«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына



Дата23.02.2016
өлшемі36.84 Kb.
#4245

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА




Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысының 73-т., «Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысының 6-т. 5)т., «Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулыларымен сәйкестікке келтіру

3.

Болжанатын әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Теріс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны iске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Осы қаулыны қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтiлетiн нәтижелердiң мерзiмi және болжанатын тиiмдiлiгi

Қолданыстағы заңнамамен сәйкестікке келтiру мақсатында

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттiң және/немесе Үкiметтiң бұрын қабылданған кесiмдерi және олардың iске асырылу нәтижелерi туралы мәлiметтер

Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 343 Қаулысы, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, орталық мемлекеттік органдардың қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысы

7.

3аңнаманы кейiннен жобаға сәйкес келтiру қажеттiгi

Жоқ

8.

Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргiзiлген жағдайда оның нәтижелерi

Жүргізілмеген

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында 2015 жылдың 21 қыркүйекте орналастырылған, жобаның өлшемі 40 КБ (40 960 байт)

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Орналастырылмаған

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ


Қазақстан Республикасы

Әділет министрі Б. Имашев



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет