Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік түрлері мен нысандары ДӘРІСТІҢ МАҚСАТЫ: - Кәсіпкерліктің түрлері мен нысандарын қарастыру.
Кәсіпкерлік субъектілерінің категориялары шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі болып табылады. орта кәсіпкерлік субъектілері Ірі кәсіпкерлік субъектілері Кәсіпкерлік түрлерін айқындау үшін екі өлшемшарт пайдаланылады жылдық орташа кіріс Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны осы субъект филиалдарының, өкілдіктерінің және басқа да оқшауланған бөлімшелерінің жұмыскерлерін, сондай-ақ дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлер ескеріле отырып айқындалады. Соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық кірістердің немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектілері кірістерінің үшке бөлінген сомасы жылдық орташа кіріс деп есептеледі. Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және және кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады Кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады Орта кәсіпкерлік субъектілері Кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлғаны құрмай азаматтардың (жеке тұлғалардың) кәсіпкерлік қызметі шағын кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады. Ол азаматтардың жеке меншігіне негізделген және өзінің мазмұны бойынша коммерциялық болып табылады . Ол әрдайым тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды, егер келесі қызметті жүргізсе есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты әрекеттер; акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізу; астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызмет; лотереялар өткізу; радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызмет; Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды, егер келесі қызметті жүргізсе банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агенті қызметінен басқа); аудиторлық қызмет; кредиттік бюролар қызметі; күзет қызметі; азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет . Дара кәсіпкерлік
еке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік
шаруа қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғынжайға ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік
ерлі зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі
Өзіндік
кәсіпкерлік
Әдебиеттер: Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2019.23.03 . берілген өзгерістер мен Толық - тыруларымен) 2. «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы No 375-V Кодексі (2020.07.07 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 3. ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім)//Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі No 409 Кодексі
Достарыңызбен бөлісу: |