Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №859 қаулысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы»



бет1/11
Дата14.07.2016
өлшемі1.82 Mb.
#197952
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №859 қаулысы
 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 27 маусымдағы

№859 қаулысымен

бекітілген


Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер
 1. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы, «Арнайы мемлекеттік органдар туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы» заңдарына және осы Қағидаларға сәйкес ұйымдастырылады.

3. Әскери есепке алу тұрақты жүзеге асырылады және:

1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;

2) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына сәйкес әскери міндеттілікті атқарудан босатылған адамдарды;

3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан адамдарды;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарын қамтиды.

4. Әскери есепке алудың мақсаты мемлекет қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын адами ресурстарды тиімді пайдалану мүддесінде олардың бар болуын айқындау болып табылады.

5. Әскери есепке алудың негізгі міндеттері:

1) азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде және Қазақстан Республикасында жұмылдыру жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету үшін Республикадағы әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің сандық және сапалық құрамын айқындау;

2) Қарулы Күштерді жасақтауды және жұмылдыра өрістетуді қамтамасыз ету үшін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар қатарынан әскери мамандарды даярлау және жинақтау;

3) азаматтардың «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және осы Қағидаларды орындауына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

6. Азаматтардың әскери есепте тұру ұзақтығы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.

Жасы бойынша әскери міндеттілер мынадай есепке алу разрядына бөлінеді:

1) бірінші разрядта мыналар тұрады:

запастағы офицерлер – 50 жасқа дейінгіні қоса алғанда;

запастағы сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) – 40 жасқа дейінгіні қоса алғанда;

2) екінші разрядта мыналар тұрады:

запастағы офицерлер – 51-ден 60 жасқа дейінгіні қоса алғанда;

запастағы сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) – 41-ден 50 жасқа дейінгіні қоса алғанда.

Әскери қызметші әйелдер әскери есепте екінші разрядта тұрады:

запастағы офицерлер – 45 жасқа дейінгіні қоса алғанда;

запастағы сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) – 35 жасқа дейінгіні қоса алғанда.

7. Әскери есепке алу жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы әскери есепке алуда жұмылдыру кезеңіне, соғыс жағдайына және соғыс уақытына заңды тұлғаларға бекітіліп қойылмаған азаматтар тұрады.

Арнайы әскери есепке алуда Азаматтарды жұмылдыру кезеңіне, соғыс жағдайына және соғыс уақытына заңды тұлғаларға бекітіп беру ережелерінде белгіленген тәртіппен заңды тұлғаларға бекітіліп қойылатын азаматтар тұрады.

Шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Әскери міндеттілер мен әскершге шақырылушыларды әскери есепке алуды олардың тұрғылықты немесе уақытша болатын (үш айдан астам мерзімде) жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО) жүзеге асырады. ЖӘБО жоқ елді мекендерде әскери есепке алуды кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) қамтамасыз етеді.

Азаматтарды әскери есепке алуды ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Заңды тұлғалар оларда жұмыс істейтін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар болған кезде осы Қағидаларға сәйкес азаматтарды әскери есепке алуды жүргізеді. Заңды тұлғалардың әскери есепке алуды жүргізуіне жалпы басшылық жасауды және бақылауды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО жүзеге асырады.

9. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары әскери есепке алуды жүргізу үшін мынадай есеппен босатылған есепке алу қызметкерлерін бөледі:

1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға – 2500 әскери міндетті мен әскерге шақырылушыға бір есепке алу қызметкері;

2) ЖӘБО жоқ елді мекендерде – 500 әскери міндетті мен әскерге шақырылушыға бір есепке алу қызметкері.

Босатылған есепке алу қызметкерлерін ұстау жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

10. Ер азаматтарды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға бастапқы әскери есепке қоюды жыл сайын қаңтар-наурыз аралығында, ал Қазақстан Республикасының азаматтығын алған азаматтарды – барлық күнтізбелік жыл ішінде азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссия жүзеге асырады.

Әйелдерді әскери есепке қою олар 18 жасқа толғаннан және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайтын Әскери-есептік мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандық алғаннан кейін жүзеге асырылады.

 

2. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу



 

11. Жыл сайын қаңтар-наурыз аралығында тіркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркеледі.

Тіркеуді тиісті жергілікті атқарушы органдар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-мен бірлесіп, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене дайындығы деңгейін белгілеу мақсатында ұйымдастырады және жүргізеді.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы деректер негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО әскерге шақыру ресурстарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бойынша алдын ала бөлуді, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы ұйымдарында әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша оқыту үшін кандидаттарды алдын ала іріктеуді жүргізеді және әскери оқу орындарына түсуге ниет білдіретін адамдарды анықтайды.

Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді олардың тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО жүргізеді.

12. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізер алдында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО жыл сайын мынадай дайындық жұмыстарын жүргізеді:

1) жыл сайын 1 қарашаға дейін аудандық (қалалық) статистика органдары және/немесе салық органдары арқылы ауданның (қаланың) ұйымдар заңды тұлғалар тізбесін нақтылайды;

2) жыл сайын 1 желтоқсанда ауданның (қаланың) заңды тұлғаларынан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс азаматтардың тізімдеріне (бұдан әрі – азаматтар тізімі) сұрау салады;

3) есепке алу жөніндегі құжаттарды заңды тұлғалардан алынған әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс азаматтардың ұсынылған тізімдеріне сәйкес келуін тексереді;

4) азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жасалған тіркелуге тиіс азаматтардың тізімдерін жұмыс немесе оқу орындары бойынша заңды тұлғалардан алынған азаматтардың ұқсас тізімдерімен салыстырады;

5) 25 желтоқсанға дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес салыстырылған тізімдер негізінде әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс азаматтардың жиынтық тізімін жасайды;

6) тіркелуге тиіс азаматтарға:

медицина ұйымдарынан – амбулаторлық сырқаттың медициналық карталарын, егулер туралы анықтамаларды, жүйке-психикалық, наркологиялық, тері-венерологиялық, инфекциялық сырқаттар, туберкулез, АҚТҚ-инфекциясы (ЖҚТБ), трахома, ішкі мүшелердің созылмалы сырқаттары, хирургиялық бейіндегі сырқаттанулар бойынша есепте тұрған адамдардың тізімдерін, сырқат тарихынан үзінділерді, азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын дәрігерлік тексеру мен диспансерлік қадағалау деректерін;

халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан – мүгедек деп танылған адамдар туралы мәліметтерді;

девианттық мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдерге арналған қосалқы мектептер мен арнайы білім беру ұйымдарынан – медициналық-педагогикалық мінездемелерді;

ішкі істер, прокуратура және сот органдарынан – қылмыстық жауапкершілікке тартылған, тергеудегі, сотталған, ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың тізімдерін;

денсаулық сақтау басқармаларынан – стационарлық (амбулаторлық) тексеру мен емделуге мұқтаж әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы азаматтарды тексеруге және емдеуге бекітіліп берілетін медициналық мекемелерінің тізімдерін сұратады.

13. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу бойынша мынадай жұмыс жүргізіледі:

1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ЖӘБО:

жұмыс жоспарын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына арналған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу тәртібі мен мерзімдері туралы ұйымдастыру-әдістемелік нұсқауларын әзірлейді;

аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО-ның бастықтарымен азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі бір күндік нұсқаулық-әдістемелік сабақтарын өткізеді;

облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) денсаулық сақтау департаменттерімен (басқармаларымен) бірлесіп, азаматтарды медициналық куәландыру үшін емдеу ұйымдарының дәрігер мамандарын тарту тәртібін айқындайды;

әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу тәртібі және мерзімдері туралы облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) ЖӘБО бастығының бұйрығын шығарады;

2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО:

жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктірмей осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО бастығының азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы бұйрығын шығарады;

азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді дайындау және жүргізу жоспарын әзірлейді, онда:

әскерге шақыру учаскесіне тіркеу үшін азаматтарды хабардар ету тәртібі мен шақырту мерзімдері;

тізімдерді жасау мерзімі және азаматтардың әскерге шақыру учаскелеріне күндер бойынша келуінің есептері (күніне 50 адамнан артық емес);

тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс іс-шараларын өткізу;

әскерге шақыру пункттерінің үй-жайларын қажетті жабдықпен қамтамасыз ету;

тіркелетіндерді медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандарды іріктеу;

азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдасқан және сапалы түрде өткізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қызметкерлердің, қызмет көрсететін персонал мен көліктің қажетті санын бөлуге арналған есеп;

тіркеуді жүргізуге тартылатын адамдарға нұсқау беруді өткізу мерзімі көзделеді.

14. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізуге байланысты қажетті шығыстарға өтінімдерді тиісті әкімдіктерге (жергілікті атқарушы органдарына) (бағдарламалар әкімшілеріне) ұсынады.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу жөніндегі қаржы шығындарын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері жүзеге асырады.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді уақтылы және сапалы жүргізу жөніндегі жоспарланатын іс-шаралар туралы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО жыл сайын 15 қарашаға дейін тиісті әкімдерді хабардар етеді.

Азаматтарға тіркелуге келу туралы хабардар ету осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес шақырту қағаздарымен (бұдан әрі – шақырту қағазы) жүргізіледі, оларды азаматтарға тапсыруды жергілікті атқарушы органдар және заңды тұлғалар тіркелуге келуге белгіленген мерзімге дейін 5 жұмыс күні бұрын жүргізеді. Аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО-ның шақырту қағаздарында тіркелуден өту үшін азаматтардың әскерге шақыру учаскелеріне келуінің нақты мерзімдері белгіленеді.

ЖӘБО жоқ елді мекендерде азаматтарды тіркеу учаскелеріне жеткізуді кенттердің, ауылдардың селолардың), ауылдық (селолық) окруктердің әкімдері қамтамасыз етеді.

Ауыр сырқаттармен ауыратын, өз еркімен қозғалу мүмкіндігінен айрылған азаматтар тіркеуге келуден босатылады, бұл тиісті емдеу-алдын алу мекемелерінің анықтамаларымен расталады.

Қажет болған жағдайларда шақырту қағаздары азаматтарға тікелей олардың мекенжайлары бойынша табыс етіледі.

15. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО белгілеген мерзімдерде азаматтардың әскерге шақыру учаскелеріне келмеуінің дәлелді себептері:

1) еңбекке қабілетін жоғалтуға байланысты сырқаттану (жарақаттану);

2) жақын туысының қайтыс болуы немесе ауыр сырқаттануы;

3) азаматты өзі келу мүмкіндігінен айырған табиғи сипаттағы кедергілер болып танылады.

Келмеу себептері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.

16. Тіркелуден өту үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға шақыртылатын барлық азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне шақырту қағаздарында көрсетілген мерзімдерде және құжаттармен келеді.

17. Әскерге шақыру пункті бойынша кезекші тіркелуден өту үшін келген азаматтарға тіркелуден өту тәртібін жеткізеді, оларға Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

18. Аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО-ның уәкілетті адамдары азаматтармен әңгімелесулерді өткізеді, олар ұсынған құжаттардың болуын және толықтығын тексереді. Шақыру учаскесіндегі жұмыс үшін тартылған техникалық қызметкерлерге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес әскерге шақырылушының тіркелетін есепке алу картасын (бұдан әрі – шақырылушының есепке алу картасы), осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес шақырылушының жеке ісін (бұдан әрі – жеке іс) толтыру туралы нұсқау береді. Тізім бойынша тіркелуге келген азаматтарды күнделікті есепке алуды жүргізеді.

Әрбір әскерге шақырылушының жеке ісіне:

1) әскерге шақырылушының есепке алу картасы;

2) тууы туралы куәлігінің көшірмесі;

3) неке туралы куәліктің көшірмесі;

4) балаларының тууы туралы куәліктерінің көшірмесі;

5) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) жұмыс немесе оқу орнынан анықтама;

7) жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме;

8) отбасы құрамы туралы анықтама;

9) әскерге шақырылушыны зерделеу парағы;

10)ата-аналарымен әңгімелесу парағы;

11) кеуде қуысы мүшелерін рентгенологиялық зерттеу нәтижелері;

12) денсаулық жағдайы туралы құжаттар;

13) ішкі істер органдарынан, анықтау және алдын ала тергеу органдарынан анықтамалар;

14) сот органдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы хабарламалар;

15) азаматтық хал актілерін жазу ұйымдарынан (бұдан әрі – АХАЖ органдары) тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны, туған күні мен жері туралы өзгерістер туралы, қайтыс болуы туралы хабарламалар тігіледі.

19. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс барлық азаматтарға Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландыру жүргізіледі.

20. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабына (бұдан әрі – хаттамалар кітабы) ауыр сырқатқа шалдығып, сол сырқаты салдарынан тіркелуге өздері келуге мүмкіндіктері болмаған адамдарды қоса алғанда, жиынтық тізімдерге сәйкес әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс барлық азаматтар енгізіледі.

Қосымша медициналық тексерілуге жіберілген азаматтар бойынша тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабына мынадай жазу жазылады: «Қосымша тексерілуге (қайда) жіберілсін. 20__жылғы «___»________ тіркелуге қайта келсін.».

Тіркеу жөніндегі комиссияның көрсетілген азаматтар жөніндегі түпкілікті шешімі қосымша тексерулерден өткеннен кейін қабылданады және комиссияның хаттамалар кітабына қайта жазылады. Егер азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы қорытынды есептілік жасалғанға дейін жекелеген адамдарды қосымша тексеру аяқталмаған болса, онда көрсетілген адамдар тіркеу туралы есептілікте 1-тізім бойынша (әскери қызметке уақытша жарамсыздар) емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаждар ретінде көрсетіледі.

21. Әрбір жұмыс күнінің соңында тіркеу жөніндегі комиссия мүшелері тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабына жазылған жазбалардың дұрыстығын тексереді. Хаттамаға тіркеу жөніндегі комиссияның төрағасы және мүшелері қол қояды.

22. Тіркеу жөніндегі комиссия әскерге шақырылушының құжаттарын зерделеу және жеке әңгімелесу негізінде оның кәсібін, мамандығын, білімін, жалпы ой-өрісін және медициналық куәландыру нәтижелерін ескере отырып, тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабына енгізілетін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) «Әскери қызметке жарамды»;

2) «Әскери қызметке жарамды, бірақ қосымша емделуге мұқтаж»;

3) «Емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаж»;

4) «Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды»;

5) «Әскери есептен ала отырып, әскери қызметке жарамсыз».

Тіркеу жөніндегі комиссия:

1) тіркелуге келмеген азаматтарды іздестіруді ұйымдастыру туралы;

2) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдарды тіркеу мерзімдерін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.

23. Емделу қажеттігі туралы шешім әскери қызметке жарамдылық дәрежесіне дейін сауығуы мүмкін сырқаттары анықталған адамдарға қатысты қабылданады. Бұл адамдар емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге тиіс. Олардың әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселені әскерге шақыру кезінде әскерге шақыру комиссиясы шешеді.

24. Тіркеу кезінде «әскери есептен ала отырып, әскери қызметке жарамсыз» және «бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды» деп танылған адамдарға кезекті әскерге шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткеннен кейін, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ЖӘБО облыстық әскерге шақыру комиссиясының шешімі негізінде белгіленген тәртіппен осы Қағидаларға


8-қосымшаға сәйкес тиісті жазбалар жазылатын әскери билет беріледі.

Берілген әскери билет оны беру туралы өтініш келіп түскен кезде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы иесіне беру үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға жолданады.

Әскерге шақырылушы халыққа қызмет көрсету орталығынан берілген әскери билетті алғаннан кейін тіркеу туралы куәлік белгіленген тәртіппен жою үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға беріледі.

Әскери билетті беру туралы әскери билеттің сериясы мен нөмірін көрсете отырып, әскери шақырылушының есепке алу картасында белгі жасалады, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО лауазымды адамы қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады. Есепке алу картасы растау құжаттарымен бірге жеке іске тігіледі және сақтауға мұрағатқа беріледі.

25. І және II топтағы мүгедек болып табылатын азаматтарға әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуден өту кезінде облыстық әскерге шақыру комиссиясының шешімі және мүгедектігін растайтын құжаттардың ұсынылған нотариалдық куәландырылған көшірмелері негізінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ЖӘБО белгіленген тәртіппен «әскери міндетті емес» деген белгісі бар әскери билет береді. Берілген әскери билет оны беру туралы өтініш келіп түскен кезде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы иесіне немесе оның жақын туыстарына беру үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға жолданады.

26. Емделуге немесе медициналық бақылауға мұқтаж әскерге шақырылушылар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-да есепке алынады және олар туралы мәліметтер тіркеу аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде 1-тізім (әскери қызметке уақытша жарамсыздар) немесе 2-тізім (шамалы шектеулермен әскери қызметке жарамдылар) бойынша емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізу үшін денсаулық сақтау органдарына беріледі.

Әскерге шақырылушыларды емдеу аяқталғаннан кейін емдеу мекемелері жүргізілген емдеу-сауықтыру іс-шаралары туралы мәліметті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға ұсынады.

27. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу үдерісінде:

1) емдеу жоспарына сәйкес оларға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жолдама (бұдан әрі – жолдама) бере отырып, емдеу-алдын алу ұйымдарына бекітіліп берілетін емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаж;

2) денсаулық жағдайы бойынша және басқа да деректер бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқытуға жарамды, ол туралы әскерге шақырылушының есепке алу картасына жазылады;

3) ол туралы әскерге шақырылушының есепке алу картасында және оны зерделеу парағында көрсете отырып, әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген әскерге шақырылушыларды анықтайды.

28. Әрбір жұмыс күнінің соңында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО бастығы барлық азаматтардың өздері үшін белгіленген күні тіркелуге келгенін жеке өзі тексеруге тиіс. Тіркелуге белгіленген уақытта келмеген азаматтарға қатысты келмеу себебі анықталады және бір уақытта оларды қайтадан шақырту шаралары қабылданады.

29. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген азаматтарға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес иесіне берілетін әскерге шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлік (бұдан әрі – тіркеу туралы куәлік) береді. Тіркеу туралы куәлікті алғаш рет беру ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-да жүзеге асырылады. Әскерге шақырылушының есепке алу картасына және тіркеу туралы куәлікке осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес әскери есепке алу туралы мөртаңбамен белгі қойылады.

Тіркеу туралы куәлікті тапсыру кезінде әскерге шақырылушыларға олардың әскери есепке алу қағидаларын сақтау жөніндегі, ал өздеріне қатысты емделуге (медициналық бақылауға) жіберу туралы шешім қабылданған адамдарға тиісті емдеу-алдын алу ұйымдарына жүйелі түрде бару қажеттігі туралы міндеттері түсіндіріледі.

30. Әскерге шақырылушы тіркеу туралы куәлігін жоғалтқан жағдайда оның телнұсқасы беріледі. Тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО бастығының шешімі бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес жоғалту жағдайлары көрсетілетін әскерге шақырылушының жазбаша өтініші (бұдан әрі – өтініш) бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беріледі.

31. Әскерге шақырылушылардың жеке істері мен есепке алу карталары негізінде күн сайын осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес есептік-әліпбилік кітап (бұдан әрі – есептік-әліпбилік кітап) толтырылады. Кітапқа тіркелуден өткен барлық әскерге шақырылушылар, оның ішінде тексерілуге жіберілген, тіркеу кезінде бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында саптан тыс әскери қызметке жарамды, әскери есептен ала отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар енгізіледі.

32. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО:

1) барлық азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеумен толық қамту мақсатында жыл сайын сәуірде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-да бар тіркелуден өткен азаматтардың есептік деректерін аудан (облыстық маңызы бар қала) заңды тұлғалардың есептік деректерімен салыстыруды жүргізеді;

2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-да тіркелуден өткен әскерге шақырылушыларға жеке істердің болуын тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабының, есептік-әліпбилік кітаптың деректерімен және жиынтық тізіммен салыстырады, ол туралы запасқа жіберілетін әскерге шақырылушылардың тізімін қоса бере отырып, акті жасайды;

3) әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындылары туралы есептілікті жасайды және белгіленген мерзімде оны әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру нәтижелері, өткен жылмен салыстырғандағы сапалық көрсеткіштер, сондай-ақ дәрігер мамандармен және диагностикалық жабдықпен қамтамасыз етілгендігі көрсетілетін түсіндірме жазбамен бірге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ЖӘБО-ға ұсынады.

33. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс, бірақ тіркелу үшін белгіленген мерзімдерде келмеген азаматтар келмеу себептері анықталғаннан кейін жеке ісін ресімдей және есептік-әліпбилік кітапқа енгізе отырып, әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қабылданады. Көрсетілген азаматтарды медициналық куәландыру және олардың жарамдылық дәрежесін айқындау оларды әскери қызметке шақыру кезінде жүргізіледі.

34. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ЖӘБО:

1) жүргізілген азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу қорытындылары туралы есептілікті жасайды, оны түсіндірме жазбамен бірге жыл сайын 15 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ұсынады;

2) 15 сәуірге дейін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әкіміне тіркеу қорытындылары жөніндегі ақпаратты ұсынады.

 

3.Қазақстан Республикасында әскерге шақырылушыларды




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет