Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы «____» __________
№____ қаулысымен
бекітілген
«Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраң үстінде кәсіпшілікті жүзеге асыратын қазақстандық кемелерге Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраң үстінде кәсіпшілікті жүзеге асыратын қазақстандық кемелерге Мемлекеттік шекарасны бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:
экипажы тек Қазақстан Республикасының азаматтарынан жасақталған қазақстандық кемелер үшін – жиырма жұмыс күні ішінде;
экипажы шетелдік азаматтардан жасақталған қазақстандық кемелер
үшін – жиырма бес жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраң үстінде кәсіпшілікті жүзеге асыратын қазақстандық кемелерге Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру.
7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі, жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін). Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) қазақстандық кемеге меншік құқығы туралы куәліктің көшірмесі немесе қазақстандық кемені жалға алу шартының көшірмесі (теңіз кемелері үшін);
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің көшірмесі (теңіз кемелері үшін);
4) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;
5) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) жасаған кеменің рөлі (бұдан
әрі – тізім);
6) экипаж мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
7) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жұмыс істеуге рұқсаттардың көшірмесі;
8) қажет болған жағдайда шетелдік азаматтарға және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;
9) кеме куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде тіркелген кемелер үшін).
Көрсетілген құжаттардың көшірмелері не олардың нотариалды куәландырылған көшірмесі түпнұсқаларымен бірге салыстырып тексеру үшін ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішін растау күні, уақыты құжаттар топтамасын қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген арыздың көшірмесіне белгі қою болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күн туралы белгі қоя отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жолданады (беріледі).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, осындай шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету
ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында: www.shekaraknb.kz «Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің іс-қимылдары туралы» бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан ену режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-55, 71-91-59, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
_____________________
«Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраң үстінде кәсіпшілікті жүзеге асыратын қазақстандық кемелерге Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Сериясы _______________ № ___________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
бірнеше рет кесіп өтуге
рұқсат
1. Көрсетілетін қызметті алушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның заңды мекенжайы (оның мекенжайы) _______________________________________________
__________________________________________________________________________
2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы _______________________________________
__________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
3. Кеменің атауы ___________________________________________________________
________________________________________________________________________
4. Кеменің түрі ___________________________________________________________
________________________________________________________________________
5. Кеменің борттық нөмірі ___________________________________________________
________________________________________________________________________
6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ________________________________
________________________________________________________________________
7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты, оның мекенжайы ____________________
__________________________________________________________________________
8. Техникалық бақылау құралдарының түрі ____________________________________
__________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
9. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәлімет
__________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі ____________________________________________
________________________________________________________________________
11. Теңіз кәсіпшілігінің ауданы (аудандары) ____________________________________
__________________________________________________________________________
Теңіз кәсіпшілігі өнімдерін кіргізу және түсіру үшін Қазақстан Республикасы теңіз порттарының (орналасу пункттерінің) тізбесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің қолы)
20___ жылғы «___» ____________________
М.О.
1-қосымшаға парақтың сыртқы жағы
Ерекше белгілер
1. Рұқсаттың тоқтатыла тұрған күні ____________________________________________
2. Рұқсатты тоқтата тұрудың себептері __________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
3. Рұқсатты қайта жаңарту күні ________________________________________________
Рұқсаттың күші жойылғаны туралы белгі
1. Рұқсаттың күші жойылған күні ______________________________________________
2. Рұқсаттың күшін жою себептері _____________________________________________
____________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті берушінің белгілері
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
_____________________
«Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраң үстінде кәсіпшілікті жүзеге асыратын қазақстандық кемелерге Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын
бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру туралы
өтініш
Кімге__________________________________________________________________
(ҰҚК ШҚ әскери бөлімінің атауы)
Кімнен__________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы (Т.А.Ә.), оның заңды мекенжайы (оның мекенжайы)
________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «___» ___________ қаулысына сәйкес мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық және өзге де өнімді сату немесе өндіру үшін теңіз кәсіпшілігі өнімдерін (объектілерін) жеткізу болып табылатын кәсіпшілік қызметті жүргізу жағдайында кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) шетелдік кемелерге, сондай-ақ шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып тиемей______________________________________________________________
______________________________________________________________
(балық кәсіпшілігі ауданы көрсетіледі)
ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға өтінішті қарауды сұраймын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға өтінім білдірген кемелер туралы мәліметтер ________ парақта келтірілген.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20___ жылғы «___» _________________
М.О.
_____________________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуге рұқсат алуға өтінім білдірген қазақстандық кеме туралы
өтінішке мәліметтер
1. Кеменің атауы ____________________________________________________________
2. Кеменің түрі _______________________________________________________________
3. Кеменің борттық нөмірі ____________________________________________________
4. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) __________________________________
5. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
6. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу нөмірі, орны, күні және оның қолданылу мерзімдері
__________________________________________________________________________
7. Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы (Т.А.Ә.), оның заңды мекенжайы (оның мекенжайы ______________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
8. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы ________________________________
____________________________________________________________________________
9. Квота иесінің атауы және мекенжайы _________________________________________
____________________________________________________________________________
10. Кеме капитанының (иесінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы _______________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
11. Техникалық бақылау құралдарының түрі _____________________________________
12. Кәсіпшілік қызмет жүргізу ауданы (аудандары) _______________________________
____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
13. Кеменің кәсіпшілік ауданына баруы кезіндегі болжамды координатор мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту мерзімдері
____________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Кеменің кәсіпшілік ауданына шығуы және кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) жеткізуі мен түсіруі үшін кіруіне арналған Қазақстан Республикасының теңіз порты (орналасу пункті)
____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20___ жылғы «___» ________________
М.О.
_____________________
Достарыңызбен бөлісу: |