Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қараша №1444 қаулысы «Ветеринария туралы»



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі463.78 Kb.
#174344
  1   2   3
Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қараша №1444 қаулысы

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 18-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «13» қарашадағы

№1444 қаулысымен

бекітілген



Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

1. Жалпы ережелер

1. Осы жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 18-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ветеринария, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды айқындайды.

2. Мал союды (малды сою алаңдарын қоспағанда), жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің әкімшілігі «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындайтын өндірістік бақылау бөлімшелерін құрады.

3. Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне (бұдан әрі -- өндіріс объектісі) «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1755 қаулысына сәйкес есептік нөмірлер беріледі.

4. Союға түсетін жануарлар, сондай-ақ қайта өңдеуге, сақтауға және өткізуге түсетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат олардың қауіпсіздігін, шығу тегін және сапасын растайтын ветеринариялық ілеспе құжаттармен сүйемелденеді.

5. Өндіріс объектілерін пайдалануға бергенде, сондай-ақ технологиялық жабдықтарды немесе желілерді орнатқанда және/немесе жаңа ет (сүт, балық) өнімдерінің жаңа түрлерін шығару кезде объектіге Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу қажет.



2. Өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар

Өндіріс объектілерінің аумағына қойылатын талаптар

6. Өндіріс объектілерінің аумағы тұтас қоршаумен қоршалады және бөгде адамдар мен қаңғыбас жануарлардың санкциясыз кіруіне жол берілмейді.

7. Кіреберіс жолдардың, көлік жүретін жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының, тиеу-түсіру алаңдары мен өткелдердің су өткізбейтін, жууға және дезинфекциялауға қолайлы қатты жабыны болуға тиіс, атмосфералық, еріген және жуынды су кәрізге ағызылады.

8. Өндіріс объектілерінің аумағында ғимараттардың, құрылыстар мен қондырғылардың орналасуы:

1) шикізатты, дайын өнім мен қалдықтарды тасымалдау жолдарының;

2) ветеринариялық қараудан кейін сою алдындағы ұстауға жіберілетін сау жануарлардды тасымалдау жолдарының санитариялық блокқа жіберілген ауру немесе ауру бойынша күдікті жануарларды тасу жолдарымен;

3) дайын азық-түлік өнімдерін тасымалдау жолдарының жануарлармен, көңмен, өндіріс қалдықтарымен қиылыспай тасымалдануын қамтамасыз етеді.

9. Өндіріс объектісінің аумағы мен үй-жайы таза ұсталады (күні бойы ластанудан тазартылады), үнемі тазартылады, дезинфекцияланады, дезинсекцияланады, ал қажет болған жағдайда дератизацияланады.

10. Өндіріс объектілерінің аумағына көлікті санитариялық өңдеуге арналған пункт, алаң немесе дезинфекциялаушы тосқауыл орналастырылады.

Объектінің аумағына кірген (одан шыққан) кезде көліктің қозғалмалы бөлігін зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялаушы тосқауыл орнатылады. Өндіріс объектісінің персоналы кіретін (шығатын) жерлерде дезинфекциялаушы кілемшесі бар санитариялық өткізу бөлігі көзделеді.

Өндіріс объектісінде дезинфекциялаушы тосқауылдарға, кілемшелерге белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялаушы құралдарды құюдың уақтылылығын өзіндік бақылау жүзеге асырылады.

11. Тұрмыстық қоқысты жинау үшін асфальтталған алаңқайға металл контейнерлер орнатылады, алаңқайдың мөлшері контейнерлер түбінің ауданынан 3 есе артық болады.

Қоқыс жинақтайтын алаңқай үш жағынан тұтастай бетондалған немесе кірпіштен қаланған биіктігі 1,5 метр қабырғамен қоршалады.

Контейнерлер өндірістік және қосалқы үй-жайлардан кемінде 25 метр қашықтықта орналастырылады.

Контейнерлерді тұрмыстық қалдықтардан тазарту олар ыдыстың 2/3-нен аспай жинақталған кезде, бірақ күніне бір реттен сиретпей жүргізіліп, контейнерлер мен олар тұрған алаңқайлар кейіннен дезинфекциялануға тиіс. Қалдықтар мен қоқысты алу қоқысты арнайы бөлінген орындарға шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен жасалған шарт бойынша арнайы көлікпен жүргізілуге тиіс.

12. Құрылыстарды, үй-жайлар мен бөлмелерді қоса алғанда, өндірістік объектілерінің ғимараттары мығым салынуға, жақсы жай-күйде ұсталуға тиіс және өнімнің бұзылуына немесе антисанитариялық жағдайларға әкеп соқтырмауы үшін өнімді өңдеу, онымен жұмыс істеу және оны сақтау үшін қажетті мөлшері жеткілікті болуға тиіс.

Өндіріс объектілерінің аумағында, технологиялық үй-жайларда кеміргіштердің, жәндіктердің (оның ішінде шыбындардың, тарақандардың), синантропты құстар мен қаңғыбас, иесіз жануарлардың болуына жол берілмейді.

Мал союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар

13. Осы талаптардың 36-тармағында көрсетілген мал сою объектілерін қоспағанда, мал союды жүзеге асыратын өндіріс объектілері (бұдан әрі -- мал сою объектілері):

1) стационарлық дезинфекциялық жуу пунктімен немесе жануарларды союға әкелетін автокөлікті жууға және дезинфекциялауға арналған алаңдармен немесе автокөлікке арналған дезинфекциялаушы тосқауылмен;

2) ветеринар мамандар үшін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бақылауға және ветеринариялық-санитариялық сараптауға арналған жабдықтары бар үй-жайлармен;

3) жануарларды орналастыруға арналған орындармен, жануарларды ветеринариялық тексеруге арналған қалқалармен;

4) санитариялық қасапханамен (кәдімгі өндірістік цехтардағыдай, бірақ мөлшері едәуір шағын, ет пен субөнімдерді стерильдеуге арналған бөлімшесі бар үй-жаймен) немесе ауру немесе әлсіз жануарларды оқшаулап өңдеуге арналған санитариялық камерамен (ғимарат ішінде орналасқан бөлек үй-жаймен);

5) карантинге арналған үй-жайлармен (байқау және қажет болған жағдайда диагностикалық зерттеу мақсатында жануарлар басқа жануарлармен араластырылмай (тікелей немесе жанама) оқшау ұсталатын орындарымен) және оқшаулағышпен (ауру жануарларды орналастыру үшін мал сою объектісінің аумағында оқшауланған үй-жаймен);

6) ет пен сойылған өнімдер өңделгенге дейін олардың уақытша сақтауға арналған оқшауланған тоңазытқыш камерамен;

7) сарқынды суды жинауға арналған бетондалған шұңқырмен (септикпен) және зарарсыздандыруға арналған құрылыстармен;

8) жануарларды союдың алдында ұстауға арналған ғимараттармен (қалқалармен) (сойылатын жануарларды қабылдау, орналастыру, ветеринариялық тексеру, сұрыптау және сойылатын жануарларды тынықтыру үшін мал сою объектісінің аумағындағы оңашаланған үй-жаймен (алаңмен));

9) тұрмыстық үй-жайлармен және киімді санитариялық өңдеуге арналған дезинфекциялау камерасымен;

10) көң мен қан-жынды жинауға және уақытша сақтауға арналған алаңмен;

11) жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелермен немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасымен жасақталады.

14. Жануарлар мен құстардың жұқпалы аурулары жоқ, міндетті сәйкестендіру рәсімінен өткен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілген ветеринариялық құжаттары бар аумақтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден әкелінген жануарлар мен құстар ғана союға қабылданады.

15. Мыналар союға жіберілмейді:

1) ветеринарияда қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мерзім ішінде емдік және (немесе) профилактикалық мақсатта антибиотиктер, антигельминттер және басқа препараттар, өсуін ынталандыруға арналған препараттар берілген жануарлар мен құс;

2) осы препараттардың тізімінде көрсетілген күту мерзімінен бұрын жәндіктер мен кенелерге қарсы химикаттармен өңделген жануарлар мен құс;

3) ауруының диагнозы белгіленбеген, дене температурасы жоғары немесе төмен және бей-жай немесе есірген күйдегі жануарлар мен құс;

4) өсірген кезде Қазақстан Республикасында және Кеден одағына мүше мемлекеттерде рұқсат етілмеген ветеринариялық препараттар қолданылған жануарлар мен құс;

5) соңғы рет балықпен, балық қалдықтарымен және балық ұнымен азықтандырғаннан кейін 10 тәулік өтпеген құс;

6) союдың алдында ветеринариялық тексеруден өтпеген жануарлар мен құс;

7) маңқа ауруына тексерілмеген жылқы, есек, қашыр және түйе.

16. Объектіге түскен жануарлар союдың алдында ветеринариялық тексерілуге және ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, бұғы, түйе, қашырлар мен есек кемінде 24 сағат бойы, шошқа 12 сағат бойы және бұзаулар мен құстар кемінде 6 сағат бойы сою алдындағы ұстауда болуға тиіс.

17. Жануарлар мен құстардың есірген күйдегі, еріксіз сойылған ауру жануарлар немесе өлексе анықталған топтарының сәйкессіздігінің себептері немесе диагнозы, сондай-ақ іс жүзіндегі мал басының ветеринариялық құжатта көрсетілген санына сәйкессіздігі белгіленген жағдайларда дереу (уақтылы) карантиндік бөлімшеге орналастыру.

18. Инфекциялық аурулардың белгілері анықталған жағдайда жануарлар мен құстардың бүкіл легі кейіннен осы талаптардың 19, 20 және 21-тармақтарында көрсетілген шарттар сақтала отырып, санитариялық сою үшін оқшаулағышқа жіберіледі.

19. Ауру жануарлар мен құстар сау малдар мен құстардан бөлек және/немесе ауысым соңында сойылады.

20. Санитариялық қасапхана немесе санитарлық камера болмаған жағдайда ауру жануарларды арнайы бөлінген күндері немесе сау жануарлар сойылып, цехтан барлық тушалар мен сау жануарларды союдан алынған басқа өнімдер шығарылғаннан кейін ауысым соңында малды бастапқы өңдеу цехында союға рұқсат етіледі.

21. Ауру жануарлар мен құстарды сою аяқталғаннан кейін үй-жай, пайдаланылған жабдықтар, мүкәммал, өндірістік ыдыс, цехтың көлік құралдары санитариялық өңделеді және дезинфекцияланады.

22. Карантиндік үй-жай, оқшаулағыш, санитариялық қасапхана бір ғимаратқа біріктірілуі мүмкін, бұл ретте ауру және сау жануарлар үшін оқшау өткелдер көзделеді. Азық-түлік және техникалық өнімді беру бөлек шығулар арқылы жүргізіледі.

23. Жануарлардың өлекселерін уақытша (кәдеге жаратқанға немесе жойғанға дейін) сақтау үшін оқшаулағыштың жанынан бөлек үй-жай көздеу қажет.

24. Карантиндік үй-жай мен оқшаулағыш бір блокқа орналастырылған жағдайда олардың арасында тамбур болуға тиіс, оған жұмысшылардың арнайы киіміне арналған шкаф, контактысыз қолжуғыш, қолға арналған антисептигі бар дозалағыш пен аяқ киімді дезинфекциялауға арналған дезинфекциялау кілемшесі орналастырылады.

25. Карантиндік үй-жай мен оқшаулағыштың едені, қабырғасы, оттығы мен нәжіс жинағыштары және басқа да жабдығы үй-жайлар жануарлардан босаған кезде жүргізілетін дезинфекциялауға бейім материалдардан жасалуға тиіс. Карантиндік үй-жай мен оқшаулағышта ағаштан жасалған оттықтарды, науалар мен басқа да мүкәммалды пайдалануға рұқсат етілмейді. Карантиндік үй-жай мен оқшаулағыштың аумағы күн сайын қидан тазартылып, жуылады. Карантиндік үй-жайдан, оқшаулағыштан, санитариялық қасапханадан (камерадан) және автокөлікті санитариялық өңдеу пунктінен (алаңынан) аққан сарқынды су ортақ кәрізге ағызылмас бұрын қалдықтардан (қи, қан-жын) тазартылып, зарарсыздандырылады.

26. Санитариялық қасапхананың үй-жайлары мен жабдықтарын жуу жұмыс уақыты кезінде қажеттілігіне қарай, ал дезинфекциялау жұмыс соңында жүзеге асырылады.

27. Жануарларды ұстауға арналған үй-жайлар мен ашық қораларда қатты төсем және су келіп тұрған суаруға арналған астаулары болуға тиіс. Кейбір қораларда оттықтар мен жануарларды байлауға арналған құрылғылар болуға тиіс. Қоралардағы қалқалар, қақпалар мен тиектер жануарлар мен адамның жарақаттану мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орнатылуға тиіс.

Жануарларды ұстауға арналған үй-жайлар мен ашық қоралар күн сайын қидан тазартылып, ол қи сақтау қоймасына шығарылады.

Жануарларды сою алдында ұстайтын үй-жайлардан түсетін қиды жинау және жиып қою үшін бетондалған учаскеде алаңқай көзделеді, ол мал сою объектісінің өндірістік қуаты ескеріле отырып, кемінде 3 тәуліктік жинақтауға есептеледі.

Карантиндік үй-жай мен оқшаулағыштан қи, төсем мен жем-шөп қалдықтарын жинау және жиып қою үшін санитариялық блоктың бетондалған учаскесінде мал сою объектісінің өндірістік қуаты ескеріле отырып, кемінде 6 тәуліктік жинақтауға есептелген алаңқай көздеген жөн.

Қи мен сығылған қан-жынды биотермиялық зарарсыздандыру үшін мал сою объектісінің аумағынан тыс жерде арнайы бөлінген алаңда бетондалған алаңқайлар көзделуге тиіс.

28. Қан-жынды жинау үшін бетондалған алаңқайға орналастырылатын, қақпағы тығыз жабылатын арнайы ыдыстар (контейнерлер) орнатылады.

29. Қалдықтарды шығаруға арналған көлік пайдаланылғаннан кейін ол мұқият жуылып, дезинфекцияланады.

30. Сойылатын жануарларды мал сою объектілеріне (қуаты көп объектілер) әкелген көлік олар түсірілгеннен және қи тазартылғаннан кейін міндетті түрде жуылуға және дезинфекциялық жуу пунктінде немесе мал базасының аумағынан шыға берісте орналасқан арнайы алаңқайда дезинфекциялануға тиіс.

31. Кәдеге жаратылуға немесе мал сою объектісінен тыс жерде жойылуға тиіс өлекселер, қи, қалған-құтқан төсеніш, жем-шөп пен қалдықтар жабулы шанағы бар автокөлікпен тасымалданады.

32. Еттің ластануын болғызбау үшін мал сою объектілері төмендегі технологиялық операциялардың кеңістікте және уақыты жағынан бөлінуін қамтамасыз етуге тиіс:

1) естен тандыру және қанын ағызу;

2) шошқаға қатысты: қайнаған сумен күйдіру, қылшықтан тазарту, қыру және үйіту;

3) ішегін ақтару (сойылған жануардың ұшасын мүшелеген кезде көкірек және іш қуыстарынан ішкі органдарды шығару) және кейіннен мүшелеу;

4) тазартылған қарын мен ішектерді өңдеу;

5) сойылғаннан кейінгі басқа жанама өнімдерді өңдеу және жуу, атап айтқанда сою кезінде жүргізілмеген болса, бастың терісін сыпыру;

6) сойылғаннан кейінгі басқа жанама өнімдерді орау;

7) етті тиеу.

Барлық өндірістік үй-жайларға кіреберісте толық гигиеналық өңдеу модульдері орнатылады. Дезинфекциялау кілемшелерін пайдалануға рұқсат етіледі.

33. Өндірістік және қосалқы үй-жайлардың қабырғалары мен төбелері ылғал өткізбейтін материалдардан дайындалады және үнемі жуу мен дезинфекциялауға мүмкіндік беретін ашық реңге боялады.

Өндірістік және қосалқы үй-жайлардағы қабырғалардың биіктігі ет пен еттен жасалатын өнімдер өндірісінің гигиенасына қойылатын талаптарды сақтай отырып, технологиялық үрдістерді орындау үшін жеткілікті болуға тиіс.

Тамақ өнімдерін шығаратын цехтар мен санитариялық блок үй-жайларындағы бағандар мен қабырғалардың жабыны төбесіне дейін жуу мен дезинфекциялауға оңай материалдардан жасалуға тиіс.

Ілгекті жолдардың биіктігі мен орналасуы ұшалардың еденге, қабырғаларға, технологиялық жабдықтарға тиюін болғызбайтындай алшақ болуға тиіс.

Ұшалардың қанын ағызу учаскелерінде ілгекті жолдардың астынан техникалық қанды жинау үшін оңай жуылатын және дезинфекцияланатын материалдармен қапталған және қанның траптарға ағуы үшін еңістелген тұғырлықтар немесе қанның ағуы үшін астауша орналастырылады.

34. Мал сою объектісінде ұсақ мүкәммалға (пышақ, мусаттар және басқалары) арналған залалсыздандырғыштар орнатылады. Неғұрлым ірі мүкәммалды, айналым ыдыстары мен көлік құралдарын жуу және дезинфекциялау үшін жуу машиналары пайдаланылады немесе дезинфекциялаушы ерітіндімен, ыстық және суық сумен қамтамасыз етілген жуу үй-жайлары жабдықталады.

35. Жануарлардың, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары үй-жаймен қамтамасыз етіліп, жануарлардың, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындауға арналған аспаптармен, жабдықтармен, реактивтермен жарақтандырылады.

Ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілетін жерлерде ветеринариялық конфискаттарды жинауға арналған контейнерлер орнату жолымен оларды жинау мүмкіндігі қамтамасыз етіліп, оларға бөгде адамдардың санкциясыз қол жеткізуіне жол берілмейді, басқа жабдықтан түсі өзгеше болады және олардың мақсаты туралы жазу болады.

36. Мал сою алаңында:

1) жануарларды сою алдында ұстау және тексеріп қарау мақсатында жануарларды орналастыруға арналған ашық қора (алаңқай), сондай-ақ мал сою объектісінің өндірістік қуатын ескере отырып, нәжіске арналған арнайы жабдықталған орын;

2) мал сою объектісінің өндірістік қуатын ескере отырып:

оңай жуылатын және дезинфекцияланатын, су ағызуды жеңілдететіндей түрде бейімделген; жабынның астынан су бұратын ормен және арықтармен әрі сарқынды суды жинау және зарарсыздандыру үшін бетондалған шұңқырмен (септикпен) жабдықталған су өткізбейтін еден жабынымен;

тегіс, оңай жуылатын материалдармен қапталған немесе 3 метр биіктікке дейін боялған, бұрыштары мен шығып тұрған жерлері дөңгелектелген қабырғамен;

желдетумен және жылытумен;

түсті бұрмаламайтын табиғи немесе жасанды жарықтандырумен;

қанын ағызуды, терісін сыпыруды, ішкі органдарды шығаруды және ұшалар мен ішкі органдарды сойылғаннан кейін тексеріп қарауды жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында ұшаны іліп қоюға арналған, ұшалардың еденге, қабырғаға, технологиялық жабдыққа тиюін болғызбайтын құралмен;

пышақтарды (кемінде екі), ілгектерді, құралдарды (фенондоскоп, термометр, плесиметр, бюкс) зарарсыздандыруға арналған залалсыздандырғышы, қолды өңдеуге арналған дезинфекциялағыш құралдары кеспек, арнайы киім бар ветеринар дәрігерге арналған орнынмен;

сарқынды суды жинау және зарарсыздандыру үшін жабық шұңқырмен (септикпен);

асқазан мен ішектерді босатуға және тазартуға бейімделген орынмен;

ілмекті жолдардың астынан ұшалардың қанын ағызу учаскелерінде қан жинауға арналған тұғырлықтармен;

персоналға арналған қолжуғышпен, бір реттік қол орамалмен (қол жууға арналған дезерітінділермен);

тот баспайтын материалдардан жасалған, оңай тазартылатын және дезинфекцияланатын құралдармен және жұмыс жабдығымен, ветеринариялық конфискаттарға арналған контейнермен жасақталуға тиіс бауыздауға арналған үй-жай болуға тиіс.

Жануарларды бауыздау мен терісін сыпыру аймақтар мүшелеу және ішкі органдарды өңдеу аймағынан биіктігі кемінде 2 метр қалқалармен бөлінеді.

37. Шошқаларды сойған кезде күйдіру, қылшығын алу, тазарту және үйіту сойылған жерден кемінде 5 метр ашық кеңістікпен бөлінген немесе биіктігі кемінде 3 метр қалқамен қоршалған арнаулы орындарда орындалуға тиіс.

Етті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар

38. Етті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде (бұдан әрі -- ет өңдеуші объектілер), өндірістік үй-жайларда технологиялық жабдықтарды орналастырған кезде айқаспалы біріктірулерге жол берілмейді.

39. Ет өңдеуші объектілер жұмысқа жарамды күйдегі ветеринариялық-санитариялық мақсаттағы объектілерімен:

1) етті және ет өнімдерін, жануарлардан алынатын шикізатты өңдеу үшін жеткізетін автокөлікті жууға және дезинфекциялауға арналған тұрақты дезинфекциялық жуу пунктімен немесе алаңқаймен немесе дезинфекциялаушы тосқауылмен;

2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бақылау және ветеринариялық-санитариялық сараптау үшін жабдықталған ветеринар мамандарға арналған үй-жайлармен;

3) етті және сойылғаннан кейінгі өнімдерді олар өңделгенге дейін уақытша сақтауға арналған оқшауланған тоңазытқыш камерамен;

4) сарқынды суды зарарсыздандыратын құрылыспен жабдықталады.

40. Жуу бөлімінде су өтпейтін еден, мүкәммалды, көлік құралдарын жууға және дезинфекциялау үшін жедел бу, ыстық және суық су, сарқынды суды кәрізге ағызуға арналған жол болады.

41. Өндірістік цехтардағы (үй-жайлардағы) және санитариялық блоктағы қабырғалар мен бағаналардың панельдері кемінде 2 метр биіктікте қапталады.

42. Төбелердің және ілінетін арматуралардың бетінде кірдің жиналып қалуына, бөгде бөлшектердің үгіліп түсуіне, тамақ өнімдерінде конденсаттардың түзілуіне немесе олардың көгеруіне жол берілмейді.

43. Ет өңдеу объектілерінің барлық үй-жайларының едендері тегіс, жылтыр болады, су өткізбейтін материалдан жасалады.

44. Жуу және дезинфекциялау құралдары бөлек үй-жайда сақталады.

45. Қойма үй-жайлары таза ұсталады және үнемі дезинсекцияланады және дератизацияланады.

46. Ет өңдеу объектісіндегі технологиялық процесс мыналарды қамтамасыз етеді:

1) шикі және дайын өнімдер ағынының қиылысуы мен араласуын болғызбау;

2) өңдеу үшін түсетін шикізат пен қосалқы материалдардың ветеринария және денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау;

3) ілініп тұрған ет ұшаларын еденге, қабырғаға және технологиялық жабдықтарға тигізбеу;

4) қан ағызу, ұшаларды тазарту және жуу учаскелерінде бөлігінде сұйықтықтардың арнайы көлбеу астаушалар арқылы траптарға ағуы;

5) азық-түлік шикізатының (тоң май шикізаты, ішек-қарын, тағамдық қан, субөнімдер) берілуін бір-бірінен бөлектеу, оларды санитариялық өңдеудің оңай болуы;

6) тағамдық емес қалдықтарды ерекше түске боялған және мақсаты туралы жазбасы (таңбасы) бар арнайы ыдысқа жинау;

7) ветеринариялық конфискаттарды (ветеринариялық-санитариялық сараптама кезінде жарамсыз деп табылған ұшалар мен органдар) бөлек жабдықталған ағызғыштарға немесе ерекше түске боялған, жылжымалы, жабылатын арнайы ыдыстарға жинау;

8) сойылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдік туындаған немесе ол анықталған жағдайда «Тоқта» деген түймешенің көмегімен конвейерді ветеринар дәрігердің жұмыс орнынан шұғыл тоқтату (технологиялық процесс толық автоматтандырылған жағдайда);

9) ұшалар, субөнімдер және сойылғаннан кейінгі басқа өнімдер санитариялық өңделгеннен, ветеринариялық-санитариялық сараптама жасалғаннан және таңбаланғаннан кейін ғана оларды тоңазытқышқа жіберу;

10) жұмыс орындарына суық және ыстық су жеткізу, ал ішекті сұрыптау (есу) үшін сығылған ауа беру.

47. Ет өңдеу объектісі ауа температурасын өнім түріне қарай 00С-дан 300С-ға дейін және ылғалдығын 60%-дан 95%-ға дейін реттеу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін тоңазытқыш камераларымен және мұздатқыштармен жабдықталады.

48. Шикізат пен өнімдерді сақтауға арналған штабельдер қабырғалар мен тоңазыту аспаптарынан кемінде 30 сантиметр қашықтықта орналасады.

Штабельдердің арасынан жүретін жолдар қалдырылады.

49. Суытылған және тоңазытылған ілінген күйінде сақталады.

Шартты түрде жарамды деп танылған ет осы мақсат үшін арнайы пайдаланылатын оқшаулағыш-тоңазытқыштарда немесе тоңазытқыштың бөлек камераларында сақталады.

50. Ет өңдеу объектісі өндірістік цехтардағы сарқынды су: тоң май араласқан, тоң ма й араласпаған, шаруашылық-тұрмыстық және ластанбаған өндірістік су үшін ішкі кәріздің бөлек желілерімен жабдықталады.

51. Кәрізге немесе жергілікті тазарту құрылыстарына ағызылғанға дейін сарқынды су механикалық тазартудан өтеді.

Тоң май араласқан су маң тұтқыштардан өткізіледі.

52. Сарқынды суды қабылдауға арналған шұңқыр бетондалуға, өндірістік ғимараттан кемінде 20 метр қашықтықта орналасуға, қақпақпен жабдықталуға және 2/3 көлемі толған кезде тазартылуға тиіс.

53. Тазарту мен дезинфекциялау ыңғайлы болуы үшін ет пен ет өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдары және/немесе контейнерлер тегіс болуға және өнімдердің орнанолептикалық қасиеттері мен адамдардың денсаулығына ықпал етпейтін материалдардан жасалуға тиіс.

Көлік құралы өнімді жәндіктер мен шаңнан тиімді қорғау, сондай-ақ сұйықтықты құрғату құралдарымен жабдықталады.

Көлік құралы жаңа сойылған етті ілуге арналған тоттанбайтын ілгектермен жарақталады, олар ұшаларды, жарты ұшаларды, ұшалардың төрттен бірін тасымалдаған кезде еттің еденге тиюін болғызбайтындай биіктікке орнатылады.

Көлік құралдарында немесе контейнерлерде тірі жануарлар немесе кез келген басқа жүк тасымалданғаннан кейін оларды ет және ет өнімдерін тасымалдау үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет