Источник: ИС ПАРАГРАФ, 09.12.2011 15:59:43
Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 мамырдағы № 555 Қаулысы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
К. Мәсімов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011жылғы 21 мамырдағы
№ 555 қаулысымен бекітілген
Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Саудамақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес қабылданған.
2. Қағида кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеуді жүргізу тәртібін айқындайды.
3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеуді жүргізудің мақсаты мән-жайларды, себептерді, салдарды белгілеу, қатысты тұлғалардың іс-қимылын бағалау, оларды болдырмау бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ авариялардың алдын алу жөнінде тиісті ұсынымдар дайындау болып табылады.
4. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кемелерді су басу - корпустың суға толық батуы немесе корпусқа судың кіруі немесе аударылуы нәтижесінде жүзгіш қорлардың толық жоғалуы;
2) көліктік оқиға - кемемен болған, оны апатқа және теңізде жүзу қасиетін жоғалтуға, кеменің басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарын, және теңіз инфрақұрылымы объектілерінің зақымдауына әкеп соқтырған оқиға;
3) теңізде жүзу қасиеті - кеменің жүзуде пайдалану жағдайларындағы әрекетін айқындайтын сипаттамаларының жиынтығы: жүзгіштігі, беріктігі, суға батпайтындығы, жүргіштігі, басқарушылығы.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшесі) көліктік оқиғаны тергеу органы болып табылады.
6. Сауда мақсатында теңізде жүзу мақсатында пайдаланылатын теңіз кемелерімен, ішкі су көлігі кемелерімен және өзенде-теңізде жүзу кемелерімен соқтығысуға байланысты көліктік оқиғаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасына сәйкес Порттың теңіз әкімшілігі тергейді.
7. Комитеттің аумақтық бөлімшесі көліктік оқиға туралы мәліметтерді осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитетке және көліктік прокуратураға дереу хабарлайды.
8. Нәтижесінде адам өлімі не ауыр дене жарақаттары болған көліктік оқиғалар не кемеден адамдар жоғалып кеткен, сондай-ақ кеменің толық конструктивтік қирауы, кемені су басуы, кеменің навигациялық жабдық құралдарын, теңіз инфрақұрылымы объектілерін зақымдап, оларды пайдаланудан шығаруға әкеп соқтыруы авария ретінде сыныпталады.
9. Осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілмеген басқа жағдайларда көліктік оқиға пайдалану оқиғасы ретінде сыныпталады.
10. Көліктік оқиғаны тергеудің жүргізілуін бақылауды Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы жүзеге асырады.
2. Көліктік оқиғаларды тергеу тәртібі
11. Көліктік оқиғаларды тергеу кемелердің жүзу ауданындағы көліктік оқиғалардың салдарын жоюға және кеме қозғалысын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға кедергі болмауға тиіс.
12. Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеу көліктік оқиға Комитеттің аумақтық бөлімшесінде тіркелген сэттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.
13. Аумақтық бөлімшенің қызметкері көліктік оқиғаны тергеу кезінде көліктік оқиға болған жерге келген соң, зақымдалған кемелер мен объектілерді тексеріп қарауды жүргізеді.
14. Комитеттің аумақтық бөлімшесінің қызметкері көліктік оқиғаның қатысушыларынан және куәгерлерінен жазбаша сұрау жүргізеді, оның барысында мыналар анықталады:
1) шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің, шағын көлемді кемеге кеме билетінің болуын, шағын көлемді кемені жүргізушінің жүзу өтілі;
2) шағын көлемді кеме жүргізушісі оқиғадан кейін дереу адамдарға және кемелерге көмек көрсету үшін қабылдаған шаралары.
15. Комитеттің аумақтық бөлімшесінің қызметкері көліктік оқиғаға қатысқан кемелерді қарап, оның барысында мыналарды тексереді:
1) көліктік оқиғаның алдын алуда жай-күйі маңызды болған кеме құрылғылары мен аспаптарының жарамдылығы;
2) корпусы және оның су өткізбеушілік жағдайы;
3) бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері;
4) сигнал оттарының болуы мен олардың көрінуі.
16. Комитеттің аумақтық бөлімшесінің қызметкері көліктік оқиға орын алғанға дейінгі, ол орын алған уақыттағы және одан кейінгі кемелердің қозғалысы мен орналасуының схемасын құрастырады, бұл ретте көліктік оқиға кезінде орын алған жағдай мен факторлардың әсер ету деңгейін, атап айтқанда:
метереологиялық жағдайларды (көріну қашықтығы, желдің, жаңбырдың, тұманның, толқынның және басқа метеорологиялық факторлардың болуы);
оқиға болған ауданда басқа кемелердің болуы және олардың көліктік оқиға салдарына әсер етуін белгілейді.
17. Кемелердегі көліктік оқиғаларды тергеуді жүргізуге байланысты барлық мәселелер бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми ұйымдар, арнайы сараптамалық комиссиялар зертханаларының құзыреті шегінде олармен тікелей өзара іс-қимыл жасайды.
18. Көліктік оқиғаны тергеу мынадай жағдайларда:
1) көліктік оқиғаға қатысы бар адамдарда күтпеген мән-жайлар (ауыру, іссапар және басқа себептер) туындаған;
2) сараптама, тәжірибе жұмыстарын жүргізу немесе кемелерді су басуына, олардың қирауымен байланысты көліктік оқиғаның мән-жайларын қосымша анықтау үшін;
3) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми ұйымдар, сараптамалық комиссиялар зертханаларының, құзыреті шегінде олардың құжаттарын, материалдарын және қорытындыларды ұсыну үшін Комитеттің шешімі бойынша күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
19. Кемелермен болған көліктік оқиғалардың себептерін білікті және дәйекті белгілеуді қамтамасыз ету үшін оларды тергеу кезінде Комитеттің аумақтық бөлімшесі ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми ұйымдар, сараптамалық комиссиялар зертханаларының сарапшылары мен мамандарын тартады.
20. Сараптамалық комиссияны немесе көліктік оқиғалар бойынша жекелеген сарапшыларды Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы тағайындайды.
Сараптама тағайындалған кезде сараптамалық комиссиясының (сарапшының) алдына сараптама жүргізу барысында шешуге жататын нақты мәселелер қойылады, материалдар ұсынылады.
21. Сарапшылар болып жоғары немесе техникалық арнайы орта білімі бар және кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар адамдар (кеме жүргізушілері, кеме механиктері, электр механиктері, электр техниктері, радио техниктер, гидротехниктер, корабль жасаушылар, пайдаланушылар) және жобалау-конструкторлық ұйымдардың қызметкерлері тағайындалады.
Сараптамаға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының келісімі бойынша көрсетілген ұйымдардың мамандарын шақыруға болады.
22. Сарапшылар өз міндеттерін орындау кезінде:
көліктік оқиғаларды тергеудің сараптамалық қорытындысы үшін қажетті материалдармен танысады;
кемелерді және олардың құрылғыларын қарап тексеруді жүргізеді, кеме механизмдерінің, жүйелерінің, қүрылғыларының, аспаптарының және басқа жабдықтарының жұмыс істеуін тексереді.
23. Сарапшылар қорытындыда сараптамалық комиссиясының алдына қойылған барлық мәселелерге жауаптарды көрсетеді. Қойылған мәселеге егжей-тегжейлі әрі толық жауап беру мүмкін болмаған жағдайда сарапшылар бұған дәлелді түсінік береді.
3. Көліктік оқиғаларды есепке алу
24. Көліктік оқиғаны Комитеттің аумақтық бөлімшесі осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін Көліктік оқиғаларды тіркеу журналына (бұдан әрі - Тіркеу журналы) тіркейді.
25. Тіркеу журналы нөмірленеді, тігіледі және ол Комитеттің аумақтық бөлімшесінің мөрімен расталады.
4. Көліктік оқиғаларды тергеу материалдарын қарау тәртібі
26. Тергеу материалдары бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесінің тергеу жүргізген қызметкері көліктік оқиғаны сыныптайды және дәлелді қорытынды жасайды.
27. Тергеу қорытындылары бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесі көліктік оқиға туралы қорытынды жасайды, бір-бір данадан Комитетке және көліктік оқиғаға тікелей жол берген қатысушыларға жібереді.
28. Қорытындыда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) көліктік оқиғаға қатысушылар туралы қысқаша мәліметтер (кемелердің атауы, қуаты, қозғалыс бағыты, кеме жүргізушілер және көлік оқиғасына басқа қатысушылар туралы мәліметтер, оларда тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, лауазымы және жұмыс орны, шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі туралы мәліметтер, шағын көлемді кемеге кеме билеті, жұмыс өтілі тіркелді);
2) көліктік оқиғаның уақыты және орны, навигациялық жабдықтың немесе теңіз инфрақұрылымы объектілерінің орналасуы және оларға кемелердің қатысы бойынша жағдайы;
3) көліктік оқиға мән-жайларының және ауа райы жағдайларының қысқаша сипаты, көліктік оқиғаға қатысы бар кеме жүргізушілері мен басқа адамдардың іс-қимылы, олардың алкогольдік, нашақорлық немесе уыттық мастануының болу жағдайы;
4) көліктік оқиғаның себептері;
5) кемелердің, жүзбелі объектілердің зақымдану орнын, мөлшері мен сипатын, жағалау объектілерінің немесе құрылыстарының зақымдануын, адамдардың ауыр дене жарақаттарын алуын, қаза болуын, кемеден жоғалып кетуін сипаттай отырып, көліктік оқиғаның салдары;
6) көліктік оқиғаның салдарын жою үшін пайдаланылған техникалық құралдар;
7) көліктік оқиғаға тікелей жол берген немесе оның туындауына ықпал еткен адамдардың тізбесі;
8) кемелердегі көліктік оқиғалардың болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар.
29. Комитеттің аумақтық бөлімшесінің қорытындысы мен көліктік оқиға бойынша материалдар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Комитет оларды қарайды, содан кейін шешім шығарады.
30. Кеме иесі, кеме жүргізушісі қорытындыны алғаннан кейін техникалық жай-күйін, одан әрі пайдалану және/немесе жөндеу шарттарын анықтау мақсатында Комитеттің аумақтық бөлімшесіне кемені кезектен тыс техникалық куәландыруға ұсынады.
Кеме кітабында мемлекеттік
тіркелуге жататын
кемелермен болған көліктік
оқиғаларды тергеу қағидасына
1-қосымша
Нысан
Көліктік оқиға жөніндегі мәліметтер
№
|
Атауы
|
Мәліметтер
|
1
|
Көліктік оқиға жөнінде хабарлаған адам (ұйым) туралы мәліметтер (күні, уақыты, Т.А.Ә, байланыс тел.)
|
|
2
|
Көліктік оқиғаның болған күні және уақыты
|
|
3
|
Кеменің тіркеу нөмірі және түрі, кеме иесі, кеме жүргізушісі
|
|
4
|
Көліктік оқиға орнының координаталары
|
|
5
|
Кеме қозғалысының бағыты
|
|
6
|
Кеме жүргізушісі мен кемеде болған өзге адамдар туралы мәліметтер
|
|
7
|
Ауа райының метеорологиялық жағдайы
|
|
8
|
Навигациялық жабдықтардың, теңіз инфрақұрылымы объектілерінің болуы
|
|
9
|
Болған жағдай туралы мәліметтер (көліктік оқиғаның себептері, кеменің, навигациялық жабдықтың, теңіз инфрақұрылымы объектілерінің зақымдануының болуы және сипаты, қаза тапқандардың, дене жарақатын алғандардың және кемеден жоғалып кеткендердің саны, қоршаған ортаны ластау)
|
|
10
|
Көліктік оқиғаны бағалауға және көмек көрсету мен зардаптарды жою үшін техникалық құралдарды тарту қажеттігі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін өзге мәліметтер
|
|
Кеме кітабында мемлекеттік
тіркелуге жататын
кемелермен болған көліктік
оқиғаларды тергеу қағидасына
2-қосымша
Нысан
Көліктік оқиғаларды тіркеу журналы
№
|
Көліктік оқиғаға тартылған кеменің (кемелердің) тіркеу нөмірі және түрі / Тип и регистрационный номер судна (судов), вовлеченных в транспортное происшествие
|
Кеменің меншік иесі немесе кеме иесі (жеке тұлғалар үшін) Т.А.Ә, тіркелген орнының мекенжайы (занды тұлғалар үшін) деректемелер Собственник судна или судовладелец (для физ. лиц.) Ф.И.О., адрес места прописки, (для юр. лиц.) реквизиты
|
Кеме жүргізуші (Т.А.Ә, тіркелген орнының мекенжайы) / Судоводитель (Ф.И.О. адрес места прописки)
|
Көліктік оқиға болған күні, айы, жылы және уақыты / Число, месяц, год и время транспортного происшествия
|
Көліктік оқиға болған жер / Место транспортного происшествия
|
Көліктік оқиғаны сыныптау / Классификация транспортного происшествия
|
Көліктік оқиғаның себебі/ Причина транспортного происшествия
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
кестенің жалғасы
Көліктік оқиғаның салдары / Последствия транспортного происшествия
|
Шығындар / Убытки -
|
Көліктік оқиғаға қатысы бар тұлғалар / Причастные к транспортному происшествию лица
|
Тергеуді бастау/ Начало расследования
|
Тергеуді аяқтау / Окончание расследования
|
Мерзімді ұзарту туралы мәліметтер / Сведения о продлении срока
|
Профилактикалық шаралар / Профилактические меры
|
Басқа мәліметтер / Другие сведения
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
Достарыңызбен бөлісу: |