Мынадай мазмұндағы 20-1 мен 20-2 тармақшаларымен толықтырылсын



Дата12.06.2016
өлшемі94.53 Kb.
#129889



 «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына және «Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) және 14) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген:

  1. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7006 нөмірімен тіркеліп, 2011 жылғы 29 шілдеде «Заң газеті» газетінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету нұсқаулығында:

4-тармақта:

мынадай мазмұндағы 20-1) мен 20-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

20-1) ӘҚҚ хабарлауларын жинау пункті - ӘҚҚ-ға және ұшып шығу алдында ұсынылатын ұшу жоспарларына қатысты хабарлауларды алу мақсатында құрылатын ӘҚҚ органы.

ӘҚҚ-ны жинау пункті аэронавигациялық ақпаратпен қызмет көрсету функцияларын қамтуы мүмкін.»;

20-2) әуеайлақтың бақылау нүктесі (ӘБН) –  әуеайлақтың географиялық орналасқан жерін айқындайтын шартты нүкте;

29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«29) әуеайлақтағы атмосфералық қысым (QFE) – сынап бағанының миллиметрінде (бұдан әрі – сын. бағ.мм.), миллибардағы (бұдан әрі – мбар) немесе ұшу-қону жолағының жұмыс шегі деңгейінде гектопаскальдағы (бұдан әрі – гПа) берілген атмосфералық қысым мәні;

мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшасымен толықтырылсын:



«38-1) бақыланбайтын әуеайлақ - әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету ұйымдастырылмаған әуеайлақ (уақытша әуеайлақты қоспағанда);

71) мен 103) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

71) көрінушілік – авиациялық мақсаттар үшін көрінушілік мынадай анағұрлым көп шамаларды білдіреді:

ашық реңде бақылау кезінде жерге жақын орналасқан қолайлы өлшемдердегі қара объектіні ажыратуға және тануға болатын ең үлкен арақашықтық;

жарық емес реңде жарық күші шамамен 1000 кандел (кд) болатын оттарды ажыратуға және тануға болатын ең үлкен арақашықтық;

103) таулы жер – 25 км. радиустағы 500 м. және одан артық бедерлі және салыстырмалы бөктерлі қимасы бар жер, сондай-ақ теңіз деңгейінен 2000 м. және одан астам жер;»;



17-1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17-1. Аэронавигациялық ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жарты жыл сайын әуе қозғалысына қызмет көрсетудің қауіпсіздігіне мерзімдік талдауды ұсынады. Жүргізілетін талдаудың құрылымы мен бағыттары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының «Әуе қозғалысын ұйымдастыру» аэронавигациялық қызмет көрсету ережелері (DOC PANS-ATM 4444) құжатының ұсынымдарын ескере отырып, айқындалады.»;

33-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) ШДП және МДП арасындағы – әрбір әуеайлақта қонуға кіру түрі (аспаптар бойынша ұшу қағидалары – АҰҚ, қонуға көзбен шолып кіру – ҚКК) бойынша нақтыланады:

АҰҚ бойынша қонуға кіру кезінде:

ҰҚЖ табанынан қашықтау бойынша;

магнитті қону бағытынан алынған секторды көрсету бойынша;

КҰҚ бойынша қонуға кіру кезінде биіктік диапазоны бойынша:

әуе кемесінің тікелей қону алдындағы табылу сәтінде;»;

мынадай мазмұндағы 34-1 тармақпен толықтырылсын:

«34-1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету әуе кемесі ӘҚҚ органына бекітілген әуе кеңістігіне кірген кезде басталады және әуе кемесі одан шыққан кезде аяқталады.

Жекелеген жағдайларда әуе қозғалысына қызмет көрсетуді беру шебі әрбір нақты жағдайда уақыты бойынша немесе екі аралас ӘҚҚ органдары арасында келісілген нүктеге жылжуы мүмкін.»;

104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«104. Егер ұшу жоспарында бастапқы кезеңде ұшу бақыланбайтын, ал кейінгі бөлігі – бақыланатын болатыны көрсетілсе, әуе кемесінің экипажына бақыланатын әуе кеңістігіне кіретін есепті уақытқа дейін 5 минут бұрын кімнің жауапкершілік аймағында бақыланатын ұшу басталса, сол ӘҚҚ органынан диспетчерлік рұқсат алуы қажет.»;

мынадай мазмұндағы 265-1 - тармақпен толықтырылсын:

«265-1. Ұшу жолағындағы жұмыстардың басшысымен байланыс тоқтатылған (бұзылған) жағдайда, ҰҚЖ оттарымен жыпылықтау ҰҚЖ-ны дереу босату қажеттігі туралы дабыл болып табылады.»;

298-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қалыптасып отырған әуе жағдайына, әуе кемесін немесе әуеайлақты пайдаланумен байланысты жергілікті жағдайларға және рәсімдерге қарай басқа да әуе кемелері;»;

мынадай мазмұндағы 311-1 тармақпен толықтырылсын:

«311-1. ҰҚЖ-да кедергілердің жоқ болуы:


  1. көзбен шолып қараумен (көрінушілік шегінде);

  2. ұшу алаңын шолу локаторының индикаторы бойынша бақылаумен (бар болған кезде);

  3. әуе кемелері экипаждарының ҰҚЖ-ны босату туралы хабарлаулары бойынша;

  4. көрінбейтін учаскелерде, күрделі метеожағдайларда және түнде ҰҚЖ-ны тексеріп кезінде әуеайлақ қызметі мамандарының хабарлы улары бойынша анықталады.»;

331-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«331. RVSM қолданылатын әуе кеңістігінде ұшу үшін әуе кемелері ұшудың барометрлік биіктігі туралы деректерді хабарлайтын қабылдау-жауап беру құралдарымен жаарақталады.

Әуе жағдайының индикаторында көрсетілген ұшудың берілген эшелонынан (биіктігінен) рұқсат етілген ауытқу көлденең ұшу режимінде анықталады және:

әуе кеңістігінде ұшу кезінде 410 ұшу эшелонынан және одан төмен әуе кеңістігінде ұшу кезінде ±60 метрді (±200 фут);

      ұшу кеңістігінде ұшу кеңістігінде 410 ұшу эшелонынан жоғары ұшу кеңістігінде ±90 метрді (±300 фут) құрайды.

     Жасалған келісімге сәйкес ӘКҚ органы RVSM-мен қолданылатын әуе кеңістігінде рұқсат етілген ауытқулардан асып кету туралы мәліметтерді ӘКҚ органы өңірлік мониторингтік агенттікке жібереді.»;



334-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«334. Эшелонды әуе кемесінің қамту өл шелі анықталған кезде үшін пайдаланылатын өлшемдер әуе кеңістігінде эшелонынан 410 және одан төмен әуе кеңістігінде ±60 метр (±200 фут), эшелонынан 410 жоғары әуе кеңістігінде ±90 метр (±300 фут) болып табылады.»

343-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«343. Бақылау жүйелері аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуді, келу диспетчерлік қызмет көрсетуін және, әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.»;

410-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



«410. ӘҚҚ органдары ұшу жоспарын, ұшу жоспары бақыланбайтын әуе кеңістігінде жабылатын ережелерді қоспағанда, ұшу жоспарын ұсынуға, толтыруға, орындауға және жабуға ұсынуға қатысты ережелерді әуе кемесі экипажының сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.»;

2) «Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6855 нөмірімен тіркеліп, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдары актілерінің жинағында 2011 жылғы 25 наурызда жарияланған:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықта:

16-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген ҰҚБЖН-ның бастапқы нұсқасын жариялау;»;

мынадай мазмұндағы 6 - тараумен толықтырылсын:

«6. Ұшу-қону жолағына заңсыз кіруді болдырмау бағдарламасын енгізу.

39. Ұшу-қону жолағына (бұдан әрі - ҰҚЖ) заңсыз кіруді болдырмау бағдарламасы ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінде қолданылатын қағидаттарды ескере отырып әзірленеді және орындалады.

Көрсетілген бағдарлама, радиотелефондық фразеологияны, тілдік құзыреттілікті, жабдықты, жарық-техникалық құралдар мен әуеайлақтың таңбаларын, әуеайлақтық карталарды, пайдалану аспектілерін, жағдай туралы хабардар болуын және адами факторын қоса алғанда, ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін білдіреді.

40. ҰҚЖ-ға заңсыз кіруді болдырмау бағдарламасын енгізу үшін орташа жылдық ұшу қарқындылығы тәулігіне 50 ұшу-қону операцияларынан асатын әуеайлақтарда ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топтар құрылады.

Осындай топтардың мақсаты:

  1. ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу;

  2. азаматтық авиация ұйымдарының басшылық құрамымен ҰҚЖ-ға заңсыз кірудің әлеуетті проблемалары бойынша консультациялар жүргізу және қауіпті жою мен қалдық тәуекелдерді азайту бойынша ұсынымдарды дайындау болып табылады.

41. ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топқа әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің, әуеайлақты пайдалану қызметінің әуе кемелері пайдаланушылары мен азаматтық авиацияның басқа да мүдделі ұйымдарының өкілдері кіруі тиіс. Топ мәжілістерін өткізу жиілігін оның басшысы айқындайды.

42. ҰҚЖ-ға заңсыз кірудің жалпы санын, оның салдарларының күрделілік үлгілері мен дәрежесін анықтағаннан кейін ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топ шешілуі ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін арттыратын міндеттерді анықтауы, оның ішінде:

1) ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша деректерді жинауды, талдауды және таратуды жетілдіруі;


2) белгі мен таңбаның белгіленген талаптарға сәйкес болуын және ұшқыштар мен жүргізушілерге көрініп тұруын тексеруі;

  1. кейіннен әуеайлақ карталарында жариялау үшін ҰҚЖ-дағы қауіпті учаскелерді анықтауы, олардың дәлдігін тур ақты тексеруі, қажетіне қарай қайта қарауы;

  2. байланыс стандарттарын арттыруға бағытталған бастамаларды әзірлеуі;

  3. ҰҚЖ-ға заңсыз кіру ықтималдығын төмендетуі мүмкін әлеуетті жаңа технологияларды анықтауы;

  4. ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша білім беру-оқыту материалдарын әзірлеуі және ӘҚҚ диспетчерлері, ұшқыштары және әуеайлақ аумағында көлік құралдарын басқаратын персонал арасында олардың таратылуын қамтамасыз етуі тиіс.

43. Қауіпті учаскелерді анықтағаннан кейін қауіпті факторларды жою бойынша тиісті шараларды қабылдау және, егер оны дереу жүзеге асыру мүмкін болмаса, осы тәуекелді бақылау және төмендету керек. Көрсетілген шаралар мынаны қамтуы мүмкін:

1) ақпараттық-ағартушылық кампаниялар;

2) қосымша көзбен шолатын құралдар (белгілер, таңбалау және жарықтехникалық құралдар);

3) баламалы қозғалыс бағыттарын пайдалану;

4) жаңа рульдеу жолдарын салу;

5) әуеайлақтық диспетчерлік пунктте «өлі аймақтарды» азайту.

44. ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топ ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі кемшіліктерді азайтуға бағытталған іс-қимылдар тізбесін және олардың орындалуы үшін жауапты тұлғаларды (ұйымдарды) қамтитын жоспарды әзірлейді. Көрсетілген іс-қимылдар әуеайлақтың нақты талаптарын ескеруі және осы әуеайлақтың ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігімен байланысты мәселелерді немесе проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс.

Жоспардың тармақтары әуеайлақтың немесе ондағы құралдардың физикалық сипаттамаларын қозғайтын ұсынылатын өзгерістерді; әуе қозғалысына қызмет көрсету рәсімдерін; бақыланатын аймаққа рұқсатты реттейтін талаптарды; ұшқыштар мен көлік құралдары операторларының хабардар болу деңгейін және қауіпті учаскелер көрсетілген карталарды шығаруды қамтуы мүмкін.

45. ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топ мерзімдік негізде іске асырылған және/немесе орындалған жоспар тармақтарының тиімділігін бағалауды жүргізеді.

46. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган озық практикалы енгізу мақсатында ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топ қызметінің нәтижелерін жүйелендіреді және қорытындылайды.».

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;



4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.



4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Инвестициялар және даму

министрі Ә. Исекешкв




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет