Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары



Дата09.06.2016
өлшемі30.71 Kb.
#125764
 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің

ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен

біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары

 




Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі (тоқсан сайын)

Жауапты орындаушы

1

ІІМ қызметтерінің бизнес-процестерін электрондық түрде іске асыру жөніндегі ұсынымдармен және ұсыныстармен бірге оларды зерттеу және талдау.

ІІМ электрондық қызметтерінің бизнес-процестерін зерттеу туралы есеп

2009 жылдың 3-тоқсаны

АБА, ІІМ

2

ІІМ-нің қызметтерін автоматтандыруға жұмылдырылған ІІМ ақпараттық жүйелерін пысықтаудың құнын айқындап, АБА-ға ұсыну.

ІІМ-нің қызметтерін автоматтандыру үшін ІІМ ақпараттық жүйелерін пысықтаудың құнын есептеу

2009 жылдың 3-тоқсаны

ІІМ, АБА

3

Кіретін және шығатын қызмет нысандарын келісу.

Кіретін және шығатын қызмет нысандары

2009 жылдың 3-тоқсаны

АБА, ІІМ

4

ІІМ-нің ақпараттық жүйелерінің «электрондық үкіметтің» шлюзімен өзара іс-қимыл жасасу регламентін әзірлеу.

ІІМ-нің ақпараттық жүйелерінің «электрондық үкіметтің» шлюзімен өзара іс-қимыл жасасу регламенті

2009 жылдың 3-4 тоқсаны

АБА, ІІМ

5

Электрондық қызмет көрсету регламентін әзірлеу.

Электрондық қызмет көрсету регламенті

2009 жылдың 3-4 тоқсаны

ІІМ, АБА

6

«Электрондық үкімет» шлюзі қоятын техникалық талаптарға сәйкес ІІМ-нің ақпараттық жүйелерін пысықтауды қамтамасыз ету.

ІІМ-нің ақпараттық жүйелерін пысықтау бойынша атқарылған жұмыстардың актісі

2009 жылдың 3-4 тоқсаны

АБА, ІІМ

7

ІІМ-нің ақпараттық жүйелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығымен біріктіру бойынша жұмыстар жүргізу.

ІІМ-нің ақпараттық жүйелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығымен біріктіру бойынша атқарылған жұмыстар актісі.

2009 жылдың 3-4 тоқсаны

АБА, ІІМ

8

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік желісі арқылы «Электрондық үкімет» шлюзіне ІІМ-нің ақпараттық жүйелерінің рұқсатын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік желісі арқылы «Электрондық үкімет» шлюзіне ІІМ-нің ақпараттық жүйелерінің рұқсатын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар актісі.

2009 жылдың 2-4 тоқсаны

АБА, ІІМ

9

«Электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктірілген ІІМ-нің ақпараттық жүйелерінің жұмысын тестілеу.

Тестілеу хаттамасы

2009 жылдың 3-4 тоқсаны

АБА, ІІМ

 

Ескертпе:

ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі



АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет