Бекітемін Келісемін
Мектеп директоры: Мектептің оқу ісі
_______________________ жөніндегі орынбасары:
«_____» _______________ _________________________
«_____» _________________
«Тарихи тұлғалар»
7 сынып оқушыларына арналған факультативтік курс
Пән мұғалімі: Булекбаева У.К
2023-2024 оқу жылы
Түсінік хат
«Тарихи тұлғалар» факультативтік курстың өзектілігі дүние жүзі,
Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған, өнегелі де данышпан тұлғаларды оқушыларға таныту.
Бағдарлама 34 сағатты қамтиды.
Кіріспе бөліміне 1 сағат берілген. Мұнда оқушыларға тарихи тұлғалар деген кімдер, тарихта қандай із қалдырған адамдарды тұлғалар қатарына жатқызуға болады, сонымен қатар курстың мақсатымен таныстыра отырып, жоспар бойынша белгіленген тұлғалар тарихына байланысты қосымша мәліметтер жинауға тапсырмалар беріледі.
Бағдарламаның негізігі бөлімінде 5 сағат ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи тұлғалар өміріне беріледі.Олар:Ежелгі Қытай данышпаны Конфуций, ортағасырлық ғұламалар Әл Фараби, Фердауси, Омар Хайям және тарихта өзінің орнын қалдырған монғол билеушісі Шыңғыс хан туралы мәлімет беріледі.Мұнда Конфуцийдің даналық сөзеріне үлкен көңіл бөліп, өмірмен байланыстыру.Оқушыларды адамгершілікке, білімге шақыру.Әл Фараби тақырыбында оның шығармашылығы туралы айтылады,Фердауси тақырыбында «Шаһнама»-«Патшалар кітабы» туралы айтылады.Сонымен қатар Фердаусидің нақыл сөздері мысал келтіріліп, шыншыл болуға,білімді болуға,еліне қызметті адал атқаруға бағыттау.Атақты философ Омар Хайямды оқытқанда оның еңбегі, өнегелі сөздері өмірінің тарихи тізбесін көрсету керек.Трактаттары туралы айту.
Бағдарламада сонымен қатар 8 сағат Қазақ хандығы тұсындағы тарихи тұлғаларға беріледі. Мұнда халқымыздың атақты төре билерімізге арнайы 1 сағат
берілген .Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке билердің даналық сөздері, ел ісіндегі беделі, жаугершілік заманындағы салихалы істері, ұлтжандылық сезімдеріне тоқтала келе оқушыларды сол тұлғалар секілді адал, дана, іскер, өжет болуға бағыттау қажет.
Қазақ хандығын құрған Жәнібек пен Керейге сонымен қатар жонғар шапқыншылығы кезінде өздерінің шеберлігімен көзге түсіп, елді біріктірген, халқын сақтауға тырысқан Абылай мен Әбілқайыр хандардың ерлігі, өмірі,саясаты туралы айтылу қажет. Кенесары Қасымұлының еңбегі, билеуі,даналығы мен саясаткерлігіне де арнайы тоқталу керек. Болашақта осы тұлғаларға арналған сұрақтар ҰБТ-да кездескен кезде оқушылар оңай жауап бере алады. Сонымен қатар қазақтың батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбайға да үлкен көңіл бөлу керек. Олардың жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ерлігі, әскери іс жүргізу шеберлігі және патриоттық рухтары оқушыларды болашақта өз елінің нар тұлғалары, алдыңғы қатарлы патриот азаматтары ретінде тәрбиелеуде өз үлесін қосады. Исатай мен Махамбетті оқуға 1 сағат беріледі. Екі тұлғаның өмірі мен ерлігі, елі үшін жанашырлығы, қатігездікке қарсылығы туралы айтылады. Бұқар жырауды айтпай кетуге болмайды. Бұл тұлға қазақ тарихында төрден орын алады. Оның кеңестері мен ел алдындағы беделі, саясаттылығы, данышпандылығы туралы сөз қозғалып, хандықтағы орнын көрсету қажет.
Бағдарламаның келесі бөлімі 19-20 ғғ тарихи тұлғаларға арналған.18 сағат көлемінде берілген. Мұнда мәдениет қайраткерлері,ағартушы ғалымдар, Алаш қайраткерлері: Құрманғазы Сағырбайұлы, Қажымұқан Мұңайтпасов, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов туралы айтылады. Бұл тұлғалардың өмірі, еңбегі, ел тарихында қалдырған іздері, даналық сөздері, тәуелсіздік жолындағы еңбектері айтылады. Сонымен қатар Жамбыл Жабаев,Қаныш Сатпаев, Күләш Бәйсейітова туралы сөз қозғалып, олардың қазқтың дамуына қосқан зор үлестері айтылады. Дүниеге танымал еңбектері туралы,өнері туралы мәлімет беріледі. Ұлы Отан соғысы кезінде жеңісті жеткізу үшін өзінің жанын қиған, ерен еңбек көрсеткен, өскелен ұрпаққа ерлігін өнеге етіп қалдырған, бала тәрбиесіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлғалар туралы айтылады.
Олар: Байыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев,Мәншүк Мәметова, Әлия молдағұлова, Хиуаз Доспанова.Сонымен қатар 20ғ үлкен тұлғаларының бірі Мұхтар Шаханов пен Олжас Сүлеменов туралы мәлімет беріп, Отанының ертеңін ойлаған ағалардың еңбегі, экологиялық апаттың зияны туралы айтып, сол апатты қайтарудағы алғашқы қадамдары туралы сонымен қатар тәуелсіздік таңын жақындату үшін өзінің жанын құрбан еткен Қайрат Рысқұлбеков туралы , оның өмірі,желтоқсан оқиғасы туралы баяндау.
Достарыңызбен бөлісу: |