«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 13 наурыздағы №239 және «Жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта



Дата24.02.2016
өлшемі172.48 Kb.
#11826


«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 13 наурыздағы № 239 және «Жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2013 жылғы 31 желтоқсандағы қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

салыстырмалы кесте


«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 13 наурыздағы № 239 және «Жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2013 жылғы 31 желтоқсандағы қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Құрылымдық элемент


Қолданыстағы редакция



Ұсынылатын редакция



Дәлелдеу

Жеке сот орындаушыларының қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

жол, реттік нөмірі 1

Жасы жиырма

беске толған

Қазақстан

Республикасы ның азаматы



Қазақстан

Республикасы

азаматының жеке

басын куәландыратын

құжаттың көшірмесі


ЖТ МДҚ-дағы

ақпаратты алу

мүмкіндігі

болғанда


талап

етілмейді



Жасы жиырма

беске толған

Қазақстан

Республикасы ның азаматы



Қазақстан

Республикасы

азаматының жеке

басын куәландыратын

құжаттың мәліметі


талап

етілмейді,

ақпарат

ЖТ МДҚ-дан алады



Қөрсетілетін қызметті алушыдан сұратылатын құжаттардың мөлшерін қысқарту және оңтайландыру мақсатында, «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 қаулысымен сәйкес келтіру.

жол, реттік нөмірі 12

жоқ

Наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған туралы мәліметтердің болмауы

наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан медициналық анықтамалары




Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 15 қантардағы Заңымен сәйкес келтіру.

«Жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

7-тармағы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

Біліктілік емтиханын тапсырғаны үшін жеті айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы алынады, оны үміткерлер Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының шотына аударады.

Жеке сот орындаушыcының қызметiмен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығының лицензиялық алымы алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес мынаны құрайды:

1) лицензия беру – 6 айлық есептік көрсеткіш;

2) лицензияның телнұсқасын беру – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ы;

3) лицензияны қайта ресімдеу – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен көп емес.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлемақы қолма-қол және (немесе) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі, олар төлемақы мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін портал арқылы электрондық сұрау салынған кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.




Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі:

1) біліктілік емтиханы тапсыру – ақысыз;

2) жеке сот орындаушыcының қызметiмен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығының лицензиялық алымы алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес мынаны құрайды:

2-1) лицензия беру – 6 айлық есептік көрсеткіш;

2-2) лицензияның телнұсқасын беру – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ы;

2-3) лицензияны қайта ресімдеу – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен көп емес.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлемақы қолма-қол және (немесе) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі, олар төлемақы мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін портал арқылы электрондық сұрау салынған кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.



Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 15 қантардағы Заңына сәйкес келтіру.

9-тармағы

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

біліктілік емтиханын тапсыру үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетілген еркін нысанда жазылған өтініш;

2) біліктілік емтиханын тапсыру үшін төлемнің төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);

4) тағылымдамадан өту нәтижесі туралы қорытындының көшірмесі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Порталға:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

2) біліктілік емтиханын тапсыру үшін төлем төленгені туралы құжат сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда);

3) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар диплом сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі;

4) тағылымдамадан өту нәтижесі туралы қорытынды сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, біліктілік емтиханын тапсыру үшін төлем төленгені туралы құжаттардың (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Лицензия алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);

4) еңбек кітапшасының немесе тұлғаның еңбек қызметін растайтын өзге құжатының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі) – тағылымдамадан өтпей және бiлiктiлiк емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға мүмкіндігі бар тұрақты судьялар, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдар не атқарушылық iс жүргiзу саласындағы уәкiлеттi органда және оның аумақтық органдарында кемiнде бес жыл жұмыс iстеген адамдар, кемінде он жыл жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдары қызметкерлер үшін талап етіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, біліктілік емтиханынан өткені туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Порталға:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрінде құжат нысанында сұрау салу;

2) лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерден өткізілген көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда);

3) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар диплом сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі;

4) еңбек кітапшасының немесе тұлғаның еңбек қызметін растайтын өзге құжаты сканерден өткізілген көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі – тағылымдамадан өтпей және бiлiктiлiк емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға мүмкіндігі бар тұрақты судьялар, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдар не атқарушылық iс жүргiзу саласындағы уәкiлеттi органда және оның аумақтық органдарында кемiнде бес жыл жұмыс iстеген адамдар, кемінде он жыл жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдары қызметкерлер үшін талап етіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын, лицензиялық алымды төлегені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда), біліктілік емтиханынан өткендігі туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) лицензияның деректері көрсетілген лицензияны қайта ресімдеу туралы еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) тегінің, атының және әкесінің атының ауысуы туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған лицензия беру туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Порталға:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

2) лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы құжат сканерден өткізілген көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда);

3) тегінің, атының және әкесінің атының ауысуы туралы куәлік сканерден өткізілген көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға қоса бекітіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған лицензиялық алымды төлегені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда), лицензия беру туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия бұрын қағаз жеткізгіште берілген болса, көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.

Лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелер порталынан лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмағанда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін мына құжаттарды ұсынып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) лицензияның телнұсқасын беру туралы еркін нысанда жазылған өтініш;

2) телнұсқаны беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Порталға:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы құжат сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда).

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған лицензиялық алымды төлегені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Қағаз жеткізгіште берілген лицензия бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алғанға дейін бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттар тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талон беріледі.

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия алу, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттардың қабылданған күні туралы белгісімен көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі (беріледі).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке портал арқылы өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне», мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.


Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

біліктілік емтиханын тапсыру үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетілген еркін нысанда жазылған өтініш;

2) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);

3) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы куәландырған тағылымдамадан өту нәтижесі туралы қорытындының көшірмесі;

4) көрсетілетін қызмет берушіге ұсынғанға дейінгі бір айдан кем емес уақытта берілген наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан медициналық анықтамалары.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Порталға:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

2) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар диплом сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі;

3) тағылымдамадан өту нәтижесі туралы қорытынды сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі;

4) наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан медициналық анықтамалары сканерден өткізілген көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, біліктілік емтиханын тапсыру үшін төлем төленгені туралы құжаттардың (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Лицензия алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);

4) еңбек кітапшасының немесе тұлғаның еңбек қызметін растайтын өзге құжатының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі) – тағылымдамадан өтпей және бiлiктiлiк емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға мүмкіндігі бар тұрақты судьялар, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдар не атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органда және оның аумақтық органдарында кемiнде үш жыл жұмыс iстеген адамдар, құқық қорғау органдарының кемінде он жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер үшін талап етіледі;

5) көрсетілетін қызмет берушіге ұсынғанға дейінгі бір айдан кем емес уақытта берілген наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан медициналық анықтамалары.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, біліктілік емтиханынан өткені туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Порталға:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрінде құжат нысанында сұрау салу;

2) лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерден өткізілген көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда);

3) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар диплом сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі;

4) еңбек кітапшасының немесе тұлғаның еңбек қызметін растайтын өзге құжаты сканерден өткізілген көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі – тағылымдамадан өтпей және бiлiктiлiк емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға мүмкіндігі бар тұрақты судьялар, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдар не атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органда және оның аумақтық органдарында кемiнде үш жыл жұмыс iстеген адамдар, құқық қорғау органдарының кемінде он жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер үшін талап етіледі;

5) көрсетілетін қызмет берушіге ұсынғанға дейінгі бір айдан кем емес уақытта берілген наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан медициналық анықтамалары сканерден өткізілген көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын, лицензиялық алымды төлегені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда), біліктілік емтиханынан өткендігі туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) лицензияның деректері көрсетілген лицензияны қайта ресімдеу туралы еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) тегінің, атының және әкесінің атының ауысуы туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған лицензия беру туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Порталға:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

2) лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы құжат сканерден өткізілген көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда);

3) тегінің, атының және әкесінің атының ауысуы туралы куәлік сканерден өткізілген көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға қоса бекітіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған лицензиялық алымды төлегені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда), лицензия беру туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия бұрын қағаз жеткізгіште берілген болса, көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.

Лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелер порталынан лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмағанда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін мына құжаттарды ұсынып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) лицензияның телнұсқасын беру туралы еркін нысанда жазылған өтініш;

2) телнұсқаны беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Порталға:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы құжат сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда).

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған лицензиялық алымды төлегені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Қағаз жеткізгіште берілген лицензия бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алғанға дейін бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттар тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талон беріледі.

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия алу, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттардың қабылданған күні туралы белгісімен көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі (беріледі).



Мемлекеттік көрсетілетін қызметке портал арқылы өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне», мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 15 қантардағы Заңына сәйкес келтіру.


Қазақстан Республикасы

Әділет министрі Б. Имашев



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет