Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2014 жылғы 3 наурыз №172 Астана, Үкімет Үйі
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы н
№ 172 қаулысымен бекітілген
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленген және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауды өткізу тәртібін айқындайды.
Өнім берушілерді таңдауды конкурстық негізде конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады. Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдауды жүзеге асыру кезінде, егер бірнеше орта білім беру ұйымы үшін конкурсты ұйымдастырушы білім беру органы болған жағдайда, соңғысы конкурсты білім беру ұйымдары бойынша лоттар бөлінісінде өткізеді.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) конкурсты ұйымдастырушы – орта білім беру ұйымы немесе білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, білім беру органы;
2) көрсетілетін қызмет – орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға аспаздық өнімдер мен тауарларды өндіру, жеткізу және өткізу процесін қамтитын тамақтандыруды ұсыну;
3) әлеуетті өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе қызметті көрсету туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға;
4) өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе қызметті көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға;
5) конкурсқа қатысуға өтінім – конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, қызметтер көрсету үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар;
6) конкурстық құжаттама – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі – Үлгілік конкурстық құжаттама) сәйкес әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар;
7) конкурстық комиссия – конкурс өткізуге конкурсты ұйымдастырушы құратын уақытша алқалы орган;
8) интернет-ресурс – конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсы.
3. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші ретінде қатыспайды.
2. Конкурстық комиссия
4. Конкурсты өткізу рәсімін орындау үшін конкурсты ұйымдастырушының шешімімен конкурстық комиссия құрылады және комиссия хатшысы айқындалады.
Төраға, төраға орынбасары және конкурстық комиссияның басқа мүшелері комиссия мүшелері болып табылады. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлік басқару саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, ата-ана жұртшылығының өкілдері олармен келісім бойынша конкурстық комиссия құрамына енгізіледі.
Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды және оның комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, бірақ бес адамнан кем болмауы керек.
Комиссия оның құрылуы туралы шешім қабылданған күннен бастап қызмет етеді және өзінің қызметін қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан күннен бастап тоқтатады.
5. Білім беру ұйымының немесе органының бірінші басшысы комиссия төрағасы болып табылады, ол болмаған уақытта төраға функцияларын комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
Егер конкурсты ұйымдастырушы білім беру органы болған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары орта білім беру ұйымының басшысы болып табылады.
Егер конкурсты ұйымдастырушы білім беру ұйымы болған жағдайда, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары комиссия төрағасының орынбасары болып табылады.
6. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қарайды, Үлгілік конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурс жеңімпазын айқындайды және конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.
7. Егер комиссия мүшелерінің көпшілігі (кемінде үштен екісі) қатысқан жағдайда, конкурстық комиссияның отырысы заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.
8. Конкурстық комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Конкурстық комиссия мүшелері конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда төрағаға жазбаша түрде дәлелді қарсы пікірлерін ұсынады.
9. Конкурстық комиссия шешімдерін хаттамалар түрінде комиссия хатшысы ресімдейді, оның әрбір парғына және соңына комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.
3. Өнім берушіні таңдау тәртібі
10. Конкурсты ұйымдастырушы Үлгілік конкурстық құжаттама негізінде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.
11. Конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді. Хабарландыруда өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күні мен уақыты көрсетіледі.
12. Конкурс қорытындыларын шығарғанға дейінгі кезеңге қажеттілікке сәйкес білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсетуге қажеттілік болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті көрсететін өнім беруші тарту туралы шешім қабылдайды.
Аталған шешімді қабылдаған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін өнім берушіге сұрату жібереді.
Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін өнім беруші келіскен жағдайда конкурсты ұйымдастырушының хаты түскен сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Үлгілік конкурстық құжаттаманың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құжаттарды қоса беріп хат жолдайды.
13. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамаға сәйкес өзінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші не сенімхат бойынша оның өкілі ұсынатын құжаттар тізбесін қамтитын конкурсқа қатысуға өтінімді дайындайды және оны ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурсты ұйымдастырушының почта мекенжайына не қолма-қол жібереді.
14. Әлеуетті өнім беруші Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізіледі.
15. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конверттерді ашу күнін, уақытын және орнын көрсетеді.
16. Конкурстық комиссия өтінімдері бар конверттерді ашуды конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні жүргізеді.
17. Конверттерді ашу хаттамасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттері ашылған сәттен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.
18. Өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан өтінімді қарайды.
19. Мынадай:
1) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған;
2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса;
3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
20. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.
21. Конкурстық комиссия хатшысы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес конкурстық комиссияның шешімін конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамамен ресімдейді.
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың әрбір парағына және соңына комиссияның барлық мүшелері қолын қояды қояды және комиссия отырысы күнінен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.
22. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.
23. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді орындаудың ең жақсы шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.
Егер конкурсқа конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінім берген және осы Қағидалардың талаптарына сай келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, онда ол конкурс жеңімпазы болып танылады.
24. Конкурстық комиссия хатшысы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шарт жасасуға негіз болатын конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді және оған конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің қолдарын қойғызады.
25. Конкурс жеңімпазы туралы ақпарат конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде интернет-ресурста орналастырылады.
26. Конкурста жеңімпаз болып танылған әлеуетті өнім беруші күнтізбелік 15 күн ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мектеп асханасының үй-жайы мен оның жабдықтарын жалға алу шартын жасасады.
27. Конкурсты ұйымдастырушы:
1) ұсынылған өтінімдер болмаған;
2) конкурсқа қатысуға бірде бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;
3) конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, конкурсты өткізілмеді деп таниды.
28. Конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілмеді деп танылған күннен бастап екі күнтізбелік күннен кешіктірмей конкурсты қайта өткізу туралы жариялайды.
29. Осы Қағидалардың 27-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қайта өткізілген конкурс өткізілмеген болып танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық космиссияның ұсынысы бойынша тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.
Мұндай шешім қабылданған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін өнім берушіге сұрау жібереді.
Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін өнім беруші келіскен жағдайда, конкурсты ұйымдастырушының хаты түскен сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Үлгілік конкурстық құжаттаманың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құжаттармен қоса, жауап жібереді.
Аталған өнім берушінің оң жауабын алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес конкурс қорытындылары туралы шарт жасасу үшін негіз болып табылатын хаттаманы ресімдейді және оған конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің қолдарын қойғызады және күнтізбелік екі күн ішінде өнім беруші туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастырады.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау қағидаларына 1-қосымша
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама
__________________________________________________________________
(конкурс атауын көрсету)
Конкурсты ұйымдастырушы __________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан жерін, БСН, банктік деректемелерін, байланыс телефондарын, электрондық және почта мекенжайын көрсету)
1. Жалпы ережелер
1. Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны _____ білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар _____.
Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома ____теңгені құрайды.
Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.
2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;
2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;
3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;
4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.
3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді:
1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) мынадай банк шотында
__________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) банктік шотының толық деректемелерін көрсету)
орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы;
2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |