Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 21 желтоқсандағы №21/312



Дата26.02.2016
өлшемі17.33 Kb.
#26733


5 сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтау қаласы 4/ 2015 жыл _______
Маңғыстау облыстық мәслихатының

2014 жылғы 21 желтоқсандағы № 21/312

«Маңғыстау облысындағы субсидиялауға

жататын 2015 жылға арналған әлеуметтік

мәні бар облысішілік залалды маршруттар

тізбесін бекіту туралы» шешіміне

толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 1014 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсанындағы № 21/312 «Маңғыстау облысындағы субсидиялауға жататын 2015 жылға арналған әлеуметтік мәні бар облысішілік залалды маршруттар тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2589 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысындағы субсидиялауға жататын 2015 жылға арналған әлеуметтік мәні бар облысішілік залалды маршруттар тізбесінде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:

«4. «Ақтау – Қызылтөбе – Батыр – Ақтау» маршруты».

2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Облыстық мәслихат

хатшысы

Б. Сарман. Б. Жүсіпов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________ Ө.С. Бисақаев



«___»_______________2015 жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет