«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына анықтама-негіздеме
Мемлекет басшысының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 62-9.51-2, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі №20-20/1115//62-9.51-2 мемлекеттік және салалық бағдарламаларды оңтайландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына кіріктірілді.
Осыған орай, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешімдерінің күші жойылды деп тану қарастырылған:
1) «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысы;
2) «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 537 қаулысы;
3) «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1377 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 73, 960-құжат).
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
Достарыңызбен бөлісу: |