Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы



Дата03.07.2016
өлшемі138.32 Kb.
#175186


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы « »

қаулысына

1 қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы «4» наурыздағы

№ 177 қаулысымен

бекітілген


 

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы

мәліметтерді қамтитын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты




1. Жалпы ережелер

 

1. «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» Шаруашылық жүргізу құқықтығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - орталық) арқылы;

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің www.gosreestr.kz «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталы (бұдан әрі – мемтізілім) арқылы жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) қызмет алушының орталыққа құжаттар пакетін тапсыру – 20 минуттан аспайды;

порталға және мемтізілімге жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – 10 минуттан аспайды;

2) қызмет алушының құжаттар пакетін тапсыруы үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 минуттан аспайды;

3) қызмет алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 15 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толығымен автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) Орталық - дүйсенбіден сенбіні қоса алғанға дейін, Қазақстан Республикасы еңбек заңдылығына сәйкес, демалыс және мереке күндерін алып тастағанда, қызмет берушінің бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін, түскі асқа арналған үзіліссіз.

Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, электронды кезек тәртібінде жүзеге асырылады, электронды кезекті Портал арқылы брондауға болады.

3) портал және мемтізілім – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Қызмет алушының үндеуі кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) орталыққа:

жеке тұлғалар - жеке куәлік (тұлғаны идентификациялау үшін);

Заңды тұлғалар - уәкілетті тұлғаның куәландыратын, сенімхат немесе басқа құжат.

Мемлекеттік қызметті орталық арқылы алған жағдайда қызмет алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелер ішіндегі мәліметтерді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес, пайдалануға жазбаша келісімін береді.

Орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың түпнұсқасын орталықтың ақпараттық жүйесінен деректерді тексереді және көрсетілетін қызметті алушымен берілген құжаттардың түпнұсқасын қайтарып береді.

Көрсетілетін қызметті алушы орталықтың қызметкеріне мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шартың нөмірін хабарлайды және орталықтың қызметкері орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы электронды сауалды құрайды.

2) портал және мемтізілімге - мемлекеттік мүлікті жалға беру (сенімгерлік басқару) туралы шарттың нөмірі.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартынның 9 тармағына сәйкес көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, орталықтың қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.




3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі



11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына не 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй, № 105 кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефоны: (87172) 71-77-60;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда беріледі;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша орталықтың басшысының атына жазбаша немесе электронды түрде беріледі

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін қызмет берушінің басшысына, Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Орталық немесе портал арқылы өтініш білдірген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеу барысында (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.




4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар


13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында;

2) орталықтың: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында;

3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда орталық немесе портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


_____________________________

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен
(сенімгерлік басқарушылармен) жасалған
жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары
бойынша оларға мемлекеттік мүлік
тізілімінен шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен
төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын
анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Нысан

Мәліметтер болған жағдайда


Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама

Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған

Бірегей нөмірі:

Сұрау салынған күні мен уақыты:



Анықтаманы алатын күні мен уақыты:
Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін қызметін тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № – ____ және БСН/ЖСН – _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында мыналар тіркелген:

1) шарт және мемлекеттік мүлік бойынша мәліметтер:


Шарт түрі: мүліктік жалға алу (жалдау)/сенімгерлік басқару

 

 

Жалға беруші (сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы)

 

БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары

Баланс ұстаушы:

 

БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары

Жалдаушы  (сенімгерлік басқарушы):

 

БСН/ЖСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс деректері

Шарттың нөмірі мен күні:

 

 

Мемлекеттік мүлік түрі:

 

көлік немесе ғимараттағы үй-жай немесе ғимарат немесе жабдық немесе басқалар

Жалға алу (сенімгерлік басқару) кезеңі:

 

 

Жалға алу (сенімгерлік басқару) нысаны:

 

мемлекеттік мүліктің орналасқан орны, сипаты мен сипаттамасы


2) шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түсімдер


Есептеу күні

Есептелді, теңге

Мерзімі өткен күндер саны

Уақтылы төленбегені үшін өсімпұл, теңге (бір күнгі өсімпұл сомасы х мерзімі өткен күндер саны)

Мембюджетке түсті, теңге

Төлем күні

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы есептелді:

жалға алу төлемі, теңге: _________

өсімпұл, теңге: _________

Мемлекеттік бюджетке түсті, теңге: _________

Жиыны төлемге, теңге: _________



 

Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы  7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.



штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.

Мәліметтер болмаған кезде

Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама



Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған

Бірегей нөмірі:

Сұрау салынған күні мен уақыты:

Анықтаманы алатын күні мен уақыты:
Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін қызметін тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № – ____ және БСН/ЖСН _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында мәліметтер табылған жоқ.

Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы  7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.
Ескертпе:

БСНбизнес-сәйкестендіру нөмірі;

ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

______________________________

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға шарт бойынша мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен оларға есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша




Басшыға

__________________________________

(Орталықтың атауы)

__________________________________

__________________________________

__________________________________

__________________________________

(Т.А.Ж)


Өтініш
Сізді Республикалық мүлікті жалға беру (сенімгерлік басқару) туралы шарт бойынша анықтама беруді сұраймын. заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелер ішіндегі мәліметтерді қолдануға келісемін.

___________ «___» ______20__ж.

(қолтаңба)

______________________________


«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға шарт бойынша мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен оларға есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша



Нысан
(көрсетілетін қызмет алушының
тегі, аты, болса әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
немесе қызмет алушы ұйымының атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекен-жайы)
Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекен-жайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік қызметтің атауын мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:

1)_______________________________;    2)_______________________________;   

3)....
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
  Аты-жөні (ҚКО қызметкерінің)                  (қолы)
      Орындаушы. Т.А.Ә.
     Телефон.
      Алды: аты-жөні/ көрсетілетін қызмет алушының қолы
     «__» _________ 20__ж.

______________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет