Молибденнің әсерінен өсімдікте көмірсу, каротин, аскорбинқышқылы, ақуыздықзаттар



Дата30.11.2022
өлшемі14.49 Kb.
#466121
1 инф


Молибденнің әсерінен өсімдікте көмірсу, каротин, аскорбинқышқылы, ақуыздықзаттар,
хлорофилл мөлшері көбейеді және фотосинтез үдерісі арта түседі. Молибденнің өсімдіктегі мөлшері 0,001-ден 0,1 мг% шамасында (құрғақ зат мөлшері). Ол көбіне жас өскіндерде
жинақталады (әсіресе өсімдіктер тұқымдарында)
Титов А.Ф., Казнина Н.М., Таланова В.В. Тяжелые металлы и растения // Петрозаводск: Карельский научный центр РАН. - 2014. – C.194.

отырғызылды [2].


Тәжірибеде Mo 0,5 mM, W 0,5 mM, MoW 0,5 mM, Mo 0,5 mM + NaCl 50 mM, W 0,5 mM + NaCl 50 mM, MoW 0,5 mM + NaCl 50 mM, Mo 0,5 mM + NaCl 100 mM, W 0,5 mM + NaCl 100 mM, MoW 0,5 mM + NaCl 100 mM концентрациялары пайдаланылды. Салыстыру үшін бақылау өсімдіктері тең мөлшерде дистилденген сумен тазартылды.
Жұмыс барысында өсімдіктердің морфометриялық параметрлері өлшенді. Алынған мәліметтер PrincipalComponentAnalysis бағдарламасын пайдаланып талданды.
Бақылау өсімдіктерінің өсірілген тұқымдарының саны 100 данадан 95-ті құрайды, өскіннің орташа биіктігі - 8,92 см, сабағының орташа ұзындығы - 11,53 см, тамырдың орташа ұзындығы - 7,2 см; 100 дана ішінде 92-cі 50 мм NaCl ерітіндісі мен 0,5 мм Мо ерітіндісі қосылған өсімдіктің саны, өскіннің орташа биіктігі 8,53 см, сабақтың орташа ұзындығы - 10,97 см, тамырдың орташа ұзындығы - 4,8 см; 100 данаға 50 mM NaCl ерітіндісі мен 0,5 mM W ерітіндісі қосылған, 86-сы өсіп шыққан тұқымдардың саны, өскіннің орташа биіктігі - 3,55 см, сабақтың орташа ұзындығы - 5,16 см, тамырдың орташа ұзындығы - 0,79 см [3]. Бұл морфометриялық көрсеткіштер кесте 1-де көрсетілген
. Қасиеттеріне қарай вольфрам молибденге ұқсас болып келеді, бірақ молибденмен
салыстырғанда вольфрам эссенциальды емес элемент болып табылады. Соған қарамастан вольфрам өсімдіктерде, жануарларда және бактерия құрамында молибденнің орнын басып, Мо-тәуелді ферменттердің активтілігін ингибирлеуге қабілетті. Бұл ионның өсімдіктерге әсер етуінің алғашқы белгілері: өсімдік өсуінің баяулауы, биомассасының азаюы, хлороздың
дамуы, су айналуының бұзылуы және өнім сапасының төмендеуі болып табылады
Hara Y. Improvement of soybean seedling establishmentunder a flooded condition by seed coating with molybdenumcompounds //Plant Production Science. -2015. –v.18. –p.161–165.
Иондардың әсер етуі бойынша өсімдіктің барлық ұйымдастыру деңгейлерінде
байқалады; оның ішінде жасушалық, ағзалық және популяциялық деңгейлерде. Өсімдіктің жасушалық деңгейінде молибден және вольфрам иондарының артық мөлшерде болуы жасуша мембраналарының зақымдануы мен ферменттердің активтілігінің өзгеруіне әкеліп соғады. Ал ағзалық деңгейде өсімдіктің жеке бөлімдерінде морфологиялық және физиологиялық зақымданулар байқалады. Зақымданған жапырақтарда жабын ұлпасы мен механикалық ұлпа, эпидермистің жасушалық басы әлсіз жетілген және саңылауы жұқа болады. Жалпы молибден және вольфрам иондарының мөлшерден тыс артуы өсімдіктердің өсуі мен дамуын бұзады
6. Jurgenson C.T., Begley T.P., Ealick S.E., The structural and biochemical foundations of thiamin biosynthesis // Annu. Rev. Biochem. -2009. – v.78. –p.569–603.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, қорытындылайтын болсақ, ауыр металдардың дәнді-дақылдарға әсері әр түрлі. Бір өсімдікке оң нәтиже көрсетсе, ал екіншісіне теріс әсер етеді. Металдардың ішіндегі көптеп кездесетін молибден мен вольфрамның әсерін айта кетсек, молибденнің әртүрлі концентрациялы ерітіндісі арпаға оңтайлы ықпал етеді. Ол өскіндердің өсуін жақсартып, тамыр мен жапырақтарының ұзаруына жағдай жасады. Ал вольфрам металының көп концентрациялы ерітіндісі өсімдік үшін кері әсерін тигізіп, улы болды. Өскіннің тамыры қысқа болып немесе мүлде өспей қалуы және жапырақтарының қысқа болуы анықталды. Бірақ төмен концентрациялы ерітіндісібидайға оң нәтиже берді. Яғни тамыр ұзындығы артты, тұқымдардың өнуі жақсарды және көмірсулардың биосинтезі ұлғайды. Осы мүмкіндікті пайдаланып ауылшаруашылығында топыраққа ауыр металдарды тыңайтқыштарын қосу арқылы дәнді-дақылдардың өнімін арттыра аламыз деген ойдамын. Айта кететін мәселе, біз бұл жағдайды бір жақты қарастырмай, дәнді-дақылдардан өндірілетін өнімдердің адамдардың организміне түскен жағдайда қалай әсер ететінін ойлауымыз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет