Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы



Дата23.02.2016
өлшемі8.89 Kb.
#5028
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 3 мамырдағы № 478 Қаулысы



      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) «Төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 51 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 19-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 51 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 5 қарашадағы № 1156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 554-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                            К. Мәсiмов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет