасы оны қандай дәрежеде қолдануына байланысты болады. Мысалы, өрт туралы хабарлау және сезу жүйелері, өрт қажеттілігіне суды беру жүйесі, өртті автоматты түрде сөндіру жүйелері қазіргі кезде өте көп таралған болып келеді.
Техниканың дамуы өзінің механизация және автоматизациясы, өндіріс концентрациясы деңгейі жоғары көрсеткіштегі жаңа технологиялық процестерді дамытады, олар қоймаларда шикізат және дайын өнімдерді ұзақ сақтауға көмектеседі. Осыған байланысты өртке қарсы қорғау автоматикасының рөлі артады, және де әр уақытта оны дамытып отыруды қажет етеді, сонымен қатар қазіргі талаптарға сай жауап беретін тиімді өрт сөндіру құралдарын іздестіруді керек етеді. Бірақ та өз кезегінде, экономиканың кез келген саласындағы техникалық прогресс өртке қарсы қамтамасыз ету прблемаларымен тығыз байланысты, өйткені ол өрттің пайда болуы мен шығынның үлкен мөлшерінен бөлініп кете алмайды. Үлкен көлемдегі емес өрттердің өзі қазіргі таңда ертеректе ірі өрттер нәтижесінде болатын мөлшердегі үлкен шығындар мен салдарлар туғызады. Осының бәрі өрттен қарсы қамтамасыз ету проблемаларын қамтамасыз ету біздің республиканың ең өзекті проблемаларының бірі болып табылады.
Өрт автоматикасы құралдарын кең көлемде игеру өрттің қауіпті факторларынан адамдар өмірін қорғап қалуға кепілдік береді, табысты өртті сөндірудің сенімділігін арттырады, ірі өртке айналып кетпеу мүмкіндігін туғызады, мемлекеттік материалды және жан дүниелік байлықтарын сақтауға қамтамасыз етеді. Өрт автоматикасының әлеуметтік-экономикалық мәні мына түрде сипатталады. Өрт автоматикасы республикада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасында әлеуметтік тыныштықты сақтау кезінде, ұлттық байлықты сақтауда қалыпты экономиканы ұйымдастыруда, Қазақстан Республикасында тұрақты тепе-теңдіктің пайда болу және даму мүмкіндігін тоқтатуда маңызды буын болып табылады. Өндірістің кең көлемде автоматизациялануы «адамсыз технологияның» пайызын кең көлемде арттырады. Егерде 60-шы жылдардың ортасында, 70-шы жылдардың бас кезінде өнеркәсіптік өндірістің цехтарында қызмет көрсететін қызметшілердің саны жеткілікті болды, нәтижесінде де қабілетті еркін өрт есептерін жасауға болатын, яғни өртті дер кезінде байқап, хабарлап, уақытысында сөндіруге болатын болса, қазіргі уақытта сондай мөлшердегі цехтарда тек бірнеше операторлардың (кейде бір-екеу) болуынан, олар пайда болған өртті байқамаулары мүмкін. Егер де бұған объективті себепті қосатын болсақ, атап айтқанда, көшедегі транспорттың көп болуы салдарынан өрт автомобилінің қозғалыс жылдамдығы біраз кемитін болса, онда автоматикалық өртке қарсы қорғау құралдарын кең көлемде игеруді қажет етеді.
Жоғарыда келтірілген фактілерді талдай отырып, мынадай қорытынды жасау қиын емес, өртке қарсы қорғаудың даму қарқыны өрттің материалдық қаупінің даму қарқынынан, яғни жаңа бұйымдардың, қондырғылардың, машиналар мен технологиялардың жасалу мүмкіндігінен қалып келеді. Осыған қарай, пайда болатын өрттердің санымен, олардан келетін шығын тенденциясы да артады. Бұл тенденцияны басу үшін көп мөлшерде адамдық және материалдық ресурстар (оның ішінде қымбат тұратындары, өрт автоматикасы құралдары сияқты) жұмсалады. Бұл тенденцияны тұрақтандыруға, керек болса азайтуға болады, егер де, өрт қауіптілігін бақылайтын өрттен қорғаудың барлық деңгей ұйымдастырылған күйде болса, атап айтқанда: ғылыми-зерттеу нәтижелері, тәжірибелі-конструкторлық нәтижелер, тәжірибелі өндірістер. Осының көмегінің нәтижесінде дер кезінде потенциалды өрт қаупі нәтижесін анықтауға, қауіп көздерін жою іс-шараларын жүргізуге болады. Тек осындай жағдайда ғана алдын алу қызметі толық көлемде бақылау жасауға, өрттен қорғау шараларын жақсартуға мүмкіндік алады.
Өрттен қорғаудың нақты шешімдері пайда болғанша өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі құрал автоматикалық өртке қарсы қорғау болып табылады.
Сонымен қоса айта кету керек, өрт автоматикасы құралдарын пайдалану мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен техника мөлшерінің санының эквивалентті азаю мүмкіндігін туғызбайды. Автоматиканы игеру – бұл тек қана МӨҚҚ штаттық және техникалық мүмкіншіліктері арасындағы бөлінбейтін компенсация және эксплутациялық нысандардағы енгізілу санының үздіксіз өсуі.
Автоматикалық өртке қарсы қорғау жүйесінің дұрыс есептелуі және жобалануы жоғары тиімділікке жеткізеді, өрт бөлімдері келгенше өрт көзін жоюды қамтамасыз етеді немесе олардың жұмысы үшін тиімді шарттар тудырады. Сонымен бірге бұл жүйелер әлі де маңызды тапсырмаларды шешуді қамтамасыз ету талаптары орындалуына жеткіліксіз.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нысанның өрт автоматикасын дұрыс әрі орынды пайдалану нысандағы адамдардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ өрттен байланысты материалдық залалдарды азайтуға мүмкіндік береді.
Еліміздің үдемелі инновациялық – индустриялық даму жағдайында заманауи өрт автоматикасы қондырғыларын (жүйелерін) енгізудің нысанның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басым мәні бар.
1 Өрт қауіпсіздігі қағидалары
1.1 Жалпы талаптар
Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қолдануына және орындауына арналған.
Осы Қағидалардың ережелерімен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер) басшылыққа алынуы тиіс.
Осы Қағидалар азаматтық авиация объектілері үшін, ормандарда және энергетикалық (энергия шығаратын және энергия беретін) объектілерде қолданылмайды, олар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Жұмыскерлер тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге жіберіледі, ал жұмыстың ерекшелігі өзгергенде ықтимал өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді. Өртке қарсы нұсқаулықтан өтетін мамандықтар (лауазымдар) тізбесін, тәртібі мен мерзімдерін, өрт-техникалық минимум бойынша өртке қарсы нұсқаулық пен сабақтарды өтудің тақырыптық және оқу жоспарларын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.
Өрттен қорғау жүйелері мен құралдарын өшірумен байланысты жұмыстарды жоспарлаған жағдайда, сондай-ақ ұйымның теңгеріміндегі немесе оның аумағындағы жолдар мен кіреберістердің жай-күйінің өзгергені туралы объектілердің иелері жергілікті өртке қарсы қызмет органдарына жұмысты жүргізу мерзімдері, өзгеріс сипаты туралы алдын ала ақпаратты қамтитын хатпен хабарлауы қажет. Жұмыстың авариялық сипаты болғанда хабарлама үш тәулік ішінде жүргізіледі. Тиісті жерлерде жолдарды жабу кезінде айналып өту бағытын нұсқағыштар орнатылуы немесе жолдың жөнделетін учаскелері арқылы өтпелер немесе өту жолдары салынады.
Ұйымдар мен елді мекендердің аумақтарын, ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын ұстау тәртібі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес анықталады.
1.2 Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын ұстау тәртібі
Заттар мен материалдарды сақтау (қоймаға салу) оларды сақтаудың сиымдылығын, сондай-ақ мемлекетаралық стандарттың талаптарына сәйкес өрт сөндіру құралдарының біркелкілігін ескере отырып, жүзеге асырылады.
Ғимараттардағы барлық үй-жайлар тазалықта ұсталады. Қағаздарға және басқа да жанғыш қалдықтарға арналған себеттер мен жәшіктер үнемі тазартылып, қоқыстары ғимараттан тыс арнайы бөлінген орынға шығарылады.
Барлық жанғыш декорациялар, сахналық рәсімдеу, сондай-ақ көрермендер залының, дәліздің және басқа да үй-жайлардың терезелері мен есіктерінде қолданылатын перделеу өрттен қорғайтын құраммен өңделеді.
Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында жанғанда уыттылығы жоғары өнімдер шығаруы мүмкін полимерлі материалдар қолданылып жасалған жиһаз бен жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.
Темекі шегуге бөлінген орындар тиісті белгілермен белгіленіп, жанбайтын материалдан жасалған, үштен бір бөлігінен кем емес көлемде сумен толтырылған урналармен (күл салғыштармен) жабдықталады және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш немесе құмы бар жәшік) қамтамасыз етіледі. Үй-жайларында темекі шегуге арналған орындарды орналастырған кезде олардың ішіндегі қоршау конструкцияларын (едендер, қабырғалар мен жабындарды) өндеу жанбайтын материалдардан жасалады. Темекі шегуге арналған орындарда жұмсақ жиһаз қоюға жол берілмейді.
Ғимараттардың ішінде су құбырларын, канализация құбырлары мен жылыту жүйелерін жылыту үшін ашық от пен қыздырылған заттарды қолдануға жол берілмейді.
Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының қызметтік үй-жайларында тұрмыстық электр аспаптарын (тоңазытқыштарды, қысқа толқынды пештерді, электр жылытқыштарын, электр шәйнектерін) орнатуға және пайдалануға жол берілмейді.
Тамақты тек осы мақсаттарға арнайы бөлінген және жабдықталған жерлерде ғана дайындауға (ысытуға) болады. Бұл ретте тұрмыстық қажеттілікке арналған электр жылытқыш аспаптарын автоматты өшіру құралдарынсыз қолдануға жол берілмейді.
Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында үй-жайларды жарықтандыру үшін керосинді шамдар мен шырақтарды қолдануға жол берілмейді.
Электрмен жылыту құралдарын, үстел шамдарын, радиоқабылдағыштарды, теледидарларды, тоңазытқыштарды, шаң сорғыштарды тек зауыттан шыққан дұрыс штепсельді розеткалар арқылы ғана желіге қосылады.
Жатын бөлмелерде, ойнайтын бөлмелерде және қызмет көрсетілетін тұлғалар болатын басқа да үй-жайларда үтіктерді, электр плиталарын және басқа да электрмен жылытқыш құралдарды пайдалануға жол берілмейді.
Киімдерді үтіктеу тек осы мақсатқа бөлінген арнайы жабдықталған үй-жайларда ғана жүргізіледі. Үтіктеуді ақаусыз термо реттегіштер мен жарықтанатын іске қосу индикаторлары бар үтіктермен орындауға рұқсат етіледі. Үтіктер жанбайтын материалдардан жасалған тұғырықтарда орнатылады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін кезекші жарықтандырудан, автоматты өрт сөндіру қондырғыларының электрмен қоректендіру көздерінен, дабыл және түтін жою жүйелерінен, сондай-ақ технологиялық үдерістің шарттары бойынша тәулік бойы жұмыс істеуі тиіс электр қондырғыларын қоспағанда, барлық электр қондырғылары ажыратылады.
Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде қызмет көрсету персоналының тәулік бойлы кезекшілігі ұйымдастырылады. Кезекшінің қолында үнемі эвакуациялық шығу орындарының есіктеріндегі барлық құлыптардың кілттері жиынтығы болуы тиіс. Кілттердің басқа жиынтығы кезекшінің бөлмесінде сақталады. Екі жиынтықта да әрбір кілттің тиісті құлыпқа жататыны туралы жазуы болады.
Қоғамдық ғимараттардың түнгі кезекшілері телефон орнатылған үй-жайларда болады және қол электр фонарларымен қамтамасыз етіледі. Дәліздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарына кереуеттер орналастыруға жол берілмейді.
1.3 Сумен өрт сөндірудің автоматтандырылған қондырғысының мақсаты мен мәліметтер
Сумен өрт сөндірудің автоматтандырылған қондырғысы ғимараттың орынжайларында өртті байқау мен сөндіруге арналған. Осы жұмыс жобасында тұтанғаны туралы белгі беру және сумен өрт сөндірудің автоматтандырылған қондырғысы сәулелік дыбыстық белгі беруден іске қосылуын қарастырады.
Сумен өрт сөндірудің автоматтандырылған қондырғысымен қорғауға объектінің мыналардан өзге барлық орынжайлары жатады:
-
ғимараттың желдеткіш камералары (ағысты және сормалы), сорғыштық, бойлерлік және өзге де инженерлік жабдықтарға арналған жанғыш материалдар жоқ орынжайлар;
-
сантораптар мен сулы үрдістер бар орынжайлар;
-
сатылық клеткалар мен тамбурлар;
-
электрощиттер.
Нормативтік құжаттардың талаптары негізінде және қорғалатын орынжайлардың құрылыстық, климаттық және технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып осы жобаның аясында сумен толтырылған спринклерлік сумен өрт сөндіру қондырғысы жобаланған.
ӨҚН сәйкес 88-2001* орынжайлар өрт қауіпсіздігі бойынша 1 топқа жатады, спринклерлік жүйе үшін су бүрку қарқындылығы 0.08 л/сек∙м2 құрайды, судың шығынын есептеу ғимарат ауданы алынды.
1.4 Желдеткіш жүйелерін ұстау тәртібі
Желдеткіш жүйелерін пайдалану кезінде осы Қағидалардың ережелері, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптары сақталады.
Ауа өткізгіштердегі от жалынын бөгейтін құрылғылар (жапқыштар, шиберлер, клапандар), автоматты өрт дабылы немесе өрт сөндіру құрылғылары бар желдеткіш жүйелерінің бұғаттау құрылғылары, өрт кезінде желдеткішті автоматты түрде өшіретін құрылғылар техникалық құжаттамада белгіленген мерзімдерде тексеріледі және жарамды күйде ұсталады. Ысырма жетегінің сезгіш элементтері (тез балқитын құлыптар, тез жанатын ендірмелер, термосезгіш элементтер) жанғыш тозаңмен ластанудан уақытылы тазартылады.
Желдеткіш камераларында қандай да бір жабдық пен материалдарды сақтауға жол берілмейді. Желдеткіш камералары үнемі құлыппен жабылады. Оларға бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.
-
Тоңазытқыш қондырғыларын ұстау тәртібі
Тоңазытқыш қондырғыларына қызмет көрсетуді арнайы дайындықтан өткен адамдар жүзеге асырады. Олардың дербес жұмыс істеуіне рұқсат беру объект бойынша өкіммен жүзеге асырылады.
Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелері үй-жайларында кемінде екі хладоагентті булардың газ талдағышы орнатылады, олар ағынды-сорғыш желдеткішпен және компрессорларды ажырату құрылғыларымен бұғатталады.
Хладоагенті (аммиак) бар баллондар арнайы қоймаларда сақталады. Оларды машина бөлімшелерінде сақтауға жол берілмейді.
Хладоагенттері бар коммуникацияларды эвакуациялау дәліздерінде және өтетін жерлерде, сатылы торларда, көтергіш шахталарында орналастыруға, сондай-ақ оларды өрт және жарылыс қауіпті үй-жай арқылы транзиттік төсеуге жол берілмейді.
Машина және аппарат бөлімшелерінің желдеткіш жүйелері басқа үй-жайлардың желдеткіш жүйелерінен оқшауланады.
Аппарат және машина бөлімшелерінің авариялық жарық беруі үнемі жарамды күйде ұсталады.
Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелеріндегі жарылыстан қорғалған электр жабдығы техникалық ақаусыз күйде ұсталады.
Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелерінің үй-жайларын пайдалану барысында жеңіл лақтырылатын элементтерін (панелдерді, терезелерді, есіктерді) құрылымдардың басқа түрлеріне ауыстыруға жол берілмейді.
Компрессорлар мен газ құбырларының герметикалығына жүйелі бақылау белгіленеді. Газ шығаратыны анықталған жағдайда ақаулығын жою үшін компрессорды тоқтату керек. Компрессордың тығыздағыштары арқылы хладоагенттің шығатыны анықталған жағдайда олар дереу ауыстырылуы тиіс.
Қысымда тұрған жабдықты жөндеуге, жұмыс істеп тұрған компрессорлар мен сорғылардағы тығыздағыштарды толтыруға және тартуға, жүйедегі қысымды төмендетпей (түсірмей) аппараттардағы және құбырлардағы фланецтерді тығыздауға жол берілмейді.
Компрессорлардың барлық үйкелетін бөліктері үнемі майланады.
Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелерін алдын ала тексеру кезінде жарылыстан қорғала жасалған кернеулігі 12 Вольттан аспайтын жарық беруге арналған тасымалданатын шамдарды пайдалануға рұқсат етіледі.
Жүйені толтыруды тездету үшін хладоагенттері бар баллондарды жылытуға жол берілмейді. Аммиагы бар баллондар ашық от көздерінен кемінде 10 метр және жылу беру аспаптарынан 5 метр қашықтықта алыс орналастырылады.
Майлау материалдарын компрессорлық үй-жайларда тек саны ауысымдық қажеттіліктен аспайтын жабық металл ыдыста сақтауға рұқсат етіледі.
Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларда компрессорға сұйық хладоагенттің түсу мүмкіндігін болдырмау қажет.
Аппараттардан майды жіберу май жинағышта ерітілген хладоагентті алдына ала сорып алғаннан кейін сол арқылы жүргізіледі.
Май жинағыштан май желдеткіш жұмыс істеп тұрған кезде суы бар ыдысқа жіберіледі.
Аммиакты тоңазытқыш қондырғылардың үй-жайларында ішкі өрт крандары шашыраған суды алуға мүмкіндік беретін шашыратқыш оқпандармен жабдықталады.
Компрессорлық бөлектеу үй-жайларында компрессорлармен құрылымдық немесе технологиялық байланысы жоқ аппараттар мен жабдықтарды орнатуға, сондай-ақ кеңселер мен қоймалар жасауға жол берілмейді.
Құбырларды, бекіту қондырғыларын және басқа жабдықты ашық оттың көмегімен қыздыруға жол берілмейді. Оларды қыздыру үшін ыстық су, бу немесе қыздырылған құм пайдаланылады.
Хладоагенттері бар құбырлар оларда тасымалданатын заттарға байланысты танып ажырату бояуымен және сандық белгілеулермен қамтамасыз етіледі.
Хладоагенттері бар құбырлардың қолданыстағы орналасу сызбасын, сондай-ақ хладоагентті тиісті жоспарды әзірлемей және оны бекітпей өзгертуге жол берілмейді.
Хладоагенттері бар құбырлардың механикалық зақымдалуы мүмкін жерлерге қорғайтын бүркеніштер, торлар, кішкене көпірлер орнатылады.
Хладоагенттері бар құбырлардың жанбайтын жылу оқшаулағышын жанатынға ауыстыруға жол берілмейді.
Тоңазытқыш станциясы кемінде екі шығу жолымен жабдықталады, оның біреуі тікелей сыртқа қарай орнатылады.
Тоңазытқыш станциясының үй-жайлары өздігінен сәл тығыз жабылатын есіктермен жабдықталады.
1.6 Өрт хабарын қабылдау, тексеру және өрт сөндіру құралдары
Өрттерді табу және сөндіру, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың түтінге қарсы қорғану жүйелерінің құрамындағы өрт хабарын қабылдау-тексеру құралдары мен өртті басқару құралдарына таралады және жалпы техникалық талаптары мен оларды сынау тәсілдерін белгілейді.
Сондай-ақ өрт хабарын қабылдау-тексеру құралдары мен өртті басқару құралдарының қызметін қоса атқаратын бұйымдарға да таралады. Бұл жағдайда осы бұйымдар өрт хабарын қабылдау-тексеру құралдары мен өртті басқару құралдарына қойылатын талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
Өрт сөндіруді басқару құралы: Автоматты өрт сөндіру құралдарын басқару сигналдарын қалыптастыруға, олардың жай-күйін бақылауға, жарықпен және дыбыстап хабарлауыштарды, сондай-ақ әртүрлі ақпараттық кестелерді басқаруға арналған қабылдау-тексеру құралдарынан, хабарлағыштардан (сигнал сүйреткісінен) хабарларды қабылдайтын өрт сөндіру сигнализациясы қондырғысының құрамдас бөлігі.
- өрт хабарын қабылдау-тексеру құралы: Өрт хабарлағыштарынан ақпарат қабылдауға, өрттің шығуы немесе қондырғының ақауы жөнінде сигналды өндіруге, өрттен қорғау жүйелерін қосу сигналын қалыптастыруға және команданы басқа қондырғыларға жеткізуге арналған өрт сөндіру синганилизациясының қондырғысының құрамдас бөлігі.
- өрт сигналы қондырғысы: Қорғалатын нысандардағы өртті анықтауға, өңдеуге, осы нысандардағы өрт туралы хабарды берілген түрінде ұсынуға, арнайы ақпараттарды және (немесе) автоматты өрт сөндіру қондырғыларын қосуға команда беруге арналған техникалық құралдар жиынтығы және техникалық құрылғылар.
- өрт сигналының сүйреткісі: Өрт сигналы жүйесіндегі қабылдау-тексеру құралы мен өрт хабарлағышы арасындағы электрлік қосқыш желі.
- өрт хабарын қабылдау-тексеру және өрт сөндіруді басқару құралдары: Белсенді (тоқты пайдаланатын) өрт хабарлағыштарын электр қорымен қамтамасыз етуге, олардан сигнал қабылдауға, ақпараттар беруге, жарық және дыбыс хабарлауыштарын басқаруға, сондай-ақ өрт сөндіру қондырғысы мен түтін сейілту жүйесін іске қосатын (жіберетін) және желдеткішті ажырататын шыға беріс сигналдарын қалыптастыруға арналған өрт сигналы қондырғысының құрамдас бөлігі.
Қауіпсіздік талаптары
1. ӨҚТҚ құрылысында қорғаныстық жерге тұйықтау "Жер" клеммасы болуы тиіс.
2. ӨҚТҚ құрылысы кем дегенде 20 МОм оқшаулаудың электр кедергісін қамтамасыз етуі тиіс:
- "220 В" көзінінің бірге біріктелген клеммалары арасында, "220 В" көзіне қосуға арналған АӨСҚ басқару құралдары клеммалары арасында және ӨҚТҚ-ның бірге біріктелген басқа клеммалары арасында;
- "220 В" көзінінің бірге біріктелген клеммалары, "220 В" көзіне қосуға арналған АӨСҚ басқару құралдарының клеммалары және ӨҚТҚ-ның қорғаныстық жерге тұйықтау клеммасы (корпусы) араларында;
- ӨҚТҚ-ның қорғаныстық жерге тұйықтау клеммасы (корпусы) және бірге біріктелген басқа барлық құралдардың клеммалары араларында.
3. Қалыпты және авариялық жұмыс режимдерінде ӨҚТҚ құрылысының кез-келген бөлшегінің температурасының ұлғаюы МСТ 12.2.006 бойынша рұқсат етілетін мағынадан аспау керек.
Жалпы ережелері
1. ӨҚТҚ-ны сынау, тексеру және параметрлерін өлшеу, олардың климаттық әрекеттерге шыдамдылығын тексеруді қоспағанда, қалыпты климаттық жағдайларда МСТ 15150 бойынша жүргізілу керек.
2. Пайдаланылатын жабдықтардың негізгі техникалық сипаттамалары нақты сынақ түріне арналған нормативтік құжаттар бойынша сыналатын жабдыққа қойылатын талаптарға сай болу керек.
Сынақ жүргізу
1. Қызметін тексеру, параметрлерін өлшеу және сынау ӨҚТҚ-ның барлық ішкі электр тізбектерін қосып, оның жұмысының барлық режимдерін біріндеп еліктету жолымен ӨҚТҚ-ның нақты түріне арналған техникалық шарттарға сәйкес жүргізілу керек.
Егер барлық жұмыс режимдерінде атқаратын қызметтері ӨҚТҚ-ның нақты түріне арналған техникалық шарттарға сәйкес болса, ӨҚТҚ 4.2.1.3 бойынша қызметін тексеруден өтті деп саналады.
2. ӨҚТҚ-ның тоқ кернеуінің өзгеруіне шыдамдылығын тексеру үшін 4.2.3.1 бойынша сынауды 4.2.3.1 т. көрсетілген шамада кернеудің өзгеруін қамтамасыз ететін сынау жабдығында жүргізу керек.
Сынау тұрақты температураға жеткеннен (жылытудан) кейін жүргізіледі. Сынау ең аз мағынадан тоқ кернеуін ақырын бір тарапқа, содан соң екінші тарапқа өзгертумен тұжырымдалады.
Егер сынау кезінде және одан кейін де құралдың жалған қосылуы болмаса ӨҚТҚ сынақтан өтті деп саналады және ол 4.2.1.3 т. талаптарын қанағаттандырады.
3. ӨҚТҚ-ның тоқ тізбегі мен дабыл желілеріндегі кедергілердің әсеріне шыдамдылығын тексеру 4.2.3.2 т. бойынша сынау жабдығында және МСТ 30379 сәйкес іске асырылу керек.
Егер сынау кезінде және одан кейін де құралдың жалған қосылуы болмаса ӨҚТҚ сынақтан өтті деп саналады және ол 4.2.1.3 т. талаптарын қанағаттандырады.
Арналу талаптары
ӨБҚ келесі қызметтердің орындалуын қамтамасыз ету керек:
- өрт сөндіру құралдарын автоматты қосу;
- өрт сөндіру құралдарын қашықтан қосу;
- өрт сөндіру құралдарын автоматты қосу режимін ажырату және қалпына келтіру;
- жарық және дыбыс дабылының байланыс желілерін, соның ішінде хабарлауыштарды тексеру;
- жарық дабылы сақталған жағдайда дыбыс дабылын қолмен ажырату. Дыбыс дабылының ажыратылған күйі жарық индикациясымен бейнелену керек;
- объектінің өртке қарсы қорғану техникалық құралдары мен басқа инженерлік (технологиялық) жабдықтарын басқару үшін командалық серпін қалыптастыру;
- негізгі көзде кернеу жоғалса, қорғалатын объектіні электрмен жабдықтаудың негізгі көзінен ӨБҚ-ын резервтегі көзге ауыстырып қосу және кернеу қалпына келгенде негізгі көзде жалған сигналдарды қалыптастырмай қайта қосу;
- электрмен жабдықтаудың жұмыс және резервтік көздерінде кернеудің бар-жоғын көрсетін жарық индикациясы;
- резервтік қор көзіне ауысуды көрсететін жарық индикациясы;
- ӨБҚ-ның өрт сөндіру құралдарын автоматты қосу режиміндегі жұмысын көрсететін жарық индикациясы;
- өрт сөндіру құралдарын автоматты қосу режимін ажыратқанды көрсететін жарық индикациясы;
- өрт сөндіргіш заттар берілетін бағытын көрсете отырып, өрт сөндіру құралдарын қосуды көрсететін жарық индикациясы;
- ӨБҚ-дан ӨҚТҚ мен өрт сөндіру құралдарына өткізетін байланыс желілерінің ақауы жөніндегі жарық дабылы;
- өрт сөндіру құралдарының қосылуын тіркейтін қондырғылардың электр тізбектерінің ақауы жөніндегі жарық сигнализациясы;
- объектінің өртке қарсы қорғану инженерлік (технологиялық) жабдықтарын басқаруға арналған электр тізбектерінің ақауы жөніндегі жарық дабылы;
- өрт сөндіру құралдарын қосу жөніндегі дыбыс дабылы;
- ӨБҚ-дан өрт сөндіру құралдары мен өрт сөндіру құралдарының қосылуын тіркейтін қондырғыларына, сондай-ақ объектінің өртке қарсы қорғану инженерлік (технологиялық) жабдықтарын басқаруға арналған электр тізбектерінің өткізетін байланыс желілерінің ақауы жөніндегі дыбыс дабылы. Ақау жөніндегі дыбыс дабылы өрт сөндіру құралдарын қосу жөніндегі дыбыс дабылына өзгеше үндестікте болу керек.
- жұмыс істейтін сорғыштарды (өрт сөндіретін және сорғыш-дозатор) автоматты қосу;
- жұмыс істейтін сорғыш қосылмаған жағдайда немесе белгіленген уақыт ішінде режимге шықпаған жағдайда резервтік сорғыштарды (өрт сөндіретін және сорғыш-дозатор) автоматты қосу;
- бекітетін арматураның электр жетегін автоматы қосу;
- дренажды сорғышты автоматты қосу мен ажырату;
- өткізгіш құбырлардағы және гидропневматикалық сыйымдылықтардағы кеміп қалған өрт сөндіргіш заттар мен сығымдалған ауаның орнын толтыратын қондырғыларды өз орнынан басқару;
- қолмен қосу мүмкіндігін сақтай отырып, сорғыштарды автоматты қосуды қолмен ажырату;
- басқару тораптарының іске қосылуын тіркейтін және өрт сөндіру сорғыштары мен сорғыш-дозаторларды автоматты қосуға командалық серпін қалыптастыратын электробұрамалардың, құралдардың электр тізбектерінің дұрыстығын автоматты тексеру;
- резервуардағы, дренаж шұқырларындағы, бөлек сақталатын көбік қалыптастырғыш сыйымдылықтардағы авариялық деңгейді автоматты тексеру;
Жарық дабылдарын беру:
- өрт сөндіру сорғыштарын, сорғыш-дозаторларды, дренаж сорғыштарын автоматты қосуды ажырату жөнінде,
- электробұрамаларды басқаратын электр тізбектерінің ақауы жөнінде (шақыру бағыттарының түсіндірмесімен),
- электроысырмалардың сыналануы жөнінде (бағыттардың түсіндірмесімен шақыру бойынша),
- электроысырмалардың қалпы жөнінде (ашық);
Жарық және дыбыс дабылдарын беру:
- сорғыштарды қосу жөнінде,
- қондырғының ақауы жөнінде, электрмен жабдықтау көздеріндегі кернеудің жоғалуы жөнінде, гидропневматикалық сыйымдылықтағы қысымның төмендеуі жөнінде, электрлік ысырмалардың сыналануы жөнінде, ілмекті қондырғылардың электрлік басқару тізбектерінің ақауы жөнінде (жалпы сигнал),
- судың, резервуардағы көбік қалыптас-тырғыштың, сыйымдылықтың, дренаж шұқырларындағы (жалпы дабыл) авариялық деңгей жөнінде.
1.7 Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін ұстау тәртібі
Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін пайдалану және ұстау осы Қағидалардың ережелеріне және «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес орындалады.
Өртке қарсы су құбыры желілері жарамды күйде ұсталады және қажетті тегеурін мен өрт сөндіру қажеттілігі үшін су шығынын қамтамасыз етеді. Тегеуріні жеткіліксіз болған жағдайда арттырғыш сорғыштар орнатылады.
1.8 Ғимараттар мен құрылыстардың электр қондырғыларын өртке қарсы ережелерін ұстау тәртібі
Электр желілерін, электр қондырғылары мен электр-техникалық бұйымдарын монтаждау, іске қосу, пайдалану, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйін бақылау осы Қағидалардың, электр қондырғыларын орнату қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы нормаларының, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Электр қозғалтқыштары, электр шамдары, басқару аппараттары, іске қосуды реттегіш, бақылау-өлшеу және қорғау аппаратурасы, қосалқы жабдықтар, электр сымдары мен кабель желілері Электр қондырғыларын орнату қағидалары мен «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 1-қосымшасы бойынша аймақтардың класына сәйкес қорғау дәрежесімен қолданылады.
Барлық электр қондырғылары өртке және жануға әкеліп соғатын қысқа тұйықталу тоғынан және артық жүктемеден қорғайтын аппараттармен қорғалады.
Барлық ток өткізгіш бөліктер, бөлу құрылғылары, аппараттар мен өлшеуіш аспаптар, сондай-ақ бөлгіш түріндегі сақтандырғыш құрылғылары, ажыратқыштар және барлық іске қосатын аппараттар мен аспаптар тек жанбайтын негізде (мрамор, текстолит, гетинакс) құрастырылады.
Өткізгіштер мен кабельдердің сымдарын жалғау, түйіндеу және тармақтау өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, пісіру және арнайы қысқыштардың көмегімен жүргізіледі.
Өткізгіштер мен кабілдердің сымдарының қосылған және тармақталған жерлері, сондай-ақ қосу және тармақтау қысқыштары осы өткізгіштер мен кабельдердің тұтас жерлері сымдарының оқшаулағышына тең оқшауланады.
Оқшаулағыш тіреуіштерінде төселген өткізгіштерден басқа өткізгіштер мен кабельдердің қосулары және тармақталуы қосу және тармақтау қораптарында, қосу және тармақтандыру қысымдарының оқшауланған сырттарында, құрылыс конструкцияларының арнайы текшелерінде, электр орнату бұйымдарының, аппараттардың және машиналардың тұрқыларының іштерінде орындалады. Оқшаулағыш тіреуіштерінде төсегенде сымдарды қосуды немесе тармақтауды тікелей оқшаулағыштың жанында, немесе сондай-ақ роликте орындалады.
Қосу және тармақтағыш қораптары қорғайтын қақпақтармен қамтамасыз етіледі.
Уақытша электр желілерін орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. Құрылыс және уақытша жөндеу-құрастыру жұмыстарын жүргізу орындарын қоректендіретін уақытша иллюминациялық қондырғылар мен электр өткізгіштері ерекшелік ретінде болуы мүмкін. Уақытша электр желісінің кернеуі 36 Вольттан, ал аса қауіпті орындарда (аса ылғалды учаскелер, құдықтар, металл резервуарлар, қазандықтар) 12 Вольттан аспауы тиіс.
Тасымалды шамдар қорғағыш шыны қалпақтармен және торлармен жабдықталады. Осы шамдар мен басқа да тасымалды электр аппараттары үшін ықтимал механикалық әсерлерді ескере отырып, осы мақсатқа арналған иілгіш кабельдер мен мыстан жасалған сымдар қолданылады.
Автоматты өрт сөндіру, өрт дабылы, авариялық жарық беру қондырғыларын қоректендіру үшін енгізу-тарату құрылғысынан бастап электр қуатын тұтынушыға дейін өзіндік электр желісі қарастырылады.
Құрылыс алаңында уақытша электр өткізгішін жұмыс орындарынан 2,5 метрден, өту жерлерінен 3 метрден, өту жолдарынан 6 метрден кем емес биіктікте оқшауланған өткізгішпен орындалып, сым арқан мен берік тіреулерге ілінеді.
Құрылыс алаңы аумағында жарықтандыру прожекторлары жеке тіреулерге орнатылады.
Прожекторларды жанғыш материалдардан жасалған шатырларда және полимерлі жылытқыштары бар ғимараттарда орнатуға жол берілмейді.
1.9 Жылыту жүйелерін ұстау тәртібі
Жылыту жүйелерін пайдалану кезінде осы Қағидалардың ережелері, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптары сақталады.
Өндірістік және басқа үй-жайларда пеш жағуды жылыту құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық алған арнайы бөлінген тұлғалар (пеш жағушылар) жүргізеді.
Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерді қоспағанда) пеш жағуды жұмыс аяқталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын, ал емханаларда және басқа да тәулік бойы адамдар жаппай болатын нысандарда ұйықтағанға дейін екі сағат бұрын тоқтатылады.
Балалар күндіз болатын балалар мекемелерінде пеш жағу балалар келгенге дейін бір сағат бұрын тоқтатылады.
.Шатырларда барлық түтін құбырлары мен түтін арналары өтетін қабырғаларды әктеу қажет.
Пеш оттығына сұйық отынды жеткізу тек саңылаусыз металл отын өткізгіш арқылы ғана жүргізіледі. Тек зауытта шығарылған отын өткізгіш қосқыштар мен арматура қолданылады. Отын беру жүйесінен сұйық отынның ағуына немесе газдың шығуына жол берілмейді.
Жылу генераторларын монтаждау және пайдалану кезінде мынадай талаптар сақталады:
отынға арналған сыйымдылықтың көлемі, оны орналастыру және ауа жылытқышқа беру осы аппараттарға паспорттық деректер мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес болуы;
жылу шығаратын аппараттардың жанарғылары, отын өткізгіштердегі қосқыштар мен арматура тек зауытта дайындалған болуы;
жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесін қажетінше реттеу шегінде оны жанарғы ішіне өткізбей тұрақты жұмыс істеуі тиіс.
Жылу шығаратын аппараттарды пайдалану кезінде:
отын өткізгіштерінің герметикалығы бұзылған аппаратта және ондағы тиек клапаны ақаулы болса, форсунка корпусы жылу шығаратын аппаратпен тығыз қосылмаса, түтін жолдары, электр қозғалтқыштары мен қорғау аппараттары жарамсыз болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және өзге де ақаулықтарда, жұмыс істеуге;
ашық отын бактары бар аппаратта жұмыс істеуге;
тыныс алу құбырларының үй-жайлардың ішіне немесе шатыр үй-жайларына шыққан жолымен жұмыс істеуге;
ретке келтірілмеген форсункамен жұмыс істеуге (отын беру бұзылса);
жылу шығаратын аппараттарды қосу үшін резеңке немесе полимер шлангілер мен муфталарды қолдануға;
аппарат пен шығыс бактарының жанында жану тобы материалдардан жасалған қоршаулар орнатуға;
отын өткізгіштерді ашық отпен қыздыруға;
қысқа мерзімге тоқтап тұрғаннан кейін ауамен үрлемей жылу шығаратын аппаратты іске қосуды жүзеге асыруға;
жұмыс істейтін қоспаны көру тесігі арқылы жағуға;
жылу шығаратын аппарат жұмыс істеп тұрған кезде шамшырақтардың электродтары арасындағы саңылауды реттеуге;
жылу шығарғыштың ауа сорғыш коллекторында қорғаныштары болмаса, жұмысқа қосуға;
жұмыс істеп тұрған жылу шығаратын аппараттарды қараусыз қалдыруға немесе оларды қарауды балаларға тапсыруға;
жылу шығаратын аппараттарды пайдалану шарттарын бұзуға, оларды осы мақсатқа арналған үй-жайларға (орындарға) орналастыруға жол берілмейді.
Электрокалориферлерді монтаждау және пайдалану кезінде мынадай талаптар сақталады:
тек зауытта шығарылған, дабылы мен желдеткіш жұмыс істемегенде қыздырғыш элементтерге электр энергиясының берілуін болдырмайтын бөгет және шығатын ауаның температурасын бақылау және электр мен жылудан қорғауды реттеу автоматикасы жарамды электрокалориферлер пайдалануға беріледі;
электрокалориферді монтаждау, оны жұмысқа дайындау және іске қосу бұйымға пайдалану құжаттамасында баяндалған талаптарға сәйкес орындалады.
Калориферлерді пайдалану кезінде:
дабылды немесе бұғаттағышты сөндіруге;
электрокалорифердің корпусы мен желдеткіш арасындағы иілгіш ендірме үшін жанғыш материалдарды қолдануға;
электрокалориферден шығу жолындағы дайындаушы-зауыт белгілеген шекті рұқсат етілген температураны арттыруға;
желдеткіш жұмыс істемей тұрғанда электрокалориферді қосуға (қондырғыны әр іске қосқан сайын бұғаттағыш тексеріледі);
электрокалориферде немесе оның маңында киімді немесе басқа да жанғыш материалдарды кептіруге жол берілмейді.
1.10 Инженерлік жабдықтың басқа түрлерін ұстау тәртібі
Инженерлік жабдықты пайдалану кезінде осы Қағидалардың ережелері, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптары орындалады.
Ұйымдардың «өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдау» деген жұмыс режимі бар лифтіні пайдалануы ұйым басшысы бекітетін техникалық нормалармен регламенттеледі.
2 Жұмыста (жобада) қорғалатын нысанның қысқаша сипаттамасы
2.1 Жоспарлы және көлемді шешім
«Винтаж» сауда үйі Қызылорда қаласында, А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан. Өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық – 3 км.
Сауда үйі территориясы асфальтбетонды жабындымен қапталған.
Сауда үйі ғимараты үш қабатты және шығыңқы қабаты бар, ұзындығы 15 м, ені 4 м. Ғимараттың бір қабаттың биіктігі 3,6 метр. Бөлмелердің жалпы ауданы – 3917,1 м2, соның ішінде: бірінші қабат – 1307,7 м2, екінші қабат – 1296,3 м2, үшінші қабат – 1313,1 м2 отқатөзімділігі II дәрежелі.Ғимарат іргетасы бағаналы, сыртқы және ішкі жобалы қабырғалар – керамикалық кірпішті, аражапқыштар – кірпішті, жабындылар – темірбетонды плиталар. Сыртқы әрлендіру 1.090.1-1/68 сериялы, қалыңдығы 500 мм керамограниттен жасалған. Баспалдақ құрама темір бетон баспалдақшалардан тұрады. Кірер есік ойығының өлшемі 1,90 х 2,0 м. Еден жанбайтын материал әрлендіргіш керамикалық плиталардан орындалған, терезелері екі жақты бітеу пластикалық. Ғимарат қабаттарындағы бөлімдер металл каркасынан, шыныдан орындалған.
Күн сайын ғимаратта тұрақты 30 адам – арендаторлар, күзет қызметі және әкімшілік басшылары болады.
Ғимаратта 4 эвакуациялық шығу жолы бар, оңтүстік батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және солтүстік шығысында орналасқан.
Сауда үйі ғимаратында автоматты басқару айналмалы жүйесі, өрт кезінде айыратын айналмалы-сорғыш жүйе бар, өрттен қорғау дабылы бар.
Алғашқы өрт сөндіру құралдары 5 дана ОП-5 типті өрт сөндіргіші қолданылады.
2.2 Инжерлік қондырғылар бойынша шешім
Достарыңызбен бөлісу: |