Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1131



Дата23.02.2016
өлшемі158.29 Kb.
#4411

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1131


2011 жылғы 3 қазан,    Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 және «Денсаулық  сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен  өтеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:


Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 41, 476-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесінде:
5-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджет қаражатының есебінен медициналық көмектің мынадай: білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған түрлері бойынша ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу жүзеге асырылады, олар мынадай нысандарда көрсетіледі:
1) республикалық маңызы бар медицина ұйымдарының:
психикалық, жұқпалы аурулармен және туберкулезбен, алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарға;
оңалту орталықтарында, санаторийлерде медициналық қызметтер көрсетуін қоса алғанда, стационарлық көмек пен стационарды алмастыратын көмек;
2) әуе көлігіндегі санитариялық авиация, қалпына келтіру үшін емдеу және медициналық оңалту;
3) республикалық маңызы бар медицина ұйымдарында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) медициналық қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін қатысуға өтінімдерді комиссияның қарауы;»;
18-тармақта:
2) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Ереженің 7 және 8-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және оларды ТМККК орналастыру рәсіміне жіберілді деп таниды.»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Осы Ереженің 7 және 8-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер ТМККК орналастыру рәсіміне жіберілмеді деп танылады.»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылатын талаптарға сәйкестігі және (немесе) сәйкес келмейтіні туралы хаттамаға қол қояды.»;
20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Комиссия қатысуға өтінімдерді қарайды және әлеуетті өнім берушілерді ТМККК орналастыру рәсіміне жіберу және (немесе) жібермеу туралы шешім қабылдайды.
21. Қатысуға өтінімді қарау жөніндегі комиссия отырысының нәтижесі бойынша төраға, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары отырыс өткізілген күні комиссия отырысына қатысушы тұлғаларға ТМККК орналастыру рәсіміне жіберілгендер және (немесе) жіберілмегендер туралы хабарлайды.»;
мынадай мазмұндағы 22-1 және 22-2-тармақтармен толықтырылсын:
«22-1. Мынадай:
ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысуға өтінімдер болмаған;
ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің ешқайсысы осы Ереженің 7 және 8-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Комиссия осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес хаттама түрінде ресімделетін ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды болмады деп тану және оны қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.
ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды қайта жүзеге асырған кезде ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға бұрын өтінім берген және осы Ереженің 7 және 8-тармақтарының талаптарына сәйкес келеді деп танылған әлеуетті өнім берушілер сол сатып алуды ұйымдастырушыға тиісті құжаттарды қайтадан ұсынбауға құқылы.
22-2. Егер ТМККК толық көлемде орналастырылмаған болса, Комиссия осы Ереженің 6-2-қосым­шасына сәйкес хаттама түрінде ресімделетін ТМККК-нің қалған көлемін орналастыру үшін ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.»;
26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Тапсырыс беруші тізбесі ТМККК-ні төсек қорының мүмкіндігіне және (немесе) бекітілген халық санына және (немесе) консультациялық-диагностикалық қызметтердің қажеттілігіне және өтінім берілген медициналық қызметтердің көлеміне сәйкес олардың арасында орналастыратын Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша анықталған өнім берушілермен шарттар жасасады.»;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
Кадрлар біліктілігі туралы мәлімет мынадай мазмұндағы 10-бағанмен толықтырылсын:
«    Жұмысқа алу туралы бұйрық (№, күні)
10    »;

көрсетілген Ережеге 5-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:


«Медициналық қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне
қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттама
_______________________ «__»___________ 20__ жыл
(Орналасқан жері)
1. Мынадай құрамдағы комиссия:
___________________________________________________________________
(төрағаның, оның орынбасарының, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі)
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысуға мынадай әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарады:
Әлеуетті өнім берушінің атауы    Заңды мекен-жайы    Өкілдің Т.А.Ә., жеке куәлігінің
№, кім берген, берілген күні
1    2    3

Өтінімді қарау кезінде әлеуетті өнім берушінің өкілі:


____________________________________________________________________.
(қатысты/ қатысқан жоқ)
2. Қатысуға арналған өтінім қаралды және құрамында мынадай құжаттар бар: ______________________________________________________________________________________________________
(парақтар санын көрсетумен өтінімдер бар құжаттарды көрсету)
3. Қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия ашық дауыс беру жолымен мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
_____________________________________________________________________________
(медицина ұйымның атауын көрсету)
қойылатын талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін орналастыру рәсіміне жіберілді (жіберілген жоқ).
Бұл шешім үшін дауыс берді:
ИӘ – _________ дауыс;
ЖОҚ- _________ дауыс.
Төрағаның, оның орынбасарының, мүшелерінің және комиссия хатшысының Т.А.Ә., қолдары.»
көрсетілген Ережеге 6-қосымшада:
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін орналастыру қорытындысы туралы хаттамада (түзетулерде):
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Талаптарға сәйкестігін анықтау нәтижелері бойынша және медицина ұйымдарының өткізу қабіле­тін және (немесе) бекітілген халық санын және (немесе) консультациялық-диагностикалық қызмет­тердің қажеттілігін есепке ала отырып, ашық дауыс беру жолымен Комиссия мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:»;
көрсетілген Ережеге 7-қосымшада:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартта:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«_______________________ «__»___________ 20__ ж.
(Орналасқан жері)
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ________________________ ______________________________________________________________атынан
(Тапсырыс берушінің толық атауы)
_________________________________________________негізінде әрекет ететін ___________________________________________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын ______________________________
__________________________________________________________________________атынан
(меншік нысанына қарамастан, әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғы, Ереже және т.б.)
_______________________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар Қазақстан Республикасының Азамат­тық кодексіне сәйкес төмендегілер туралы осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:»;
2.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3. Ақы төлеу ай сайын, орындалған жұмыстар актісіне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі – ҚР ДСМ МФҚБК) аумақтық бөлімшелері жүргізген сапаны және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің (бұдан әрі – ҚР ДСМ МҚАТК) аумақтық бөлімшелері жүргізген көрсетілген медициналық көмектің көлемін бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.»;
2.4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тараптардың жазбаша келісімі бойынша бұрын төленген аванс мерзімінен бұрын ұсталуы мүмкін. Ұсталатын аванстың сомасы орындалған жұмыстар актісінде көрсетіледі.»;
3.1-тармақта:
жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне бақылау жүргізу үшін ҚР ДСМ МФҚБК АД және ҚР ДСМ МҚАТК АД қажетті құжаттаманы ұсынуға;
қызметі тоқтатыла тұрған кезде, таратылған кезде, бірігу, қосылу, бөлу немесе қайта құрылу, атауын, сондай-ақ қызмет түрінің және/немесе қызметтің кіші түрінің атауын өзгерту, төсек-орын қорын өзгерту, соның ішінде оны қысқарту және/немесе қайта бейімдеу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде өзгерген кезден бастап үш күн ішінде Тапсырыс берушіге көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, ақпарат беруге;»;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қаражатты, оның ішінде аванс беру қаражатын мәлімделген бағыттар мен мерзімдерге сәйкес қатаң түрде жұмсауды жүзеге асыруға;»;
он алтыншы абзацтағы «міндетті.» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«деректерді Емдеуге жатқызу бюросы порталына дұрыс және уақтылы енгізуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 4.6-тармақпен толықтырылсын:
«4.6. Өнім беруші тарапынан Шарт талаптарының бұзылуы:
Тапсырыс берушінің көрсетілген қызмет сомасын мөлшерлес азайтуға;
Тапсырыс берушінің Шартты бұзуына және орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттемелер бойынша соманы қайтаруға;
Тапсырыс берушінің Шартты жоюына немесе Шарт сомасының ______ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге әкелуі мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 7.1-1-тармақпен толықтырылсын:
«7.1-1. Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушінің қызметіне араласпай, көрсетілетін қызметтердің барысы мен сапасын, оның ішінде қызметтер көрсетілетін жерге барып және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілмен тексеруге құқылы.»;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 6-1 және 6-2-қосымшалармен толықтырылсын;
2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 495-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі шығыстарды (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын денсаулық сақтау ұйымдарына берілетін (бұдан әрі – лизинг бойынша пилоттық денсаулық сақтау ұйымдары) қаржылық лизинг шартымен медициналық техниканы сатып алуға арналған шығыстардан басқа) қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған денсаулық сақтау ұйымдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметіне байланысты шығындардың барлық түрлері өтеледі.
Өтем клиникалық-шығынды топтар бойынша пилот шеңберінде жүзеге асырылатын денсаулық сақтау ұйымдарын (бұдан әрі – КШТ бойынша пилоттық ұйымдар) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
5-тармақта:
сегізінші абзацтағы «бөлік.» деген сөз «бөлік;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі – КШТ) – тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін, емдеуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біркелкі топтары;
КШТ бойынша шығынды сыйымдылығы коэффициенті – барлық топтар бойынша аурулардың бір тобы шығындарының орта шығындарға арақатынасы, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Барлық жоспарланатын медициналық қызметтер бойынша шығын сыйымдылығының орташа коэффициенті және жоспарланатын емделген жағдайлардың шығын сыйымдылығының орташа коэффициенті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалады.
17. Бір емделіп шығу жағдайы үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша КШТ бойынша пилоттық ұйымдарды қоспағанда, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуіне шығыстарды төлеу жолымен осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 20-2, 20-3-тармақтармен толықтырылсын:
«20-2. КШТ бойынша пилоттық ұйымдар үшін стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайының құны стационарлық көмек көрсету кезіндегі КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайы құнының 1/4-ін құрайды.
20-3. КШТ бойынша пилоттық ұйымдар үшін үйде стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайының құны стационарлық көмек көрсету кезіндегі КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайы құнының 1/6-ін құрайды.»;
22-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Стационарлық медициналық көмек көрсететін лизинг бойынша пилоттық денсаулық сақтау ұйымдары үшін лизингтік төлемдердің шығыстарын өтеуге арналған қаржыландыру көлемі осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Лизинг бойынша пилоттық денсаулық сақтау ұйымдарының лизингтік төлемдерін өтеуге қаражат жетіспеген жағдайда лизингтік төлемдер ақылы қызмет көрсетуден алынған қаражаттың есебінен өтеледі.»;
мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:
«23. КШТ бойынша пилоттық ұйымдар үшін стационарлық көмек көрсету кезінде КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайының құны осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.»;
көрсетілген Ережеге 5, 7 және 8-қосымшалар осы қаулыға 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасының 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші, он бесінші, он алтыншы, жиырма үшінші, жиырма бесінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2011 жылғы 3 қазандағы  №1131 қаулысына  1-қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесіне 6-1-қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу өткізілген жоқ деп тану туралы және оны қайтадан  жүргізу туралы хаттама

______________________ 20___ жылғы «___»_______


(Орналасқан жері)
Мынадай құрамдағы комиссия:
______________________________________________________________________________
(төрағаның, оның орынбасарының, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі)
________________________________________________________________________________
(тиісті себебін көрсету: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысуға өтінімінің болмауы, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің ешқайсысының медициналық қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылған талаптарға сәйкес келмеуі) байланысты ашық дауыс беру жолымен мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1) 20___ жылғы «___»____________ бөлінген __________________________________ (__________________) теңге сомасына (соманы санмен және жазбаша көрсету) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу өткізілген жоқ деп танылсын және 20__жылғы «___» _________ мерзімге дейін ол қайта өткізілсін;
2) сатып алуды ұйымдастырушы ___________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету)
______ жылғы «____» _________ дейінгі мерзімде 20___ жылғы «___» _________ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу өткізілген жоқ деп тану туралы және аптасына кемінде екі рет шығарылатын және астананың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті облыстың аумағына таралатын мерзімді баспа басылымында және Әкімшінің __________________________________________
(Әкімшінің веб-сайтын көрсету)
интернет-ресурсында жариялау үшін оны қайта жүргізу туралы хабарландырудың мәтінін жолдасын.
Бұл шешім үшін дауыс берді:
ИӘ -_____ дауыс;
ЖОҚ -_____ дауыс.
Комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің және хатшының Т. А.Ә., қолдары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2011 жылғы 3 қазандағы   №1131 қаулысына  2-қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесіне  6-2-қосымша

Тегін медициналық көмектің қалған кепілдік берілген көлемін орналастыру үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүргізу туралы  хаттама

______________________ 20___ жылғы «___»_______
(Орналасқан жері)

Мынадай құрамдағы комиссия:


_______________________________________________________________________________
(төрағаның, оның орынбасарының, комиссия мүшелерінің Т. А.Ә., лауазымы көрсетіледі)
20___ жылғы «___» _________ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде ТМККК-нің толық көлемде орналастырылмауына байланысты ашық дауыс беру жолымен мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРАДЫ:
1) ________________________ (__________________) теңге сомасындағы
(соманы санмен және жазбаша көрсету)
тегін медициналық көмектің қалған кепілдік берілген көлемін орналастыру үшін 20__ жылғы «___»________дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша медициналық қызметтерді сатып алу жүргізілсін;
2) сатып алуды ұйымдастырушы ___________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету)
______ жылғы «____» _________дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің қалған кепілдік берілген көлемін орналастыру үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу өткізу туралы және аптасына кемінде екі рет шығарылатын және астананың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті облыстың аумағына таралатын кезеңдік баспа басылымында және Әкімшінің ______________________________________
(Әкімшінің веб-сайтын көрсету)
интернет-ресурсында жариялау үшін оны қайтадан өткізу туралы хабарландырудың мәтінін жолдасын.

Бұл шешім үшін дауыс берді:


ИӘ -_____ дауыс;
ЖОҚ -_____ дауыс.
Комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің және хатшының Т. А.Ә., қолдары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қазандағы  №1131 қаулысына 3-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты
есебінен өтеу  ережесіне 5-қосымша

Стационарлық көмек көрсеткені үшін тарифті айқындау формуласы

Тст = НМШ + ҚМШ+ЛТ, мұнда
Тст – стационарлық көмек тарифі;
НМШ – негізгі медициналық шығыстар, ол денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек ақысын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қосымша ақшалай төлемдерді; Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік аударымдарды, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдарын сатып алуды, пациенттер үшін тамақ өнімдерін сатып алуды қамтиды.
Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес айқындалады.
Қосымша ақшалай төлемдер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы еңбек демалысына лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуді қамтиды.
Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салықты және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар төлеуді қамтиды.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және шығыс материалдарын сатып алу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін дәрілік формулярларға сәйкес айқындалады.
Пациенттер үшін тамақ өнімдерін сатып алу «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚМШ – қосымша медициналық шығыстар, ол коммуналдық және өзге де шығыстарды қамтиды: лизингтік төлемдерден басқа, жылу, электр энергиясы, ыстық және суық су, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға, банк қызметтеріне, байланыс қызметтеріне ақы төлеу, кеңсе тауарларын сатып алу, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеу, стационарды орналастыру үшін үй-жайды жалға алу, шаруашылық тауарларды, жұмсақ мүкәммалды және басқа да тауарлар мен қызметтерді сатып алу;
ЛТ – лизинг бойынша пилоттық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қаржылық лизинг шартымен медициналық техниканы сатып алуға арналған шығыстар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қазандағы  №1131 қаулысына 4-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет
қаражаты есебінен өтеу ережесіне 7-қосымша

Күндізгі стационар тарифін айқындау формуласы


Тк.ст. = НМШ + ҚМШ+ЛТ, мұнда
Тк.ст. – күндізгі стационардың тарифі;
НМШ – негізгі медициналық шығыстар, ол денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек ақысын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қосымша ақшалай төлемдерді; Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік аударымдарды, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдарын сатып алуды, пациенттер үшін тамақ өнімдерін сатып алуды қамтиды.
Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес айқындалады.
Қосымша ақшалай төлемдер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы еңбек демалысына лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуді қамтиды.
Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салықты және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар төлеуді қамтиды.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және шығыс материалдарын сатып алу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін дәрілік формулярларға сәйкес айқындалады.
ҚМШ – қосымша медициналық шығыстар, олар коммуналдық және басқа шығыстарды: лизингтік төлемдерден басқа, жылу, электр энергиясы, ыстық және суық су, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға арналған шығындарды, банк қызметтеріне, байланыс қызметтеріне ақы төлеуді, кеңсе тауарларын сатып алуды, іссапар шығыстарын, ағымдағы жөндеуді, стационарды орналастыру үшін үй-жайларды жалға алуды, шаруашылық тауарларын, жұмсақ мүкәммалды және басқа да қызметтерді сатып алуды қамтиды;
ЛТ – лизинг бойынша пилоттық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қаржылық лизинг шартымен медициналық техниканы сатып алуға арналған шығыстар.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің


2011 жылғы 3 қазандағы   №1131 қаулысына  5-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет


қаражаты есебінен өтеу ережесіне 8-қосымша

Лизинг бойынша пилоттық денсаулық сақтау ұйымдары үшін лизингтік төлемдердің шығыстарын өтеуге арналған  қаржыландыру көлемін айқындау  формуласы

ЛТ шығыстары = Кнақт. х ЛТ/Кжоспар., мұнда:
ЛТ – лизинг бойынша пилоттық денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық лизинг шартымен медициналық техниканы сатып алуға арналған лизингтік төлемдер шығыстары;
Кнақт.– қаржылық лизинг шарттарымен сатып алынған медициналық техникамен нақты көрсетілген медициналық қызметтердің көлемі;
Кжоспар.– мынадай формулаға сәйкес есептелетін қаржылық лизинг шартымен сатып алынған медициналық техникамен көрсету жоспарланған медициналық қызметтердің көлемі:
Кжоспар. = Кжыл х Қкүн, мұнда:
Кжыл– Қазақстан Республикасының ағымдағы жылға арналған Өндірістік күнтізбесі бойынша бір жыл ішіндегі жұмыс күндерінің саны;
Қкүн– бір жұмыс күнінде көрсетілген, мынадай формула бойынша есептелетін қызметтердің саны:
Қкүн = Ужұм./ (Норт х Н), мұнда:
Ужұм. – минуттармен жұмыс уақыты;
Норт– медициналық техниканың көмегімен бір қызметті орындау уақытының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген орташа нормативі;
Н – медициналық техника жұмысының бір циклының ішінде алынған нәтижелердің саны.
Бұл ретте реанимациялық жабдықпен және хирургиялық араласу үшін қолданылатын жабдықпен көрсетілетін медициналық қызметтердің саны 1-ге тең.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2011 жылғы 3 қазандағы   №1131 қаулысына 6-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет
қаражаты есебінен өтеу ережесіне 9-қосымша

КШТ бойынша пилоттық ұйымдар үшін стационарлық көмек көрсету кезінде КШТ бойынша емделіп шығу жағдайының құнын айқындау формуласы



Стационарлық көмек көрсету кезінде КШТ бойынша емделіп шығу жағдайының құны мына формула бойынша айқындалады:
Қ = ШК*ҚБС*Ктүзет., мұнда:
Қ – ҚШТ бойынша емделіп шығу жағдайының құны;
ШК – КШТ бойынша шығын сыйымдылығы коэффициенті;
ҚБС. – стационарлық көмекті қаржыландыру үшін базалық ставканың құны;
Ктүзет. – стационар деңгейі коэффициентінің, экологиялық коэффициенттің, өңірлік коэффициент­тің, ауылдық аумақ коэффициентінің көбейтіндісінен құралуы мүмкін түзетуші коэффициент.
*- стационарлық көмекті қаржыландырудың базалық ставкасының құны мына формула бойынша анықталады:
ҚБС = Оқараж / (Жк*ШКорт.), мұнда:
Оқараж – стационарлық көмек нысанында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі шығындарды өтеуге көзделген республикалық бюджет қаражаты;
Жк – бір жылдағы емделіп шығу жағдайының жоспарланған көлемі;
ШКорт. – жоспарланған жағдайлардың шығын сыйымдылығының орташа коэффициенті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет