Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы


Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi



бет41/56
Дата03.07.2016
өлшемі8.61 Mb.
#175553
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының
%-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсыну сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына
қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)










Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 17 тамыздағы
№ 1059 қаулысына  
11-қосымша     

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 393 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Жерлеуге арналған бiржолғы төлемдердi тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығының аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi ұйым) көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 32-тармағының, «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-1-тармағының, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2, 3-тармақтарының, «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекiтiлген Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеудi жүзеге асыру ережесiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысымен бекiтiлген Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесiнiң негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) уәкiлеттi ұйымның www.gcvp.kz интернет-ресурсында;
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi:
      уәкiлеттi ұйымда:
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетi аумақтық органы (бұдан әрi – бақылау және әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аумақтық органдар) шешiмiнiң көшiрмесiмен қызметтi тағайындау не қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы немесе қағаз тасығыштағы уәжделген жауап.
      6. Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттi органнан зейнетақы төлемдерiн алушыны, оның iшiнде мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды, мемлекеттiк арнайы жәрдемақы алушыны жерлеудi жүзеге асырған отбасы мүшелерiне, не жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген сәттен бастап: уәкiлеттi органда: бес жұмыс күнi;
      2) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң шектi ең көп уақыты бiр мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;
      3) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетудiң шектi ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Уәкiлеттi ұйымның жұмыс кестесi: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Азаматтарды қабылдау: сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн азаматтарды қабылдауды кезекшi мамандар жүргiзедi.
      Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.
      10. Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттi ұйымның жеке кiреберiс, күту залы бар, мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн қолайлы жағдайлар көзделген, қажеттi құжаттарды дайындау үшiн орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен, ақпараттық стендiлермен жабдықталған ғимаратында көрсетiледi.
      Уәкiлеттi ұйымның үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк талаптарына сай, күзет және өртке қарсы сигнализациямен жарақталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Уәкiлеттi ұйымда мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушылар мынадай құжаттарды тапсырады:


      1) жерлеудi жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi, не заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн) немесе жерлеудi жүзеге асырған жеке кәсiпкердiң патентiнiң (жеке адамдар үшiн) көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы не нотариалды расталған көшiрмелерi;
      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдары берген сақтандыру анықтамасы;
      3) қайтыс болуы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы не нотариалды расталған көшiрмесi.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн уәкiлеттi ұйымда өтiнiш нысанын мемлекеттiк қызметке өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйымға уәкiлеттi ұйымның маманы бередi.
      13. Құжаттарды қабылдау тiкелей:
      мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң ғимаратында жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жауапты адамның деректерi www.gcvp.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ уәкiлеттi ұйым бөлiмшелерi үй-жайларының көрнектi жерiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастырылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттiк қызметтi алушыға уәкiлеттi ұйымда мемлекеттiк қызмет алушыға мемлекеттiк қызмет алушы мемлекеттiк қызмет алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi көрсетiлген құжаттарды қабылдау туралы белгiсi бар өтiнiштiң үзбелi талоны берiледi.
      15. Жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi уәкiлеттi ұйым тиiстi банктiк операциялардың түрлерiне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиясы бар ұйымдардың, жеке тұлғалардың, ұйымдарда ашқан банк шотына аударады.
      Заңды тұлғаларға жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi аударуды уәкiлеттi ұйым олардың ағымдағы шотына жүргiзедi.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден:
      осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет алушының жерлеуге арналған бiржолғы төлем алудан бас тартылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер көзделмеген.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi ұйымның қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Уәкiлеттi ұйымның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Осы стандартқа 1-қосымшада уәкiлеттi ұйым қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiретiн және шағым дайындауға жәрдемдесетiн лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген.


      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағымдар мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша тiкелей:
      1) уәкiлеттi ұйымның басшысына. Уәкiлеттi ұйым басшысының азаматтарды қабылдау кестесi осы стандартқа 1-қосымшада келтiрiлген, сондай-ақ www.gcvp.kz интернет-ресурсында орналастырылған;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмiрлерi бойынша «сенiм телефонына»;
      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлiмiнде;
      4) Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогы» парағы);
      5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшiк арқылы;
      6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 6-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кеңсесiне жүгiну арқылы жолданады.
      22. Уәкiлеттi ұйымның қызметкерлерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайларда шағым кабинетiнiң нөмiрi мемлекеттiк қызмет көрсететiн тиiстi мекеменiң ғимаратындағы ақпараттық стендiсiнде көрсетiлген олардың басшысына берiледi.
      Уәкiлеттi ұйымның жұмыс кестесi, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада, не мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызмет алушы қол қоюға тиiс. Шағым бергенде әрекетiне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды тұлғаның лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш және талап беру себебi көрсетiледi.
      25. Уәкiлеттi ұйымға жазбаша шағым жазған мемлекеттiк қызмет алушыға жауап алу күнi және шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      26. Уәкiлеттi ұйымның және оның бөлiмшелерiнiң қызметi туралы ақпарат http://www.enbek.gov.kz, www.gcvp.kz интернет-ресурстарында орналастырылады; телефоны: 8 (7172) 75 37 10.
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8, интернет-ресурсы: http://www.enbek.gov.kz.

«Жерлеуге арналған бiржолғы 


төлемдердi тағайындау»   
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша          

Уәкiлеттi ұйымның құрылымдық бөлiмшелерi мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органдарының тiзбесi

Ақмола облысы уәкiлеттi ұйымның құрылымдық бөлiмшелерi

Р/с №

Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң атауы

Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) нөмiрi),электронды поштаның мекенжайы

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақмола облыстық филиалы

Көкшетау қаласы, М. Горький көшесi, 73 akmola@gcvp.kz

8-71622 5-26-49

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Ақкөл аудандық бөлiмшесi

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 116 akmola4@gcvp.kz

8-716382-16-54

3

Астраханка аудандық бөлiмшесi

Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесi, 49 akmola7@gcvp.kz

8-716412-22-66

4

Атбасар аудандық бөлiмшесi

Сейфуллин көшесi, 2 а akmola1@gcvp.kz

8-716434-12-40

5

Аршалы аудандық бөлiмшесi

Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 31/12 akmola17@gcvp.kz

8-716442-12-36

6

Бұланды аудандық бөлiмшесi

Макинск қаласы, Бөгенбай көшесi, 21 akmola16@gcvp.kz

8-716462-16-34

7

Бурабай аудандық бөлiмшесi

Щучинск қаласы,Толкунова көшесi, 72 akmola15@gcvp.kz

8-716364-42-58

8

Егiндiкөл аудандық бөлiмшесi

Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 1/1 akmola5@gcvp.kz

8-71642 2-13-00




9

Ерейментау аудандық бөлiмшесi

Ерейментау қаласы,Уәлиханов көшесi, 41 akmola12@gcvp.kz

8-71633 2-15-42

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

10

Есiл аудандық бөлiмшесi

Есiл қаласы, Достық көшесi, 1 akmola8@gcvp.kz

8-71647 2-19-49

11

Еңбекшiлдер аудандық бөлiмшесi

Степняк қаласы, Уәлиханов көшесi, 2 akmola14@gcvp.kz

8-71639 2-18-71

12

Жақсы аудандық бөлiмшесi

Жақсы ауылы, Достық көшесi, 14 akmola3@gcvp.kz

8-71635 2-17-02

13

Жарқайың аудандық бөлiмшесi

Державин қаласы, Ғабдуллин көшесi, 102 akmola9@gcvp.kz

8-71648 9-15-53

14

Зерендi аудандық бөлiмшесi

Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 48 akmola11@gcvp.kz

8-71632 2-13-79

15

Қорғалжын аудандық бөлiмшесi

Қорғалжын ауылы, Т. Әубәкiров көшесi, 4 akmola18@gcvp.kz

8-71637 2-14-75

16

Сандықтау аудандық бөлiмшесi

Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 121 akmola10@gcvp.kz

8-71640 9-23-46

17

Степногор аудандық бөлiмшесi

Степногор қаласы, 3-шағын аудан, 1 akmola13@gcvp.kz

8-71645 6-14-74

18

Шортанды аудандық бөлiмшесi

Шортанды ауылы, Лермонтов көшесi, 16 а akmola2@gcvp.kz

8-71631 2-16-86

19

Целиноград аудандық бөлiмшесi

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 akmola6@gcvp.kz

8-71651 3-11-23

Ақтөбе облысы уәкiлеттi ұйымның құрылымдық бөлiмшелерi

р/с №

Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң атауы

Уәкiлеттi ұйым бөлiмшесi орналасқан заңды мекенжай (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) нөмiрi), электронды поштаның мекенжайы

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақтөбе облыстық филиалы

Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесi, 45 aktobe@gcvp.kz

8-713221-00-13

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Алға аудандық бөлiмшесi

Алға қаласы, Байтұрсынов көшесi, 15 aktobe02@gcvp.kz

8-71337 3-20-45

3

Әйтеке би аудандық бөлiмшесi

Комсомол ауылы, Алтынсарин көшесi, 3 aktobe03@gcvp.kz

8-713392-12-60

4

Байғанин аудандық бөлiмшесi

Байғанин ауылы, Барақ батыр көшесi, 54 aktobe04@gcvp.kz

8-71345 2-28-02

5

Ырғыз аудандық бөлiмшесi

Ырғыз ауылы,  Алтынсарин көшесi, 10 aktobe05@gcvp.kz

8-713432-15-65

6

Мәртөк аудандық бөлiмшесi

Мәртөк ауылы, Байғанин көшесi, 114-1 aktobe06@gcvp.kz

8-713313-10-83

7

Мұғалжар аудандық бөлiмшесi

Қандыағаш қаласы Гагарин көшесi, 2 aktobe07@gcvp.kz

8-713333-61-98

8

Қарғалы аудандық бөлiмшесi

Бадамша ауылы, Әбiлқайыр хан көшесi, 71 aktobe08@gcvp.kz

8-71342 2-23-94

9

Темiр аудандық бөлiмшесi

Шұбарқұдық ауылы, Асау Барақ көшесi, 7 aktobe09@gcvp.kz

8-71346 2-23-01

10

Ойыл аудандық бөлiмшесi

Ойыл ауылы, Көкжар көшесi, 69 а aktobe10@gcvp.kz

8-71332 2-17-06

11

Қобда аудандық бөлiмшесi

Қобда ауылы, Астана көшесi, 31aktobe11@gcvp.kz

8-71341 2-12-36

12

Хромтау аудандық бөлiмшесi

Хромтау қаласы, Шиловский көшесi, 6 aktobe12@gcvp.kz

8-713362-11-53

13

Шалқар аудандық бөлiмшесi

Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесi, 109 aktobe13@gcvp.kz

8-71335 2-11-19


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет