Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 Қаулысы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі66.5 Kb.
#4106
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Қоса беріліп отырған:



1) «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;

3) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;

4) «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;

5) «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:



көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
«Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер» деген 6-бөлім жаңа редакцияда жазылсын. «6-бөлім. Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер

196

Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

Жеке тұлғалар

БҒМ

Жалпы орта, негізгі орта, техникалық және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары

Жалпы орта, негізгі орта, техникалық және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары

Қағаз нысанында (телнұсқа)

197

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау*

Жеке тұлғалар

БҒМ

Бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру ұйымдары

Бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру ұйымдары

Қағаз нысанында (оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрық)

198

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау

Жеке тұлғалар

БҒМ

Жалпы орта білім беру ұйымдары

Жалпы орта білім беру ұйымдары

Қағаз нысанында (бұйрық)

203

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыру үшін құжаттар қабылдау*

Жеке тұлғалар

БҒМ

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары

Қағаз нысанында (анықтама)

205

Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау

Жеке тұлғалар

БҒМ

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық, қалалық білім бөлімдері, білім беру ұйымдары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық, қалалық білім бөлімдері, білім беру ұйымдары

Қағаз нысанында (жолдама)

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.


      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысына  қосымша       


Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
      1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №19, 148-құжат).
     

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 550 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 321-құжат).


      3. «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 336 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 350-құжат).


      4. «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 93-құжат).



Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых Министерством образования и науки Республики Казахстан, местными исполнительными органами в сфере образования и науки

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2012 года № 1119

      В соответствии со статьей 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьями 9-1, 15-2 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах» и подпунктами 2), 3) статьи 6, статьей 29 Закона Республики Казахстан от 11 января 2007 года «Об информатизации» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1.Утвердить прилагаемые:

1) стандарт государственной услуги «Выдача дубликатов документов об образовании»;

2) стандарт государственной услуги «Прием документов и зачисление в организации образования независимо от ведомственной подчиненности для обучения по общеобразовательным программам начального, основного среднего, общего среднего образования»;

3) стандарт государственной услуги «Прием документов для организации индивидуального бесплатного обучения на дому детей, которые по состоянию здоровья в течение длительного времени не могут посещать организации начального, основного среднего, общего среднего образования»;

4) стандарт государственной услуги «Прием документов для предоставления бесплатного питания отдельным категориям обучающихся и воспитанников в общеобразовательных школах»;

5) стандарт государственной услуги «Прием документов для предоставления отдыха детям из малообеспеченных семей в загородных и пришкольных лагерях»;

2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 «Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам» (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 44, ст. 401) следующее изменение:

в Реестре государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам, утвержденном указанным постановлением: раздел 6 «Государственные услуги в области образования и науки» изложить в новой редакции:

«Раздел 6. Государственные услуги в области образования и науки



196

Выдача дубликатов документов об образовании

Физические лица

МОН

Организации основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, высшего образования

Организации основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, высшего образования

В бумажной форме (дубликат)

197

Прием документов и зачисление в организации образования независимо от ведомственной подчиненности для обучения по общеобразовательным программам начального, основного среднего, общего среднего образования*

Физические лица

МОН

Организации среднего образования

Организации среднего образования

В бумажной форме (общий приказ о зачислении)

198

Прием документов для организации индивидуального бесплатного обучения на дому детей, которые по состоянию здоровья в течение длительного времени не могут посещать организации начального, основного среднего, общего среднего образования

Физические лица

МОН

Организации общего среднего образования

Организации общего среднего образования

В бумажной форме (приказ)

203

Прием документов для предоставления бесплатного питания отдельным категориям обучающихся и воспитанников в общеобразовательных школах *

Физические лица

МОН

Местные исполнительные органы районов (городов областного значения)

Местные исполнительные органы районов (городов областного значения)

В бумажной форме (справка)

205

Прием документов для предоставления отдыха детям из малообеспеченных семей в загородных и пришкольных лагерях

Физические лица

МОН

Управления образования областей, городов Астаны и Алматы, отделы образования районов, городов, организации образования

Управления образования областей, городов Астаны и Алматы, отделы образования районов, городов, организации образования

В бумажной форме (направление)

 3. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.



4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.
      Премьер-Минист Республики Казахстан                       К. Масимов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет