Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №1232 Қаулысы



бет1/3
Дата30.06.2016
өлшемі442.95 Kb.
#169070
  1   2   3
«Жылу электр станцияларының қазандықтарына отынның әр түрін жағу кезінде қоршаған ортаға шығатын эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1232 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексіне және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған «Жылу электр станцияларының қазандықтарына отынның әр түрін жағу кезінде қоршаған ортаға шығатын эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2007 жылғы 14 желтоқсандағы

1232 қаулысымен



бектілген

 

 

«Жылу электр станцияларының қазандықтарында отынның алуан түрлерін



жағу кезінде қоршаған ортаға эмиссияларға қойылатын талаптар»

техникалық регламенті

 

 



1. Қолдану саласы

 

1. Осы «Жылу электр станцияларының қазандықтарында отынның алуан түрлерін жағу кезінде қоршаған ортаға эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді және жылу электр станцияларының (бұдан әрі - ЖЭС) энергетикалық блоктарының қазандықтарында отынның алуан түрлерін жағу кезінде қоршаған ортаға эмиссияларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ отын жанғаннан кейін қалдықтарды орналастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Техникалық регламент жобалық жылу қуаты 80 МВт тең немесе одан асатын, қатты қыздырылған будың 9,8-дан 25,0-ке дейінгі МПа абсолютті қысымына өнімділігі сағатына 160-тан 3950 тоннаға дейін болатын, пайдаланатын отын түріне (қатты, сұйық, газ түрінде) қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және іске қосылған, оның аумағына әкелінетін және жаңғыртылатын электр энергиясын өндіру жөніндегі энергетикалық блоктардың қазандықтарына (бұдан әрі - қазандық) қолданылады.

Осы техникалық регламенттің күші қолданылатын өнімдер тізбесі осы техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.

3. Техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін қоршаған ортаға эмиссияларға қойылатын талаптар қолданылатын қалдықтарды орналастыруға арналған қазандықтарды және алаңқайларды сәйкестендіру Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтарының және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен қазандықтарды қауіпсіз пайдалану ережесіне сәйкес қазандықтарды өндірушінің ілеспе құжаттамасында ұсынылған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

Жағатын отын түріне қарай қазандықтар:

1) көмірмен:

2) мазутпен;

3) газбен;

4) аралас түрде жұмыс істейтін болып бөлінеді.

ЖЭС-ның қазандықтарында отынның алуан түрлерін жағу кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер ететін химиялық және радиациялық қатер түрлері пайда болады.

4. Осы техникалық регламенттің талаптары маневрлік энергия блоктары үшін жоғарғы маневрлік (үдемелі және жартылай үдемелі) қазандық қондырғыларға, құрамына газ турбиналары, магнитті гидродинамикалық қазандық қондырғылар, энергия-технологиялық қазандық қондырғылар кіретін энергия блоктарына арналған қазандық қондырғыларға, қайнама қабатының оттығымен жабдықталған қазандықтары және кәдеге жаратушы қазандықтары, сондай-ақ арнайы типтің қазандықтары бар қазандық қондырғыларға қолданылмайды.



 

 

2. Терминдер

 

5. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер қолданылады:

1) түтінді (сейілетін) газдар - қазандықта отынның жануы нәтижесінде пайда болатын газдар;

2) отын - электр энергиясын өндіру жөніндегі қазандық қондырғыны әрекетке түсіру үшін пайдаланылатын кез келген қатты, сұйық немесе газ түріндегі жанатын материал;

3) қазандық қондырғысы - қазандықтың және қосалқы жабдықтың жиынтығы;

4) қазандық - отынды жағудан жылу энергиясының есебінен қысыммен буды алу үшін немесе суды қайнату үшін бір тұтас кешенге конструктивті біріктірілген құрылғы. Қазандыққа мыналар толықтай немесе ішінара кіруі мүмкін: пештің оттығы, бу қыздырғыш, экономайзер, ауа жылытқыш, каркас, қалап тастау, жылу оқшаулау, қаптау;

5) көмекші жабдық - тарту-үрлеу машиналары, қызу бетін тазалау құрылғысы, қазандық қондырғы шегінде отын бергіш пен отын дайындағыш, қож алу және күл алу жабдығы, күл ұстағыш және газ-ауа өткізгіш қазандығы кірмейтін басқа да газ тазарту құрылғылары, су, бу және отын өткізгіш құбыры, арқаулық, гарнитура, автоматика, бақылау және қорғау аспаптары мен құрылғылары, сондай-ақ қазанға жататын су дайындау жабдығы мен түтін мұржасы;

6) эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері - жылу-энергетикалық қазандық қондырғылар үшін белгіленетін электр немесе жылу энергиясының қазандық қондырғылары шығарған бірлікке арналған есептегі қоршаған ортаға шығарылған ластаушы заттардың шығарындыларының және төгінділерінің барынша рұқсат етілген мәнін көрсететін эмиссиялардың нормативтері;

7) лимиттеуші жарма - кері сулармен ластаушы заттардың төгінділеріне неғұрлым қатаң шектеулерді белгілеу қажет су сапасының нормаларын сақтауға арналған су объектісіндегі жарма;

8) бақылау жармасы - су сапасы бақыланатын су ағынының көлденең қимасы.

 

 

3. Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым шарттары

 

6. Қазақстан Республикасының нарығында қазандықтарды қауіпсіз пайдаланудың көзделген шарттарын сақтаған жағдайда осы техникалық регламентте белгіленген эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерін қамтамасыз ететін қазандықтар орналастырылуы мүмкін.

7. Қазандық пен қазандық қондырғыларда пайдаланылатын қосалқы жабдық оларды сәйкестендіруді қамтамасыз ететін және олардың осы әрі қолданыстағы техникалық регламенттер мен үйлестірілген нормативтік құжаттарға, монтаждың схемасын, пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты қамтитын өндірушінің ілеспе құжаттарына сәйкестігін куәландыратын құжаттары болуы тиіс.

8. Қазандықтар мен көмекші жабдықтың өлшем құралдары Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін рұқсат берілген өлшем құралдарының тізіліміне енгізілуі және олардың бекітілген түрге сәйкестігін растайтын құжаты болуы тиіс.

 

 

4. Жалпы қауіпсіздік талаптары



 

9. Осы техникалық регламентте белгіленген қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттар эмиссияларының техникалық үлестік  нормативтерін қамтамасыз ету үшін мынадай талаптарды міндетті түрде орындау қажет:

1) қатты, сұйық және газ түріндегі отынмен жұмыс істейтін электр энергиясын өндіру жөніндегі энергетика блоктарының құрамында қолданылатын қазандықтар қолданыстағы техникалық регламент қазандықтарына, сондай-ақ қазандықтарды қауіпсіз пайдалану ережелеріне сай болуы тиіс;

2) қазандықтарды қабылдау және пайдалануға беру қазандықтарды қауіпсіз пайдалану ережелеріне сәйкес және электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган бекіткен электр станцияларын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс;

3) қазандық жұмыстың барлық режимін және штатты кезеңдік рәсімдерді (тазалау, жуу, консервация) қамтамасыз ететін түтін газдарының сапасын бақылау жүйелерімен және (немесе) аспаптарымен жарақталуы тиіс;

4) қазандықтың электр станцияларын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес күл және газ тазалағыш жабдығы мен оның істен шыққаны туралы хабарлау жүйесі болуы тиіс;

5) қазандық қондырғыларын автоматты реттеу, қорғау және технологиялық бекіту жүйелері қазандық қондырғы жұмысының шектік көрсеткіштері асып кеткен кезде турбиналар (блок қондырғылары үшін), қоректендіру сорғылары, тарту-үрлеу машиналары тоқтаған кезде қазандықты тоқтатуды қамтамасыз етуі тиіс;

6) әрбір ЖЭС-де:

тұтынылатын отын түріне қарай қазандыққа арналған нормативтік жылу жүктемесі әзірленуі;

жүктеме есебі (ауысымдық, тәуліктік, айлық, жылдық) жүргізілуі;

қазандықтың техникалық жай-күйін тұрақты бақылау, жоспарлы жөндеу (күрделі, ағымдағы) және кезеңдік техникалық куәландыру, бірақ кемінде әрбір бес жылдан кейін жүргізілуі;

қазандықта қазандықтарды қауіпсіз пайдалану ережесінің талаптарына сәйкес атаулы деректері бар тақтайшалар бекітілуі;

қазандыққа арналған техникалық құжаттаманың жиыны (нұсқаулықтар, монтаж схемасы, сызбалар) сақталуы, егер пайдалану уақытында қазандық жаңғыртылған немесе қайта жаңартылған болса оларға уақтылы өзгеріс енгізілуі;

ЖЭС жобасында көзделген отын түрлерін пайдалану, отынды сақтау шарттары оның қасиетін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс;

қазандыққа, отынды дайындауды және беруді электр станцияларын пайдаланудың техникалық ережелеріне сәйкес қамтамасыз етуі;

егер пайдаланылған газдар атмосфералық ауаға түтін мұржасы арқылы бөлінетін болса, түтін мұржасының биіктігін қоршаған ортаның жағдайын нашарлатпайтындай етіп есептеуді қамтамасыз етуі. Бұл ретте есептеу электр станциясының барынша көп электр жүктемесі және ең суық айдың орташа температурасы кезіндегі жылу жүктемесі кезінде отын шығысы бойынша жүргізілуі тиіс. Бес және одан да көп турбиналар орнатқан жағдайда жазғы режим кезінде есептеу олардың бірін жөндеуге тоқтататынын ескере отырып жүргізіледі;

атқаратын лауазымға қойылатын талаптар көлемінде қазандықтарды пайдалануға беруді, жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персоналды арнайы даярлау жүргізу;

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының болуы және эмиссиялардың мониторингін жүзеге асыруы;

белгіленген тәртіппен зертхана аккредиттеген отынның алуан түрлерін жағу кезінде қоршаған ортаға эмиссияларға өлшеу жүргізуі тиіс.

10. Шығарындыларды тазарту үшін құрылыстарды, жабдықтар мен аппаратураны бір мезгілде қайта жаңғыртпай, қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың ұлғаюымен ілесетін технологиялық жабдықтың өнімділігін ұлғайтуға жол берілмейді.

11. Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентте белгіленген нормалардан асатын энергетикалық блоктар құрамындағы қазандықтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

12. Негізгі шикізатты және өндіріс қалдықтарын қоймалау орындарындағы радиация деңгейі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген радиациялық қауіпсіздік нормаларынан аспауы тиіс. Мүмкін болатын радиациялық қауіпті аймақтарда қызмет көрсететін персонал жеке қорғау және дозиметрия құралдарымен жарақтандырылуы тиіс.

13. Электр энергиясын өндіру үшін кәсіпорын электр станцияларын техникалық пайдалану ережелеріне және ең үздік қол жетімді технологияларға сәйкес тазарту құрылғыларын және атмосфералық ауа мен ағынды суларды қоса алғанда, қоршаған табиғи ортаға ең аз әсер ететін отынды пайдалануы тиіс.

 

 

5. Атмосфералық ауаға эмиссияларға қойылатын талаптар

 

14. Қазандықтардан атмосфералық ауаға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері қатты, сұйық және газ түріндегі отынды бөлек және аралас пайдаланатын жұмыс істеп тұрған, жаңадан іске қосылатын және қайта жаңартылатын қазандық қондырғылар үшін атмосфералық ауаға қатты бөліктерді, күкірт және азот оксидтерін шығарудың шекті мәнін белгілейді.

15. Жұмыс істеп тұрған, қайта жаңғыртылатын және 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске қосылатын мыналармен жұмыс істейтін қазандықтар үшін:

1) қатты отынмен жұмыс істейтіндерде қатты бөліктер эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген мәннен аспауы тиіс;

2) қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтіндерде күкірт оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 2-кестесінен көрсетілген мәннен аспауы тиіс;

3) қатты, сұйық және газ түріндегі отынмен жұмыс істейтіндерде азот оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген мәннен аспауы тиіс.

16. Жұмыс істейтін, қайта жаңартылатын және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылатын мыналармен жұмыс істейтін қазандықтар үшін:

1) қатты отынмен жұмыс істейтіндерде қатты бөліктер эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 3-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген мәннен аспауы тиіс;

2) қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтіндерде күкірт оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 3-қосымшаның 2-кестесінен көрсетілген мәннен аспауы тиіс;

3) қатты, сұйық және газ түріндегі отынмен жұмыс істейтіндерде азот оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген мәннен аспауы тиіс.

17. Азот оксидтері мен күкірт оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері азот диоксиді мен күкірт диоксидінде қайта есептеуде берілген. Азот оксидтері мен күкірт оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері құрғақ газда қайта есептеуде берілген.



Атмосфералық ауаға осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 2 және 3-кестелерінде және 3-қосымшаның 2 және 3-кестелерінде көрсетілген күкірт және азот оксидтері эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері М100 маркалы және/немесе сапасы жоғары мазутты жағу кезінде жарамды.

18. Атмосфералық ауаға ауаның 1,4-ке тең артық коэффициенті кезінде қазандықтан шығарылатын көміртегі тотығы эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері:



1) газ бен мазут үшін - қалыпты жағдай кезінде (температура 0оС, қысым 101,3 кПа) - 300 мг/м3;

2) көмір үшін:

қатты қож алғышы бар қазандықтар үшін - қалыпты жағдай кезінде (температура 0оС, қысым 101,3 кПа) - 400 мг/м3;

сұйық қож алғышы бар қазандықтар үшін - қалыпты жағдай кезінде (температура 0оС, қысым 101,3 кПа) - 300 мг/м3 аспауы тиіс;

ауаның артық коэффициентінің мәні үшін 1,4 мәнінен айырмасы бар зиянды ластаушы заттардың шоғырлануы осы техникалық регламентке 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.

19. Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері 1,4-ке тең ауаның артық коэффициенті кезінде түтінді газға жатқызылады. Түтінді газдардағы ластаушы заттардың шығарындыларын есептеу формуласы осы техникалық регламентке 5-қосымшада келтірілген.

20. Сұйық отын үшін күл эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері белгіленбейді. Мазут күлінің шығарындыларын нормалау мазут күлінің шектік рұқсат етілетін орташа тәуліктік қоспасы (ванадий элементінде қайта есептеу) 0,002 мг/м3 есебінен ондағы ванадийдің болуымен айқындалады.



Атмосфералық ауаға қатты заттар эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-3 кестелері мен 3-қосымшаның 1-кестесі бойынша отынның келтірілген күлді болуы шегінде көрсетілген мәндерді интерполяциялау жолымен қабылданады, оның үстіне эмиссиялардың үлкен техникалық үлестік нормативтері келтірілген күлді болудың басым мәндеріне жатады.

21. Тәулік ішінде эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерінің орташа мәні нормативтік мәннен аспаған және 30-минуттық асып кетудің жиынтық ұзақтығы қазандық қондырғының жыл ішіндегі жалпы жұмыс уақытының кемінде 3%-ын құраған жағдайда қазандықтың 30 минут ішіндегі эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерінің екі есеге асып кетуіне рұқсат етіледі.

22. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде шығарындыларды реттеу ластаудың әрбір бастау көзі бойынша эмиссиялар мен кәсіпорындардың барлық жұмыс режимдері кезінде шығарындыларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды ескеретін сәйкестендірілген нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

 

 

6. Ағынды сулардың эмиссияларына қойылатын талаптар

 

23. Ластаушы заттардың су объектілеріне шекті рұқсат етілетін төгінділерінің нормативтері ағынды су эмиссияларының шамасы болып табылады.

Ағынды сулар төгінділерінің шекті рұқсат етілетін нормативтері әрбір төгінділердің көзі мен тұтастай алғанда, ЖЭС-на арналған есептер негізінде айқындалуы тиіс.

24. Әрбір ЖЭС-ның ағынды сулар төгінділерінің шекті рұқсат етілетін нормативтерінің есептік мәні және төгінділер, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін белгіленген есептік нормативтерге қол жеткізудің жоспар кестесі болуы тиіс.

25. Жекелеген бастау көздер бойынша шекті рұқсат етілетін төгінділердің нормативтері эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтеріне тең белгіленеді не қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтері негізінде есептеу жолымен айқындалады.

26. Ағынды сулардың шектік рұқсат етілетін төгіндісі республиканың ауыл шаруашылығы алқаптарын суландыру мен тыңайту үшін оларды және олардың тұнбасын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуі және осы техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға жатқызылған ағынды суларды пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.



Шекті рұқсат етілетін төгінділерді белгілеу мынадай жолмен:

1) бақылау жармасынан жоғары орналасқан барлық су пайдаланушылар осы жармадағы сапа нормаларын қамтамасыз етуі тиіс, ал лимиттеуші жармадағы судың сапасын нормативке дейін жеткізу олардың ортақ күш жұмсауымен жүзеге асырылуы тиіс;

2) ағынды сулар төгіндісі кезінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келісілген су қорғау іс-шаралары сақталуы тиіс лимиттеуші жарма қағидатына негізделуі тиіс.

Шекті рұқсат етілетін төгінділердің нақты шамасын қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша ЖЭС белгілейді және нормативтік құжаттармен, яғни халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитарлық-эпимдемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес айқындалатын ластаушы заттардың шекті рұқсат етілетін шоғырлануына, сондай-ақ оның орналасқан орнына қарай әрбір нақты ЖЭС үшін жасалған есептерге сәйкес болуы тиіс.

 

 

7. ЖЭС-ның қалдықтарын орналастыру кезінде эмиссияларға қойылатын талаптар

 

27. Өндіріс қалдықтарының айналымы және оларды орналастыру жөніндегі экологиялық талаптар экологиялық заңнаманың және осы техникалық регламенттің нормаларына сәйкес келуі тиіс.

28. ЖЭС қызметі нәтижесінде пайда болатын қалдықтар арнайы бөлінген алаңқайларда сақталуы тиіс қауіпті уытты заттарға жатады. ЖЭС қалдықтар жиналған сәттен бастап олардың қауіпсіз айналымын қамтамасыз етуі тиіс.

29. Қалдықтарды орналастыруға арналған арнайы алаңқайлар оларға еркін қол жеткізуді, өндіріс қалдықтарын (күлдер мен қож) жедел бақылауды, есептеуді және жоюды қамтамасыз ететіндей түрде таңдалуы тиіс.

30. Күл-қож үйінділерін орналастыру мен сақтауға арналған алаңкайлардың аумағы ЖЭС жұмысын ескере отырып кемінде 25 жылға көзделуі тиіс.

Күл-қож үйінділерін мұндай алаңдарда орналастыру амалсыз болатын жағдайларды қоспағанда, жақын маңдағы елді мекендердің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, темір жол магистралдарының, автомобиль магистраль жолдарының, мұнай-газ құбырларының, ауыл шаруашылығы объектілерінің жоспарлы белгілерінен асатын толтыру белгісі бар алаңқайларында оларды орналастыруға жол берілмейді. Бұл жағдайда сыртқы гидро-қож-күл алу жүйесі жобасында көрсетілген объектілерді қорғауды қамтамасыз ететін шаралар электр станцияларын техникалық пайдалану ережелеріне, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес көзделуі тиіс.

31. Күлдің шаңдануын, сондай-ақ іргелес аумақтың сусыздануын және су қоймаларының ластануын болдырмау және алдын алу үшін күл-қож үйінділерінде магистралдық күл-қож құбырлары мен су құбырларының жүйесі болуы тиіс.

32. Нақты экологиялық географиялық ауданның шегінде өндіріс қалдықтарын орналастырудың экологиялық нормативтерін және уытты өнеркәсіп қалдықтарын орналастырудың шекті санын есептеу осы техникалық регламентпен үйлестірілген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.

33. Кәсіпорын аумағында жиналатын өндіріс қалдықтарының экологиялық заңнамаға сәйкес қалдықтардың қауіптілік паспорты болуы тиіс.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет