Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар



Дата17.07.2016
өлшемі104.75 Kb.
#205723


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы « » мамырдағы

№ қаулысымен

бекітілген



Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысында:

1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) «Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару»;»;

1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

6) «Темiр жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тiркеу»;

1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару» мемлекеттік қызмет стандартында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару» мемлекеттік қызмет стандарты;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

11-тармақта:

2-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде:»

4-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес Excel форматында электрондық файл түрінде белгіленген нысандар бойынша мемлекеттік тіркеуге не қайта тіркеуге жататын, оның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға не мүлiктiк жалға, лизингке берiлген темiр жол жылжымалы құрамының түгендеу паркiнiң тiзбесi;»;

мынадай редакциядағы жаңа 12-абзацпен толықтырылсын:

тартқыш және моторвагонды темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде - тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжат (ХҚО қызметкері сканерден өткізеді және электрондық өтінішке бекітеді);

15-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандар бойынша мемлекеттік тіркеуге не қайта тіркеуге жататын, оның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға не мүлiктiк жалға, лизингке берiлген темiр жол жылжымалы құрамының түгендеу паркiнiң тiзбесi;»

мынадай редакциядағы жаңа 22-абзацпен толықтырылсын:



тартқыш және моторвагонды темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде - тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжат (сканерден өткізіліп, мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электронды көшірмесі нысанында жолданады ).

16-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарды Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу қағидаларының талаптарына сәйкес ұсынбауы;»;

көрсетілген стандартқа 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларда оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару» деген сөздер «Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Темiр жол жылжымалы құрамының кепілін тiркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Темiр жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Темiр жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банктермен (бұдан әрі – ЕДБ) кепіл туралы мәліметтерден тұратын кепiл туралы шартты немесе өзге де шартты жасасқан жағдайда ЕДБ ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЕДБ АЖ) арқылы көрсетіледі.»;

11-тармақта:

1) тармақтың 1-абзацы, 2) тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) кепілді ХҚО-да мемлекеттік тіркеу үшін:

2) кепілді ЕДБ АЖ-арқылы мемлекеттік тіркеу үшін:»;

15- тармақтың 3-бөлімі, мынадай редакцияда жазылсын:

«Жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат ЕДБ және уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттық растауды талап етпейді.»;

16-тармақтың 2,3-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) кепiл туралы шарттың немесе кепiл шарттарын қамтитын өзге шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлім) 307-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;

2) кепiл шартын мемлекеттік тiркеу және тіркелген кепілге енгізілетін өзгерістерді, толықтыруларды және күшін жоюды тіркеу туралы өтiнiштің осы стандарттың 11-тармағына сәйкес келмеуі;»;

көрсетілген стандартқа 1, 2, 3, 4 - қосымшаларда оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Темiр жол жылжымалы құрамының кепілін тiркеу» деген сөздер «Темiр жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тiркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;

2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:

реттік нөмірлері 86 және 87-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«


86.

Темiр жол жылжымалы құрамының кепiлiн мемлекеттік тiркеу

Жеке және заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары

ХҚО,

ЕДБ


Электрондық түрде

(куәлік)



87.

Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару

Жеке және заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары

ХҚО,

ЭҮП


Электрондық түрде

(куәлік, хабарлама)




       »;

3. «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 55-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы»

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берiлiп отырған Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекiтiлсiн.»;

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу қағидалары»;

1, 2, 3, 4, 6 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленген және темiр жол жылжымалы құрамын және оның кепілін тiркеу, қайта тіркеу  тәртiбiн  айқындайды.

2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, жүктердi және багажды, және жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темiр жол көлiгiмен тасымалдау үшiн пайдаланылатын темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тiркеудiң бiрыңғай мемлекеттiк дерекқорын қалыптастыру, қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – тіркеуші орган) жүргiзедi.

3. Мемлекеттік тiркеуге меншiк нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуға құқығы бар, сондай-ақ iшкi технологиялық мақсаттар үшiн пайдаланылатын темiр жол жылжымалы құрамының бiрлiктерi жатады. Оның қатарына Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, шетелдік заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың меншiктi немесе жалға алған, сондай-ақ сенiмгерлiк басқарудағы немесе мүлiктiк жалға алынғандар кiредi.

4. Мемлекеттік тiркеуден немесе қайта тіркеуден өткен темiр жол жылжымалы құрамын тіркеуші орган Мемлекеттiк темiр жол жылжымалы құрамы тiзiлiмiне (бұдан әрі – Тізілім) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес енгiзуге тиiс.

6. Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тiркеу не қайта тіркеу темiр жол жылжымалы құрамын иеленушілердің барлығы үшiн бiрдей негiзде және шарттарда жүзеге асырылады.»;

7-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен тiркелетiн темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тiркеу, қайта тiркеу:»;

8-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жүктердi түсiру және тиеу үшiн уақытша әкелгенде және әкеткенде мемлекеттік тiркеуге жатпайды.»;

9, 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«. Темiр жол жылжымалы құрамы меншік құқығын алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде тіркеуші органда мемлекеттік тiркеуге тиіс.

Темiр жол жылжымалы құрамы жалға беру, сенiмгерлiк басқару құқығын алған, темір жол жылжымалы құрамы туралы мәліметтер өзгерген, сондай-ақ заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде тіркеуші органда қайта мемлекеттік тiркеуге тиіс.

12. Жеке және заңды тұлғаларға темiр жол жылжымалы құрамының бiрнеше үлгiлерiн мемлекеттік тiркеуге және қайта тiркеуге өтініш беруге рұқсат етіледі.»;

13-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Тіркеуші органға темiр жол жылжымалы құрамының мынадай түрлерін мемлекеттік тіркеуге өтініш беріледі:»;

14-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Темiр жол жүк жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:»;

15-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Темiр жол жолаушы жылжымалы және оған теңестiрiлген пошта, пошта-багаж және багаж жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:»;

16-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Темiр жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттаы көрсетіледі:»;

17-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Темiр жол арнайы жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:»;

18-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Жылжымалы темiр жол құрамын мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу үшiн заңды және жеке тұлғалар тіркеуші органға мынадай құжаттарды ұсынады:»;

мынадай редакциядағы 9) тармақпен толықтырылсын:

9) тартқыш және моторвагонды темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде - тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;»;

19, 20, 22, 23, 24 және 25 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Тіркеуші орган темiр жол жылжымалы құрамының кепiлiн мемлекеттік тiркеу үшiн темiр жол жылжымалы құрамы кепiлiн тiркеу тiзiлiмiн осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүргiзедi және кепiл ұстаушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды қабылдайды, кепiл ұстаушының келiсiмiнсiз кепiлдiкке алынған темiр жол жылжымалы құрамын иелiктен айыруға жол бермейдi.

20. Темiр жол жылжымалы құрамы кепілін мемлекеттік тiркеу үшiн өтініш беруші немесе оның сенімхаты арқылы өкілі «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.

22. Тіркеуші орган темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тiркеу, қайта тiркеу туралы өтiнiштi осы Қағидаларға 18-тармақта көрсетілген барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қарайды.

23. Тіркеуші орган кепiлдi мемлекеттік тiркеу не одан бас тарту туралы шешiмді Заңның 10, 11, 16 және 17-баптарына сәйкес қабылдайды.

Белгіленген мерзімде бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган куәлікті бір жұмыс күні ішінде береді.

24. Темір жол жылжымалы құрамының кепiлiн мемлекеттік тіркеу, тiркелген кепiлдiң өзгерiстерiн, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде белгіленген тәртiппен алынады.



Тартқыш және моторвагонды темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшiн алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде белгіленген тәртiппен алынады.

25. Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеген тұлға оны мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап пайдаланады.»;

28-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Тіркеуші орган темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тiркеу немесе қайта тіркеу туралы өтiнiш келiп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушiнiң өтiнiшiнен жазбаша түрде мынадай жағдайларда бас тартады:»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Темiр жол жылжымалы құрамын Тізілімнен шығарған кезде меншiк иесi не оған теңестiрiлген тұлға тіркеуші органға 6-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiшті және есептен шығару туралы актіні не зақымдану, жоғалу, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ шетелдік тұлғаға иеліктен шығару туралы құжатын ұсынады.

Өзгерістерді, толықтыруларды мемлекеттік тіркеу және тіркелген кепілдікті тоқтату Заңның 16, 17, 19-баптарына сәйкес жүргізіледі.»

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10 қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларына» деген сөздер «Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу қағидаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет