Глоссарий статистика



бет1/7
Дата17.07.2016
өлшемі0.79 Mb.
#205374
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-3-01.1.20.08/03-2012

«Әлеуметтік-экономикалық статистика» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№2- басылым





« ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА»

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050508 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» ЖӘНЕ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



Семей 2012




Мазмұны





1

1.Глоссарий 3




2

2.Дәріс 4




3

3.Тәжірибелік сағаттар 39




4

4.Студенттің өздік жұмысы 42






  1. ГЛОССАРИЙ


Статистика - қоғамдағы құбылыстарды, процестерді сандық және сапалық жағынан тығыз байланыстыра отырып қай жерде және қай уақытта болғанын зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы.

Статистикалық бақылау - қоғамдық құбылыстар,процестер туралы мәліметті жинау,тіркеу.

Статистикалық жинақтау - бақылауда жинақталған мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық бірліктерінің белгілері бойынша бөліп, қортынды көрсеткіштерді есептеу

Статистикалық бақылау бағдарламасы - бақылау процесінде жауап алуға қажетті сұрақтар тізімі

Статистикалық бақылау зерзаты - зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы.

Статистикалық топтау - қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына, түрлеріне сәйкес бір-бірінен ажырату үшін топтарға бөлу.

Қайта топтау - алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісі.

Статистикалық таратпалы қатарлар - қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп топтарға бөлу.

Статистикалық кесте - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану.

Статистикалық нақты шамалар - қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер.

Қатысты шамалар - қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштер.

Әлеуметтік- экономикалық статистика - әлеуметтік- экономикалық құбылыстардың сандық жағын зерттейді, олардың пропорцияларын, экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарды көрсетеді.

Орташа шамалар - біртектес жиынтықты белгілі бір жағдайда және уақытта өзіне тән белгілері бойынша жинақтап көрсететін орташа сан мөлшері, яғни біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасы.

Мода - статистикалық қатарлардың ішінде ең жиі кездесетін белгінің үлкен шамасы, яғни өзгермелі сандық қатарда жиіліктің үлкен мәні жатқан белгі.

Медиана -статистикалық қатардың ортасында жатқан белгі.

Статистикалық өзгерме - жиынтық бірліктерінің белгілеріне әртүрлі себептердің әсерінен болған сандық өзгеріс.

Әлеуметтік- экономикалық статистиканың қоғамдық дербес ғылым ретіндегі мақсаты – мемлекеттің жағдайын дамудың кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау.

Бақылаудың объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер.


2 ДӘРІС
Тақырып 1. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

Дәріс сұрақтары:

1. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың пәні, міндеттері және әдістері.

2. Әлеуметтік- экономикалық статистикада қолданылатын Ұлттық шоттар жүйесінің категориялары және сыныпталуы.
1. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың пәні, міндеттері және әдістері.
Әлеуметтік- экономикалық статистика сапалы анықталған жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды сандық жағынан зерттейді, олардың пропорцияларын, экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарын көрсетеді. Статистиканың мақсаты- Қазақстан Республикасының жағдайын дамудың кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау.

Бақылау объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер:

А) микродеңгейде – шаруашылық субъектісі, үй шаруашылығы;

Б) мезодеңгейде – экономика саласы, экономика секторы, аймақ;

В) макродеңгейде – елдің жалпы экономикасы.

Әлеуметтік- экономикалық статистиканың теориялық негізі экономикалық теория және философия болып табылады.

Әлеуметтік- экономикалық статистика статистиканың жалпы теориясының әдістері мен негізгі ережелеріне негізделеді. Қоғамды зерттеудің үш сатысында статистикалық әдістер қолданылады:

1. Статистикалық бақылау.

2. Бақылау нәтижелерін белгілі бір жиынға жинақтау және жалпылау.

3. Ақпараттарды талдау.

Әлеуметтік- экономикалық статистика жалпы әлеуметтік- экономикалық статистикалық зерттеуді ұйымдастырып, алғашқы сатысында келесі функциялар орындалады:

- бастапқы ұйымдарды, категорияларды қалыптастырады, олардың зерттеу міндеттерін анықтайды;

- көрсеткіштердің жүйесін және көрсеткіштердің есептеу методологиясын құрайды;

- алғашқы ақпараттарды жинауға жаппай бақылау ұйымдастыру барлық тұлғаларды, отбасыларды санақ парағы формасы түрінде, барлық кәсіпорындарды бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формасы түрінде есептеу жолымен немесе үй шаруашылықтарына ішінара, жаппай емес бақылау ұйымдастыру жолымен жүргізіледі.

Статистикалық зерттеудің екінші сатысында ақпараттардың жинақталуы және

топтастырылуы жиналған барлық фактілерді бөлу және біріктіру жолымен реттеліп, қорытындыланады және бірдей ұқсас белгілері бойынша бір топқа біріктіріледі. Көрсеткіштер сомасы топтар бойынша және барлық жиынтық бойынша есептеледі. Әлеуметтік- экономикалық статистика топтастыру әдісінің көмегімен топтарды, кіші топтарды басты, мәнді белгілері бойынша зерттейді. Мысалы, Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері және жан басына шаққандағы орташа салымдар бойынша топтастырылуы халықтың өмір сүру деңгейін көрсетеді.

Статисткалық жұмыстың үшінші сатысында кеңейтілген ұдайы өндірістің заңдылықтары анықталады, кәсіпорындардың, саладардың, секторлардың және еліміздің тұтас экономикасындағы экономикалық іс-әрекет нәтижелеріне факторлардың ықпалы бағаланады. Қайта өндірудің барлық жақтарының байланысы және тәуекелділік үшін жалпылама көрсеткіштер әдісі қолданылады: қатысты, орташа шамалар, вариация белгілернің көрсеткіштері, динамаика құбылыстары индекстерінің корреляциясын есептеу, детерминация есебі, баланстық, теориялық- ықтималдық әдістері, статистикалық кестелер, графиктер әдістері.

Әлеуметтік- экономикалық статистика салалық статистикамен байланысады. Олар жеке экономикалық салаларды, бөлімдерді (мысалы, демография) немесе категорияларды (мысалы, бағаларды) зерттейді және макроэкономикалық көрсеткіштерді (еңбек ресурстары, жалпы ішкі өнім және басқалар) есептеу үшін мәліметтерді жинайды.

Әлеуметтік- экономикалық статистика бухгалтерлік есеп пен статистика бойынша халықаралық стандартқа, Ұлттық Шоттар Жүйесінің методологиясына негізделеді. Халықаралық практикада Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұлттық Шоттар Жүйесі, яғни нарықтық экономиканың макростатистикалық моделі пайдаланылады.

Қазақстанда ұлттық экономиканың ерекшелігі ескеріле отырып, Ұлттық Шоттар Жүйесінің статистика тәжірибесіне енгізілуі статистикалық ақпараттарға деген қажеттілікті қанағаттандыруға және халықаралық деңгейдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Статистика заңдылықтары оның көрсеткіштерімен анықталады. Статистикалық көрсеткіш – бұл барлық әлеуметтік-экономикалық категорияның нақты орны мен уақыты шартындағы сандық өлшемі, яғни әлеуметтік-экономикалық статистикалық көрсеткіштердің қалыптасу жүйесін кері зерттейді. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесінің құрамы:

1. Еңбек және халық туралы көрсеткіштер.

2. Ұлттық байлықтың көрсеткіштері

3. Аралық тұтыну және шығындардың көрсеткіштері

4. Өндіріс нәтижелерінің көрсеткіштері

5. Баға, тауар және ақша айналысының көрсеткіштері

6. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері

7. Ұлттық шоттар жүйесі бойынша баланстық құрулардың көрсеткіштері

8. Әлеуметтік статистика көрсеткіштері

Әлеуметтік- экономикалық статистиканың негізгі міндеттері:

- Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша статистикалық көрсеткіштер жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеу және әзірлеу;

- Қазақстан Респуликасының әлеуметтік- экономикалық жағдайы туралы мәліметтерді жинау және жан-жақты көрсету;

- мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде талдау жасау үшін және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сапалы және ақиқат мәліметтермен барлық респонденттерді уақытылы қамтамасыз ету;

- ұлттық байлықтың резервтерін анықтау үшін, жұмыссыздықтың және жұмыс істейтін халықты толық пайдаланбаудың әсерінен пайда болған өнім шығынын есептеу үшін статистикалық әдістерді қолдану және жетілдіру;

- арнайы ұйымдастырылған бақылауларды ішінара бақылауда, әсіресе Қазақстанда өмір сүру деңгейін өлшегенде, әлеуметтік статистиканы зерттегенде қолдану;

- барлық деңгейдегі экономиканың үйлесімділігіне және теңгерімділігіне статистикалық баға беру;

- Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша салааралық балансты, қаржылық шотты және макродеңгейдегі басқа да баланстарды құру және әзірлеу;

- халықаралық салыстыруларды жүргізу;

- бизнес тәуекелдігін бағалау үшін әлеуметтік- экономикалық құбылыстардың себепті- нәтижелік байланыстарын үлгілеу және келешекке болжам жасау;

- бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формаларын жетілдіру;

- экономикалық статистикалық талдау жасауда статистикалық-математикалық және математикалық әдістерді қолдану.
2.Әлеуметтік- экономикалық статистикада қолданылатын Ұлттық шоттар жүйесінің категориялары және сыныпталуы.
Ұлттық Шоттар Жүйесінің құрылуының негізінде шаруашылық айналымының қағидасы, яғни барлық экономикалық айналым: материалдық игіліктердің өндірісі мен қызметер көрсету біртұтас күйінде қалдырылады. Ұлттық Шоттар Жүйесінде табыс әкелетін кез келген қызмет зерттеледі: тауарлар мен қызметтердің өндірісінен бастайтын табыстарды құру және қаржылық активтер мен міндеттемелердің өзгерісі – ақырғы қаржы нәтижесінің алынуы. Қаржы-несие қатынастары бірінші кезекте тұрады. Ұлттық есептеу мемлекеттің пассивтер және активтер, экономикалық операциялар, барлық шаруашылық субъектілері туралы мәліметтерді бақылайды және жинайды.
Ұлттық Шоттар Жүйесі категориялары, жіктелуі және түсініктері

1. Өнімдер – тауарлар мен қызметтер.

2. Тауарлар – физикалық заттар, экономикалық объектілер, сұраныс бар тауарларға меншіктік құқық таратылады.

3. Қызметтер – тұтынушылардың тапсырыс бойынша әртүрлі әрекеттері өндірушілер арқылы жүзеге асатын тұтыну заттарының күйі:

- тұтынушылардың физикалық жағдайы (мысалы, тұтынушыларды тасымалдау, көшіру; медициналық және хирургиялық емдеу, тұтынушылардың сыртқы жақсаруы);

- тұтынушылардың қабілеттілік жағдайы (мысалы, білім беру, қорғау, қаржылық делдалдық көрсету, т.б.).

4. Объектілер – тауарлар, қызметтер, ақша қаржылары.

5. Субъектілер – шаруашылық бірліктері.

6. Институтциалды бірлік – активтерді иемденетін, міндеттеме қабылдауға қабілетті, шаруашылық субъектілері мен ақпараттарын және экономикалық операцияларды, активтер мен пассивтерді жинақтайтын экономикалық дербес тұлға.

7. Экономикалық өндіріс – бұл қызметтер, институтциалды бірлік тексерумен жасалынған, еңбек, капитал, тауарлар, қызметтерді жүзеге асыратын іс - әрекет.

8. Өндіріс шекарасына қызметтердің келесі түрлері қосылады:

- басқа бірліктерге, көрсетілген және олардың өндірушілері болып табылмайтын тауарлар, қызметтер шығаруға арналған барлық жеке және ұжымдық тауарлардың, қызметтердің өндірісі;

- өздерін өндірушілер арқылы қорлану үшін немесе түпкілікті тұтынуға жұмсалу үшін қалдырылған барлық тауарлардың өндірісі;

- өзіндік түпкілікті тұтынуға қолдануға арналған қызметтердің өндірісі;

- заңсыз өндіріс;

- бүркемелі (жабық) өндіріс.

9. Резидент – берілген елдің экономикалық аумағында орналасқан және бір жылдың ішінде немесе одан көп уақытта осы елдің экономикалық аумағындағы экономикалық қызметке қатысқан институционалды бірлік.

10. Ішкі экономика экономикалық аумақтағы резиденттердің де, резидент еместердің де қызметін қамтиды. Ішкі экономиканың негізгі көрсеткіші - жалпы ішкі өнім.

11. Ұлттық экономика экономикалық аймақтағы және оның шекарасынан тыс орналасқан резиденттердің де қызметтерін қамтиды. Ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы ұлттық табыс.

12. Шетелдегі аумақтық деп анклавалардың үкіметтік мекемелер арқылы аумақтарды демократиялық, әскери, ғылыми мақсаттарда пайдалануын айтады.

13. берілген елдің экономикалық аймағы – бұл берілген елдің үкіметімен басқарылатын, осы аумақ ішінде адамдар, тауарлар, ақшалар еркін қозғалыста болатын аумақ және оған жататындар:

- әуе кеңістігі, берілген елдің аумақтық сулары және халықаралық суларда континенталдық шельф және де олардан шикізат, мұнай, газ, отын өндіруге осы елдің құқығы бар;

- шетелдегі аумақтық анклавалар немесе халаықаралық ұйымдар, кәсіпорындар, осы елдің экономикалық аумағына орналасқандар.

Ал басқа елдің экономикалық аумағына жататындар:

- еркін аймақтар, берілген елдегі кәсіпорындар, шетелде жұмыс істейтіндер;

- берілген елдің шекарасынан тыс жердегі аймақтық анклавалар.

14. Экономика секторы – экономикалық қызметпен айналысатын институтционалды бірліктердің жиынтығы, яғни өз атынан активтерді біріктіріп, міндеттемелерді қабылдап, экономикалық қызмет пен операцияларды жүзеге асыратын субъектілердің жиынтығы.

Ұлттық Шоттар Жүйесінің принциптеріне сәйкес, экономикалық бірліктер екі тип бойынша жіктеледі: секторлар және салалар.

Секторлар алтыға бөлінеді, бесеуі – ішкі экономика секторлары, резиденттер, ал алтыншысы сыртқы сектор (резидент еместер).

1-ші сектор – «Қаржылық емес корпорациялар» - алынған табыс пен шыққан шығындардың орнын толтыратын, баға бойынша тауарлар өндіру мен қаржылық қызметтерден басқа қызметтерді көрсететін институционалды бірліктер (кәсіпорындар, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік қонақ үйлер, кафе және т.б.).

2- сектор – «Қаржылық корпорациялар» қаржылық қызметтер көрсететін институционалды бірліктердің жиынтығын қамтиды (Ұлттық Банк, коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қоры, биржалар, ломбард, бағалы қағаздар нарығы, трасталық компаниялар). Қаржылық қызметтің екі түрі бар: а) делдалдық қарыз алушыға несие беру мақсатымен өз атынан қаржылық міндеттеме қабылдай отырып, ақшалай қаражаттарды жұмылдырады және осы ағындар сипаттамасын қайта құрып, түрін өзгертеді; б) қосалқы қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты, бұлар – қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйымдар, бірақ өз атынан несие бере алмайды.

3- сектор – «Мемлекеттік басқару органдары» - мемлекет бақылауында тұратын және халыққа мемлекеттік басқару нарықтық қызметін атқаратын институционалды бірліктер.

4- сектор – «Үй шаруашылықтары» - жеке адамдар, бірге тұратын отбасылар, заңды статусы жоқ кәсіпкерлер.

5- сектор – «Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар» үй шаруашылықтарына тауар мен қызметті тегін немесе төмен бағамен төлеген жарнасына, берген жәрдеміне жеткізіп береді (саяси партиялар, діни ұйымдар, ауруханалар, клубтар, спорттық қоғамдар, т.б.).

6- сектор – «Қалған әлем» - Қазақстан Республикасына қатысты басқа да шетелдерді біріктіретін экономикалық бірлестіктер.

15. Экономикалық айналым элементтері: объект, субъект, экономикалық операция.

16. Экономикалық операция - өзара келісімдер бойынша жүзеге асырылатын екі институционалды бірліктердің өзара қызметін көрсететін экономикалық ағын. Экономикалық операциялар үш топқа бөлінеді:

- «тауарлар мен қызметтер операциялары» қозғалысы келесі процестермен тіркеледі: өндіріс, тұтыну, инвестициялар, экспорт, импорт;

- «бөлу-үйлестіру операциялары» - табыстармен операциялар жасау: жалақы, проценттер, пайда, трансферттер (салықтар, субсидиялар);
- «қаржы операциялары» - несиелерді алу, оларды өтеу, бағалы қағаздарды сату және сатып алу және басқа да қаржылық активтермен операциялар.

17. Трансферт- бұл экономикалық операция, бір институционалды бірліктің екінші институционалды бірлікке ақысына компенсация төленбей, ештеңе алмай, тауар, қызмет, не ақшаны беруі. Трансферттер ақшалай не заттай түрде берілдеі. Трансферттер үш топқа бөлінеді: ағымдағы, әлеуметтік, капиталдық.

18. Салықтар – бұл мемлекетке ақшалай немесе натуралды түрде институционалды бірліктер орындайтын міндет, компенсация жасалмайтын төлемдер. ҰШЖ салықтары «ағымдағы» және «капиталды» болып бөлінеді.

19. Таза салықтар салықтан демеу қаржыны азайтқанға тең.

20. Демеу қаржылар (субсидиялар) – кәсіпорындарға орны толтырылмайтын ағымдағы мемлекеттік бірлік төлемдері. Демеу қаржыны резиденттік өндірушілер алады және салыққа кері трансферт ретінде болады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Әлеуметтік- экономикалық статистика нені зерттейді?

2. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың негізгі әдістерін анықтаңыз.

3. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесін сипаттаңыз.

4.Ішкі экономиканың әр секторының субъектілерін, функцияларын атаңыз.

5.Осы елдің экономикалық аумағын, ішкі және ұлттық экономикасы, институционалды бірліктері, резиденті туралы түсінік беріңіз.

6.ҰШЖ бойынша экономикалық операциялардың топтастырылуы қандай?

7.Трансферттің түсінігін беріңіз. ҰШЖ бойынша трансферттертің топтастырылуы қандай?

8.ҰШЖ бойынша салықтар қалай жіктеледі?

9.Субсидияның, салықтың қандай түрлері трансферттерге жатады?

10.ҰШЖ бойынша таза салық қалай есептеледі?



Тақырып 2. Халық және еңбек статистикасы

Дәріс сұрақтары:

1. Халық саны және құрамының статистикасы

2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы

3. Халық қозғалысының статистикасы

4. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері

5.Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы


1. Халық саны және құрамының статистикасы
Халық берілген аумақта тұратын адамдар. Халық статистикасының бақылау объектісіне тұтас халық және оның жеке белгілі топтары жатады. Бақылау бірлігі – адам, отбасы, үй шаруашылығы.

Еңбекке жарамдылығына қарай халықтардың келесідей категориялары бар: еңбек жасындағы халық саны, еңбек жасындағы еңбекке қабілетті халық саны, еңбек ресурстары.


Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық саны =

Еңбекке жарамды жастағы тұрақты халық саны - Әлеуметтік қорғау орнынан зейнетақы алатын, еңбекке қабілетті жастағы, 1-2 топтағы мүгедектер саны, еңбек жасына байланысты қосымша шартпен зейнетақы алатын, еңбекке жарамды жастағы жұмыс істемейтін зейнеткерлер саны.

Халық және еңбек статистикасының міндеттері:

- халықтың табиғи қозғалысы зерттеу;

- халықтың миграциялық қозғалысын зерттеу;

- еңбек нарығын, халықтың жұмысбастылғын және жұмыссыздығын зерттеу;

- халық санын болжау.

Халық туралы ақпарат көздері:

1. Халық санағы – критикалық сәт кезіндегі күйі бойынша қазақстан Республикасындағы әр азаматты сипаттайтын демографиялық және әлеуметтік мәліметтерді жинау процесі. Халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізіледі. (1999 жыл 25 ақпан)

2. Халық туралы халық санақтары арасындағы ағымдағы есеп: - азаматтық күй актысы- қалпындағы жазбалар – халықтың табиғи қозғалысы түрдегі перзентханада, загстерде, аудандық кеңестегі халық есебі; - миграциялық (көшіп-қону) процестер – келу парғына тіркелетін статистикалық есеп талоны, ішкі істер органдарының және паспорт рұқсатнама қызметінің мәліметі.

3. Ішінара зерттеу халық санақтары арасында жүргізіледі. Оның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы және оның жекелеген аумақтарындағы халықтың әлеуметтік- экономикалық құрамы туралы қосымша мәліметтерді жинау.

4. Ұйымдардың еңбек туралы есеп берулері жұмыс істейтін халықтың еңбек қызметтерін сипаттайды.

Халық санағы келесі категориялармен тіркеледі: тұрақты, нақты халық және олармен тығыз байланыстағы уақытша келгендер және уақытша кеткендер.

Статистика халықтың құрамын басқа белгілері (жыныс, жас, әлеуметтік жағдайы, отбасы жағдайы, ұлты, білім деңгейі, күн көру көздері, аймақ, қызметінің түрі, т.б.) бойынша топтастырумен сипаттайды.
2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы

Қазақстандағы еңбек нарығының деңгейі және дамуының сипаттамасы еңбек ресурстарының категорияларымен байланысады. Еңбек ресурстары – еңбекке жарамды халық, демек нақты және потенциалды жұмыскерлер.



Еңбек ресурстары – экономикалық белсенділік мәртебесі бойынша экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес халық болып бөлінеді. Экономикалық белсенді халық - өндірістік тауарлар мен қызметті өндіруді жұмыс күшімен қамтамасыз ететін халықтың бір бөлігі. Халықаралық стандарттарға сәйкес белсенді халыққа 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады.

Экономикалық белсенді халық саны = жұмыспен қамтылған халық саны + жұмыссыздар саны

Экономикалық белсенді жастарға 15-24 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар жатады.

Жұмыспен қамтылған халық (жұмысбасты) – жасына қарамастан экономика саласында нақты жұмыс істеп жүрген халық. Жұмысбастылық мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылған халық екіге бөлінеді: жалдамалы жұмысшылар және өз бетімен жұмыспен айналысушылар.

Жұмыссыздар – экономикалық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар.

Экономикалық белсенді емес халық – үй шаруашылығымен айналысатын, экономикалық белсенді жастағы халық және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар.

Экономикалық қызмет жасамайтын, еңбекке жарамды жастағы, еңбек етуге қабілетті халыққа жататындар - мүгедектер, асыраушы адамды жоғалтқандар, жеңілдік шарты бойынша зейнетақы алатындар; жұмысты іздемейтіндер, бірақ жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар және жұмыс істеуге дайындар, табыс көзіне қарамай, жұмыс істеуге қажеттіліктері жоқ адамдар.

Экономикадағы жұмыспен қамтылмағын халықтың саны = халықтың жалпы саны – экономикадағы жұмыспен қамтылған халықтың саны.

Еңбек нарығына қатысты көрсеткіштер
Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны

белсенділік үлесі = ------------------------------------------------------------ х 100

жалпы халық саны
Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны

белсенділік коэффициенті = ------------------------------------------------------------ х 100

15 және одан жоғары жастағы жалпы халық саны
Экономикадағы жұмыс жұмыспен қамтылмаған халық саны

істейтін бір адамға есебімен = ------------------------------------------------------------ х 100

Жүктеме коэффициенті жұмыспен қамтылған халық саны

Жұмыспен қамтылу жұмыспен қамтылған халық саны

(жұмысбастылық) = ------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

Жастардың 15-25 жастағы жұмыс істейтін жастар саны

жұмысбастылық = ------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді жастар саны

Жалпы жұмыссыздар саны

жұмыссыздық = ------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны


Жастардың 15-25 жастағы жастардың жұмыссыздар саны

жұмыссыздық = -------------------------------------------------------------- х 100

коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді халық саны

Ұзақ мерзімдегі 1 және одан көп жыл жұмыс таба алмағандар саны

жұмыссыздық = ----------------------------------------------------------------- х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны


Халықтың экономикалық белсенді емес халық саны

экономикалық белсенді = ----------------------------------------------------------------- х 100

емес коэффициенті 15 жастағы және одан жоғары белсенді халық саны

Еңбекке жарамды еңбекке жарамды жасқа дейінгі халық саны

жастағы халықтың орнын = ----------------------------------------------------------------- х 100

басу коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны

Зейнеткерлік еңбекке жарамды жастан кейінгі халық саны

жүктеме = ----------------------------------------------------------------- х 100

коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны
Жалпы еңбекке жарамды жасқа дейінгі және кейінгі халық саны

жүктеме = ----------------------------------------------------------------------------- х 100

коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет