Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.07.2012 20:33:57
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 мамырдағы № 578 Қаулысы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 мамырдағы
№ 578 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу
қағидалары
Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу тәртібін белгілейді.
2. Шетелдіктерді есепке алуды Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес осы Қағидалардың 1-қосымшасына орай балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің жазбаша қолдаухаты негізінде жүргізеді.
3. Жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға тілек білдірген шетелдіктер шетелдердегі мекемелерге агенттіктің қолдаухатын, өздерін есепке қою туралы жазбаша өтініш береді (тегі аты-жөні, туған күні және туған жері, паспорттың нөмірі, берілген күні, қашан және кім берген) сондай-ақ, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес есепке алу карточкасын толтырады. Есепке алу карточкасына есепке алушының фотосуреті қоса бекітіледі.
4. Консулдық лауазымды тұлға осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қарауға қабылдайды және құжаттар берілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес шетелдегі мекеменің бланкісінде ресімделген есепке қойылғаны туралы тиісті анықтама береді, оған қол қойып елтаңбалы мөрмен куәландырады. Анықтаманың көшірмесі есепке алу карточкасына тіркеледі.
5. Осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген, құжаттарды толтыру немесе тапсыру кезінде толық емес деректер берілген жағдайда шетелдегі мекемелер оларды шетелдіктерге қайтарады.
6. Шетелдік сол жіберілген кемшіліктерді жойған жағдайда құжаттар шетелдегі мекемеге қайта тапсырылады.
7. Есепке алу карточкалары әліпбилік тәртіппен «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктер» бөлімі бойынша есепке алу картотекасында сақталады.
8. Есепке алынған шетелдіктер туралы ақпарат жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жіберіледі.
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды асырап алуға тілек
білдірген шетелдіктерді есепке
алу қағидаларына
1-қосымша
Агенттік атауы
(ресми бланкіде)
Мекенжай:
тел:
«____»__________ 20___ ж. № ______
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемесінің атауы
Қолдаухат
«____»(халқаралық агенттік атауы, ____ ж. «____» лицензия нөмірі ______, ҚР аккредиттеу мерзімі) Қазақстан Республикасының азамат(тар)ы болып табылатын баланы (балаларды) асырап алуға тілек білдірген тұлғаны/тұлғаларды консулдық есепке қоюды сұрайды.
Бұл азамат Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сай келеді.
Лауазымды тұлғаның қолы Т.А.Ә. _______________________
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды асырап алуға тілек
білдірген шетелдіктерді есепке
алу қағидаларына
2-қосымша
___________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы)
3x4
Фотосуретке
арналған орын
|
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға тілек білдірген шетелдікті есепке алу
карточкасы
1.
|
Т.А.Ә.
|
|
2.
|
Туған күні және жері
|
|
3.
|
Паспорттың нөмірі, кім және қашан берген
|
|
3.
|
Азаматтығы
|
|
4.
|
Тұрғылықты мекенжайы
|
|
5.
|
Білімі
|
|
6.
|
Жұмыс орны
|
|
7.
|
Ерлі-зайыптылардың Т.А.Ә.
|
|
8.
|
Күні және туған жері
|
|
9.
|
Паспорттың нөмірі, кім және қашан берген
|
|
10.
|
Азаматтығы
|
|
11.
|
Тұрғылықты мекенжайы
|
|
12.
|
Білімі
|
|
13.
|
Жұмыс орны
|
|
Қолы ___________________
2012 жылғы «____»____________
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды асырап алуға тілек
білдірген шетелдіктерді есепке
алу қағидаларына
3-қосымша
2012 ж «____»____________ №_____
Анықтама
Осымен _________________________________________________________________________________________ азаматы/азаматшасы
(елдің атауы)
Т.А.Ә. (толық) ______________________________________________________________________________________________________
Туған күні __________________________________________________________________________________________________________
Т.А.Ә. (толық) ______________________________________________________________________________________________________
Туған күні __________________________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға тілек білдірген тұлға/тұлғалар ретінде есепке алынғандығын растаймыз.
Консул қолы Т.А.Ә. __________м________________
Мөрге арналған орын
(шетелдегі мекеме)
Достарыңызбен бөлісу: |