Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесiн бекiту туралы»



Дата04.07.2016
өлшемі74 Kb.
#175890


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер


  1. «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
    2003 жылғы 23 қаңтар № 82 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 3, 39-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

  2. ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті орган – банк немесе заңдарда белгіленген тәртіппен ақшалай өтемақы алушы таңдап алған, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым;

  3. саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлетті орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшесі.»;

12, 14, 15, және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi көрсеткен күнге және саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi органдар шешiмдерiнiң негiзiнде ақшалай өтемақы алушылардың тiзiмiн жасайды және оны облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйымдарына ұсынады.

14. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi белгілеген мерзiмде ақшалай өтемақы төлеуге қажеттi қаражат туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгiне ұсынады.

15. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша тиiстi жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес сомалар шегiндегі қаражатты ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына аударады.

20. Бөлiнген трансферттер бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi мен ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті орган арасында ай сайын салыстыру актісi жасалады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1 және 2 қосымшалар осы өзгерістерге


1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
    21 мамырдағы № 504 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
    2013 ж., № 33, 503-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.»;

23-тармақ алынып тасталсын.


  1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру қағидаларында:

1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшесі;

3) өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым – өтемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға);»;

көрсетілген Қағидаларға 7 қосымша осы өзгерістерге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
____________________
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістеріне

1-қосымша
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің қағидаларына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшесінің

басшысы __________________________



Өтiнiш
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбаны ретiнде маған біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауыңызды сұраймын

Тегi ________________________________________________________________

Аты ________________________________________________________________

Әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) _____________________________________

Туған күні ______ жылғы «___» ______________________

Мекен-жайы_________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрi _____________________________

(құжаттың түрiн көрсету)

Сериясы _________ Нөмiрi ___________ Кiм берді ___________
Зейнетақы, мүгедектiгi, асыраушысынан айрылу жағдайы, жасы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы, арнайы мемлекеттiк жәрдемақы аламын

____________________________________________________________________

(нужное подчеркнуть)
Бiржолғы ақшалай өтемақының бiр бөлiгiн немесе толық мөлшерiн бұрын басқа республикада алған-алмағаны (жоқ, иә; алған болса, қандай негiзде алғанын көрсету)

Ақтау туралы анықтаманың нөмiрi және оның берiлген күні

__________________________________________________________________

Күні ________________________

Өтінiш иесiнiң қолы _______________

Өтінiш қабылданды (күнi) ___________________

Өтiнiштi қабылдаған маманның Т.А.Ә. _________________

Қолы ____________________________


____________________
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістеріне

2-қосымша
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің қағидаларына

2-қосымша



Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбанына

ақшалай өтемақы тағайындау туралы

шешім

20__ж. _____ № ______
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

______________ облысы (қаласы) бойынша


Азамат _________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнің аты (бар болған жағдайда))

Жынысы ____ Туған күнi _______________

Ақтау туралы анықтаманың берiлген күнi ____________________

Ақтау туралы анықтаманы берген органның атауы

____________________________________________________________________


____________________________________ берiлген № ________ ақтау туралы

(тегi, аты, әкесiнің аты)

анықтамаға сәйкес
Бас еркiнен айыру орындарында болған уақыты, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты туралы, сондай-ақ еркiндігi шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған (соның ішінде «еңбек армиясы», НКВД жұмысшылар колоннасы деп аталатындарда болған) уақыты 19__ж._____бастап 19__ж.__________ дейiн

Бас еркiнен айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған толық айлардың саны, сондай-ақ еркіндігi шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған (соның ішінде «еңбек армиясы», НКВД жұмысшылар колоннасы деп аталатындарда болған) уақыты

_________________________________________________құрайды

(жазумен)

Есептелген сома ___________________________________________

(жазумен)

Ағымдағы жылы төлеуге жататын сома, осы сома төленетiн айлардың саны көрсетiледі __________________________________________________________

(жазумен)

Төлеуге жататын қалған сома, осы сома кейiнгi екi жыл бойы төлеуге тиiстi айлардың саны көрсетiледі _____________________________________________

(жазумен)


M.О. Департамент басшысының (қолы) ___________________________________

(тегі)


Тағайындау жөнiндегi маман (қолы) _________ ____________________________

(қолы) (тегі)

Шешім жобасын әзiрледі:

M.O. Мемлекеттік корпорация

бөлімшесінің басшысы ___________ ___________________________

(қолы) (тегі)

Мемлекеттік корпорация

Бөлімшесінің маманы ___________ ___________________________

(қолы) (тегі)
_____________________
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістеріне

3-қосымша
Семей ядролық сынақ

полигонындағы ядролық

сынақтардың салдарынан

зардап шеккен азаматтарды

тiркеу, оларға бiржолғы

мемлекеттiк ақшалай

өтемақы төлеу ережесiне

7-қосымша



Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiм

20 ж. «___» ____________ № ______
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ______________ облысы (қаласы) бойынша, өтемақы алушының іс-қағаз № _______

Азамат (ша) _____________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты, санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы

алушы / жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн))


Жынысы ______________ Туған күнi 19___жылғы «__» ____________
1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабына сәйкес:

__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған

кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____АЕК-де)

__________ радиациялық қатер аймағында 19 __ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____ АЕК-де)

__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19__ ж. дейiн тұрған кезең үшін _________ теңге сомасында (______ АЕК-де)

__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19___ ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____ АЕК-де)

__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн__________ теңге сомасында (_____ АЕК-де) бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) тағайындалсын.
Тағайындалған өтемақы сомасының жиыны: _____ теңге ______ тиын (АЕК-де)
2. Төленген өтемақының сомасы (оның iшiнде теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылғаны)

жылы ___________ теңге (АЕК-де________)

жылы ___________ теңге (АЕК-де _______)
3. Төленетiн өтемақының қалған сомасы (төленген (теңгерiмнен тыс арнайы шотқа нақты аударылған) өтемақы алынып тасталсын).

______________________________ жылы ______ теңге (АЕК-де_____)

(сомасы жазумен, теңге)
4. Өтемақы тағайындаудан бас тартылсын

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(бac тарту негiздемесi)


Тексерiлдi және бекiтiлдi:
M.O. Департамент директоры ______________ ___________________________

(қолы) (тегі)

Мемлекеттік корпорация бөлiмнiң

бастығы ______________ __________________________

(қолы) (тегі)

Тағайындау жөнiндегi маман______________ ____________________________

(қолы) (тегі)
Шешiм жобасы дайындалды:
M.O. Мемлекеттік корпорация

бөлімшесінің басшысы ______________ __________________________

(қолы) (тегі)

Мемлекеттік корпорация

бөлімшесінің маманы ______________ __________________________

(қолы) (тегі)


_____________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет