§ 1. Электр жетектер
39. Жасанды желдеткішпен жабдықталған жүк көтергіш құрылғыларының электр жетектеріне желдеткіштердің өшіріліп тұрған кезінде жұмыстың жалғасуы мен қайта қосылуына жол бермейтін тосқауыл орналастырылуы қажет.
40. Палубалық кранның қозғалатын бөлігінің төмендеуі бұрылатын бөлікке қосылған арнайы кабельмен немесе екі щеткасы бар тоқпен алмастырылатын айналғыш барабанмен жүзеге асырылады.
Жүк көтергіш құралдарының қозғалмалы бөліктерінің төмендеуі егер сенімді байланыс қамтамасыз етілген жағдайда каткалар мен рельстік жолдар арқылы жүргізіледі.
§ 2. Гидравлика жүйесі
41. Гидравлика жүйесінің мөлшері мен конструкциясы гидравликалық жүйелерге арналған техникалық нормаларға сәйкес келулері қажет. Гидравликалық жүйелердің барлық болжанатын әрекет ету жағдайларындағы жұмысының қауіпсіздігі тиісті шаралардың қабылдану есебінен мысалы, сүзгілеуді, суытқыштарды, басқару және реттеу құрылғыларын, алғашқы контурдағы қысымды реттеумен, тиісті майды таңдаумен қамтамасыз етіледі
42. Гидравликалық жүйенің конструкциясы қысымның белгіленген мөлшерінен асып кетуіне жол бермеу қажет. Сервоқозғалғыштарда поршеньдердің шеттелген шекаралары белгіленеді.
43. Құбырлардың қосылуы жоғары қысымды құбыршіктердің қолданылуымен жүзеге асырылады.
Құбыршектер болжанатын жұмыс сұйықтықтарына, қысымға, ылғалдылыққа, қоршаған ортаны қорғау жағдайына жарамды болуы және танылған стандарттардың талаптарына жауап беруі қажет.
Құбыршек бөлінетін қысымы алдын ала қорғалатын клапан үшін анықталған қысымның, былайша алғанда, үш реттігіне теңдесуі қажет.
Бастырылатын жүзікшелер және жанасқан орынды қоса алғандағы бұрандалы муфтылар Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша рұқсат етіледі.
44. Өткізгіш құбыр жүйесі осындай қосылулар жүргізілетін басқа гидравликалық жүйемен қосылады. Мұндай жағдайда, екінші сорғыш агрегатты және тиісті жетек клапандарын көздеу ұсынылады.
45. Сервоқозғалғыш немесе гидромотор арасындағы гидравликалық өткізгіш құбыр жүйесі қауіпсіздіктің жоғары деңгейлігімен орындалады.
Сынақ жүргізу туралы куәлігі жоқ материалдар үшін қор беріктілігі ағымдылыққа қатысты шегі кемінде 2 және шаршамдылық беріктілігіне қатысты шегі кемінде 2,5 рет.
Фланцтық бұрандамалық қосылулар тығыздылыққа 1,5 есеп қысымына немесе 1,5 ең жоғары жұмыс қысымымен сыналады.
46. Гидравликалық сервоқозғалғыштарда тікелей цилиндрлерде орнатылған және жүктің, бағыттағыштың немесе құрылғының өз бетінше бұрылуын болдырмайтын жүйеде жарық пайда болу жағдайында әрекет ететін құрылғылар орналастырылуы қажет.
47. Гидравликалық сервоқозғалғыштар металл конструкциялармен поршеньнің сояуышына сыртқы күшейтулер әсер етпейтіндей орнатылады.
§ 3. Шығыр барабандары
48. Шығыр барабандары мүмкіндігінше тростың бірқоймалы басылымы қамтамасыз етілетін ұзындықпен жасалуы тиіс; барлық жағдайларда трос үш реттен астам қабатта болуына жол берілмейді. Тек егер торбайыптаушысы немесе тростың қыспалы құрылғысы болған жағдайда ғана ауыр салмақты құрылғылар үшін және екітопенантты жүкті бағыттағыш үшін оған ерекшелік беріледі. Тросты үш қабаттан асырып барабандарды қолданған әр жағдайда ол Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нарсе болып табылады.
49. Тросты барабанның диаметрі тростың 18 диаметрінен кем болмауы қажет.
50. Тростың көп қабатты басылымындағы тросты барабан басылымның жоғары беткейіне тростың 2,5 диаметріндей жоғарылауымен екі жағынан ребордалармен жабдықталады.
Тростың екі тармағына бір қабатты бастырылу үшін жасалған жырашықтары бар барабандар егер тармақтары барабан шетінен ортасына дейін бастырылатын болса, ребордтармен жабдықталмауы да мүмкін. Бастырылу кезінде жырашықтары бар барабанға реборд тросының бір тармағы барабанға трос жағынан орнықтырылмауы да мүмкін.
51. Тростың бір қабатты бастырылымындағы машиналық жетектегі шығырлардың барабандары жырашықпен винттік сызық бойынша кескінделген мынадай етіп орындалған обечайкасы болуы қажет:
1) көлденеңдегі жырашық түбінің радиусы трос радиусынан 10 % кем болмайды;
2) жырашық түбінің радиусы бойынша орындалған доға ұзындығы 120о кем болмайтын бұрыштың секторына сәйкес келеді;
3) тростың екі көршілес орамының арасы барабаннан шығатын трос екіншісіне кедергі болмайтындай қашықтықта болып жасалады;
4) көлденеңдегі жырашық кеңдігі түбінен ішіне қарай бағытталған сәтінде қажет жағдайда үлкейтіледі.
52. Кеме және жүк крандарына, немесе механизацияланған жебелерде қызмет көрсетілетін шығырларда топенантты және жүк барабандары оның ең шеткі жұмыс жағдайында орналасқан кеменің трюм пайолынан көтеруге, сондай-ақ бағыттағыштың борт артына ең ұзын аралығы кезінде және кеменің ең төменгі түсірілуіндегі лихтердің трюм пайолынан тростың жұмысшы күшін қабылдауға жеткілікті болуы қажет.
53. Тростың толық жұмыс ұзындығы таңдалып, шығыр барабанында қалған толық орамдардың саны мыналардан кем болмайды:
1) үшеуден - тегіс (жырашықсыз) барабандардан;
2) екеуден - тегіс емес (жырашықтары бар) барабандардан.
Мынадай жағдайларда:
1) бір орамы «жүру бағыты» өз тірегіне қосылған кеме жүк бағыттағышының немесе кранының шығырының барабанында қалуы тиіс;
2) бағыттағыш «жүру бағыты» ең төменгі жағдайда болған кезде екі орамы - кеме жүк бағыттағышының шығырының барабанында қалуы тиіс;
3) үш орамы - бағыттағышы бағыттағыш секциясының кішірейтілуі немесе қосылуы үшін ең төменгі жағдайда жіберілген кезде қалдырылады;
4) төрт орамы - бағыттағышы «жүру бағыты» ең төмен жағдайда болған кезде қатты тіректердегі механизацияланған бағыттағыштар үшін қалдырылады.
54. Барабанның орналасуы тросқа дұрыс басылымды қамтамасыз етуі қажет. Тростың беткейленуден уақытша бас тартылу бұрышы 4о аспауы керек.
Жұмыс кезінде оператордың көзіне көрінбейтін барлық барабандарды барабанда дұрыс бастырылуды және төселуін қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықтау ұсынылады.
§ 4. Бөлшектер мен тростарды бекіту
55. Айналып тұратын бөлшектерге қызмет ететін қозғалмайтын кіндіктер (барабандар, шкивтер, дөңгешектер, каткалар) баса айналудан және аксиальды ауыстырылуынан сенімді қорғалады.
56. Жүк көтергіш құрылғылардағы барлық бұрандамалық, шпондық және клиндік қосылулар өз еркімен айналу мен бөлінуден сақталуы тиіс.
57. Алмасатын бөлшектерді бекіту олардың майысқыштығын немесе бұралуын жою керек, ол үшін вертлюгалар қолданылады. Жүкқарпығыш органы жүйесінде егер шкентельдің бұралуы шектелмесе, оған вертлюга орналастыру көзделеді. Шар тәріздес немесе ролик тәріздес мойынтіректермен вертлюгалард қолдануға рұқсат етіледі, және оларды мүмкіндігінше майлап отырумен. Вертлюгалар жүктеме кезінде еркін айналуы қажет.
58. Металл конструкцияларға немесе бөлшектерге бекітілетін тростардың шеттері коуштармен жабдықталады немесе Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған конструкцияның тросты патрондарына немесе қысқыштарына бітейді. Егер шығыр барабандарына бекітілетін тростардың ұшында коуштар немесе патрондар болмаса, тростың барабанға сенімді бекітілуі қамтамасыз етілу қажет. Үйкеліс күшін қолданатын қысқыш құрылғылар кемінде 2 болуы қажет.
59. Ауыр бағыттағыштардың тарту желісінің жүргін соңдары тарту шығырының барабандарына сенімді бекітіледі.
Тростардың барабандарға сенімді бекітілуі сондай-ақ кескінді бағыттағыштармен жұмыс кезінде контротартпаларды бекіту кезінде пайдаланылуы үшін қаматамасыз етілуі қажет.
60. Металл конструкцияларға бекітілген шкивтердің, блоктардың және трос ұштарының орналасуы барабандардан арқандардың құлауына, сондай-ақ олардың біріне-бірі кедергі болуына жол бермеуі қажет. Арқандардың бекітілуі сынама жүктемемен шығарылатын статикалық күшейтілімнің ауқымдылығына қатысты есептелінеді.
61. Аулау қаралымен жұмыс үшін қолданылатын жебелермен мен көтергіштерде жүкті шығырларына қарағанда өзгеше болып келетін, жүкті тростың салынуымен және жинақталатын ұшының қолмен ұстап жүргізілуі жүзеге асырылатын палубалық механизмдерді пайдалануға болады.
Бұл жағдайда жүк көтергіш өрлеуді сынау кезінде трос сенімді бекітіледі. Мұндай палубалық механизмдерді қалған жағдайларда қолданғанда осы Қағиданың тиісті талаптары қолданылады.
§ 5. Басқару органдары және қоректі беру
62. Басқару органдары жүк көтергіш құрылғылары механизмдерімен тұтқаның, тегершіктің немесе маховиктердің қозғалыс бағыттары жүк қозғалыстарына сәйкес келетіндей жасалып, орнатылуы тиіс, ал нақтырақ: маховиктің сағат таяқшасы бойынша айналуы жүктің көтерілуіне, аралықтың кішіреюіне, және оңға қарай бұрылуына сәйкес келуі; тікелей тегершікті өзіне қарай ауыстыру немесе тікелей жоғарыға көтеру - жүктің көтерілуіне немесе аралықтың кішіреюіне сәйкес келуі тиіс; тегершікті оңға қарай ауыстыру - оңға қарай бұрылуға сәйкес келуі.
63. Тұтқалар, тегершіктер және маховиктер нөлдік және жұмыс жағдайларында тіркеледі және белгіленеді. Тіркеу деп, басқару органының осы жағдайдан шығуы үшін ауқымды күшейтілімді талап ететіндігі түсінідіріледі.
Бұдан басқа, тұтқаны, тегершікті және маховиктерді шектеуге арналған құрылғыларды көздеу керек. Тұтқалардың, тегершіктердің, маховиктердің және тепкілерінің орналасуы оларды қолданған кезде ыңғайлы болатындай етіп әзірленуі қажет.
64. Жүк көтергіш құрылғыларының басқару органдары екі механизмнің бірыңғай жұмысын қамтамасыз етуі қажет. Бұл талаптар механизм коснтуркциясына қозғалыстың көптеген санын біріктіру көзделетін құрылғыларға қолданылмайды.
65. Басқару элементтеріне талап етілетін күшейтуле қолмен жетек жасау кезінде 120 Н аспауы тиіс және құралмен жетек жасауда 300 Н аспайды. Басқарманың жиі қолданылатын элементтеріне талап етілетін күшейту 40 Н аспауы тиіс. Басқарудың сирек қолданылатын элементтеріне 160 Н аспайтын күшейту қолданылады.
Басқару рычагының жүрісі:
қолмен басқаруда 60 см-ден;
құралмен басқаруда 25 см-ден аспайды.
66. Баспа арқылы басқаруда қозғалыстың әрбір бағытына жеке баспа сәйкес келуі қажет.
Басқару баспалары «Тоқта» жағдайына қайта оралуына арналған серіппелі немесе басқа да құрылғысы болуы қажет. Бұл құрылыс операторды шаршатпайтындай дәрежеде әзірленуі қажет.
67. Басқару органдарының бақылау құралдары оларды жедел көз қараспен қамтитындай дәрежеде орналасуы тиіс. Оларға қозғалыстары мен функциялары нақты және түсінікті етіп басылып жазылады.
Іске қосатын рычагтарда осы құрылғының іске қосылуының ауыстырылу бағытын белгілейтін шартты бейнелеулер және жазулар болуы қажет.
68. Қауіпті жүктерді тасымалдауға және жұмыс клетяларында адамдарды эпизодты тасымалдауға арналған жүк көтергіш құрылғыларының басқару органдарының (бақылаушылар, рубильниктер, баспалар) нөлдік жағдайға өз бетінше оралу құрылғылармен жабдықталады.
Егер қашықтықтан басқаруда оператор шығыр барабанын көрмесе, онда трос барабанға осы Қағиданың 54-тармағына сәйкес дұрыс және нақты бекітілуі қажет.
69. Көтеру механизміне қосақталған бу өткізгіштерді қосу клапандары мехнизмге жақын жерде орналасады және олар кез келген жерде қиындықсыз алынуы тиіс.
70. Пайдалануға жіберу үшін маховиктерде пайдаланудағы құрылғылардың ашылу және іске қосылуы үшін айналу бағытын белгілейтін шартты сурет және жазба болуы қажет.
71. Егер жүк шығыры ауыспалы жылдамдық берілісімен жабдықталған болса және жылдамдықтың өзгеру рычагтары нейтралды жағдайда болса, барабанның еркін айналуына жол берілсе, онда барабан жағынан осы Қағиданың 32-тармағына сәйкес, қосымша рычаг көзделеді. Жылдамдық беруді өзгерту рычагы сәйкесінше жүкті көтеру және босату кезінде берудің тоқтап қалуына жол бермейтін қоршау құрылғысымен жабдықталады.
72. Электр магнитті рычагтың орамдарының өнімі қозғалғыштың генераторлы жұмыс режимінде энергияның қаңғыма тоқпен немесе оқшаулауды тоқтату нәтижесінде берілуіне жол бермеуі қажет.
73. Электр жетекті жүк көтергіш құрылғыларда электр қозғалғыштарындағы энергияның берілуі басқарма постының тиісті тұтқалары, рычагтары, маховиктері нөлдік жағдайға белгіленіп қойылғаннан кейін жүргізілуі мүмкін. Басқару постында немесе оған жақын аралықта өнім беру желісіндегі сигнал берудің, сондай-ақ электржетектің өшірілуі немесе өшірілмеуі туралы визуальды сигнал берудің болуын көздеу ұсынылады.
74. Қысқа өшулер, сондай-ақ электржетегі басқармасы шынжырының басқа да қателіктері жұмыстың тоқтатылуына әкеп соқпауы қажет.
Басқарма шынжырында энергияның болмаған кезінде, осы кезде қосылған барлық жетек механизмдері, егер басқарма органдары нөлдік жағдайда болса, автоматты түрде өшірілуі тиіс.
75. Тартпа, топенант және контротартпалардың тәуелсіз электр жетектерімен басқару шынжыры гакта жүкті түсіру кезінде осы жетектердің жұмысының жалғасуына жол бермеуі қажет.
Шектеу орнына осы көрсетілген жетектер экипаждың уәкілетті тұлғаларымен қосылады.
76. Жүк көтергіш құрылғылармен басқару постында оператордың тікелей созылған қол шегінде баспа немесе электр жетегінің басты шынжырын өшіру үшін қауіпсіз сөндіруші орнатылады. Олар қызыл түске боялады және «ТОҚТА» жазбасымен жабдықталады.
Басқару рычагтарын нөлдік жағдайға қайта оралту механизміндегі гидравликалық жетектер үшін сөндіргіш талап етілмейді.
77. Жүк көтергіш құрылғысының басты шынжырында экипаждың тек уәкілетті тұлғалары ғана қолданатын сөндіргіш орнатылады немесе сөндіргішті өшкен қалпында қою мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
78. Қозғалмалы жүк көтергіш құрылғыларына өнім беру үшін оқшауланбаған троллейдік өткізгіштерді қолдануға болмайды.
79. Электр жетегін өз еркімен қосу мүмкіндігі жойылуы қажет.
Көтеру механизмінің электрқозғалғышы басқару тұтқасының нөлдік жағдайдан шыққанынан кейін іске қосылуы қажет.
80. Мұнай құйғыш, мұнай жинақтағыш кемелердің, газ, химия тасушы және осыған іспеттес өзге де кемелердің палубаларында орналасқан жүк көтергіш құрылғыларды пайдалану кезінде оттың пайда болуын жою мақсатында, гактар, қапсырмалар, вертлюгалар, шынжырлар және осыған іспеттес басқа да бөлшектер белгіленген стандарттарға сәйкес от қауіпсіздігі талабымен орындалады.
2-бөлім. Есеп нормалары
6. Жалпы ережелер
81. Жүк көтергіш құрылғылардың элементтеріндегі күшейту және қысым әдістері осы Қағидамен регламенттенбейді, алайда, Кеме қатынасы тіркелімі жекелеген жағдайларда есептің өзімен мақұлданған әдістерін талап етеді.
82. Механикалық бағыттағыштарға, кран-аралық тәріздес көтергіштерге және тельферлерге оларға тиісті қолданылатын кеме крандарының есебінің нормасы қолданылады, ал таль (гинея) тәріздес көтергішке және горденейге - кеме жүк бағыттағыштарының нормалары қолданылады.
Осы Қағиданың 84 және 106-тармақтарында көрсетілген ерекшеліктерді ескере келе, олар сондай-ақ алмалы-салмалы бөлшектерге де қолданылады (жүк қарпығыш тетіктер).
Жүзбелі бұрғылау қондырғысы крандарына оларды әрекетке енгізу есебінен алынған кеме крандарының есептері қолданылады.
7. Есептік жүктеме және кернеу
83. Кеме жүк бағыттағыштарына, кеме крандарына және көтергіштерге, жүзбелі крандардың беткейіндегі құрылысына және кранды кемелерге, кеме лифтарына, кеме көтеру платформасына арналған есептік жүктеме осы Қағиданың тиісті бөлімдерінде келтірілген.
84. Алмалы-салмалы бөлшектерге есептік жүктеме ретінде қауіпсіз көтерілетін салмақ және өзіндік салмақ қабылданады.
Спредерлер үшін әмбебап жабдығының ортасы әмбебап жабдығының көлемінен алғанда 1/10 кеңдігі мен ұзындығына қосылған.
Спредерлерге, сондай-ақ пайдалы салмақтың тек үш бұрылғыш ұстағыш басшықтармен жүргізілетіндігін ескерген жөн.
Ұзындықтарды түзетпестен, төрт тармаққа іліктірілген алмалы-салмалы бөлшектер үшін пайдалы жүктемені дұрыс қоспаған жағдайда, тек үш тармақ іліктірілетіндігін дәлеледеу қажет.
85. Жүк көтергіш құрылғылары механизмдерін есептеу кезінде мынадай ережелер ескеріледі:
1) механизмдердің есептік салмағы жүк көтергіш құрылғылар салмағы есебінен және конструктивті элементтер күшейтілімінен анықталуы тиіс;
2) механизмдердің беріктілігінің қоры жүк көтергіш құрылғылар беріктілігі қорынан кем болмауы керек;
3) тісті берілімдер Сыныптау қағидасының сәйкес бөліктерінің шарттарын қанағаттандыруы тиіс.
86. Блоктардың шкивтеріндегі және тростардың майысуындағы үлкендік сырғанау жөнелтілімімен 2 % және әр қайсысына 5 % тең болып келуі қажет.
Тростардың арқалықтарға ауыстырылуы кезінде жүк көтергіш құрылғылардың конструктивті элементтері күшейтуінің өзгеруі әр элементке жағымсыз немесе қозғалыс жиынтығы бойынша ескеріледі (жүкті көтеру немесе түсіру).
87. Нақтылығы жеткілікті жинақталған және жинақталып майысқан өзекшелерді есептеу кезінде олардың қосымшаларын эксцентриситеттеуді, осы Қағиданың 102-тармағына сәйкес жасау иілімі және өз салмағынан алғандағы иілімді ескере отырып, бойлық күштердің әсері ескеріледі.
88. Егер алшақтау орнында дұрыс және тиімді қысым болса, онда np формуласы бойынша есептелген келтірілген қысым МПа np анықталады:
(1)
мұндағы - МПа, қаралатын алшақтау орнындағы дұрыс қысым;
- МПа, қаралатын алшақтау орнындағы қатысты қысым;
Осы кернеулер бойынша беріктілік шарттарын тексеру жүргізіледі.
89. Болат тростардың жұмсақтануының есептеу модулі 98 ГПа тең болып қабылданады.
90. Алаңның клепандық және бұрандаманы конструкцияларын беріктілігі және алшақтау орнының сәті есептеу шығарылатын жолдардың ескерілуімен есептеледі. Мықтылығын есептеу кезінде шығарылатын жолдарға арналған есеп талап етілмейді.
8. Шекті қысымдар, беріктілік және орнықтылық қорлары
91. Кеме жүк көтергіш құрылғылардың металл конструкциялары кернеудің есептік жүктемесі әрекеті кезінде олар осы Қағиданың 7-қосымшасында келтірілген биіктіктен аспауы қажет.
Діңгектер үшін бірнеше жеңіл бір реттік жебелердің бірыңғай жұмысында рұқсат етілген кернеу материал ағымыдылығының 0,5 Rен шегіне тең қабылданады.
Тікелей орнатылған такелажбен бекітілген діңгектер үшін шекті қысым жоғарыда көрсетілгендерде 10 % кем қабылданады.
Қолмен жүргізілетін жүк көтергіш құралдары үшін қысым Rен материалынан 0,6 шекте болып қабылданады.
Тростардың (SWL) (болат, өсімдік және синтетикалық) шекті қысымы үлгіні сынау кезінде белгіленген осы Қағиданың
Достарыңызбен бөлісу: |