Мемлекеттік театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы №1211 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тұрғындар үшін театр, мәдени-демалыс және концерт іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары;
2) Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары бекітілсін.
2. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
34-тарау мынадай мазмұндағы 270-1-тармақпен толықтырылсын:
«270-1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бюджеттік субсидиялар бөлу көзделген болса, оларды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Тұрғындар үшін театр, концерттік және мәдени-демалыс іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 27 қаулысы;
2) «Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы № 31 қаулысы.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 қазандағы №1211 қаулысымен
бекітілген
Тұрғындар үшін театр, мәдени-демалыс және концерт іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттік
субсидиялар бөлу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне және «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына сәйкес әзiрлендi және тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты залалды жабуға субсидиялар бөлу тәртiбiн айқындайды.
2. Бюджеттiк субсидиялар тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты мемлекеттiк театр, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарының залалын пайыздық өтеуге (қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.
2. Тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу тәртiбi
3. Республикалық және жергілікті бюджеттен бюджеттiк субсидиялар таратуды бюджеттік бағдарлама әкімшісі сомаларды мемлекеттiк театрлардың, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарының өздерi өз қаражаты есебiнен жабатын құнды шегергендегi мемлекеттiк театрлардың, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарының ағымдағы шығыстарының құнын жабуға жiберу жолымен жүзеге асырады.
4. Республикалық және жергілікті бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлу бюджеттерді атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бекітетін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандық және селолық маңызы бар ұйымдарды қоспағанда, субсидиялардың мөлшерi мемлекеттiк театрлардың, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарының жалпы ағымдағы шығыстары сомасының 80%-ынан аспауға тиiс.
5. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергілікті уәкiлеттi орган қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекiткеннен кейiн он бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарына бөлiнетiн бюджеттiк субсидиялар көлемi туралы мәлiметтердi жеткiзедi.
6. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары алатын бюджеттiк субсидиялар екiншi деңгейдегі банктерде өздерi ашатын ағымдағы шотқа есепке алынады және қатаң түрде мақсатқа сай жұмсалады.
7. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары бюджеттiк субсидиялар алу үшiн бюджет бағдарлама әкiмшiсiне:
1) жыл сайын, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша алынған бюджеттiк субсидиялар көлемiнiң негiзiнде алдағы жылға арналған көрсетiлетiн қызметтер бойынша кiрiстер мен шығыстардың бекiтiлген есебiн;
2) ай сайын, айдың 25-күнiнен кешiктiрмей осы Қағидалардың
3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы айдың шығындарын жабу есептерiн бередi.
8. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 15 күнінен кешіктірмей, қаржы-шаруашылық қызметі бойынша бекітілген есептің ұсынылуын қамтамасыз етеді.
9. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары есептердiң дұрыстығына және дұрыс жасалуына жауапты болады, олардың бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.
10. Мемлекеттiк театрларға, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарына бюджеттiк субсидияларға бөлiнген бюджет қаражатының тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуына бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi жауапты болады.
Тұрғындар үшін театр, мәдени-демалыс және концерт іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидаларына
1-қосымша
_______________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20_____жылғы
кiрiс жоспары
Р/с № Спектакльдердiң, концерттердiң саны (дана) Көрермен-дердiң саны (мың адам) Кiрiстер (мың теңге) Ескертпе
Билет сатудан Жалға беруден Өзге де
1 2 3 4 5 6 7
Тұрғындар үшін театр, мәдени-демалыс және концерт іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидаларына 2-қосымша
_______________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20_____жылғы
шығыс жоспары
мың теңге
Р/с
№ Көрсеткiштердiң атауы Сомасы Ескертпе
1 2 3 4
Тұрғындар үшін театр, мәдени-демалыс және концерт іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидаларына 3-қосымша
____________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20___жылғы ____ айындағы
мемлекеттiк театрлардың, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарының шығындарын жабу есебi
мың теңге
Өткізілетін қызметтердiң құны Меншiктi кiрiстердiң сомасы Субсидиялардың сомасы
1 2 3
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 қазандағы №1211 қаулысымен бекітілген
Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне және «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына сәйкес әзiрленді және тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға субсидиялар бөлу тәртiбiн айқындайды.
2. Субсидиялар тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттiк мұражайлардың залалын пайыздық өтеуге (қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.
2. Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттiк мұражайлардың залалын жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу тәртiбi
3. Республикалық және жергілікті бюджеттен бюджеттiк субсидиялар таратуды бюджеттік бағдарлама әкімшісі сомаларды мұражайлардың өздерi өз қаражаты жабатын құнды шегере отырып, мемлекеттiк мұражайлардың ағымдағы шығыстарының құнын жабуға жiберу жолымен жүзеге асырады.
4. Республикалық және жергілікті бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлу бюджеттерді атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бекітетін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандық және селолық маңызы бар мұражайларды қоспағанда, субсидиялардың мөлшерi мемлекеттiк мұражайлардың жалпы ағымдағы шығыстарының 80 %-ынан аспауы тиiс.
5. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергілікті уәкiлеттi орган қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекiткеннен кейiн он бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк мұражайларға бөлiнетiн бюджеттiк субсидиялар көлемi туралы мәлiметтердi жеткiзедi.
6. Мемлекеттiк мұражайлар алатын бюджеттiк субсидиялар екiншi деңгейдегі банктерде өздерi ашатын ағымдағы шотқа есепке алынады және қатаң түрде мақсатқа сай жұмсалады.
7. Мемлекеттiк мұражайлар бюджеттiк субсидиялар алу үшiн бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне:
1) жыл сайын, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша алынған бюджеттiк субсидиялар көлемiнiң негiзiнде алдағы жылға арналған көрсетiлетiн қызметтер бойынша кiрiстер мен шығыстардың бекiтiлген есебiн;
2) ай сайын, айдың 25-күнiнен кешiктiрмей осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы айдың шығындарын жабу есептерiн бередi.
8. Мемлекеттiк мұражайлар бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 15-күнінен кешіктірмей, қаржы-шаруашылық қызметі бойынша бекітілген есептің ұсынылуын қамтамасыз етеді.
9. Мемлекеттiк мұражайлар есептердің дұрыстығына және дұрыс жасалуына жауапты болады, олардың бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.
10. Мемлекеттiк мұражайларға бюджеттік субсидияларға бөлiнген бюджет қаражатының тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуына бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi жауапты болады.
Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидаларына
1-қосымша
_______________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы_________
кiрiс жоспары
Р/ c №
Көрмелер саны Экскурсиялар саны Келушiлер саны (мың адам) Кiрiстер (мың теңге) Ескертпе
Билет сатудан Жалға
беруден Өзгелер
1 2 3 4 5 6 7 8
Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидаларына
2-қосымша
___________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы_________
шығыс жоспары
мың теңге
Р/с №
Көрсеткiштердiң атауы Сомасы Ескертпе
1 2 3 4
Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидаларына
3-қосымша
_____________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы_____ айына
мемлекеттiк мұражайлардың залалдарын жабу есептемесi
мың теңге
Сатылатын қызметтердiң өзiндiк құны Меншiктi кiрiстер сомасы Субсидиялар сомасы
1 2 3
Достарыңызбен бөлісу: |