Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 Қаулысы



бет1/8
Дата23.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#6396
  1   2   3   4   5   6   7   8
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысы

(2014.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚР Үкіметінің 2011.30.09. № 1122 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15 және 238-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (бұдан әрі - ұйымдардың қызметкерлері) еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленсін. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі өзіне:

1) 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімі;

2) 2 , 3-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;

3) қосымша ақылар, үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар мен өтемақылар төлемдері;

4) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлерінің шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары негізінде еңбекақы төлеуді қамтиды.

Кесімді еңбекақы төлеу жүйесі орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) немесе дайындалған өнімнің заттай өлшем бірліктерінде көрсетілген әр бірлігі (көлемі) үшін еңбекақы төлеуді көздейді.

ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 45 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мыналар:

1) 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойынша лауазымдар тізілімі;

2) 2, 3-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;

3) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 24-1, 25-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;

4) 23-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;

5) 27, 28-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және үстемеақы белгіленетін шығыс түрлерінің тізбесі бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 45 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мыналар:

1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры лауазымдық жалақылардан (ставкалардан); еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан; азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылатын бір лауазымдық жалақысы мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады;

заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттік жоғары оқу орындары қызметкерлерінің жекелеген санаттарына еңбекақы төлеу лауазымдық жалақылардың (ставкалардың) белгіленген мөлшеріне жоғарылататын коэффициентпен жүзеге асырылады;

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры шетелдік валютадағы лауазымдық жалақылары негізге алына отырып айқындалады;

2) ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс стажына, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады;

педагог қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін лауазымдық жалақылар (ставкалар) заңнамада бір аптаға белгіленген нормативтік оқу жүктемесіне қарай айқындалады;

осы қаулыға 24, 24-1-қосымшаларда көрсетілген жекелеген республикалық ұйымдардың және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың мамандары мен қызметшілерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) есептеу үшін коэффициенттердің белгіленген мөлшеріне 1,72 жоғарылататын коэффициентті қолдана отырып айқындалады;

3) еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар әрбір жағдайда коэффициентке сәйкес есептелген лауазымдық жалақыға (ставкаға) немесе базалық лауазымдық жалақыға қарай есептеледі; заңнамалық актілерде белгіленген қосымша ақылардың жекелеген түрлері ең төменгі айлық жалақы мөлшеріне қарай есептеледі;

4) өтемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады деп белгіленсін.

ҚР Үкіметінің 2012.17.09. № 1209 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.31.05. № 598 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Мыналар:

1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін осы қаулыда белгіленген шекте қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшері заңнамаға сәйкес салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалады;

2) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт жүйесі ұйымдарының қызметкерлеріне белгіленген еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар басқа қызмет салаларында тиісті лауазымдарда істейтін және мамандығы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылады;

3) ұйымдардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын (қызмет саласының ерекшеліктерін ескере отырып) есептеудің тәртібі мен шарттарын орталық атқарушы және тиісті қызмет салаларында уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) айқындайды;

4) медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді;

4-1) жан басына шаққанда нормативтік қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы мен олардың қызмет нәтижелеріне қарай білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді;

5) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне жалақысындағы айырма қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес олардың орташа жалақысы бұрын қолданылған еңбекақы төлеу жүйесі бойынша орташа жалақысынан төмен болып шыққан жағдайларда және олар дәл сол лауазымда жұмыс істеп жүрген жағдайда төленеді деп белгіленсін;

6) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекітеді деп белгіленсін.

ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1553 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік басқару органдарына:

1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету;

2) қызметкерлерге кесімді еңбекақы төлеу кезінде кесімді бағалауларды бекіту құқығы берілсін.

ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1553 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Ұйымдардың басшыларына:

1) мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының санаттар бойынша тізілімінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдану, сондай-ақ функционалдық міндеттеріне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестіру;

2) кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілсін.

7. «Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 38-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспедегі «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысын» деген сөздер «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200 жылғы « » № қаулысын» деген сөздермен ауыстырылсын.

8. Осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

9. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

ҚР Үкіметінің 2011.27.08. № 976 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.17.09. № 1209 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1553 Қаулысымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1400 қаулысына

1-қосымша



Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда)

санаттар бойынша лауазымдарының

тізілімі

G-1

Республикалық мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы*

Басшы: жоғары оқу орнының (ЖОО-ның); ғылыми-зерттеу институтының (ҒЗИ); орталықтың (ұлттық, ұлттық ғылыми, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, халыққа қызмет көрсету, сот сараптамасы, сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, геологиялық ақпараттың ақпараттық қауіпсіздігі саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру), сауда өкілі.

G-2

Академик-хатшы

Басшының орынбасары: ЖОО-ның; ҒЗИ-дың; орталықтың (ұлттық, ұлттық ғылыми, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, халыққа қызмет көрсету, сот сараптамасы, сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, геологиялық ақпараттың ақпараттық қауіпсіздігі саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру)

Республикалық мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының бірінші орынбасары*

Басшы: біліктілікті арттыру институтының; ҒЗИ (орталық), ЖОО жанындағы клиниканың

Сауда өкілінің орынбасары.



G-3

Бас ғалым хатшы

Бас ғылыми қызметкер

Республикалық мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары*

Біліктілікті арттыру институты басшысының орынбасары

Мәдениет және мұрағат ісі, спорт мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы

Орталық басшысы (ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпараттық-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми-енгізу, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндірістік, өндірістік, жобалау-іздестіру)

ЖОО оқу-есептеу орталығының басшысы

Басшы: институт (филиал, факультет); зертхана, жасақ; қызмет

Су жолдары қазыналық кәсіпорнының басшысы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорнының басшысы

Халыққа қызмет көрсету орталығының операция залының бастығы, Халыққа қызмет көрсету орталығының бас бухгалтері.



G-4

Бас сарапшы

Басшысының орынбасары: мәдениет және мұрағат ісі, спорт мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорны

Орталық басшысының орынбасары (ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпарат-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістеме, ғылыми-енгізу, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндірістік, өндірістік, жобалау-іздестіру)

Басшының орынбасары: Институт (факультет); зертхана; жасақ; қызмет

Су жолдары қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары

Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа)

Жетекші кафедра; кабинет, суда құтқару қызметінің

Кеңесші


Ғалым хатшы

Көркемдік жетекші

Халыққа қызмет көрсету орталығының операция залы бастығының орынбасары.

G-5

Жетекші ғылыми қызметкер

Жетекші сарапшы

Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа)

Профессор

Бөлімше, станция, филиал, шлюз, кешен, цикл: зертхана; жасақ; қызмет; орталық; су жолдары қазыналық кәсіпорны; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемесі басшысы



G-6

Бас: агроном, әкімші, карантиндік зертхананың бактериологы, балетмейстер, ветеринариялық зертхананың биохимигі, карантиндік зертхананың вирусологы, карантиндік зертхананың гельминтологы, карантиндік зертхананың гербологы, гидротехник, дирижер, флот жөніндегі диспетчер, дыбыс режиссері, инженер, инспектор, ветеринариялық зертхананың ихтиопатологы, кинооператор, конструктор, орманшы, механик, ветеринариялық зертхананың микологы, ветеринариялық зертхананың микробиологы, аңшы шаруашылығының маманы, ветеринариялық зертхананың паразитологы, жұмыс өндіруші (прораб), ветеринариялық зертхананың радиологы, редактор, режиссер, балық өсіруші, ветеринариялық зертхананың серологы, құтқарушы, ветеринариялық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, хормейстер, сақтаушы, суретші, карантиндік зертхананың фитопатологы, эколог, экономист, энергетик, карантиндік зертхананың энтомологы, ветеринариялық зертхананың эпизоотологы

Бөлімше, станция, филиал, шлюз, кешен, цикл: зертхана; жасақ; қызмет; орталық; су жолдары қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары

Доцент


Баспасөз хатшысы

Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлімшесінің, филиалының басшысы

Басшы топ: консультация, инспекция; ЖОО кітапханасының басшысы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қазыналық кәсіпорны бөлімінің (қызметінің)

Суда құтқару қызметі жасағының, тобының басшысы

Ғылыми-практикалық орталықтың аға әдістемешісі

Аға ғылыми қызметкер

Аға: оқытушы, ЖОО-ның оқытушысы, сарапшы



G-7

Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлімшесі, филиалы басшысының орынбасары

Басшының орынбасары тобы: консультация; инспекция

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қазыналық кәсіпорны бөлім (қызмет) басшысының орынбасары

Ғылыми-практикалық орталықтың әдістемешісі

Ғылыми қызметкер

Басшының көмекшісі: Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын; ЖОО; Ұлттық ғылыми-практикалық орталық

Оқытушы: ЖОО, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орны

Мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы

Сектор бөлімшесінің (бөлімінің) бөлімше филиал басшысы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемесі құрамындағы автоматтық станция, тренажер, гарнизондық жатақхана басшысы

ЖОО азаматтық қорғаныс штабының басшысы

Аға: геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженері, консультант, жаттықтырушы, мастер

Біліктілікті арттыру институтының аға әдістемешісі

Сарапшы.

G-8

Ассистент

Геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженері

Консультант

Біліктілікті арттыру институтының әдістемешісі

Әдістемелік кабинеттің әдістемешісі

Кіші ғылыми қызметкер

Бөлімшенің, филиалдың секторы, бөлімшесі (бөлімі) басшысының орынбасары

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемесі құрамындағы автоматтық станция, тренажер басшысының орынбасары

Меңгерушісі: мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын құрамындағы: дәріхана, мұрағат, мұрағат қоймасы, ЖОО-ның аспирантурасы, база, монша-кір жуу комбинаты, ЖОО-ның бассейні, кітапхана, интернат, ЖОО-ның лагері, шеберхана, жөндеу-механикалық шеберхана, мұражай, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімше (орталық), өндіріс, арнаулы медициналық жабдықтау қоймасы, тылды және пайдалану-техникалық қамтамасыз ету қоймасы, спорт құрылысы, асхана, труппа, ЖОО-ның оқу зертханасы бөлім, (көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық), цех

Меңгеруші: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемесі бассейні, клубы, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, кинофильмді жалға алу бөлімшесі, стадион, оқу кабинеті.

G-9

Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер.



G-10

Бiлiктiлiгi жоғары деңгейлi маман: агроном, агрохимик, аккомпаниатор, актер, әртiс, археограф, мұрағатшы, сәулетшi, карантиндiк зертхананың бактериологы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, биолог, биохимик, бухгалтер, карантиндiк зертхананың вирусологы, мал дәрiгерi, жетекшi, тәрбиешi, гельминтолог, геодезист, герболог, гидрогеолог, гидротехник, дирижер, авиация және автомобиль тасымалдары диспетчерi, дыбыс режиссерi, зоолог, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, ихтопатолог, капитан, кинорежиссер, командир, конструктор, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант, концертмейстер, тiлшi, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, орманшы, ұшқыш-бақылаушы, логопед, мастер, медициналық бике, менеджер, әдiстемешi, механик, миколог, микробиолог, музыкалық жетекшi, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аңшы шаруашылығының маманы, палеограф, паразитолог, аудармашы, режиссердiң көмекшiсi, провизор (фармацевт), продюсер, жұмыс өндiрушi (прораб), психолог, радиолог, редактор, режиссер, қоюшы-режиссер, репетитор, референт, балық өсiрушi, селекционер, серолог, солист, әлеуметтанушы, күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер, әлеуметтік педагог, құтқарушы, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, әскери есепке алу және броньдау жөнiндегi маман, жұмыспен қамту орталығының маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі маман, зерттеушi-тағылымдамашы, статистик, технолог, ветеринариялық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, химик-талдаушы, хореограф, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), фитопатолог, штурман, эколог, экономист, экскурсовод, электроншы, карантиндiк зертхананың энтомологы, эпидемиолог, эпизоотолог, заңгер консультант.

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi аға маман: акушерка, тәрбиешi, емдәм бикесi, тiс дәрiгерi, тiс технигi, мастер, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджерi, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, фармацевт, фельдшер (-зертханашы).

G-11

Біліктілігі орташа деңгейдегі маман: акушерка, маманның ассистенті (көмекшісі), тәрбиеші, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, мастер, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, барлық мамандықтағы мұғалімдер, фармацевт, фельдшер (-зертханашы).



G-12

Біліктілігі орташа деңгейлі аға маман: агроном, аккомпаниатор, әртіс, мұрағатшы, сәулетші, режиссердің ассистенті, балетмейстер, кітапханашы, бухгалтер, ветеринарлық фельдшер, жетекші, геодезист, дирижер, әуе және автомобиль тасымалдары диспетчері, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, капитан, командир, концертмейстер, корректор, тілші, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, менеджер, әдістемеші, механик, музыкалық жетекші, музыкатанушы, кино-бейнепроекциялық аппаратура басқару пультінің операторы, оптикометрист, оптик-офтальмолог, режиссердің көмекшісі, бағдарламашы, жобалаушы, жұмыс өндіруші (прораб), репетитор, рентген зерттеуші, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, статистик, технолог, хореограф, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер, суретші-конструктор (дизайнер), штурман, эколог, экономист, экскурсовод, электроншы, энергетик, заңгер консулы.



G-13

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi маман: агроном, аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, сәулетшi, маманның ассистентi (көмекшiсi), режиссердiң ассистентi, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, ветеринарлық фельдшер, жетекшi, геодезист, дирижер, авиация және автомобиль тасымалдары диспетчерi, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, капитан, командир, концертмейстер, корректор, тiлшi, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, орманшы, мастер, менеджер, әдiстемешi, механик, музыкалық жетекшi, музыкатанушы, кино-бейнепроекциялық аппаратура басқару пультiнiң операторы, оптикометрист, аудармашы, режиссердiң көмекшiсi, бағдарламашы, жұмыс өндiрушi (прораб), жобалаушы, редактор, репетитор, үйiрме жетекшiсi, күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер, әскери есепке алу және броньдау жөнiндегi маман, жұмыспен қамту орталығының маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі маман, статистик, барлық атаудағы техниктер, технолог, жаттықтырушы, хореограф, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), шкипер, штурман, экономист, экскурсовод, электроншы, энергетик, заңгер консультант.

Мемлекеттік мекемеге және қазыналық кәсіпорынға әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің жетекшісі: билет кассалары, бюро (анықтама, машиналық жазба, ақпараттық, көшіру-көбейту), монша, вивария, видеотека, гараж, іс жүргізу, сақтау камерасы, кеңсе, ат ауласы, киім бөлмесі, жылу қазандығы, сүт асханасы, кітапхана, кір жуатын орын, жалға беру пункті, қойма, ауысым, станция, торап, учаске, шаруашылық, фильмотека, фонотека, фотозертхана, бөлім, экспедиция.

G-14

Техникалық орындаушылар: архивариус; ассистент, кезекші әкімші; рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші; диктор, диспетчер; инкассатор; нұсқаушы; калькулятор; кассир; кодтаушы; кодификатор; комендант; билет тексеруші; көшіргіш; шетел мәтінімен жұмыс істейтін, диктофондық топтың, редакция, бюро машинисткасы, машинистка-стенографистка; әкімші, дыбыс жабдықтарына, хабар беру техникасына, теледидар жабдықтарына қызмет корсету жөніндегі, кассалық, дизельдік жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі механик; бақылаушы; мұражай қараушысы; нарядшы; көшіру көбейту машиналарының жарық аппаратурасы, байланыс жүйелері, қауіпсіздік қызметі, бейне жазба, дыбыс жазба, телетайп, телефакс, телекс, радио, компьютерлік техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі, диспетчерлік қызмет операторы; күзетші, паспортшы; медициналық бикенің, тәрбиешінің көмекшісі; тіркеуші, хатшы, хатшы-машинист, хатшы-стенографист; оқу бөлімінің хатшысы; статистик; стенографист; суфлер; есеп жүргізуші; табельші; есепке алушы; фельдъегерь, экспонат сақтаушы, сызушы, экспедитор.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет