Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



бет1/13
Дата30.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#167843
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13






Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

№ қаулысымен

бекiтiлген



«Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы санитариялық қағидалар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге, пайдалануға беруге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына, күтіп-ұстауға және пайдалануға, тәрбиелеу, тұру жағдайларына, тамақтануды ұйымдастыруға, персоналды гигиеналық тәрбиелеуге (жеке гигиенаға), тәрбиелеу мен оқыту жағдайларына (мектеп оқулықтарына), өндірістік практикаға, медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы санитариялық қағидалар мынадай қызметтерді жүзеге асыратын тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қолданылады:

1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту (барлық үлгідегі балалар- сәбилер бақшалары, балалар толық және қысқа мерзімге болатын мектепке дейінгі тәрбиелеу орталықтары, бала күтуші қызметтері);

2) жалпы орта білім беру (мектептер, гимназиялар, лицейлер) бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (кәсіптік лицейлер, училищелер, колледждер, жоғары техникалық мектептер) және жоғары кәсіптік білім беру (университеттер, академиялар, институттар және оған теңестірілгендер (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер), сондай-ақ арнайы және түзету оқу бағдарламаларын іске асыру;

3) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және олардың тұратын орындарын ұйымдастыру (сәбилер үйлері, жетім балаларға және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары, интернат ұйымдары, жасөспірім балалар үйлері, пансионаттар, медреселер, жетімханалар және басқалары);

4) балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және дене тәрбиесін (қосымша білім беру мекемелері – балалар мен жастар шығармашылығы орталықтары, музыкалық, спорт және көркемсурет мектептері, жасөспірім балалар орталықтары, аулалық клубтар, жас натуралистер станциялары, оқу-өндірістік комбинаттары, оқу курстары және басқа да мектептен тыс ұйымдар) ұйымдастыру.

3. Санитариялық қағидаларды қабылдағанға дейін пайдалануға берілген балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісілген мерзімдерде осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келтіріледі.

4. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу кезінде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізіледі.

6. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1) шағын жинақталған мектеп – оқушылар контингенті аз, біріккен сынып-жиындары және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше түрі бар жалпы білім беру мектебі;

2) арнайы киім – шикізаттарды, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектерден, микроорганизмдерден және басқа да ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиыны;

3) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тамақтардың сапасын бағалау;

4) гимназия – оқушылардың бейімділігі мен қабілеттілігіне байланысты бастауыш, негізгі орта және гуманитариялық салалар бойынша жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

5) дайындау бөлмесі – азық-түлік шикізаттарын дайындау және жартылай фабрикаттарды өңдеу жүргізілетін үй-жай;

6) дайындау алдындағы бөлме – жартылай фабрикаттардан дайын тамақ өнімін дайындауды жүзеге асыратын үй-жай;

7) дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтуға және дене күші қабілетін дамытуға бағытталған қызмет саласы;



8) жалпы бiлiм беру мектебі – әрқайсысы жеке қызмет істей алатын, бастауыш, негізгі және жоғары үш деңгейді қамтитын негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта білім беретін оқу орны;

9) жартылай фабрикаттар – алдын ала жылумен өңдеуге дайындалған шикі тамақ өнімдері;

10) жарамдылық мерзімі – тамақ өнімін шығару (дайындау), айналысы үдерістерінің (сатыларының) шарттары сақталған кезде мерзімі өткенше тамақ өнімін мақсаты бойынша пайдалану үшін қауіпсіз болып саналатын кезең;

11) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орындар бере отырып, тәрбиелеу мен білім беру үшін қолайлы жағдай жасалатын білім беру жүйесінің мемлекеттік мекемесі;

12) жиынтық оқу жүктемесі – факультативтік және секциялық сабақтарды, үйірмелерді өткізуге бөлінетін сағаттары бар оқу сағаттарының жиынтығы;



13) инсоляция – үй-жайды гигиеналық бағалау үшiн күн радиациясының нормаланатын көрсеткiші;

14) интернат ұйымдары – тұратын орын бере отырып, белгiлi бiр санаттағы адамдардың бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн бiлiм беру ұйымдары;

15) интерлиньяж – кітаптағы және басқа да баспа басылымдарындағы екі жол арасындағы аралық, ашық жер;

16) кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары (бұдан әрі – КББО);

17) қажу – жұмысқа қабілеттіліктің, организмнің функционалдық мүмкіндігінің уақытша төмендеу жағдайы;

18) қатарластырып орналастыру – жиһаздар мен жабдықтарды үй-жайдың ортасында, бірінен кейін бірін қатар орналастыру;

19) кегль (кегель) – әріптің биіктігін (очко) және оның астыңғы және үстіңгі бос аралығын қоса алғандағы қаріп өлшемі, пунктпен өлшенеді – 1 пункт 0,376 миллиметрге тең (бұдан әрі – мм);

20) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температура, ылғалдылық) бойынша бөлінетін аумақ;

21) қоғамдық тамақтану – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты қызмет;

22) балаларға қосымша білім беру мекемелері – балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлғасын дамытудың, денсаулығын нығайтудың және кәсібін өзі белгілеудің, шығармашылық еңбегінің, олардың жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеудің, бос уақытын пайдалы өткізуді ұйымдастырудың қажетті жағдайларын қамтамасыз етуге арналған мектептен тыс мекеме;

23) күн і – балалар мен жасөспірімдерге арналған тәрбиелеу мен білім беру ұйымдарындағы белгіленген күн тәртібі;



24) литера – дөңбек жағында бедерлі әріп, сан немесе белгі бейнеленген типографиялық қорытпадан, ағаш немесе пластмассадан жасалған тік бұрышты шағын білеу;

25) лицей – оқушылардың бейiмділіктері мен қабiлеттерiне сәйкес тереңдетiп, бейінді, саралап оқытуды көздейтiн негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын орта білім беретін оқу орны;

26) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту ұйымы (бұдан әрі – МДТОҰ) – мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қызметтің ерекше түрлерін есепке ала отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын, сондай-ақ қосымша сауықтыру және заңнамада көзделген басқа да қызметтерді көрсететін, сыйымдылығы 4-тен 12-ге дейін топтар болатын мектепке дейінгі ұйымдар;

27) мектеп алды сыныптары – жалпы білім беретін мектептерде бес, алты жастағы балаларды тегін міндетті мектеп алды даярлау жүргізілетін сыныптар;

28) мектеп оқулығы – нақты білім саласындағы материал қазіргі заманғы ғылым мен мәдениеттің деңгейінде жүйелі түрде берілетін оқушыларға арналған кітап;

29) оқу сағаты – техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары үшiн сабақтың (жаттығудың) немесе дәрiстердiң сабақ басталғаннан үзiлiске дейiнгі ұзақтығы;

30) оқу жүктемесі – әрбір жас тобы үшін оқу сағаттарымен өлшенетін оқу-тәрбие үдерісіне оқушылар мен тәрбиеленушілердің қатысуының нормаланатын жиынтығы;



31) оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ і білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалар, денсаулық сақтау және білім беру органдарының оқу жоспарлары мен ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады;

32) оқу құралы – тиiстi оқу бағдарламасының белгiлi бiр пәнi бойынша материалы мазмұндалатын оқушылар мен тәрбиеленушiлерге арналған әдебиет;

33) оңтайлы микроклиматтық жағдай – балаларға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылуы жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;



34) ортасына орналастыру – жиһаз бен жабдықты үй-жайдың ортасында топпен орналастыру;

35) очко – литерде, стереоүлгіде дөңбек жағында бедерлі әріптерді немесе белгілерді басып шығаратын бет;

36) периметрлік орналастыру – жиһаздарды, жабдықтарды қабырғаға (периметр бойынша) жақын орналастыру;

37) петит – 8 пунктке (3 мм жуық) сәйкес келетін типографиялық қаріп, кегль (өлшем);

38) рекреация – үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта оқушылардың демалуына және күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;

39) рухани (діни) білім беру ұйымдары – діни қызметкерлерді даярлаудың кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

40) сақтау мерзiмi – тамақ өнiмiнiң нормативтiк құжаттарда көрсетiлген өздерiнiң барлық қасиеттерiн сақтайтын, белгiленген шарттарды сақтау кезеңi;

41) санитариялық-аулалық қондырғылар (САҚ) – жерүсті бөлiгi мен қазылған шұңқыры бар, ғимараттан кемiнде 25 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта, объектінің аумағында орналасқан кәрiзденбеген дәретхана. Жерүсті үй-жайларын тығыз бір біріне тығыз жалғасқан материалдармен (тақтайлармен, кірпіштермен, блоктармен) жасайды. Шұңқыр су өткізбейтін материалдан жасалады. Шұңқырдың тереңдігі жерасты суының деңгейіне байланысты, бірақ 3 метрден аспайды;

42) сәбилер үйі – жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, некесіз жас аналардан туған балаларды, сондай-ақ ақыл-есі мен дене бітімі кемтар балаларды тәрбиелеуге және оларға медициналық көмек көрсетуге арналған мемлекеттік мекеме;

43) септик – сарқынды сұйықтық ағып өтетiн бiр немесе бiрнеше камераны қамтитын, көлденең үлгідегi жерастындағы тұндырғыш ретiнде шағын көлемдегi тұрмыстық сарқынды суды тазалауға арналған құрылыс;

44) спорт объектілері – балалар және жасөспірімдермен емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбиелік жұмыстарды және бос уақытты мәдени ұйымдастыратын және жүзеге асыратын ұйымдар;



45) сыныптардың толықтырылуы – бұл оқу сыныбының үй-жайының ауданына қатысты сыныптағы оқушылардың саны;

46) тауар көршiлестiгі – тауардың сапасына әсер ететін ластануын және бөгде иістердің сіңуін болдырмайтын, шикі және дайын өнімдердің бірге сақталуына және өткізуіне жол бермейтін жағдайлар;

47) таңертеңгi сүзгi – инфекциялық аурудың әкелiнуiнiң алдын алуға бағытталған профилактикалық медициналық iс-шаралар;



48) тез бұзылатын тамақ өнiмдерi – қатаң регламенттелген мерзiм iшiнде тасымалдаудың, сақтаудың және өткiзудiң арнайы талаптарын қажет ететiн тамақ өнiмдерi;

49) технологиялық жабдық – өндіріс жұмысы үшін қажетті механизмдердің, машиналардың, құрылғылардың, құралдардың жиынтығы;

50) табиғи жарықтандыру коэффициентi (бұдан әрi – ТЖК) – үй-жайды табиғи жарықтандырудың нормаланатын көрсеткiші;

51) ұтымды тамақтану – тамақтанудың физиологиялық және жас ерекшелік нормаларын ескере отырып, теңестірілген тамақтандыру;

52) топтық бөлiк – бiр топтағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуді және оқытуды ұйымдастыруға арналған үй-жайлардың жиынтығы;

53) топтың жинақталуы – топтағы балалардың нормаланатын саны;

54) түсіру орны – азық-түлік шикізаттарын және тамақ өнімдерін қабылдайтын орын;

55) форзац – екі төрт беттік парақ, оның біреуі кітап блогының бірінші парағын мұқабаның алдыңғы жағымен біріктіреді, ал екіншісі – блоктың соңғы парағын артқы бетімен қосады;



56) халықтың аз қозғалатын топтары – кресло-арбалармен және/немесе басқа да қосалқы құралдардың көмегімен қозғалатын, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және онымен ауыратын мүгедектер, сондай-ақ алып жүрушінің көмегімен қозғалатын, нашар көретін және/немесе көзі көрмейтін азаматтар;

57) шағын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (шағын орталықтар) – сыйымдылығы 3 топқа дейін, жеке тұрған ғимаратта, көп пәтерлі тұрғын үйде, сондай-ақ ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналасқан мектепке дейінгі білім беру ұйымдары;

58) шмуцтитул — жеке, таза, мәтінсіз, әдетте тақ санды беттегі оқулық бөлімінің тақырыбы (айдары);

59) кәріп гарнитурасы – әртүрлі кегльдері (өлшемдері) бар, бірақ очколарының суреттері бірдей кәріптер жиынтығы.

2. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру

объектілерінің жер учаскесін таңдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
7. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінің (бұдан әрі – объектілер) құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, қайта жаңартуға және пайдалануға беруге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде жол беріледі.

8. Объектілердің учаскелерінің құрамы мен ауданы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның талаптарына сәйкес қолданылады.

Әртүрлі үлгідегі арнайы мектеп интернаттарының учаскелері мен алаңдары аймақтарының құрамы мен аудандары осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

9. Дене бітімі мен ақыл-естің дамуында кемшіліктері бар балаларға арналған арнайы түзету білім беру мекемелерінің жер учаскесінің ауданы ұйымның бейініне байланысты кемінде 2,2 гектар (бұдан әрі – га) көзделеді.

10. Жер учаскесінің ауданы есту қабілеті бұзылған балалар үшін бір орынға 50 шаршы метр (бұдан әрі – м2), көру қабілеті және ақыл-есі бұзылған балалар үшін 60 м2, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін 65 м2 есебімен қабылданады.

11. Көп қабатты тұрғын үйлерде, жеке үй иелігінде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын мектептен тыс ұйымдарда жеке жер учаскесі болмауы мүмкін.

12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (кәсіптік лицейлер, училищелер, колледждер, жоғары техникалық мектептер) (бұдан әрі – ТКБ), жоғарғы кәсіптік білім беру (университеттер, академиялар, институттар және оған теңестірілген (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер (бұдан әрі – ЖОО) орындарының, жалпы білім беретін ұйымдардың және интернаттардың, мектептен тыс ұйымдардың учаскесінің аумағы кемінде 1,2 метр биіктікте, сәбилер үйлерінде, МДТОҰ-да, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтарында (бұдан әрі – КББО) кемінде 1,6 м биіктікте, білім берудің арнайы түзету ұйымдарында кемінде 2 м биіктікте қоршалады.

13. Объект учаскесінің көгалдандыру ауданы учаскенің жалпы ауданының 30 пайызында (бұдан әрі – %) және одан да артық көзделеді. Аумаққа улы жемiстердi, сондай-ақ гүлдегенде мамықты тұқымдар беретiн ағаштар мен бұталарды отырғызуға жол берілмейді.



14. Объектінің учаскесіне кiру және көлiкпен кіру жолдары, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинайтын алаңдарға, санитариялық-аулалық қондырғыларға өтетiн жолдар асфальтпен, бетонмен немесе басқа да қатты жабынмен жабылады.

Қарау құдықтары бар аумақ тығыз жабылатын люктермен жабдықталады.

15. Қоқыс жинағыштар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады, ғимараттан кемiнде 25 м қашықтықта, үш жағынан қоршалған, бетондалған немесе асфальтталған алаңға орнатылады. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын объектілердің қоқысын жинау үшін тұрғын үйдің ортақ қоқыс салғышы пайдаланылады.

16. Объектінің аумағында және оның қоршауының сыртынан 5 м радиуста күнсайын жинау жүргізіледі.



17. Объектінің (ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда орналасқан объектілерді қоспағанда) жер учаскелерінде: негізгі ғимарат(тар), демалыс, дене шынықтыру-спорт және шаруашылық орналастыру аймақтары бөлінеді.

Ұйымның түріне сәйкес мынадай қосымша аймақтар: сәбилер үйлерінде, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, МДТОҰ-да топтық алаң аймағы ТКБ-да, ЖОО-да оқу-өндірістік, әскери дайындық, тұрғын (жатақхана, сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету объектілері), автомобильдер мен басқа да автокөліктер тұрағы үшін ашық алаңдар көзделеді. Оқу-тәжірибе аймағы бейініне байланысты бөлінеді.

Мектептен тыс мекемелерде аймақтардың санын және олардың көлемін іске асырылатын бағдарламалардың бағытына байланысты мекемелердің өздері айқындауы мүмкін.

18. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру ұйымдарының санитариялық аспаптарының саны мен көлемі осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес объектілердің түріне және бейініне байланысты көзделеді.

19. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарының, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО, ТКБ, ЖОО-ның дене шынықтыру-спорттық аймағында жабдықтары және спорттық снарядтары, жүгіру жолы, секіруге арналған шұңқырлары бар қозғалыс ойындарына (футбол алаңы, баскетбол және (немесе) волейбол алаңдары) арналған алаң көзделеді.

Ашық ауадағы дене шынықтыру және спорт алаңдары таза ұсталуы және тегіс болуы, зақымдалуға және жарақаттануға себеп болуы мүмкін бөгде заттардан бос болуы тиіс.

20. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза (тас, бұтақтар, жапырақтары жоқ) құммен толтырады, секіру алдында ішін қопсытады және тегістейді. Шұңқырлардың ағаш ернеулері жердің бетімен бір деңгейде орналастырылады. Мектептен тыс спорт ұйымдарындағы шұңқырлардың ернеулерін брезентпен немесе резеңкемен қаптайды. Жүгіру жолдарының беткі қабатын қатты, жақсы құрғатылған, нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жабыннан жасайды.

21. Шаруашылық аймақта қазандықтарды, отын қоймасын, басқа да шаруашылық құрылыстарды орналастырады. Сәбилер үйінің, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған ұйымдардың, МДТОҰ-ның, КББО-ның, интернат ұйымдарының аумағында көкөністер өсіруге жол беріледі. Шаруашылық аймақ көкөніс пен жеміс-жидектер қорларын сақтау үшін көкөніс сақтайтын қоймасы жабдықталады.



22. Шаруашылық аймақта қатты төсем (асфальт, бетон) төселеді және дербес кіретін жол болады. Көлік кіретін жол ұйымның топтық алаңдарына, сондай-ақ демалыс аймағына баратын жаяу жүргінші жолымен қиылыспауы тиіс.

23. Обект учаскесінің аумағында жаңбырдың және еріген сулардың ағызылуы көзделеді.

24. Объект ғимаратының сыртқы жарықтандыру жабдығы аумаққа біркелкі жарықтың түсуін қамтамасыз етуі тиіс. Учаске аймағында кешкі мезгілде, соның ішінде санитариялық-аулалық қондырғыларда жасанды жарықтандыру мына нормалар негізінде көзделеді: жерде қызу шамдары болған жағдайда кемінде 10 люкс (бұдан әрі – лк), люминесценттi шамдар кезінде 20 лк, арнайы түзету білім беру ұйымдары үшін тиісінше 20 лк және 40 лк.

25. Сәбилер үйінің, МДТОҰ-ның топтық алаңдары әрбір балалар топтары үшін бөлек болуы тиіс, сәби топтарда бір орынға 7,5 м2 және мектепке дейінгі ұйымдарда 7,2 м2 аудан көзделеді. МДТОҰ-да ойын алаңдарының көлемі бір орынға кемінде 6 м2 қабылданады. Барлық алаңдар бір бірінен жасыл көшеттермен (бұталармен) оқшауланады.

26. Әрбір топтық алаңда күн мен жауын-шашыннан қорғайтын және көлеңке түсіретін ауданы 40 м2 болатын көлеңке қалқалары болуы тиіс. Көлеңке түсіретін қалқалардың едені ағаш тақтайлардан болуы тиіс. IV климаттық белдеудегі және III Б ауданындағы көлеңкелік қалқалар екі жағынан қоршалады.

Сәбилер үйінің жасыл учаскелерінде дене шынықтырумен айналысу үшін алаңдар орналастырады.

27. Көп пәтерлi тұрғын үйлердiң бiрiншi қабатында, жеке үй иелiгiнде, ішіне – жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын МДТОҰ- нда есік алды аумағында МДТОҰ-дан 50 м аспайтын қашықтықта және МДТОҰ ғимаратының сыртқы қабырғасынан немесе көп пәтерлi тұрғын үйден кемiнде 10 м қашықтықта 1 балаға көлемі кемінде 3,5 м2 болатын тек ойын алаңын көздеуге жол берiледi.

28. Сәбилер үйі мен МДТОҰ-ның ойын алаңдарында ғимараттағы топтық бөлiктерге сәйкес келетiн үй-жайдан шығу есiгiмен ыңғайлы байланыс болуы тиіс. МДТОҰ-ның сәби жастағы балаларына арналған алаңдар осы топтардың үй-жайлардан шығу есiгiне тiкелей жақын орналасады.

29. Ойын алаңдарындағы жабдық балалардың бойына және жасына сай орналастырылуы, сенімді және берік етіп бекітілуі тиіс. Жабдықтың бетінде шығыңқы немесе кедір-бұдырлы жерлер, көрінетін бұрандалар болмауы тиіс, су өткізбейтін жабыны болуы және жақсы тазартылуы тиіс.

30. Сәби жастағы балалар үшін қозғалыс ойындарына арналған жабдықтары бар аймақтың бетi – шөптен, қалған барлық аймақтар – қатты немесе құм себiлген немесе ұсақ қиыршық тастармен нығыздалған құм жабынынан болуы тиіс. Тротуар плитаны қолдануға жол берiледi.

31. Объектінің жер учаскесі ғимараттан қызыл сызыққа дейiнгі қашықтығы кемiнде 25 м, ауылдық елдi мекендерде кемiнде 10 м болуы тиіс.

Жер учаскелерi гараждарға және ашық тұрақтарға дейінгі қашықтықта автомобильдер санына байланысты бөлінеді: 10 машинаға дейiн және одан аз – 15 м; 10-нан бастап 100 машинаға дейiн – 25 м; 100 машинадан артық – 50 м.

32. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған учаске аумағында тротуарлар мен жолдың еңістігі 5 градустан (бұдан әрі – ºС) аспайтын, жолдың ені кемінде 1,6 м болуы көзделеді. Бұрылыстарда және әрбір 6 м сайын демалысқа арналған алаң көзделеді.

33. Соқыр және нашар көретін балаларға арналған учаскеде серуендейтін жолдардың ені кемінде 3 м болуы және екі деңгейдегі екі жақты қоршауы: 90 сантиметр (бұдан әрі – см) биіктікте баспалдақ таянышы және 15 см биіктікте планкасы болуы тиіс. Балалардың жүруіне кедергі келтіретін барлық заттарға (ағаштар, бұталар, бағандар) арналған қоршау көзделеді. Дуалдар, қабырғалар, бағаналар және басқа да кедергілер ойын алаңының шекарасынан кемінде 2,5 – 3,0 м қашықтықта орнатылуы тиіс.



3. Объектілерді жобалауға, салуға, қайта жаңартуға,

жөндеуге, пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
34. Объектілер бөлек ғимаратқа немесе бірнеше бөлек ғимараттарға орналастырылуы тиіс. Ғимараттарды жылу өтетін жерлермен жалғастыруға жол беріледі. IV климаттық ауданда орналастырылатын ғимараттар үшін жылытылатын өту құрылғылары қажет етілмейді.

35. Сәбилер үйін арнайы жеке тұрған 1 – 2 қабатты ғимаратттарда орналастырады.



36. МДТОҰ объектілерін 3-қабаттан асырмай жобалайды. Сейсмикалық аудандарда орналасқан жалпы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жалпы білім беру ұйымдары объектілерін 4 қабаттан аспайтындай етіп жобалайды. 4-ші қабатта әкімшілік-шаруашылық үй-жайларды, мұражайды, зертханаларды, препараттар үй-жайларын орналастыруға жол беріледі. МДТОҰ ғимаратының үшінші қабатында ересек (4 жастан бастап) жас тобындағы балалардың топтық бөліктері, залдар және жұмысқа арналған өзге де арнайы үй-жайлар, қызметтік-тұрмыстық және рекреациялық үй-жайлар орналастырылады.

Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналастырылатын объектілердің тұрғын үйдің кіреберісімен қосылмаған бөлек есігі болады.

37. Жалпы білім беретін ұйымдардың мектепке дейінгі және бастауыш сыныптары екінші қабаттан жоғары орналастырылмайды.



38. Тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған және соқыр балаларға арналған арнайы түзету жалпы білім беру ұйымдарының ғимараты екі қабаттан артық болмауы тиіс. Саңырау және сөйлеу қабілеті қиын балалар үшін үш қабатты ғимарат салуға жол беріледі. Арнайы түзету жалпы білім беру ұйымдарының мектеп жасына дейінгі тобын ұйымдастыру кезінде топтық бөліктерді екі қабаттан асырмай, көру қабілеті нашар балалар үшін бір қабатты бөлек ғимаратта немесе блоктарда орналастырады.

39. Сәбилер үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, МДТОҰ-ның үй-жайлардың ауданы осы Санитарилық қағидаларға 4- қосымшаға сәйкес келуі тиіс.



Арнайы түзету білім беру ұйымдарындағы оқу үй-жайының ауданы бір оқушы есебінен қабылданады:

1) ақыл-есі дамымаған балалар және психикалық дамуы кешеуілдеген балалар үшін – 2,2 м2;

2) полиомиелит салдарынан зардап шеккен және енжар паралич ауруымен ауыратын балалар үшін – 3,5 м2;

3) қалған балалар үшін – 3,0 м2.

40. Жалпы білім беру ұйымдарының оқу сыныптарындағы үй-жайлардың ауданы 1 оқушыға 2,5 м2 , шеберханаларда – 3,75 м2 болады.

ТКБ мен ЖОО – ның дәрісханаларының ауданы:

1) 12 – 15 орын үшін 1 оқушыға 2,5 м2 ;

2) 25 орын үшін 1 оқушыға 2,2 м2 ;

3) 30 орын үшін 1 оқушыға 1,8 м2 .

Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда 50 – 150 орын үшін 1 оқушыға 1,2 м2 .

Жоғары оқу орындары мен оқу комбинаттарында:

1) 50 – 75 орын үшін 1 оқушыға 1,5 м2 ;

2) 75 – 100 орын үшін 1 оқушыға 1,3 м2 ;

3) 75 – 100 жоғары орындар үшін 1 оқушыға 1,3 м2 ;

4) 100 – 150 жоғары орындар үшін 1 оқушыға 1,2 м2;

5) 150 – 350 жоғары орындар үшін 1 оқушыға 1,1 м2 ;

6) 350 және одан жоғары орындар үшін 1 оқушыға 1,0 м2 .

Дәрісханалар, оқу кабинеттері, зертханалар жерүсті қабаттарда орналасуы тиіс.

41. Мектептен тыс мекемелердің негізгі және қосымша үй-жайлары ауданының көлемі қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруға, бір реттік сыйымдылыққа, білім беру технологиясына, инженерлік-техникалық жабдыққа, қажетті жиһазбен жарақтандыруға байланысты осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қабылданады.

Майлы көркем сурет шеберханалары үшін 1 оқушыға ауданы кемінде 4,8 м2 үй-жай, 1 оқушыға ауданы кемінде 4,0 м2 акварельді көркем сурет және суретке арналған шеберханалар, 1 оқушыға кемінде 3,6 м2 мүсін жасау шеберханалары; 1 оқушыға кемінде 4,5 м2 қолданбалы өнер және компазиция шеберханалары бөлінеді. Қолданбалы өнер және компазиция шеберханаларының жанында ауданы кемінде 9 м2 қойма болуы тиіс, мүсін жасау шеберханасының жанында – саз және гипсты сақтауға арналған екі қойма болуы тиіс.

Музыкалық сабақ жүргізу үшін ауданы кемінде 12 м2 фортепьянода және басқа да (ішекті, үрмелі, халықтық) аспаптармен жеке сабақтарға арналған; ауданы кемінде 36 м2 музыкалық-теориялық сабақтарға арналған (15 оқушыға дейін) топтық; ауданы 1 адамға кемінде 2 м2, биіктігі 4,0 м төмен емес хор және оркестр сабақтарына арналған үй-жайлармен жабдықталады.

Музыкалық бөлімшенің жанында ауданы кемінде 10 м2 музыкалық аспаптарды сақтауға арналған үй-жай болуы тиіс.

Музыкалық аспаптармен жүргізілетін сабақтарға арналған үй-жайлардың әрленуі дыбыс оқшаулау іс-шараларын көздеуі тиіс.

Хореография сабақтары үшін бір оқушыға ауданы 3 – 4 м2 есебімен ырғақтық және би сабақтарына арналған зал жабдықталады.

Теориялық сабақтарды ұйымдастыру кезінде қосымша білім беру мекемелерінде ауданы бір адамға кемінде 2,5 м2 есебімен үй-жай бөлінеді.

42. Балалардың саны объектінің жобалық сыйымдылығынан аспауы тиіс. Сырттай оқу түрі ұйымдастырылған кезде жобалық сыйымдылық 30 %-ға кеңейтіледі. Қашықтан оқу түрі бойынша оқитындардың саны жалпы санға енгізілмейді.

43. Оқудың 2-ші ауысымдық тәртібін ұйымдастыру әрбір ауысымда 1 оқушыға бөлінетін орын нормалары сақталған жағдайда және балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқыту жағдайларына осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда жол беріледі.

44. Әртүрлі жастағы балалар топтары үшін оқу-тұру үй-жайлары өтпелі жолда болмауы, бір-бірінен, әкімшілік, шаруашылық, жалпы мектеп үй-жайларынан оқшаулануы тиіс.

45. Объектінің қабаттар аралығындағы өту баспалдақтары ішкі қабырғалардағы ойықтар арқылы табиғи жарықтандырумен жобаланады. Баспалдақтардың биiктiгi кемінде 1,2 метр қоршауы болуы тиіс. Сәбилер үйінде және МДТОҰ-да тұтқалар ересек адамдар үшiн 0,85 м биіктікте, балалар үшiн 0,5 м биiктiкте орналасуы тиіс, баспалдақтар қоршауындағы тiгiнен орнатылған элементтердегі саңылаулар 0,1 м аспайтын болуы тиіс, оларды көлденең орнатуға жол берiлмейдi.

46. Ғимаратты жобалау кезінде халықтың аз қозғалатын топтары үшін пандустар және сүйеніштер орнатылуы тиіс. Ғимаратта лифт болмаған кезде және пандус қондырғысын орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, жеке пайдалануға арналған бейімделген кресло-арбаларды пайдалануға арналған арнайы көтергіш қондырғы немесе лифт көзделеді.

47. Балалардың алаңдауын болдырмау немесе педагогикалық, медициналық, әкімшілік аппараттарының жұмысына кедергі келтірмеу үшін (сорғы қондырғысы бар бойлерлер, өндірістік үй-жайлар, жөндеу шеберханалары, сорғы бөлімшелерімен салқындатқыш камералар, желдеткіш камералары, компрессорлық, оқу-өндірістік шеберханалары және т.б) қолдану тәртібі шумен жалғасатын үй-жайлар ұйықтау бөлмелерімен, оқу, емдеу-диагностикалық үй-жайларға көршілес, астында немесе үстінде орналастыруға жол берілмейді.

48. Барлық үй-жайлардың биіктігі (залдық үй-жайларды қоспағанда) 3,0 м төмен емес, спорттық зал кемінде 6,0 м көзделеді.

49. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарын бірінші қабатта немесе жеке корпуста жобалаған кезде мынадай үй-жайлар жиыны бар спорт залы көзделеді: себезгі және санитариялық тораптары бар 2 киім ауыстыратын бөлме, мұғалім кабинеті, снаряд бөлмесі немесе спорттық жабдықтарын сақтауға арналған қойма және жинау жабдықтарын сақтауға арналған үй-жай.

50. Барлық интернат ұйымдарында оқушылардың жеке сабағы үшін оқу-тұру үй-жайлары тобына орналастырылатын бір балаға кемінде 2,5 м2, полиомиелит салдарынан зардап шеккен және енжар паралич ауруымен ауыратын балалар үшін 4,5 м2 есебімен бөлмелер көзделеді.

51. Арнайы түзету білім беру ұйымдарында бейініне байланысты мынадай қосымша кабинеттер көзделеді:

1) саңырау, нашар еститін және сөйлеу қабілеті бұзылғандарға арналған фронталдық жұмыс үшін есту кабинеті, оқушының естуін дамыту және дұрыс сөйлеуге үйрету бойынша оқытушының жеке жұмысына арналған кабинет; айнасы бар қабырғалары және хореографиялық станоктары бар музыкалық-ритмикалық сабақ өткізуге арналған кабинет;

2) ақыл-есі дамымаған балалар үшін – логопедиялық кабинеттер;

3) соқыр және нашар көретін балалар үшін – логопедиялық және лингафондық кабинеттер, машинамен басу, электротехника, жапсыру және көркемдеп сурет салу кабинеттері, жеке музыкамен айналысуға арналған бөлме;

4) рекреация – бір оқушыға кемінде 1 м2 есебімен оқу және тұрғын секцияларындағы қонақ үйлер;

5) барлық ұйымдарда ауданы 162 м2 болатын спорт залы және медициналық блокта емдік дене шынықтыру кабинеттері немесе залдары;

6) соқыр және нашар көретін балалар үшін спорт залы екі аймаққа бөлінеді: снаряд бөлмесі (аз аймақ) және негізгі (үлкен аймақ). Аз аймақ еденінің биіктігі негізгі аймақтың еденінен 6 – 7 см жоғары болуы тиіс.

52. Арнайы түзету білім беру ұйымдарындағы ғимараттардың сыртқы есіктері бір жақты болуы көзделеді және оқытушы жағынан орналастырылады. Соқыр және нашар көретін балалар үшін ұйымдардағы баспалдақтардың жоғарысында және төменінде, баспалдақтың бірінші және соңғы сатыларының тұтқасы кедір-бұдырланып белгіленеді.

53. Персоналға арналған жеке гигиеналақ бөлмелері мен санитариялық тораптар әкімшілік үй-жайлардың аймағында орналастырылады.

54. Үй-жайларды қабаттар бойынша орналастыру кезінде олардың функциналдық мақсатын, учскемен байланыс дәрежесін есепке алу қажет:

1) мүсін жасау, керамика шеберханалары (учаскеде қосымша үй-жайларда сақталатын материалдарды пайдаланумен байланысты) учаскеге шығу есігі бар бірінші қабаттарға орналастыру қажет;

2) бірінші қабаттарда ірі көлемді немесе станок жабдығы бар әскери-спорттық сабақтарға, техникалық шығармашылыққа арналған үй-жай, фортепьяномен жеке сабақтарға арналған бөлмелер, көпшілік іс-шаралар жүргізуге арналған залдар, дәрігердің кабинеті, асханалар, буфеттер орналастырған орынды;

3) ғимараттардың соңғы қабаттарында химиялық-техникалық, астрономиялық (обсерваторияларымен) зертханалар, үрмелі аспаптармен сабаққа арналған үй-жай орналастыру керек; жоғары қабаттарда жоғарыдан жарықтандыруды ұйымдастыру кезінде көркем сурет шеберханасын орналастыру ұсынылады.

Ағаш өңдеу жөніндегі шеберханалардан және металл мен ағаш өңдеу жөніндегі аралас шеберханалардан тұратын мекемелердің ғимараттарында сыртқа қарай (жылытылған тамбур арқылы) немесе басқа мақсаттағы кабинеттердің шығу есігі жоқ шеберханаларға іргелес дәліз арқылы қосымша шығу есігі көзделуі қажет.

55. Қосымша білім беру ұйымдарында гуманитариялық бейіндегі (тарих, өлкетану, география, әдебиет, елтану және басқалар) қызметті ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру мекемелеріне арналған талаптарды ескеру керек.

56. Спорт залының ауданы бір спортпен айналысушыға кемінде 4 м2 болуы тиіс. Еден ағаштан болуы немесе арнайы жабыны болуы, еденнің беті тегіс, ойықсыз және зиянсыз болуы тиіс. Зал қабырғаларының шығыңқы жерлері, ернеуі болмауы тиіс. Батареялар терезе асындағы қуыстарда орналастырылады және торлармен жабылады немесе еденнен 2,4 м биіктікте орнатылады. Терезелерде және жарықтандыру құралдарында қоршау құрылғылар көзделуі тиіс.

57. Объектілердің цокольдық қабатында мынадай үй-жайларды орналастыруға жол беріледі: кір жуатын орын, ас блогы, қоймалар, киім ілетін орындар, персоналдың демалу бөлмесі, себезгі, дәретханалар.

Балалар мен жасөспірімдер объектілерінің цокольдық қабатында балалар болатын үй-жайларды, білім беру ұйымдарының оқу үй-жайларын, сондай-ақ жатын үй-жайларды орналастыруға жол беріледі.

58. Объектінің акт залы бір орынға ауданы кемінде 0,6 м2 болатын нормамен жалпы оқушылар мен тәрбиеленушілер санының 30 %-ын бір мезгілде орналастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Соқыр және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарында акт залының ауданы бір орынға 0,65 м есебінен көзделеді, ақыл-есі дамымаған балалар үшін норманы 0,8 м дейін жоғарылатады.



59. ТКБ, әртүрлі курстарды, біліктілігін арттыру топтарын ғимараттың бірінші қабатында ішіне – жапсарлас салынған үй-жайларда бөлек кіру есігі орнатылған кезде 100 м2 -ден аспайтын алаңда орналастыруға жол беріледі. Оқу сыныптарына қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес қолданылады.

60. Үй-жайларды әрлеу үшін олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар құрылыс материалдары пайдаланылады. Эпидемияға қарсы, дезинфекциялау дерін сақтауды қажет етпейтін үй-жайларда (вестибюльдерде, дәліздерде, холлдарда) әртүрлі конструкциялық аспалы төбелерді қолдануға жол беріледі.

61. Қарапайым де пайдаланылатын үй-жайлар төбелерінің, қабырғаларының, едендерінің, жабдығының беттері тегіс, күліңгір болуы, жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау жүргізуге ыңғайлы болуы тиіс.

62. Медициналық үй-жайлардың ішін әрлеу үшін күрделі жинау мен дезинфекциялау жүргізуге ыңғайлы материалдар көзделеді.

63. Үй-жайларда майлы бояумен боялған ағаш немесе жылы негiзде линолеум төселген еден көзделеді. Еңбекке баулу шеберханаларындағы еден ағаш (ағашты және металлды өңдеу) болуы; химия кабинеттері мен зертханалық кабинеттерде химиялық реагенттерге төзімді материалдан болуы тиіс.

Еденнің бетіне линолеум төсеген кезде негізге тығыз жапсырылуы, ойығы, сызаты, саңылауы болмауы тиіс. Линолеумнің бір-біріне жанасатын жерлерінің арасы мұқият дәнекерленеді. Қабырғаның тұсындағы линолеумнің жиектері қабырға мен еденнің арасын біріктіретін еден кемерінің астына келтіріледі. Вестибюльдердегі, рекреациялардағы, баспалдақ аралықтарының едендері механикалық әсерге төзімді материалдан жасалады.

64. Раковиналарды және басқа да санитариялық-техникалық құралдарды, сондай-ақ оларды пайдалану қабырғалары мен арақабырғаларын ықтимал ылғалдандырумен байланысты жабдықтар еденнен 1,8 м биiктiкте және жабдықтар мен құралдардан жан-жағынан 20 сантиметр шығып тұратындай етiп, судан оқшаулағыш жалтыратылған тақтайшамен немесе ылғалға төзiмдi басқа да материалдардан жасау көзделедi.

65. Себезгі, кір жуу және ыдыс жуу бөлмелерінің едендері траптардың саңылауына қарай еңісі бар ағызу траптарымен жабдықталады.

66. Ғимараттың (ғимараттардың) әр қабатында жинау мүкәммалын сақтауға және өңдеуге арналған үй-жай (орын) көзделеді.

67. Сәбилер үйінде тереңдігі 0,25 м болатын, суы ағынды жүзу бассейні көзделеді. Жабық бассейндерді күтіп-ұстау және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

68. Объектілердің аумағында олардың қызметiмен байланысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмейді.

69. Тиiстi бiлiм беру ұйымдары жоқ ауылдық елдi мекендерде тұратын оқушыларға көлiктiк қызмет көрсетiлуі тиіс. Оқушыларды жеткiзу мектеп автобусымен жүзеге асырылады.

15 километрден (бұдан әрі – км) асатын қашықтықта тұратын оқушылар үшiн, сондай-ақ көлiкпен жүру мүмкiндiгi жоқ болғанда мектеп жанындағы интернат көзделеді.



4. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерін жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
70. Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалар мен жасөспірімдердің бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Жабдықтың жиыны, саны мен көлемін мекеменің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін және қауіпсіздік техникасын сақтауды есепке ала отырып көздейді. Арнайы түзету білім беру ұйымдары үй-жайларының жиһазы мен жабдығы педагогикалық үдерістің ерекшелігі мен емдiк-қалпына келтiру іс-шараларын ескеруі тиіс.

71. МДТОҰ, жалпы білім беру және интернат ұйымдары және ТКБ жиhазының негiзгi өлшемдерi осы Санитариялық қағидаларларға 5-қосымшада көрсетілген.

72. Сәбилер үйлерінде, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО, МДТОҰ, жалпы бiлiм беру және интернат ұйымдарында жиhазды өлшеміне сәйкес таңбалайды.

73. Барлық стационарлық жабдық берік бекiтіледi.

74. Сәбилер үйлеріндегі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, КББО, МДТОҰ және интернат ұйымдарындағы қабылдау бөлмелері және киім ауыстыратын бөлмелер балалардың және персоналдың сыртқы киіміне арналған шкафтармен және орындықтармен жабдықталады. Балалардың киіміне арналған шкафтарды жеке таңбалайды және оларда бас киімге арналған сөрелері бар ұяшықтар мен сыртқы киім ілетін ілгіштер болады.

75. Жабдық, жиһаз, жұмсақ және қатты мүкәммал, санитариялық-техникалық құралдар жұмыс жағдайында болуы және мақсатына сай пайдаланылуы тиіс. Үй-жайларды әрлеудегі ақаулар мен жабдықтың, жиһаздың істен шығуы уақтылы қалпына келтіруге немесе ауыстыруға жатады.

76. Объектілердің дәретханаларында және санитариялық тораптарында жуынатын раковиналар, электрлі сүлгілері немесе бір рет қолданылатын гигиеналық сүлгілер, сұйық сабын дозаторы, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштарорнатылады.

77. Сәбилер үйлері топтарының дәретхана үй-жайларын сүлгілерге арналған ілгіштермен, жуынуға арналған раковиналармен, жуатын ванналармен, унитаздармен, түбектерге арналған шкафтармен, шаруашылық мақсатта қолданылатын шкафпен және ағызу жүйесімен жабдықталады. Кіші және орта топтарда ілгіштерді ересек адам бойының дейгейінде (еденнен 1 – 1,3 м биіктікте) орналастырады. Сүлгілерге арналған ілгіштерді жасы 2-ден асқан балалар топтарында 60 – 80 см биіктікте орналастырады.

78. 1,5 жасқа дейінгі балалар топтарында дәретхана бөлмелерінде ересектерге арналған бір қолжуғышты, ағызу жүйесін, ваннаны орналастырады. Үстелді және кір киімге арналған бакты қолжуғышпен қатар орналастырады.

79. 1,5 жастан жоғары топтардағы дәретхана бөлмелерінде балаларға арналған екі қолжуғыш, балаларға арналған бір унитаз, ағызу жүйесін, себезгі тұғырығы, түбектерге арналған таңбаланған ұяшықтары бар шкаф-стеллаждар орнатылады.

80. 6 айлыққа дейінгі сәбилер үшін топтарда 1 – 2 жеке манежді, өлшемі 2,4 х 1,2 х 0,8 м болатын ортақ манеждерді, құндақтау үстелдерін орналастырады. 1 жастан асқан сәбилерді тамақтандыру аймағын тамақтандыруға арналған арнайы 2 орынды үстелдермен жабдықтайды.

81. МБТОҰ-ның дәретхана бөлмелерінде балалардың сүлгілеріне және жеке гигиена заттарына арналған жеке ұяшықтары бар қабырғалық немесе аспалы ілгіштер; бөбек топтарында қосымша жеке таңбаланған түбектерге арналған бөлек ұяшықтары бар шкафтар орнатылады.

82. Сәбилер үйлерінде және МБТОҰ-да балаларға арналған санитариялық құралдар еденнен мынадай биіктікте көзделеді: бөбек және мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қолжуғыштар 0,4 м; орта және жоғары мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қолжуғыштар 0,5 м; биіктіктегі тұғырларға бекітілген ванналар 0,6 м; сәбилерге және бірінші кіші топтарындағы балаларға арналған терең себезгі тұғырларын 0,3 м (себезгі торының тұғырық табанынан 1,5 м биіктікте орналасқанда); мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған кішкентай себезгі тұғырларын 0,3 м (себезгі торының тұғырық табанынан 1,5 м биіктікте орналасқанда).

83. Жалпы білім беру ұйымдарындағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, КББО, ТКБ, ЖОО-дағы санитариялық тораптардағы унитаздарды жабық кабиналарда орналастырады. Кабиналарды еденнен 1, 8 м биіктікте және еденге 0,2 м жетпейтін қашықтықтағы арақабырға – экрандармен бөледі. 1-сыныптар үшін қолжуғыштардың үстіңгі бетінің биіктігі 0, 5 м, 2 – 4-сыныптар үшін 0, 6 м, 5 – 11(12)-сыныптар үшін 0, 7 м етіп көздейді.

84. Жатын бөлмелерді жұмсақ және қатты мүкәммалмен жабдықтау, балалар күндіз болатын МБТОҰ-дағы киім-кешектерді жуу және оны таңбалау тәулік бойы болатын МБТОҰ-дағы балалардың тұру жағдайларына қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.

85. МБТОҰ-дағы жатын бөлмелерді жеке стационарлық төсектермен жабдықтайды. Үш жасқа дейінгі балаларға арналған төсектердің ұзындығы жататын жердің және қоршауының өзгермелі биіктігімен бірге 120 см, ені 60 см; 3 – 7 жастағы балалар үшін – ұзындығы 140 см, ені – 60 см құрайды.



86. Балалар күндіз болатын мектепке дейінгі топтарда ауданы 1 балаға кемінде 2 м2 болатын норма сақталған кезде және екі қабатты төсектердің жататын жерінен кемінде 0,3 м биіктікте қоршау болған жағдайда, екі қабатты және жазылатын қатты төсектерді пайдалануға жол беріледі.

87. Сәбилер үйлеріндегі жатын бөлмелер төрт жағынан қоршалған, ұзындығы 1,2 м, ені 0,6 м стационарлық төсектермен жабдықталады. Жататын жердің биіктігі балалардың жасына байланысты еденнен 0,5 немесе 0,3 м құрайды. Қоршаудың еденнен биіктігі 0,95 м.



88. Пайдаланылатын әдістемеге байланысты жалпы нығайтатын (шынықтыратын) емшараларды жүргізу үшін мынадай жабдық көзделеді: салқын сумен белгілі жерге құйынуға арналған 0,5 л шөміш, шағын ағаш мінбелер; жеке таңбаланған сүлгілер, құрғақ және сулы сүртінуге арналған мохерден жасалған қолғаптар және басқа да қажетті жабдық.

89. Объектілерде оқу кабинеттері, зертханалар белгіленген өлшемдегі жұмыс үстелдерімен және орындықтармен жабдықталады. Парталар, үстелдер, шкафтардың түсі табиғи ағаш түстес немесе ашық жасыл болуы тиіс. Отырғыштарды, табуреттерді және арқалығы жоқ орындықтарды пайдалануға жол берілмейді.



90. Әрбір тәрбиеленуші мен оқушы бойына және денсаулық жағдайына сәйкес партада немесе үстелде жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Оқу жылының басында сынып журналында орналастыру схемасы мен денсаулық парағы толтырылады. Парталар олардың нөмірлеріне қарамастан, есту және көру қабілеті нашар балалар отыратын парталарды бірінші қатарға орналастырады. Көру қабілеті төмен оқушылар отыратын парталарды терезе жақтағы бірінші қатарға орналастырады. Жіті респираторлық аурулармен, баспамен, суық тию ауруларымен жиі ауыратын балаларды сыртқы қабырғадан алыс отырғызады.

91. МДТОҰ-да оқуға арналған жиһазды орналастыру кезінде мына талаптар орындалады:

1) үстелдерді сол жақтан жарықтандырылатын жарық түсіретін қабырғаға қарай орналастырады;

2) 4 орынды үстелдерді кемінде 2 қатарға, 2 орынды үстелдерді кемінде 3 қатарға орналастырады. Үстелдердің қатары арасында қашықтық кемінде 0,5 м болып көзделеді; 1-ші қатардағы үстелдердің жарық түсіретін қабырғадан қашықтығы 1 м, бірінші үстелдерден тақтаға дейінгі қашықтық 2,4 – 2,7 м болады;

3) қабырғалық тақтаның төменгі шетінің ілмесінің биіктігі 0,7 – 0,8 м болады.

92. Негізгі оқу үй-жайларындағы жабдық арасында мынадай аралықтар мен қашықтықтар көзделеді:



1) алдыңғы үстелдер мен демонстрациялық үстел арасы кемінде 60 см;

2) сынып тақтасы бар алдыңғы қабырғалардан бастап үш қатармен орналастырылған барлық қатардағы алдыңғы үстелдерге дейін кемінде 250 см;

3) үстелдер тобының арасы кемінде 140 см;

4) қатардағы үстелдер арасы кемінде 50 см;

5) оқу үй-жайындағы сынып тақтасынан оқушының отыратын соңғы орнына дейінгі ең үлкен қашықтық 860 см;

6) барлық сыныптар үшін сынып тақтасының төменгі жиегінің еденнен биіктігі (жұмыс жағдайында) 80 – 90 см;



7) оқу шеберханаларындағы станоктар (верстактар) арасы 130 см, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін 170 см; қатарлардағы станоктар (верстактар) арасы 80 см, станоктардан қабырғаларға дейін 50 см;

8) тігін шеберханаларындағы аяқпен басатын машиналарды терезелердің бойымен бір қатарға орналастырады, бұл ретте машинаның табанына жарық сол жақтан түсуі тиіс.

Әрбір шеберханада ыстық және суық су келтірілген раковина орнатылады, орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған жағдайда суды қолмен құятын қолжуғыштар орнатылады.

93. Сынып тақталарының өлшемі мен конфигурациясы әртүрлі болуы мүмкін: жылжымалы, ашылатын, биіктігі бойынша өзгеретін. Сынып тақталары бор үгіндісін жинауға, шүберекті немесе жұмсақ шүберекті қоюға арналған жері бар күңгіртемесе күңгірт қоңыр түсті болып көзделеді.

94. Есту қабілеті нашар балалар үшін парталар мен үстелдерді педагог үстелінің айналасына жартылай шеңбер түрінде орналастырады, есту аппаратурасын орнату үшін стационарлы бекітеді. Оқушылармен сабақ үстінде жеке оқыту үшін үстелдер мен парталар арасын кеңейтуге жол беріледі.

95. Шеберханалардағы жабдықты жарық түсіретін қабырғаға перпендикуляр немесе 30° – 45° бұрышпен орналастырады. Шеберхананы шуы аз жабдықпен жабдықтайды, шу мен дірілдің деңгейлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес рұқсат етілген деңгейлерден аспауы тиіс.



96. Майлы көркем сурет шеберханаларын мольберттермен жабдықтайды және терезелерге перпендикуляр және паралелль орналастырады, акварельді көркем суретке және суретке арналған шеберханаларда мольберттер-бүйір қабырғаларда орналастырылған 2 модельдің жанында жартылай дөңгелек орналастырады. Кескіндеме және сурет шеберханаларына ауданы кемінде 9 м2 қойма тікелей жалғасып жатуы тиіс.

Мүсіндеу шеберханаларының жанында механикалық сору желдеткішімен жабдықталған, оқшауланған күдіру бөлімшесі бөлінуі тиіс. Қолданбалы өнер және компазиция шеберханаларының жанында ауданы кемінде 9 м2 қойма, мүсіндеу шеберханаларының жанында саз бен гипсты сақтауға арналған екі қойма болуы тиіс.

97. Темір ұстасының бөлмесінің және ағаш кесетін аралас үстелдің ені кемінде 390 мм және биіктігі кемінде 325 мм қорғаныш экрандары болуы тиіс. Олар оң жақтан жарықтандыру кезінде терезелерге перпендикуляр орналастырылуы тиіс.

98. Дәнекерлеу жүргізілетін үстелдер мен шебердің үстелдері металлмен қапталады.



99. Физика мен химия кабинеттерін көтеріңкі жерде орналасқан демонстрациялық үстелдермен, белгілі өлшемдегі екі орынды оқушыларға арналған зертханалық үстелдермен жабдықтайды.

100. Химия кабинетін оқытушы үстелінің жанындағы сыртқы қабырғаның бойында орнататын сыртқа тарату шкафымен жабдықтайды.

101. Физика, химия, биология, информатика және есептеуіш техника кабинеттерінде аралас үй-жайларда 1 үй-жайға кемінде ауданы 18 м2 болатын зертхана көзделеді.

102. Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттерді, қышқылдар мен сілтілерді жауапты адамның бақылауы арқылы таңбалайды, арнайы бөлінген сейфте сақтайды.

103. Соқыр балаларды оқытуға арналған үй-жайларды сабақтар үшін өлшемі мен арнайы құрал-жабдықтары Брайль бойынша оқулықтарды пайдалануға және оларды сақтауға мүмкіндік беретін көлденең тақталары бар үстелдермен жабдықтайды.

104. Соқыр және нашар көретін балалардың пайдалануы үшін аспаптар мен оқу құралдарының қосымша жиынтығын және арнайы оптикалық жабдықты қолдануға жол беріледі.

105. Күреске арналған залда жарақаттануды болдырмау үшін кемінде 2 м қабырғадан ашық жері бар орналастырылатын жұмсақ кілем болуы тиіс. Қабырғаның осындай ашық жерін ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде 1,5 м биіктікте қапталған төсеніш болуы тиіс. Кілемнің үстіне беті керілген және төзімді және жұмсақ материалдан жасалған жапқышы бекітілген жапқышпен жабылуы тиіс.

106. Спорттық төсеніштерді, жаттығуға арналған қаптарды жазықтық бойынша бірдей толтырады, тазалауға және дезинфекциялауға ыңғайлы материалдардан жасайды. Былғары төсеніштерден басқа төсеніштерде матадан тігілген алмалы-салмалы тысы болуы тиіс.

107. Спорт залдарының жанындағы киім ауыстыратын орындар киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен жабдықталады.

108. Хореографиямен айналысуға арналған залдағы балеттік көлденең ағаштарды еденнен 0,9 – 1,1 м биіктікте және қабырғадан 0,3 м қашықта орналастырады. Залдың бір қабырғасын биіктіктігі 2,1 м болатын айнамен жабдықталады. Залдың едені тақтайдан немесе арнайы линолеум төсемімен көзделеді.



5. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерін сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға,

желдетуге, микроклиматына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
109. Объектілерде жұмысқа жарамды жағдайда болуы тиіс орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су, ыстық сумен жабдықтау жүйесі, кәріздеу және суағарлар көзделеді.

  1. Объектілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.

  2. Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда, жергілікті сумен жабдықтау жүйесі жабдықталады.

  3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша тасымалданатын сумен жабдықтауға жол беріледі және қолмен су құятын қолжуғыштар орнатылады.

  4. Тасымалданатын суды пайдаланатын объектілерде ауыз су қорын сақтауға арналған ыдыстар орналастырылған жеке үй-жай көзделеді. Ыдыстарда таңба (ауыз су), су алатын кран болуы тиіс және олар апта сайын (және қажет болғанда) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, тазалауға және дезинфекциялауға жатады. Ауыз суға арналған ыдысты басқа мақсатта пайдалануға жол берілмейді.

  5. Суды тасымалдауды оған санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болған кезде немесе ауыз сумен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалған арнайы таңбаланған ыдыстарда жүргізеді.

115. Тамақ өнімдерін өңдеу және тамақ дайындау технологиялық үдерістерінде, асханалық ыдыстарды, жабдықты, мүкәммалды жуу, үй-жайларды санитариялық өңдеу, жеке гигиена үшін пайдаланылатын суық және ыстық су Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

116. Объектілердегі дәретханаларда, буфеттерде, кір жуатын орындарда, себезгі бөлмелерде, интернат ұйымдары мен тұратын орындардың жуынатын, кір жуатын, себезгі бөлмелерінде, жеке гигиенаға арналған бөлмелерінде, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету бөлмелері және ас блогында орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда, су жылытқыштардың көмегімен алынатын ыстық су көзделеді.



  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органымен келіскен кезде өзінің от жағу орнының ыстық суымен жабдықтауға жол беріледі.

  2. Объектілерде ауыз су і ұйымдастырылуы тиіс. Ауыз су, оның ішінде сыйымдылықтар мен шөлмектерге өлшеп-құйылған су сапасы мен қауіпсіздігінің көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Қайнаған су 3 тәуліктен аспай сақталған жағдайда, оны пайдалануға жол беріледі.

  1. Стационарлық су бұрқақтарының конструктивтік шешімдері судың тік ағынының айналасындағы биіктігі кемінде 10 см болатын шектеу сақинасын көздейді.

  2. Су ішу үшін таза ыдысты (шыны ыдысты, фаянсты ыдысты, бір рет қолданатын стақандарды) пайдаланады, таза және пайдаланылған ыдыс үшін таңбаланған жеке поднос немесе бір рет қолданылған ыдысты жинау үшін контейнерлер бөлінеді. Ыдысқа құйылған суға оның қайдан әкелінгендігін, сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттары қоса беріледі.

  3. Ауыз су ін ұйымдастыру үшін объект басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің объектілерде болатын барлық уақыт ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімдігі қамтамасыз етіледі.

  4. Кәріздеу жүргізілмеген аудандарда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша септигі бар жергілікті кәріздеу жүйесі жабдықталады. Септикті тазалау 2/3 көлемде толтыру бойынша жүргізіледі.

  5. Орталықтандырылған кәріз тазарту құрылыстары болмаған жағдайда, сарқынды суды бұру жергілікті тазарту құрылыстарының жүйесімен жүзеге асырылады.

Тамақ өнімдері сақталатын және өңделетін және тамақ дайындалатын үй-жайларда, медициналық үй-жайларда кәріздеу діңгектерін және құбырларды орнатуға жол берілмейді.

  1. Объектілер ғимараттарының әрбір қабатында және жеке блоктарында балалар (бозбалалар) мен қыздар (бойжеткен қыздар), сондай-ақ педагогтар мен қызмет көрсететін персонал үшін бөлек санитариялық тораптар көзделеді. Санитариялық тораптарға кіретін жерлерді оқу үй-жайларына кіретін жерлерге қарама-қарсы және олардың жанында орналастырмайды. Санитариялық аспаптар саны мен көлемін осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ұйымның түріне және бейініне байланысты көздейді.

  2. Арнайы түзету мектеп-интернаттарының жалпы мектеп үй-жайларының санитариялық тораптарындағы санитариялық құралдардың, гигиеналық жабдықтардың саны мекеменің мынадай бейінін есепке ала отырып есептеледі:

  1. тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп- интернаттарда 20 қызға 1 унитаз және 30 қызға 1 қолжуғыш, 30 ер балаға 1 унитаз және 0,5 м болатын писсуар және 1 қолжуғыш; мектеп-интернаттың персоналына арналған дәретханаларда қолжуғышы бар 1 унитаз болады;

2) соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттарда 20 қызға 1 унитаз және 30 қызға бір қолжуғыш; 30 ер балаға 1 қолжуғыш, 1 унитаз және 0,5 м болатын писсуар; оқу-тұрмыстық блоктағы персоналға арналған 1 дәретхана болады. Писсуарлардың жанына бекіткіш тұтқаларды орнатады;

3) саңырау, сөйлеу кемшіліктері бар, нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернаттарда жабдықты жалпы білім беретін мектеп- интернаттарға арналған нормалар бойынша орнатады;

4) ақыл-есі дамымаған балаларға арналған мектеп-интернаттарда 20 қызға 1 унитаз және 40 қызға 1 қолжуғыш; 30 ер балаға 1 унитаз бен 1 писсуар және 40 ер балаға 1 қолжуғыш; қызметкерлерге арналған дәретханалардың әрқайсысында бір унитаз бен қолжуғыш болады;

5) қолжуғыштарды 18 орынға 1 қолжуғыш есебімен тамақ ішетін залдың жанындағы өтпелі емес үй-жайларда немесе залға кіретін жерлер мен дәліздерде (3,6 – 4,0 м дейін) орнатады; соқыр және нашар көретін балалар үшін 10 орынға 1 қолжуғыш; ақыл-есі дамымаған балалар үшін 15 орынға 1 қолжуғыш орнатады.



  1. Сәбилер үйлерінің, МДТОҰ, жалпы білім беретін мектепалды даярлық және бастауыш сыныптардың, интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының дәретханаларында балаларға арналған унитаздар орнатылады.

Көркемөнер шығармашылығымен айналысуға арналған шеберханалар ыстық және суық су келтірілген қолжуғышпен жабдықталады, сурет салу және жабыстыру шеберханаларын екі қолжуғышпен, оның біреуін раковинамен және кең үстелмен жабдықтау қажет.

Жануарлармен, өсімдіктермен жұмыс істеуге арналған үй-жайлар ыстық және суық су келтірілген қолжуғышпен жабдықталуы тиіс.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша IV климаттық аудан үшін және аселолық елдімекенде САҚ-ты орнатуға жол беріледі (75 адамға 1-еу).

  2. САҚ-та жердің үстінде орналасқан үй-жайлары мен қазылған шұңқыр болады және оларды ғимараттан 25 м қашықтықта орналастырады. Жердің үстінде орналасқан үй-жайларды бір-біріне тығыз жалғасқан материалдардан (тақтайлардан, кірпіштерден, блоктардан) салады.

Қазылған шұңқырды су өткізбейтін материалдан жасайды. Шұңқырдың тереңдігі топырақты су деңгейіне байланысты, бірақ 3 м аспайды.

САҚ айналасында жаңбырдың және еріген суды ағызуға арналған еңісті бетон құрылғылар көзделеді.



САҚ салу кезінде желдету қорабын шұңқырдан шатырдың төбесінен жоғары шығару, сондай-ақ табиғи желдету көзделеді.

  1. Кәріздеу жүргізілмеген аудандарда суды қолмен құятын қолжуғыштар орнатылады.


  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет