Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі



Дата09.07.2016
өлшемі245.33 Kb.
#187666
Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының

конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі

нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер

министрінің 2003 ж. 13 ақпандағы № 87 бұйрығы

(ҚР  Ішкі істер министрлігінің 2005.16.03. № 168 Бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылаудың тиімділігін жетілдіру және арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:



1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Астана, Алматы қалалары ІІББ-ның, облыстар ІІББ-ІІБ-ның бастықтары:

1) жол полициясы қызметкерлерінің осы Нұсқаулықты зерделеуін қамтамасыз етсін;

2) ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөніндегі жұмысын Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын;

3) көлік құралдарының иелерін (заңды және жеке тұлғаларды) осы Нұсқаулықтың талаптары туралы хабардар ету жөнінде іс-шаралар жүргізсін;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1329 қаулысының "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері" талаптарына сәйкес автокөлік құралдарын жарыққа шағылысатын материалмен кезең-кезеңмен таңбалау мерзімдерінің сақталуына бақылау орнатылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры И.И.Оттаға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне (Б.Н.Өмірзақов) жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Министр

генерал-полковник

Сүлейменов Қ.Ш.

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2003 жылғы 13 ақпандағы

87 бұйрығымен бекітілген



Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік

құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын

бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі

НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің (бұдан әрі - жол полициясы) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде көлік құралдарының және оларға тіркемелердің (бұдан әрі - көлік құралдары) конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруының тәртібін айқындайды.

Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

көлік құралы конструкциясының өзгеруі - жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін нақты көлік құралының конструкциясымен көзделген құрамдас бөліктерді және жабдықтардың заттарын алып тастау немесе конструкциямен көзделмегендерді орнату;

көлік құралдарының конструкциясын бақылау - көлік құралдарының конструкциясы мен оларды қосымша жабдықтау заттарының нормативтік-құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін тексеру;

көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау - көлік құралдары мен оларды қосымша жабдықтау заттары техникалық жағдайының нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін тексеру;

сәйкестік сертификаты - сертификаттаудың мемлекеттік жүйесінің ережелері бойынша берілген, лайықты түрде бірегейлендірілген өнім, процесс, жұмыс, қызмет көрсету техникалық регламенттердің, стандарттардың немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетіндігі туралы қажетті сенімділік қамтамасыз етілетіндігін көрсететін құжат.

2. Жол полициясының көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық кесімдеріне және осы Нұсқаулыққа негізделеді.

3. Жол полициясының көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөніндегі негізгі міндеттері:

1) көлік құралдары мен олардың қосымша жабдықтарының конструкциясы мен техникалық жағдайының нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес келмеуінен пайда болатын жол-көлік оқиғалары зардаптарының алдын алу және ауырлығын төмендету;

2) көлік құралдарын пайдалануға байланысты жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.

4. Көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөніндегі негізгі міндеттерді орындауды:

1) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - тіркеу қызметі);

2) көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқау (бұдан әрі техникалық байқау);

3) жол қозғалысын қадағалау;

4) заңды тұлғалардың жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексеру (бұдан әрі - заңды тұлғаларды тексерулер);

5) көлік құралдарын дайындауға (құрастыруға) арналған жобалау-техникалық құжаттамаларды келісу;

6) көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуді келісу;

7) көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдаулық сынақтан өткізу;

8) көлік құралдарына қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат ету кезінде жол полициясы жүзеге асырады.

5. Халықаралық құқық нормаларына сәйкес артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын дипломаттық, консулдық және өзге де өкілдіктерді, сондай-ақ бұл өкілдіктердің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоспағанда шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясы мен



техникалық жағдайын бақылау

6. Пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау:

1) көлік құралдарына арналған тиісті құжаттарды тексеру;

2) көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайының нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін тексеру;

3) бақылаудың нәтижелерін ресімдеу жолымен жүзеге асырылады.

7. Пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау кезінде тексеруге жататын құжаттардың тізбесі, сондай-ақ бақылаудың нәтижелерін ресімдеудің тәртібі Қазақстан Республикасындағы Жол қозғалысының ережелерімен, Қазақстан Республикасында көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік тіркеудің ережелерімен, Көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің ережелерімен және басқа да нормативтік құқықтық кесімдермен айқындалады.

8. Көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайының нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін тексеру көлік құралдарын байқау жолымен жүзеге асырылады.

9. Көлік құралдарын байқау кезінде көлік құралының маркасының, үлгісінің, модификациясының, түрінің, шыққан жылының, бірегейлендіру нөмірлерінің (VI№) (егер оны дайындаушы ұйым берген болса) шассиінің (рамасының), кузовының (коляскасының, тіркемесінің), двигателінің бірегейлендіру (реттік өндірістік) нөмірлерінің, мемлекеттік тіркеу белгісінің көлік құралдарына арналған тіркеу құжаттарында көрсетілген мәліметтермен сәйкестігі анықталады.

10. Байқау кезінде нақты көлік құралы конструкциясының ерекшеліктеріне (кузовының, двигателінің түріне, арнаулы шешіп алынбайтын жабдықтардың болуына, жолаушылар отырғыштарының, жағармай бактарының саны мен орналасуына және басқаларға) ерекше назар аударылады, сондай-ақ:

көлік құралдарының бүйір және арт жағының контурларын жарыққа шағылысатын материалдармен маркировкалау;

көлік құралдарын арнаулы жарықтық және дыбыстық белгі беру құралдарымен жабдықтау;

оларсыз көлік құралдарын пайдалануға тиым салынатын қосымша жабдықтау бұйымдарымен жарақтандыру жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдер талаптарының сақталуы тексеріледі.

11. Тіркелген көлік құралында тіркеу құжаттарына енгізуге жататын және енгізілмеген өзгерістер анықталған жағдайда мұндай көлік құралын басқаратын адамдарға, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайы және оларды пайдалану үшін жауапты лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес шаралар қолданылады.

12. Көлік құралы, оның нөмірлі агрегаттары және ұсынылатын құжаттар түпнұсқалылығына техникалық құралдарды пайдалану арқылы және арнаулы есеп жүргізілуі тиісті автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесін пайдалану арқылы тексеріледі.

13. Ұсынылған құжаттардың, мемлекеттік тіркеу белгілерінің, көлік құралдарын маркировкалаудың жасандылығы нышандары аңғарылған не агрегаттар нөмірлерінің ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, сондай-ақ көлік құралы (нөмірлі агрегаттар) немесе ұсынылған құжаттар іздестірілуде деп ұйғарым жасауға жеткілікті негіздемелер болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады.

14. Көлік құралдарының техникалық жағдайы пайдаланудағы көлік құралдарының және олардың қосымша жабдықтары заттарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігіне тексеріледі.

15. Техникалық байқауды жүргізу кезінде көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау диагностикалық жабдықтар мен бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану арқылы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

16. Жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру кезінде көлік құралдарын конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау үшін тоқтатуға:

автомобильдің алдыңғы әйнегінің оң жақ төменгі бұрышында техникалық байқаудан өткендігі туралы талонның болмауы;

жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін техникалық ақаулардың және жағдайлардың болуы негіздеме болып табылады.

17. Белгіленген бағытпен жүретін автобустардың конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау тек қана бағыттардың соңғы станцияларында және жолаушылар автотұрақтарында жүргізілуі мүмкін.

18. Заңды тұлғалар көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау заңнамада белгіленген тәртіппен заңды тұлғаларды жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

19. Заңды тұлғалар көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын тексеруді олардың орналасқан жерлерінде аталған заңды тұлғаның автомобиль паркі техникалық жағдайының сипаттамасы үшін жеткілікті мөлшерде іріктеп жол полициясы жүргізеді. Бұл ретте көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеру техникалық бақылаудың жылжымалы пункттерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

20. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнама талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда жол полициясы жолсыздықтар мен оларды жою үшін қажетті шараларды көрсете отырып орындау үшін міндетті ұйғарымдама береді.

Ұйғарымдаманы орындамаған жағдайда лауазымды және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес шаралар қолданылады.

ҚР  Ішкі істер министрлігінің 2005.16.03. № 168 Бұйрығымен (ресми жарияланған сәтінен бастан қолданысқа енгізіледі) 21-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

21. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылау көлік құралдарына қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы мәселені қарау кезінде жүзеге асырылады.

ҚР  Ішкі істер министрлігінің 2005.16.03. № 168 Бұйрығымен (ресми жарияланған сәтінен бастан қолданысқа енгізіледі) 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

22. Көлік құралдарына қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат берудің тәртібі, сондай-ақ мұндай көлік құралдарының конструкциясына, техникалық жағдайына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 990 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік техникалық байқауды жүргізу тәртібіне және "Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді техникалық диагностикалау. Жұмыстардың технологиясына қойылатын жалпы техникалық талаптар" Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартының 1086-2003 МС "В" қосымшасы 11-тармағының талаптарына сәйкес айқындалады.

ҚР  Ішкі істер министрлігінің 2005.16.03. № 168 Бұйрығымен (ресми жарияланған сәтінен бастан қолданысқа енгізіледі) 23-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

23. Көлік құралдарына қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат ету (3-қосымша)  көлік құралдарына қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру арқылы жүргізіледі.

ҚР  Ішкі істер министрлігінің 2005.16.03. № 168 Бұйрығымен (ресми жарияланған сәтінен бастан қолданысқа енгізіледі) 24-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

24. Көлік құралдарына қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат ету туралы куәлікті беруді көлік құралдарының тіркелген (уақытша тіркелген) жері бойынша мемлекеттiк техникалық байқаудың нәтижелері негізінде жол полициясы жүзеге асырады.

Әр көлік құралына жеке көлік құралдарына қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат ету туралы куәлік берілуі, байқау нәтижелері көлiк құралдарына қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат ету туралы куәліктерді тiркеу журналына (4-қосымша) енгізілуі тиіс.

ҚР  Ішкі істер министрлігінің 2005.16.03. № 168 Бұйрығымен (ресми жарияланған сәтінен бастан қолданысқа енгізіледі) 25-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

25. Көлік құралдарына қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат ету туралы куәліктің қолданылу мерзімі оның берiлген сәтінен бастап 12 айға белгіленеді.

3. Көлік құралдарын дайындау (құрастыру) және олардың

конструкцияларын өзгерту кезінде көлік құралдарының

конструкциясын бақылау

26. Көлік құралдарын дайындау (құрастыру) кезінде олардың конструкциясын бақылау техникалық тапсырмаларды (бұдан әрі - ТТ), техникалық жобаларды (бұдан әрі - ТЖ), техникалық шарттарды (бұдан әрі ТШ) келісу сатысында, сондай-ақ көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынау және оларды өндіріске қабылдау кезінде жүзеге асырылады.

27. Көлік құралдарының конструкциясына өзгерістер енгізу кезінде олардың конструкциясын бақылау, егер ол көлемі мен салмақтық өлшемдерін, двигатель үлгісін, оның салмағы мен қуатын, жанармай беру жүйесін, тежегіш жүйесін, санын, орнату орындарын, көру бұрыштарын, жарық беру және жарықты белгі беру аспаптарының жарықтық және түстік сипаттарын, жүру бөліктерін, рөлмен басқаруды, сондай-ақ конструкциясын көру, шолу ауқымын, бәсең және авариядан кейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрамдас бөліктерін өзгертуге байланысты болса ТШ-ны келісу сатысында және көлік құралдарының сынақтық үлгілерін қабылдауға сынақтан өткізуді жүргізу кезінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар автобустардың конструкциясына өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.

28. ТТ-ны, ТЖ-ны, ТШ-ны келісу сатыларында көлік құралдарының конструкциясын бақылауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаменті (бұдан әрі - ЖПД) жүзеге асырады.

29. ТТ-ны келісу кезінде оларда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мынадай мәліметтердің:

1) бұйымды пайдалану саласындағы қысқаша сипаттаманың;

2) көлік құралы арналған жол жағдайы мен пайдалану режимдерінің;

3) көлік құралының тарту-жылдамдық сипаттамаларының;

4) двигателдің өлшемдерінің;

5) салмақтық өлшемдерінің (жабдықталған түрдегі салмағы, толық салмағы, жүк көтергіштігі, жолаушылар орнының саны, толық салмақтың біліктер бойынша бөлінуі, сүйрелетін тіркеменің, жартылай тіркеменің толық салмағы), ауқымдық мөлшерлерінің (ені, биіктігі, ұзындығы);

6) жолға сәуле түсіруінің, бұрылудың радиустарының;

7) дөңгелектері, біліктері санының, негізгі білік жетегінің, дөңгелектердің мөлшері мен сипаттамасының;

8) біліктер бойынша тежегіш жүйе конструкциясының, жетек түрінің;

9) рөлдік басқару, жетекті күшейткіш конструкциясының;

10) сыртқы жарықтық аспаптар конструкциясының, санының;

11) бәсең қауіпсіздіктің пайдаланылатын құралдарының;

12) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер мен стандарттардың басқа да талаптарының болуы бақыланады.

30. Келісуге олардың құзыретіне сәйкес басқа да мемлекеттік органдарда алдын ала келісуден өткен ТТ-ның жобалары қабылданады.

31. Келісуге ұсынылған ТТ-ның жобасы бойынша ЖПД-ның уәкілетті қызметкері екі данада жазбаша қорытынды жасайды. Қорытындының бірінші данасы ТТ-ны әзірлеушіге жолданады, екіншісі жобаның көшірмесімен бірге бақылау үшін ЖПД-да қалады.

32. Ескертпелер болмаған жағдайда ТТ-ның жобасын келісу "Келісілді" деген белгімен және мөрмен немесе жеке құжатпен (хатпен) расталған ЖПД бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның түпнұсқалық қолымен ресімделеді. Бұл ретте "Келісілді" белгісімен ТТ-ның жобасы келісілген құжаттың күні, нөмірі және атауы көрсетіледі.

33. Егер ТТ-ның жобасында нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптары ескерілмеген болса немесе ол көлік құралының конструкциясы туралы толық түсінік бермесе, онда жоба бойынша қорытындыда бар кемшіліктер атап көрсетіле отырып жоба келісілмейді.

34. ТЖ-ны келісу кезінде ТТ-дағы кемшіліктердің жойылуы мен оның бекітілуі, ТТ-да көрсетілген нормативтік құқықтық кесімдер, стандарттар талаптарының толық орындалуы бақыланады.

ТЖ-ға көлік құралы мен оның конструкциясының жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін құрамдас бөліктері жалпы көрінісінің сызбалары енгізіледі.

35. ТЖ-ны келісу осы Нұсқаулықтың 30-33-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

36. ЖПД-ға қарауға ұсынылған ТЖ-мен бір уақытта көлік құралдарының сынақтық үлгілерін сынаудың бағдарлама-әдістемесін келісу жүргізіледі. Егер бұйымда сериялық көлік құралының құрамдас бөлігі қолданылатын болса, онда бұл бұйымдарды сынаудың бағдарлама-әдістемесі өзгерген өлшемдерді ғана тексеруді көздеуі мүмкін.

37. Бағдарлама-әдістемені келісу ТЖ үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

38. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынау және өндіріске қабылдау сатысындағы бақылау қабылдаулық сынақтар жөніндегі комиссияға қатысу арқылы жүзеге асырылады.

39. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдаулық сынақтар жөніндегі комиссияның құрамына ЖПД-ның уәкілетті қызметкері немесе ЖПД-ның жазбаша тапсырмасы бойынша аумағында сынақ жүргізу ұйғарылған Астана, Алматы қалаларының ІІББ, облыстардың ІІББ, ІІБ Жол полициясы басқармасының (бұдан әрі - ЖПБ) өкілі қатысады.

40. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдаулық сынақ белгіленген тәртіппен ЖПД-да келісілген көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынаудың бағдарлама-әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

41. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерінің конструкциясы мен техникалық жағдайын қабылдаулық сынақтар барысында тиісті жобалау-техникалық құжаттамалардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

42. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынаудың нәтижелері бойынша қабылдау комиссиясы хаттама мен көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдаудың актісін жасайды.

43. Егер үлгілер сынақтан өтпесе хаттамада конструкцияны пысықтау туралы ұсыныс жазылады және жол полициясының уәкілетті қызметкері көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдау актісіне қол қоймайды. Конструкцияның пысықталған құрамдас бөліктері қайта сынақтан өтеді.

44. ТШ-ны келісу кезінде:

көлік құралының конструкциясына, оны дайындауға, бақылауға және қабылдауға қойылатын талаптардың толық кешенінің болуы;

белгіленетін ТШ нормаларының жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық талаптарға сәйкестігі;

қабылдау сынақтарының нәтижелері бойынша хаттама мен актінің болуы;

көлік құралдарының тәжірибелік үлгілеріне арналған сертификаттардың болуы бақыланады.

45. ТШ көлік құралдарының нақты түрлерінің сериясына әзірленеді, сондай-ақ ЖПД-ның шешімі бойынша бір нақты көлік құралына әзірленуі мүмкін.

46. ТШ-ны келісудің мерзімі ол түскен күннен бастап 15 күннен аспауы тиіс.

47. Техникалық шарттардың жобаларын келісуді ресімдеу осы Нұсқаулықтың 30-33-тармақтарында көзделген тәртіппен орындалады.

48. ТШ-ға енгізілетін өзгерістер ТШ үшін белгіленген тәртіппен келісіледі.

49. Келісуден кейін техникалық шарттар заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады. ТШ-ны мемлекеттік тіркеудің нәтижелері бойынша ЖПД көлік құралдарын дайындауды не оның конструкциясына өзгерістер енгізуді жүзеге асыратын ұйымға Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде көлік құралының конструкциясына келісу туралы куәлік (бұдан әрі - Куәлік) (1-қосымша) беру туралы шешім қабылдайды.

50. ЖПД көлік құралдарын дайындауды не оның конструкциясына өзгерістер енгізуді жүзеге асыратын ұйымға ЖПД-да ТТ-ны, ТЖ-ны, ТШ-ны келісуге, қабылдаулық сынақтарға, ТШ-ны мемлекеттік тіркеуге қатысты құжаттар мен аталған ұйымның қызметіне қатысты басқа да құжаттамалар сақталатын байқаулық іс қағаздары жүргізіледі.

51. ЖПД Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде көлік құралының конструкциясына келісу туралы куәлік берілген ұйымдар туралы ақпаратты ЖПБ-ның назарына жеткізеді.

52. ЖПБ көлік құралдары ТШ-ның, нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарын бұза отырып дайындалған не конструкциясына өзгерістер енгізілген жағдайлар туралы заңнамамен көзделген шаралар қабылдау үшін ЖПД-ны хабардар етеді.

53. Жобалау-техникалық құжаттамаларды әзірлеместен, бірақ көлік құралының үлгісімен - дайындаушы зауыттың баламасымен қатаң сәйкестікте және жол полициясымен келісім бойынша көлік құралдарының конструкциясына мынадай өзгерістерді:

1) қораптың түрін конструкциясы, саны және материалы бойынша көлік құралының қорабын немесе цистернасын - дайындаушы зауыттың баламасын бекітудің элементтеріне баламды бекіту элементтерін қолдану арқылы көлік құралдары мен тіркемелердің шассиіне дайындаушы зауыттар көлік құралының аталған үлгісі үшін дайындаған стандартты, көлік құралының аталған маркісінің құрамында сертификатталған самосвалдық және борттық қораптарды, цистерналарды, фургон қораптарды орнату арқылы өзгертуді;

2) жүк автомобилдеріне конструкциясы, саны және материалы бойынша дайындаушы зауыттың үлгісіндегі - баламасындағы бекіту элементтеріне баламды бекіту элементтерін қолдану арқылы дайындаушы зауыттың үлгісіне-баламасына сәйкестікте зауытта дайындалған, көлік құралының аталған маркісінің құрамында сертификатталған қосымша жанармай бактарын орнатуды;

3) жүк автомобилдеріне конструкциясы, саны және материалы бойынша дайындаушы зауыттың үлгісіндегі - баламасындағы бекіту элементтеріне баламды бекіту элементтерін қолдану арқылы дайындаушы зауыттың үлгісіне-баламасына сәйкестікте көлік құралының аталған маркісінің құрамында сертификатталған жүктерді өз бетінше тиеуге және түсіруге арналған жүк көтергіш борттарды, шығырларды және гидравликалық көтергіштерді орнатуды;

4) көлік құралдары мен тіркемелерге, оның ішінде жеңіл автомобилдің салонына стандартты бекіту тетіктерін пайдалану арқылы көлік құралының аталған маркісінің құрамында сертификатталған арнаулы алынбайтын жабдықтарды орнатуды;

5) қорапты жүк автомобилдерге және қорапты екі дөңгелекті тіркемелерге стандартты бекіту тетіктері мен шуды болдырмайтын құралдарды қолдану арқылы борттардың орнына кониктерді орнатуды;

6) жүк автомобилдерінің шассиіне дайындаушы зауыттың үлгісіндегі баламасындағы бекіту элементтеріне баламды бекіту элементтерін қолдану арқылы дайындаушы зауыттың үлгісіне-баламасына сәйкестікте көлік құралының аталған маркісінің құрамында сертификатталған почта, өнеркәсіптік және азық-түліктік тауарларды тасымалдауға арналған фургон қораптар орнатуды енгізуге рұқсат етіледі.

54. Осы Нұсқаулықтың 53-тармағында көрсетілген өзгерістерді енгізуге арналған өтінішті ЖПД және/немесе көлік құралының есепте тұрған жері бойынша ЖПБ қарайды.

55. Өтініш қарауға көлік құралының конструкциясына енгізілетін өзгерістерді тәптіштеп баяндау арқылы қабылданады.

56. Жол полициясы көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуге арналған өтінішті қараудың нәтижелері бойынша өтініш берушіге қабылданған шешімді көрсете отырып жазбаша жауап қайтарады.

57. Оң шешімде нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың оларға сәйкес көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуді жүргізу қажет талаптары көрсетіледі, тиісті жұмыстарды орындау мүмкін болатын өндірістік-техникалық базаны таңдау жөнінде кеңес беріледі, сондай-ақ көлік құралын қарауға уәкілетті жол полициясы бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

58. Конструкциясына өзгерістер енгізілген көлік құралы заңнамамен белгіленген тәртіппен сертификаттауға жатады.

59. Өзгерістер енгізілгеннен және сертификатталғаннан кейін көлік құралының конструкциясы мен техникалық жағдайын иесіне Көлік құралын тексеру актісін (2-қосымша) беру арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер мен стандарттарға сәйкестігін жол полициясы тексереді.

60. Конструкциясына өзгерістер енгізілген көлік құралының конструкциясы мен техникалық жағдайын тексеру кезінде көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу жүргізілген ұйымдардың орындалған жұмыстар туралы растаушы құжаттарында көрсетілген орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасының сәйкестігі бақыланады. Ол туралы мәлімет Көлік құралын тексеру актісінің "Тексеру барысында анықталған жолсыздықтар туралы ескертпелер және қосымша ақпараттар" деген бағанына енгізіледі.

Қазақстан Республикасы



Ішкі істер министрінің

2003 жылғы 13 ақпандағы

87 бұйрығымен бекітілген



Ішкі істер органдары жол

полициясы бөлімшелерінің көлік

құралдарының конструкциясы мен

техникалық жағдайын бақылауды

ұйымдастыруы жөніндегі

нұсқаулыққа 1-қосымша

Куәліктің түпнұсқадан ксерографиялық

немесе соған сәйкес тәсілмен

алынған, кәсіпорынның мөрімен

расталған көшірмесін дайындаушы

кәсіпорын әрбір дайындалған, қайта

жабдықталған көлік құралына береді

және жол полициясы автокөлік құралын

тіркеуге арналған негіздемелердің

бірі ретінде қабылдайды.



Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде

көлік құралының конструкциясына келісу туралы

КУӘЛІК

1. Техникалық құжаттаманы әзірлеуші ұйымның атауы мен мекен-жайы:

2. Көлік құралын дайындауды (конструкциясына өзгерістер енгізуді)

   жүзеге асырған кәсіпорынның атауы мен мекен-жайы:

3. Көлік құралының түрі мен үлгісі:

4. Көлік құралының конструкциясына енгізілетін өзгеріс:

5. Жоғарыда көрсетілген көлік құралдарын дайындауға (конструкциясына

өзгерістер енгізуге) арналған техникалық құжаттама ҚР ІІМ Жол полициясы

департаментімен келісілген және толық көлемде

__________________________________________________________________

  (техникалық құжаттамалардың түпнұсқасын ұстаушы ұйымның атауы)

қолында.


Осы Куәлік 200__жылдың "__" _______ дейін қолданылу мерзімімен берілді.

ҚР ІІМ Жол полициясы департаментінің

бастығы - ҚР бас мемлекеттік автоинспекторы

                                           ____________________

                                                  (қолы)

М.О.


200__жылы "__" _______

Мекеменің басшысы

М.О.

200__жылы "__" _______                     ______________________



(қолы)

Қазақстан Республикасы



Ішкі істер министрінің

2003 жылғы 13 ақпандағы

87 бұйрығымен бекітілген



Ішкі істер органдары жол

полициясы бөлімшелерінің көлік

құралдарының конструкциясы мен

техникалық жағдайын бақылауды

ұйымдастыруы жөніндегі

нұсқаулыққа 2-қосымша

Көлік құралын тексеру

АКТІСІ

200_ жылғы "__" _________ жасалды.

___________________________________________________________________

             (ЖП қызметкерінің аты-жөні, лауазымы, атағы)

1. Көлік құралының маркасы, үлгісі, түсі __________________________

___________________________________________________________________

2. Нөмірлік белгісі ____________ 4. Двигатель _____________________

3. Шасси ____________________    5. Кузов _________________________

6. Шыққан жылы ____________    7. КҚТК сериясы, нөмірі ____________

8. Көлік құралының иесі ___________________________________________

___________________________________________________________________

9. Иесінің мекен-жайы _____________________________________________

10. Тексеру барысында анықталған жолсыздықтар туралы ескертпелер және

қосымша ақпарат: _____________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

12. Техникалық жағдайы туралы қорытынды: Автомобильдің конструкциясына жол

қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптары

сақтала отырып (сақталмай) _______

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

байланысты өзгерістер енгізілді.

Жол полициясы қызметкері ___________________________

                                   (қолы)

Көлік құралының иесі ________________________________

                                   (қолы)

 

 



Қазақстан Республикасы Ішкі

істер министрінің 2003 жылғы

13 ақпандағы № 87 бұйрығымен

бекітілген Ішкі істер органдары

жол полициясы бөлімшелерінің

көлік құралдарының конструкциясы

мен техникалық жағдайын

бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі



нұсқаулыққа 3-қосымша"

 

Көлік құралына қауіпті жүктерді



тасымалдауға рұқсат беру туралы

Куәлік

 

1. Осы куәлік төменде көрсетілген көлік құралының, жол қозғалысының Ережелеріндегі, қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау Ережелеріндегі талаптарға жауап беретіндігін және олардың тасымалдауына рұқсат етілетіндігін куәландырады.



2. Осы куәлік, көрсетілген көлік құралы пайдаланудан алып тасталған, иесі өзгерген, куәліктің берілген мерзімі өткен және көлік құралы қайтадан жабдықталған жағдайда, берген жол полициясы бөлімшесіне қайтарылуға жатады.

3. Көлік құралының үлгісі (автомобиль, тіркеме, жартылай тіркеме) және маркасы _____________________________________________

4. Көлік құралының мемлекеттік нөмірлік белгісі үлгісі (автомобиль, тіркеме, жартылай тіркеме) ___________________________

5. Көлік құралының кузов үлгісі _____________________________

6. Тахографтың заводтық нөмірі _______, _____________20___ ж. дейін жарамды.

7. Көлік құралының исі және оның мекенжайы __________________

___________________________________________________________________

8. "___"_________20__ ж. көлік құралы тексерілді және мына қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберілуі мүмкін

___________________________________________________________________

(аты мен сыныбын көрсет)

9. _____________20___ ж. _____________20___ ж. дейін жарамды.

 

      жол полициясының бастығы


      ______________________                 ______________________
      "___" ________ 20__ ж.   (қолы, мөр)      (Фамилиясы, аты,
                                                  әкесінің аты)

10. Осы куәлік мерзімі "___" _______ 20__ ж. дейін ұзартылған

 

      жол полициясының бастығы


      ______________________                 ______________________
      "___" ________ 20__ ж.   (қолы, мөр)      (Фамилиясы, аты,
                                                  әкесінің аты)

 

Ескертпе: Осы куәлік жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі қауіпті жүкті тасымалдауға көлік құралына рұқсат беруді айқындайды және егер көлік құралы 5-тармақта көрсетілген басқа тасымалдаушыға, операторға немесе иесіне берілсе, куәліктің жарамдылық мерзімі өткеннен кейін және көлік құралының бір немесе одан да көп негізгі сипаттамалары айтарлықтай өзгерсе АКҚ пайдалану тоқтатылғаннан кейін оны берген Жол полициясы бөлімшесіне қайтарылуы тиіс.



 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі



істер министрінің 2003 жылғы

13 ақпандағы № 87 бұйрығымен

бекітілген Ішкі істер органдары

жол полициясы бөлімшелерінің

көлік құралдарының конструкциясы

мен техникалық жағдайын

бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі

нұсқаулыққа 4-қосымша

 

Көлік құралдарына қауіпті жүктерді тасмалдауға



рұқсат ету туралы куәліктерді тiркеу журналы

 



қ/қ

Қауіпті жүкті тасымалдаушы туралы
мәліметтер
(атауы,
мекен-жайы)

Көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі

Жүк класы

Куәлік берілген күн

Куәлік алған адамның
Т.А.Ә.А. және қолы

1

2

3

4

5

6

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет