Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 8 мамыр №474 Астана, Үкімет Үйі



бет1/3
Дата22.02.2016
өлшемі185 Kb.
#861
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 8 мамыр №474 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 133-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл

сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «8» мамырдағы №474 қаулысымен қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн тәуелсiз аудиторды таңдау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегі № 1011 қаулысы.

2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi № 1011 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 13 қарашадағы № 1443 қаулысы.

3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi № 1011 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 16 шiлдедегi № 699 қаулысы.

4. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi № 1011 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 953 қаулысы.

__________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «8» мамырдағы №474 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау қағидалары

Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 133-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау тәртiбiн айқындайды.



1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) жұмыс органы (конкурс ұйымдастырушы) – Ұлттық қордың жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі конкурсты (бұдан әрi ­– конкурс) ұйымдастыру және өткізу бойынша барлық іс-шараларды жүзеге асыратын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган;

2) конкурстық комиссия – конкурсты өткізу және жеңімпазды айқындау мақсатында құрылатын алқалы орган;

3) конкурстық құжаттама – осы Қағидалардың көшірмелерінен және конкурс өткізу туралы хабарландырудан тұратын конкурстық өтінімді дайындау үшін конкурсқа қатысушыға берілетін құжаттама;

4) конкурсқа қатысушы – конкурста қатысуға ниет білдірген заңды тұлға;

5) конкурстық өтінім – ­осы Қағидаларда көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес конкурсқа қатысушы конкурста қатысу үшің беретін құжаттар тізбесі.

2. Аудиторлық ұйымды таңдау Ұлттық қордың сыртқы аудитiн жүргiзу туралы шарттың (бұдан әрі – шарт) оңтайлы талаптарын анықтауға бағытталған конкурсты өткiзу жолымен жүзеге асырылады.

3. Аудиторлық ұйымды анықтау үшiн конкурс әрбiр екi жыл сайын қаржылық есептілік пен талдамалық есепке қоса берілетін аудиторлық есеп түрінде Ұлттық қордың жыл сайынғы аудит нәтижелерiн бере отырып, өткiзiледi.

2. Конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру тәртібі

4. Конкурсты өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес) мүшелерiнiң ұсынысы бойынша құрамында 9 адамы бар конкурстық комиссия құрылады, оның құрамына Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес мүшелері кіруі мүмкін. Конкурстық комиссияның құрамы төрағаны, төрағаның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерiн қамтиды және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысында мыналар:

1) конкурстық комиссияның құрамы; 

2) конкурс өткiзу және оның нәтижелерi бойынша конкурстың жеңiмпазын айқындау туралы тапсырма; 

3) конкурсты өткiзу мерзiмдерi көрсетiледі.

5. Конкурсты өткiзу жөнiндегi барлық ұйымдастыру iс-шаралары жұмыс органына жүктеледі.

Жұмыс органы осы Қағидалардың 4-тармағының шарттарына сәйкес конкурстық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi жылдың 1 маусымына дейiнгi мерзiмде енгiзедi.

6. Конкурстық комиссияның төрағасы оның қызметiн басқарады, комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.

7. Конкурстық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін жұмыс органының қызметкері болып табылатын конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.

Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін жауапты жұмыс органының құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдарының ішінен, жұмыс органының бірінші басшысының бұйрығына сәйкес белгіленеді.

Конкурстық комиссияның хатшысы:

1) осы Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін қалыптастырады;

2) конкурсқа қатысушыларға конкурстық құжаттаманы ұсынады;

3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушыларды, конкурстық құжаттаманы және конкурстық өтiнiмдердi тiркеу журналын (бұдан әрі – Тіркеу журналы) жүргiзедi;

4) конкурсқа қатысушылардан конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi қабылдайды;

5) конкурстық комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажеттi құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады;

6) конкурстық комиссия отырыстарының хаттамаларын ресiмдейдi және оған қол қойғызады;

7) конкурстық өтiнiмдер ашылған кезден бастап конкурс құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;

8) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

8. Хаттамада өткiзiлген отырыс жөнiндегi конкурстық комиссия мүшелерiнiң ескертулерiн, ұсыныстарын және пiкiрлерiн қоса алғанда, барлық мәлiметтер тiркеледi. Хаттамаға төраға, орынбасар, сондай-ақ конкурстық комиссияның қатысушы мүшелерi және конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

9. Конкурстық комиссияның отырыстары, егер дауыс беруге конкурстық комиссия құрамынан мүшелердiң үштен екiсi қатысқан болса, заңды болып саналады. Дауыс беру кезiнде дауыстардың саны тең бөлінген жағдайда конкурстық комиссия төрағасының, немесе ол болмаған жағдайда төраға орынбасарының дауысы шешушi болып саналады.

10. Конкурстық комиссияның отырысында конкурстық комиссия мүшесінің болмауы, осы фактіні растайтын құжаттарды жұмыс органына ұсына отырып, дәлелді себебі болғанда ғана мүмкін болады.

Конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында осы фактіні растайтын құжаттарды қоса бере отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.

11. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күнінен бастап жарамды болады және шарт жасалған күнінен бастап өз қызметін тоқтатады.

3. Конкурстық құжаттама

12. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi: 

1) жұмыс органының атауы мен орналасқан жерiн; 

2) Ұлттық қордың сыртқы аудитiн өткiзудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;

3) конкурстық құжаттаманы алудың орны мен тәсiлдерiн;

4) конкурсты өткiзудiң орны мен уақытын, сондай-ақ конкурстық өтiнiмдердi берудiң орны мен мерзiмiн; 

5) конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;

6) орындауға тиіс кез келген iлеспе қызметтердi

7) кепiлдi жарнаның негiзгi шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ осындай кепiлдi жарнаның әрекет ету мерзiмiн; 

8) конкурстық өтiнiмдердiң күшi болатын мерзiмдi;

9) конкурстық өтiнiмдердiң конверттерін ашу орнын, күнiн және уақытын дәл көрсетудi;

10) конкурстық өтінімдерді қабылдауға, сондай-ақ конкурс өткiзу және оларға байланысты құжаттар мен материалдарды ресiмдеу жөнiнде түсiндiрулер беруге уәкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғалардың байланыс деректері (тегi, аты, әкесінің аты, жұмыс органының мекенжайы, телефоны мен кабинетінің нөмірі);

11) конкурсқа қатысушының өкілінде конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу жөніндегі өкілеттіктің болуы шартын;

12) басқа да қажеттi ақпаратты қамтиды. 

13. Конкурстық құжаттама конкурсқа қатысушыларға немесе олардың уәкілетті өкілдеріне не сенім білдірілген адамдарына мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

4. Конкурстық комиссияның өкiлеттiктерi

14. Конкурстық комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады. 

15. Конкурстық комиссия:

1) конкурстық өтiнiмдердi қабылдау және конкурсты өткiзу мерзiмiн (уақытын) белгілейді;

2) осы Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін бекітеді;

3) конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды жан-жақты және объективтi қарайды;

4) конкурсты өткiзеді;

5) өзiнiң қызметiнде құпиялылықты сақтайды және Ұлттық қордың жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалатын қаражатты барынша үнемдеудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мүдделерiн басшылыққа алады;

6) конкурсқа қатысушылардан түскен конкурстық құжаттамаларда қамтылған мәлiметтердi, материалдар мен құжаттарды нақтылай алады;

7) конкурсқа қатысушылар конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей конкурсты өткізу шарттарын өзгерте алады, бұл туралы конкурсқа барлық қатысушыларға дереу хабарланады. Бұл ретте конкурстық комиссияға құжаттарды беру және конкурсты өткізу мерзімдері күнтізбелік 10 (он) күнге ұзартылады.

16. Жұмыс органы конкурстық комиссияның атынан конкурсқа қатысушының конкурстық өтiнiмін нақтылау мақсатында конкурсқа қатысушыға оларға жауаптарды ұсыну мерзімін көрсете отырып, жазбаша нысанда сұрау салуларын жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысушы сұрау салуларға жауаптарды жазбаша нысанда сұрау салуда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей жібереді.

17. Конкурстық комиссия конкурстың өткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.



5. Конкурсқа қатысушылар

18. Конкурсқа қатысуға аудиттi жүргiзуге арналған лицензиясы бар және қаржы институттарына аудиторлық қызмет көрсету саласында кемiнде 5 жыл жұмыс тәжiрибесi бар тұлғалар жiберiледi.

19. Конкурстық өтінімді ұсынған конкурсқа қатысушы немесе оның уәкілетті өкілі конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

20. Осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген шарттарда конкурсқа қатысушы кепiлдi жарнаны енгiзеді.

21. Конкурсқа қатысушы:

1) осы Қағидаларда, өзге де нормативтiк құқықтық актілерде белгiленген талаптарға қатысты түсiндiрулердi алу үшiн жазбаша нысанда, бiрақ конкурстық комиссияның қарауына конкурстық өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтізбелік 10 (он) күннен кешiктiрмей жұмыс органына жүгіне алады. Бұл ретте қосымша ақпаратты алуға арналған уақыт конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды беруге белгiленген жалпы мерзiмдi өзгертпейдi.

Жұмыс органы конкурсқа қатысушының сұрау салуына жауапты сұрау салуды алған күннен бастап бес (5) жұмыс күні ішінде жібередi;

2) конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн конкурстық өтінімді кері қайтарып алуға немесе өзгертуге құқылы.

22. Конкурсқа қатысушылар конкурсты өткiзу кезеңiнде конкурстық комиссияның шешiмiне ықпал етуi мүмкiн iс-қимылдар жасай алмайды. Конкурсқа қатысушыларға конкурстың басқа қатысушыларының беделiн түсiретiн ақпаратты конкурстық комиссияға тiкелей немесе жанама беруге тыйым салынады.

6. Конкурстық өтiнiмдердiң мазмұны мен оларды беру тәртiбi

23. Конкурстық өтiнiм аудит жүргізу жөніндегі қызметтерді осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес көрсетуге конкурсқа қатысушының келісімін білдіру нысаны болып табылады.

24. Конкурсқа қатысушылар дайындаған және ұсынатын конкурстық өтiнiм құжаттардың мынадай тiзбесiн:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінімді;

2) техникалық ұсынысты;

3) қаржылық ұсынысты; 

4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, конкурсқа қатысушының аудиторлық қызметпен айналысуға құқығын растайтын лицензияның көшiрмесiн;

5) конкурс туралы хабарландыру күнінен бір ай бұрын берілген міндеттемелердің барлық түрлері бойынша конкурсқа қатысушының мерзімі өткен берешегі жоқтығы туралы тиiстi салық органының белгіленген нысанындағы анықтамасының түпнұсқасын;

6) конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің (кепiлдi жарнаның) енгізілгенін растайтын құжаттарды қамтиды.

25. Конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi конкурс өткізілуі туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн болып белгіленген. Көрсетілген мерзімнен кейін берілген конкурстық өтiнiмдер жарамсыз деп саналады және оларды конкурстық комиссия қарауға қабылдамайды әрі олар конкурсқа қатысушыға ашылмастан қайтарылуға тиіс.

26. Конкурсқа қатысушы конкурстық құжаттамаға сәйкес дайындалған конкурстық өтiнiмдi желімделген конвертте конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейін ұсынады.

27. Конкурстық өтiнiмдері бар конверттер жұмыс органына конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейін қолма-қол ұсынылады.

28. Жұмыс органы:

1) конкурсқа қатысушының атынан конкурстық өтiнiмі бар конвертті ұсынған уәкілетті өкіл өкілеттіктерінің құжаттық дәлелінің болуын тексереді;

2) конкурстық өтiнiмі бар конверттерде осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Қағидалардың 33-тармағының талаптарын бұза отырып ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттер тіркеуге жатпайды және:

конкурстық өтiнiмі бар конверттерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыға;

конкурстық өтiнiмі бар конвертті ұсынған конкурсқа қатысушының уәкілетті өкіліне дереу қайтарылады;

3) тиісінше ресімделген конкурстық өтiнiмі бар конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді тіркеу журналына енгізеді;

4) енгізілген конкурстық өтінімге өзгерістер мен толықтыруларды конкурстық өтiнiмдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін қабылдайды;

5) конкурстық өтiнiмдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін конкурстық өтінімді кері қайтару жағдайында оның қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Жұмыс органына ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейін ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт тіркеуге жатпайды, ашылмайды және осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылады.

Конкурсқа қатысушының толық атауы мен пошталық мекенжайын көрсетпестен ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт тіркеуге жатпайды және ашылмайды, бірақ күнтізбелік бір жыл бойында сақталуға тиіс.

29. Тiркеу журналына конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және жұмыс органының мөрімен бекітеді.

30. Конкурсқа қатысуға өтінім басылуы немесе өшпейтін сиямен жазылуы және оған конкурсқа қатысушының қолы қойылған және мөрмен бекітілген болуы тиіс.

31. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тiлдерінде жасалады және ұсынылады. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімді басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда, оған дәлме-дәл аудармасы (нотариалдық расталған) қоса беріледі.

32. Конкурстық өтiнiмде конкурсқа қатысушының грамматикалық немесе арифметикалық қателерін түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай қосымша жазбалар, өшірілген немесе қосып жазылған жазулар болмауға тиіс.

33. Конкурсқа қатысушы техникалық ұсыныс пен қаржылық ұсынысты әртүрлі конверттерге желiмдейдi, сыртқы бетінде тиісінше «Техникалық ұсыныс» және «Қаржылық ұсыныс» деп белгілей отырып, конкурсқа қатысушының толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетіледі.

Содан кейін техникалық ұсыныс пен қаржылық ұсынысы бар конверттер сыртқы конвертке салынады, оның сыртқы бетіне конкурсқа қатысушының толық атауы мен пошталық мекенжайы және конверттiң мазмұны, жұмыс органының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурстың атауы, сондай-ақ мынадай: «(конкурстық өтінім ашылатын күн мен уақыт көрсетілсін) ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» деген мазмұндағы мәтін көрсетiлуi тиiс.

34. Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысы мынадай ақпаратты:

1) Қазақстан Республикасындағы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi, басқа мемлекеттердегi банктерге және өзге де қаржы ұйымдарына бәсекелестік-шектеулер тұрғысынан аудиторлық қызметтер көрсетудегi жұмыс тәжiрибесiн;

2) Ұлттық қордың сыртқы аудитiн (бұдан әрi – аудит) жүргiзу процесi бойынша қысқаша түйiндеме мен жұмыс жоспарын; 

3) аудит жүргiзу жөнiнде ұсынылатын қызметтердiң тiзбесiн;

4) маманның бiлiктiлiгiне құжаттамалық растаманы;

5) құпиялылықты сақтау мiндеттемесiн қамтиды.

Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысы осы Қағидаларға сәйкес конкурсқа қатысушы ұсынатын не конкурстық комиссия сұратқан өзге де ақпаратты қамтиды.

35. Конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысы әрбiр жылға аудит жүргiзу жөнiндегi қызметтердiң Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетiлген жалпы құнын, оның iшiнде кәсiби қызметтердi көрсеткенi үшiн сыйақы мөлшерiн, үстеме шығыстардың болжамды сомасын және салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын қамтиды.

36. Конкурсқа қатысушы өзiнiң конкурстық өтiнiмiн дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды көтередi. Жұмыс органы конкурсты өткiзудiң сипатына немесе нәтижелерiне қарамастан, осы шығыстар бойынша мiндеттемелер көтермейді.

7. Конкурстық өтiнiмдердi қамтамасыз ету

37. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтiнiмiн қамтамасыз етуді кепiлдi ақшалай жарна түрінде конкурстық комиссия белгілеген мөлшерде енгізеді.

38. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтiнiмiн қамтамасыз етуді өзінің:

1) конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейін өзінің конкурстық өтiнiмiн кері қайтарып алмауы не өзгертпеуі және (немесе) толықтырмауының кепілі ретінде енгізеді;

2) оны конкурстың жеңiмпазы деп айқындаған жағдайда шарт жасасу және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуінің кепілі ретінде енгізеді.

39. Кепiлдi жарна жұмыс органының конкурстық құжаттамада көрсетiлген банктегі шотына аударылады.

40. Конкурстық өтiнiмді қамтамасыз етуі жоқ конкурстық өтiнiмдердің барлығын конкурстық комиссия конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермейтін ретінде кері қайтарады.

41. Жұмыс органы енгізілген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа қатысушыға мынадай:

1) конкурсқа қатысушының конкурстық өтiнiмінiң қолданылу мерзiмi бiткен;

2) шарт күшiне енген және конкурстың жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

3) конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурстың жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн конкурстық өтiнiмдi қайтарып алған жағдайлардың біреуі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

42. Жұмыс органы конкурсқа қатысушыға, егер конкурсқа қатысушы:

1) конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдi қайтарып алса, өзгертсе немесе толықтырса;

2) конкурстың жеңiмпазы ретiнде айқындала отырып, белгiленген мерзiмдерде Ұлттық қордың аудитiн жүргiзу туралы шартқа қол қоймаса;

3) егер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда осындай қамтамасыз етудi енгiзу талап етiлмесе, оған қол қойылғаннан кейiн аудиттi жүргiзу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе, ол енгiзген кепiлдi жарнаны қайтармайды.

43. Осы Қағидалардың 42-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған жағдайда, конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы Ұлттық қордың кірісіне есептеледі.

8. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi

44. Жұмыс органы конкурстық комиссияға жүгінген конкурсқа қатысушыларға осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға қатысты түсіндірулерді белгіленген тәртіппен ұсынады.

45. Жұмыс органы Қазақстан Республикасының Yкiметi конкурс өткiзу туралы шешiм қабылдаған күнінен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен кешiктiрмей осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес хабарландыруды республикалық мерзiмдi баспа басылымында жариялайды, сондай-ақ жұмыс органының веб-сайтында орналастырады.

46. Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашуды конкурстық комиссия конкурстық құжаттамада көрсетiлген күні, уақытта және жерде, конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен конкурсқа қатысушылардың немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнің қатысуымен жүргізеді.

Ашылуға конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде ұсынылған конкурстық өтiнiмдерi бар конверттер жатады.

Конкурстық өтiнiм осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.

Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу кезiнде конкурстық комиссия қатысушы тұлғаларға мыналарды:

1) конкурстық комиссияның құрамын;

2) конкурстық өтiнiмдi белгіленген мерзімде ұсынған конкурсқа қатысушыларды;

3) конкурстық өтiнiмдерін конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейін ұсынған, өтінімдері қайтарылуға тиіс конкурсқа қатысушыларды;

4) конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін;

5) конкурстық өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын;

6) конкурстық өтiнiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактілерінің бар не жоқ екенін, сондай-ақ оның себептерін дауыстап айтып тұрады.

Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашқаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасын жасайды, оған конкурстық комиссияның төрағасы, орынбасары, қатысып отырған барлық мүшелері және конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Конкурстық өтiнiмдердi ашу хаттамасының көшiрмесi конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысында болмаған конкурсқа қатысушыларға немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiне олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жiберiледi.

47. Конкурстық өтiнiмдердi қарау рәсiмi осы Қағидалардың талаптарында көзделген конкурстық өтінімнің құжаттары мен материалдарының толық болуы және тиісінше ресімделуі тұрғысынан оларды алдын ала зерделеудi және тексерудi қамтиды.

Толық емес және/немесе дәйексіз ақпарат беру немесе осы Қағидалардың талаптарына сай келмейтiн конкурстық өтiнiмдердi ұсыну конкурстық комиссияның осы конкурстық өтiнiмдi кейiнге қалдыруына негiз болады.

Конкурстық комиссия енгізілген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің жарамдылық мерзімі жетіспеуі;

2) конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің тиісінше ресімделмеуі, ол конкурстық комиссияға мыналарды:

конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

оған қатысу үшін конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған конкурстың атауын;

конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің жарамдылық мерзімі және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

кепілді жарна пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің болмауынан көрініс табады;

3) кепілді жарнаның конкурстық құжаттамада белгіленген мөлшерден кем енгізілуі жағдайларында конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.

48. Конкурс конкурстық өтiнiмдердi берудің соңғы мерзiмi біткен күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.

Бұл ретте конкурстық комиссия алдымен конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын, одан кейін қаржылық ұсыныстарын қарайды.

Конкурс аяқталғаннан кейін конкурстық комиссия конкурстың жеңімпазын айқындайды.

49. Техникалық ұсыныстары бар конверттер ашылғаннан кейiн әрбiр конкурстық өтiнiм бойынша мынадай ақпарат жарияланады және хаттама жасалады:

1) конкурсқа қатысушы;

2) конкурстық өтiнiмнiң жинақылығы және оның осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкестiгi.

50. Қаржылық ұсыныстары бар конверттердi ашқаннан кейiн конкурстық комиссия оларға тiркеу нөмiрiн берудi (тiркеу күнiн көрсете отырып) жүзеге асырады, қаржылық ұсыныстарын берген конкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарын тіркеудің хронологиялық тәртібімен жариялайды.

51. Конверттердi ашқаннан кейiн конкурстық комиссия техникалық және қаржылық ұсыныстары бар ашылған конверттерді конкурстық комиссияның хатшысына береді.

52. Конверттердi ашу нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия отырысының хаттамасында конкурстық өтiнiмдердi ұсынған барлық конкурсқа қатысушылардың тiзбесi, сондай-ақ өзге мәлiметтер тiркеледi және қабылдау немесе кейiнге қалдыру себептерiн көрсете отырып, конкурстық өтiнiмдердi қабылдау немесе кейiнге қалдыру туралы конкурстық комиссияның шешiмi туралы тиiстi жазбалар жүргiзiледi.

53. Конкурс аяқталғаннан кейін осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдер конкурсқа қатысушыларға қайтарылмайды және шартқа қол қойылғаннан кейін жұмыс органының хатымен Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңеске сақтауға беріледі.

54. Жұмыс органы конкурсқа қатысушыларды және Қазақстан Республикасының Yкiметiн конкурс өткiзу қорытындылары бойынша конкурстың нәтижелерi туралы ресми хабардар етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет