Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі9.04 Kb.
#7263

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №768 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №768 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы №1791 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1250 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №768 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №33, 364-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі №768 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қарашадағы №1791 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №55, 457-құжат).



2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет