Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 18 желтоқсан №1336 Астана Үкімет Үйі



бет5/6
Дата01.07.2016
өлшемі474.5 Kb.
#170581
1   2   3   4   5   6

2. Есеп айырысу тәртібі
1. Тапсырыс беруші қызметтер берушіге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен тарифтер бойынша ақы төлеуді жүзеге асырады, бұл ретте осы Шарттың қолданылу кезеңінде тарифтің мөлшері, оның қолданылуы мен таралуы қайта қаралуы мүмкін.

2. Ақы төлеу осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес осы Шартта көзделген қаражат шегінде және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған тәртіппен көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін ескере отырып, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне сәйкес ай сайын жүргізіледі.

3. Қызметтер беруші тапсырыс берушіге уәкілетті орган айқындаған мерзімде және тәртіппен көрсетілген қызметтердің есеп-тізілімдерін ұсынады.

4. Қызметтер берушінің көрсетілген қызметтердің есеп-тізіліміне және орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, қол қоюына рұқсат етіледі.

5. Осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес кесте бойынша кейіннен ұстай отырып, осы Шарт бойынша аванс беруге арналған өтінімдер беруге рұқсат етіледі.

6. Қызметтерге ақы төлеу осы Шарттың 2-бөлімінің 1-тармағын және медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін ескере отырып, түзетуге (азайтуға/ұлғайтуға) жатады.

7. Қызметтер беруші осы шартқа 2-қосымшада көзделген ай сайынғы соманы медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін ескере отырып арттырған жағдайда ақы төлеу «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына сәйкес шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласын қолдана отырып, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Егер қызметтер беруші осы Шартқа 1-қосымшада көзделген ай сайынғы соманы үш ай қатарынан арттырған болса, онда тапсырыс беруші уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесіне қызметтер беруші қызметінің нәтижесі туралы ақпарат жібереді.*

Ескертпе:

*аталған тармақ республикалық бюджет қаражатының есебінен стационарлық және/немесе стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қызмет берушілерге қолданылады.

8. Ақы төлеуге, оның ішінде ішінара төлеуге жатпайтын, сапасы мен көлемін бақылау нәтижелері бойынша анықталған емделіп шығу жағдайлары бойынша бюджет қаражатының сомасын ұстап қалу немесе алу осы Шарттың қолданылуы мерзімі кезеңінде есептік кезеңде немесе қызметтер берушімен келесі есеп айырысу кезінде жүргізіледі.

9. Сапаны бақылауды жүргізуге байланысты осы Шарттың қолданысы кезінде ақы төлеуге ұсынылмаған, сондай-ақ осы Шарт қолданылатын жылдың 1 желтоқсанынан бастап осы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталатын күнге дейін есеп-тізілімге енгізілмеген осы Шартқа сәйкес ТМККК шеңберіндегі медициналық көмек көрсету жағдайы үшін ақы төлеу осы Шарт қолданылатын жылдан кейінгі жылы жүргізіледі.

10. Қаржылық лизинг шартында сатып алынған медициналық техника үшін лизингілік ақы төлеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Тараптардың міндеттері
1. Қызметтер беруші:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге;

2) осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес ТМККК көрсету көлеміне және мерзіміне сәйкес қызметтер көрсетуге;

3) азаматтарға ТМККК көрсету тізбесі, көлемі және шарттары туралы ақпарат беруге;

4) тапсырыс берушіге уәкілетті орган айқындаған мерзімде және тәртіппен есеп-тізілімді ұсынуға;

5) тапсырыс берушінің немесе Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаментінің жазбаша сұрау салуы бойынша сапа мен көлемді бақылауды жүргізу үшін қажетті медициналық құжаттаманы уақтылы ұсынуға;

6) тапсырыс берушінің жазбаша сұрау салуы бойынша осы Шарттың шеңберінде үшінші тараппен жасалған барлық шарттардың және аталған шарттарды орындау жөніндегі төлем құжаттарының көшірмелерін уақтылы ұсынуға;

7) қызметі тоқтатыла тұрған, таратылған, біріктіру, қосу, бөлу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған, ұйымның атауы, сондай-ақ қызмет түрінің және/немесе қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген, төсек қоры өзгерген, оның ішінде ол қысқартылған және/немесе қайта бейіндеген, банк деректемелері өзгерген кезде өзгерістер болған сәттен бастап үш күн ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, ақпарат беруге;

8) тапсырыс берушіге уәкілетті орган бекіткен мерзімде және тәртіппен шығыстардың құрылымы туралы есеп беруге;

9) кредиторлық берешекті өтеу үшін ақша қаражатының жоқтығы немесе жеткіліксіздігі тәуекеліне жол бермеу бойынша шараларды қамтамасыз етуге;

10) қызметкерлердің өкілдері арқылы еңбек ұжымының қатысуымен ТМККК көрсетілген қызметтері үшін осы Шарт түсімдерінің және қаржы қаражатын пайдаланудың айқындығын қамтамасыз етуге;

11) мынадай басымдықтардағы: қызметкерлердің еңбегін төлеу және бюджетке міндетті салық аударымдары, жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары мен жалақыдан басқа да ұстап қалулар; дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар; тамақтану; ұйымның коммуналдық шығыстары және т.б. ақшалай түсімдерді жұмсауды қамтамасыз етуге;

12) ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін персоналдың уәждемеленген еңбегін қамтамасыз етуге;

13) қызметкерлерге жалақыны ай сайын төлеуді есептік айдың 30-күніне дейінгі мерзімде жүзеге асыруға;

14) іссапар шығыстарына арналған шығындарды ескере отырып, мамандардың кемінде 20 %-ын қамти отырып, біліктілікті арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз етуге;

15) лизинг шарттарында медициналық техника сатып алуға арналған қаражатты олардың нысаналы мақсатына сәйкес жұмсауды жүзеге асыруға (тармақ қаржы лизингі шарттарында медициналық техника сатып алуға шарт жасасқан ұйымдарға арналған);

16) денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне деректерді уәкілетті орган айқындаған мерзімде және тәртіппен енгізудің уақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;

17) міндеттемелерді орындаудың мүмкін болмауына байланысты барлық мән-жайлар мен олардың себептері туралы жазбаша түрде тапсырыс берушіге шұғыл түрде хабарландыруға міндетті.

2. Тапсырыс беруші:

1) көрсетілген медициналық көмек үшін қызметтер берушіге ақы төлеуді уәкілетті орган айқындаған мерзімде уақтылы жүргізуге;

2) қызметтер берушіні осы Шарттың шеңберінде оның жұмысын регламенттейтін қажетті нормативтік құжаттармен уақтылы қамтамасыз етуге;

3) денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасында ТМККК көрсету мәселелері жөнінде халықты хабардар етуге бағытталған қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге;

5) «КазМедТех» АҚ-мен жасасқан шарт (-тар) бойынша қызметтер көрсетушіге қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін лизингілік төлемге арналған шығыстарды өтеуге міндеттенеді.


4. Тараптардың жауапкершілігі
1. Қызметтер беруші:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа ТМККК ұсыну бойынша жіберілген бұзушылық жағдайлары (медициналық көрсетілетін қызметтерді тиісті көлемде және сапада көрсетпеу, ТМККК кіретін көрсетілетін қызметтер үшін Қазақстан Республикасының азаматтарынан және оралмандардан ақы алу) үшін;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен тапсырыс берушіден алынған қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін;

3) ТМККК көрсету кезінде қаржылық-шаруашылық қызметтің жүргізілуі және оның нәтижелері үшін;

4) интернет-ресурстармен (байланыс арналары және қол жеткізу нүктелері) және ұйымдық техникамен қамтамасыз етілуі үшін;

5) ақпараттық жүйелермен, оның ішінде статистикалармен және операторлармен жұмыс істеу бойынша кадрлармен қамтамасыз еткені үшін;

6) денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне деректерді уәкілетті орган айқындаған мерзімде және тәртіппен уақтылы енгізбегені және сапасыз енгізгені үшін;

7) «Тіркелген халық тіркелімі» порталында тіркелген халық жөніндегі деректердің орынды болуы мен дұрыстығы және оларды уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз ету үшін жауапты болады*.

Ескертпе:

*аталған тармақша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметтер берушілерге қолданылады.

2. Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтерді негізсіз қымбаттатқаны, медициналық қызметтерді көрсетпегені немесе толық көлемде көрсетпегені анықталған жағдайда тапсырыс беруші уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сома ұстап қалады.

3. Тапсырыс беруші:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтер берушіге көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге арналған ақша қаражатын уақтылы аудару үшін;

2) «Тіркелген халық тіркелімі» порталындағы деректердің орынды болуы мен дұрыстығы үшін жауапты болады*.

Ескертпе:

*аталған тармақша тапсырыс беруші медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметтер берушіге ақы төлеуді жүзеге асырған кезде қолданылады.

4. Осы Шарт талаптарының қызметтер беруші тарапынан бұзылуы төменде көрсетілген санкциялардың біріне:

1) осы Шарттың 4-бөлімі 1-тармағының 1) тармақшасының орындалмағаны үшін тапсырыс берушінің көрсетілген қызмет сомасын мөлшерлес азайтуына;

2) тапсырыс берушінің шартты бұзуына және орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттемелер бойынша соманы қайтаруға әкеп соғуы мүмкін.

5. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы осы мерзім біткенше орын алған бұзушылық үшін тараптарды жауапкершіліктен босатпайды.

6. Қызметтер берушінің қосалқы мердігерді тартуы қызметтер берушіні тапсырыс берушінің алдында осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан және ол бойынша жауапкершіліктен босатпайды.
5. Шартты өзгерту және бұзу
1. Осы Шарттың сомасы:

1) осы Шарттың 2-бөлімінің 1, 6 және 7-тармақтарына сәйкес;

2) тапсырыс беруші тараптардың келісімі бойынша көрсетілетін қызметтердің қосымша көлемін көрсету қажеттілігін айқындаған жағдайда;

3) қаржы лизингі шарттарында медициналық техника үшін қызметтер берушіге лизингілік төлемдерді өтеуге ақша қаражатын бөлген жағдайда түзетуге (азайтуға/ұлғайтуға) жатады.

2. Егер қызметтер беруші себебін көрсете отырып, жасалған Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан ішінара немесе толығымен бас тартса, онымен осы Шарт сомасын азайту немесе тиісінше осы Шартты бұзу туралы жазбаша қосымша келісім жасалады..

Бұл ретте бас тарту талап етілмеген ақша қаражатын, себептерді, күнін, қызметтер беруші өкілінің тегін, атын және әкесінің атын көрсету арқылы жазбаша түрде ресімделуі, бірінші басшының қолымен куәландырылуы және қызметтер берушінің мөрімен бекітілуі тиіс.

3. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші осы Шарттың сомасын азайтуды немесе осы Шартты бұзудың болжанған күніне дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын қызметтер берушіні ескерту арқылы оны бұзуды ұйымдастыруға құқылы.

Қызметтер беруші тапсырыс берушінің осы Шарт сомасын азайту немесе оны бұзу туралы шешімімен келіспеген жағдайда, тапсырыс беруші оған осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарландыру жіберіп, осы Шартты бір жақты бұзуға құқылы.

4. Осы Шартты мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы тараптар бірін-бірі осы Шартты тоқтатудың болжанатын күніне дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын хабардар етуге міндетті.

5. Осы Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қызметтер берушіге осы Шартты бұзудың болжанатын күніне дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын міндеттемелердің орындалмағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, тапсырыс беруші осы Шартты бір жақты тәртіппен бұза алады.


6. Форс-мажор
1. Қызметтер берушінің тарапынан бақылауға бағынбайтын, оның қателігіне немесе ұқыпсыздығына байланысты емес және тосын сипатқа ие оқиғалар форс-мажорлық мән-жайларға жатады. Мұндай оқиғалар табиғи және/немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды немесе төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-қимылдар секілді құбылыстарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

2. Форс-мажорлық мән-жайларға:

1) қызметтер берушінің қасақана және абайсыз іс-қимылдарынан туындаған оқиғалар;

2) осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін адал атқаратын қызметтер берушінің алдын ала болжауына және еңсеруіне болатын оқиғалар;

3) қызметтер берушіде ақша қаражатының болмауы немесе осы Шарттың міндеттемелерін орындамауына және/немесе тиісінше орындамауына байланысты тапсырыс берушінің төлемақыны жүзеге асырмауы жатпайды.

3. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде қызметтер беруші бір жұмыс күнінің ішінде тапсырыс берушіге мұндай мән-жайлар және олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.

Қазақстан Республикасының уәкілетті органының форс-мажордың туындағанын растайтын ресми құжаттары форс-мажордың дәлелі болады.

4. Уақтылы хабарламау қызметтер берушіні міндеттемелерді орындау бойынша жауапкершіліктен босататын негіз ретінде осы Шарттың 6-бөлімінің 1-тармағында көзделген мән-жайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

5. Форс-мажор тоқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қызметтер беруші тапсырыс берушіге форс-мажордың тоқтағаны туралы жазбаша хабарлайды және осы шарт бойынша өз міндеттемелерін жүзеге асыруды қайтадан бастайды.
7. Қорытынды ережелер
1. Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қызметтер берушінің осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес түрлер мен нысандар бойынша ТМККК көрсету бойынша өзінің міндеттемелерін үшінші тарапқа толығымен не ішінара беруге құқығы жоқ.

Тапсырыс беруші қызметтер берушіден хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша түрде келісім немесе уәжделген бас тартуды ұсынады.

2. Тапсырыс беруші қызметтер берушінің қызметіне араласпай, кез келген уақытта көрсетілетін қызметтердің барысы мен сапасын, оның ішінде сауалнама жүргізу нысанында қызметтер берушіде пациенттің қызметтерге қанағаттануын бағалауды жүргізу арқылы, оның ішінде қызметтер көрсетілетін жерге барып және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен тексеру жүргізуге құқылы.

3. Осы Шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалды, бір данасы тапсырыс берушіде, екіншісі қызметтер берушіде болады.

Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Тараптар алмасатын осы Шартқа қатысты барлық хат алмасу мен басқа да құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиіс.

4. Осы Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын ұсына отырып хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жолданады.

5. Осы Шарт бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 20__ «__»_________ дейін қолданылады. Осы Шарттың талаптары тараптардың 20__ «__»_________ бастап туындаған қатынастарына қолданылады.
8. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде тіркелген күні:

________________________________


Осы ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт тапсырыс берушінің ТМККК көрсету бойынша қызметті берушіні таңдау жөніндегі рәсімдерді жүзеге асыруы кезінде тапсырыс беруші мен қызметтер берушінің арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы Шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, ТМККК көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсімдеріне қатысуға арналған өтінімге және ТМККК орналастыру қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шартқа

1-қосымша


Сатып алынатын қызметтердің тізбесі


Р/с№

Қызметтің атауы

Бюджеттік бағдарламаның, Бюджеттік кіші бағдарламаның атауы

Медициналық көмектің түрі мен нысаны

Шарт сомасы

1

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету









Тапсырыс беруші Қызметтер беруші

_________________________________ _________________________________

(тапсырыс берушінің атауы) (қызметтер берушінің атауы)

________________/____________ ________________/____________

(Басшысы,Т.А.Ә./ қолы) (Басшысы,Т.А.Ә./ қолы)

М.О. М.О.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шартқа 2-қосымша


Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арнлаған шарт сомасын ай сайынғы бөлу

Бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама): ________________________________________________________



(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) нөмірі мен атауы)
Стационарлық медициналық көмек* нысаны бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған шарттың сомасы

_______ теңге


Р/с №

Атауы

___ жыл

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

1

Мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған шарттың сомасы (теңге), оның ішінде:








































1)

шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласын қолданумен стационарлық медициналық көмек **








































2)

шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласын қолданбай стационарлық медициналық көмек ***







































Ескертпе:

* республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметтер берушілерге қолданылады, стационарды алмастыратын көмек көрсетіледі (көрсетілген жағдайда);

** «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына сәйкес шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласы қолданылатын медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың көлемін қамтиды;



*** «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына сәйкес шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласы қолданылмайтын медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың көлемін қамтиды.
Стационарды алмастыратын медициналық көмек* нысаны бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған шарттың сомасы _______ теңге



Р/с №

Атауы

___ жыл

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

1

Мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған шарттың сомасы (теңге)








































1)

шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласын қолданумен стационарды алмастыратын медициналық көмек **








































2)

шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласын қолданбай стационарды алмастыратын медициналық көмек ***








































 

Ескертпе:

* амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау субъектілері және гемодиализ қызметін көрсететін, республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын денсаулық сақтау субъектілері болып табылатын қызметтер берушілерге қолданылады;

** «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына сәйкес шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласы қолданылатын медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың көлемін қамтиды;

*** «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына сәйкес шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласы қолданылмайтын медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың көлемін қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет