«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына
анықтама-негіздеме
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасында (бұдан әрі – қаулы жобасы) мынадай Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының күші жойылды деп танылғандығы көзделеді:
1. «Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1170 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1013-құжат);
2. «Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 1226 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1044-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 706 қаулысының 8 –тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 603-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 706 қаулысының 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 603-құжат).
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 128-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді бекіту бойынша қызметтерді Үкімет деңгейінен орталық уәкілетті органдар деңгейіне беру бөлімінде «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу көзделеді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы «Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» № 174 және «Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» № 173 бұйрықтар қабылданды.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабының 1 тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық бөліктері, егер олар жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күші жойылды деп танылады.
Жоғарыда айтылғанның негізінде қаулы жобасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулыларының күші жойылды деп тану көзделеді.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
« ___» ___________ 2015 жыл
Справка-обоснование
к проекту постановления Правительства Республики Казахстан
«О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»»
Проектом постановления Правительства Республики Казахстан
«О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» (далее – проект постановления) предусматривается признание утратившими силу следующих постановлений Правительства Республики Казахстан:
1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2012 года № 1170 «Об утверждении Правил функционирования отраслевых конструкторских бюро» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 70, ст. 1013).
2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 сентября 2012 года № 1226 «Об утверждении Правил оказания услуг технологического бизнес-инкубирования, а также определения стоимости таких услуг» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 71, ст. 1044);
3. Пункт 8 постановления Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2013 года № 706 «О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 40, ст. 603);
4. Пункт 9 постановления Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2013 года № 706 «О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 40, ст. 603).
В соответствии с пунктом 128 статьи 1 Закона Республики Казахстан от 29 сентября 2014 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления» предусматривается внесение изменений в Закон Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О государственной поддержке «индустриально-инновационной» деятельности» в части передачи функций по утверждению нормативных правовых актов с уровня Правительства на уровень центральных государственных органов.
В этой связи, приняты приказы исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 172 «Об утверждении Правил функционирования отраслевых конструкторских бюро» и № 173 «Об утверждении Правил оказания услуг технологического бизнес-инкубирования, а также определения стоимости таких услуг».
Согласно пункту 1 статьи 21-1 Закона Республики Казахстан «О нормативных правовых актах» в связи с принятием нормативного правового акта подлежит признанию утратившим силу нормативный правовой акт или его структурные элементы, если они противоречат включенным в новый нормативный правовой акт нормам права или поглощаются им.
На основании вышеизложенного, проектом постановления предусматривается признать утратившими силу вышеуказанные постановления Правительства Республики Казахстан.
Министр
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан А. Исекешев
« ___» ___________ 2015 года
Достарыңызбен бөлісу: |