Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрдің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі №215 Бұйрығы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



бет1/12
Дата09.07.2016
өлшемі1.21 Mb.
#187332
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.07.2012 17:43:41
Теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрдің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 215 Бұйрығы

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 3-тармағының 51) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.



3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Е. Дүйсенбаев

 

Қазақстан Республикасы



Көлік және министрінің

2011 жылғы 21 сәуірдегі

215 бұйрығымен



бекітілген

 

 

Теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру

 қағидасы

 

 

1-бөлім. Жалпы ережелер



 

 

1. Қолданылу саласы

 

1. Осы Теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңына сәйкес әзірленген және теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру тәртібін айқындайды, тасымалданатын жүктерді тиеуге, түсіруге, ауыстыруға және адамдарды ауыстыруға арналған теңіз кемелерінде және жүзбелі құрылыстарда орнатылған жүк көтергіш құрылғыларға және осы Қағиданың 10-тармағында атап көрсетілген басқа да жүк көтергіш құрылғыларға қолданылады.



Осы Қағиданың талаптары, сондай-ақ, жүк көтергіш құрылғыға іліктірілетін алмалы-салмалы бөлшектерге: кемеге тиесілі болып табылатын строптарға, көтергіш траверстерге, контейнерлерге арналған рамалар мен спредерлерге қолданылады.

2. Осы Қағиданың талаптары жүзбелі бұрғылау қондырғыларындағы технологиялық мақсаттағы қолданылатын іліктірілетін бұрғылау құралдарына және жүк көтергіш механизмдерге, бұрғылау және геологиялық зерттеу кемелеріне, құбыр төсейтін және басқа да кемелерге, сондай-ақ грейферлер мен жүк көтергіш электромагниттерге қолданылмайды.

3. Техникалық құжаттамалары Кеме қатынасының тіркеліміне қарауға ұсынылған жүк көтергіш құрылғылары үшін осы Қағиданы толық көлемде қолдану керек.

4. Қолданыстағы жүк көтергіш құрылғыларға Қағиданың сол талаптары бойынша салынған, сондай-ақ, осы Қағиданың 10-12-бөлімдерінің талаптары қолданылады.

5. Қолданыстағы жүк көтергіш құрылғыларды жөндеу және қайта жабдықтау кезінде, сондай-ақ осы құрылғылардағы алмалы-салмалы бөлшектерді ауыстыру кезінде осы Қағиданы қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.

6. Осы Қағидамен регламенттенбейтін жүк көтергіш құрылғылары немесе осы Қағидамен көзделмеген ерекше жағдайларда пайдалануға арналған құрылғылар Кеме қатынасы тіркелімімен келісуге жатады.

7. Осы Қағиданың талаптарының орындалуы бұрын Кеме қатынасы тіркелімімен жүк көтергіш құрылғыларға берілген құжатттарды берудің немесе күшінде сақталуының шарты болып табылады.

 

 

2. Анықтамалар мен ұғымдар



 

8. Осы Қағидада мынадай анықтамалар қабылданған:

1) алмалы-салмалы бөлшектер - белгіленген жүктер строптар, көтеру траверстері, рама және контейнерлерге арналған спредерлер көмегімен жүк көтергіш құрылғыларға орнықтарылған бөлшектер болып табылады және олар құрылғының немесе жүктің негізгі бөлігіне енбейді;

2) арқанды тарту шкиві бар шығыр - арқанды тарту арқылы жүргізілетін арнайы пішіндегі күші бар шкивпен жабдықталған шығыр;

3) алынбайтын бөлшектер - жүкті бағыттағыштардың кескіндері және жебелердің тартпалар, топенанттар кескіні және өкше вертлюгалары, жебе өкшелерінің айырлары, діңгектердің бугельдері және бағыттағыштары, палубалық кескіндер, кесуші шкивтер сияқты жүк көтергіш құрылғылардың құрылымдарына немесе кеме корпусына бекітілген бөлшектер;

4) ауыр жебелер - 10 т және одан асатын бірреттік жебенің жүк көтергішімен өлшенетін кеме жүк жебелері;

5) ауыстырылатын бөлшектер - алшақталатын біріктірулер ретінде әзірленген жүк көтергіш құрылғыларының немесе алмалы-салмалы бөлшектердің конструкцияларына орнықтырылған жүк көтергіш құрылғылар мен бөлшектердің құрамдас бөлігі болып табылатын шынжыр, жүзікшелер, гактар, қапсырмалар, блогтар, талребтер сияқты бөлшектер;

6) барабанды шығыр - тарту арқандарын орап алатын барабаны бар шығыр;

7) бөлшектер - механизмнің құрамына енетін бөлшектерді қоспағанда, күшейтуді беретін және кинематикалық байланысты жүзеге асыратын жүк көтергіш құрылғылардың бөлшектері;

8) жебенің пайдалы аралығы - соңғының көлденең қондырылуы кезіндегі жоғары көтерілген жүктің орталық ауырлығынан борт жазығына немесе понтон транцына дейінгі алынған ең үлкен қашықтығы;

9) жебе аралығы - көтерілген жүктің ауырлық ортасы және жебенің зырылдауық өкшесінің айналуының тікелей кіндігінің арасындағы ең жоғары арақашықтық;

10) жеңіл жебе - 10 т аспайтын бірреттік жебенің жүк көтергіші бар кеменің жүк жебесі;

11) жолаушылар кеме лифті - адам көмегімен адамдарды, жүктерді көтеруге және түсіруге арналған кеме лифті;

12) жүзбелі кранның, кран кемесінің жоғарғы құрылымы - жүк көтергіш құрылғыларды және жүктерді тасымалдау үшін жасалған ашық палубада орнатылған жүк көтергіш құрылғы;

13) жүзбелі құрылыс - понтон тәріздес жүзбелі док, жүзбелі бұрғылау қондырғысы немесе соған іспеттес жүзбелі құрылым;

14) жүк көтергіштік - жүкті бекіту үшін қолданылатын көмекші тетіктердің салмағын қосатын қауіпсіз көтерілетін жүктің ең үлкен салмағы: строптар, траверстер, платформалар, торлар, сондай-ақ грейферлер, жүк көтергіш электромагниттер, кюбельдер мен бадтар;

15) жүк көтергіш шектеуші - әдеттегі жүктеме рұқсат етілетін жұмыс жүктемесінен асқан кезінде механизм жетегінің өшірілуімен кранға немесе оның бөлігіне түсетін жүктемені автоматты шектейтін құрылғы;

16) жүк көтергіш құрылғы - тасымалданатын жүктерді тиеуге, түсіруге, ауыстыруға және адамдарды ауыстыруға арналған кемеде орнатылған құралдардың (жүзбелі құрылыстар) жиынтығы (кеме жүк бағыттағыштары, кеме крандары, көтергіштер, кеме лифтері, кеме көтергіш платформалар және жүзбелі крандардың, кран кемесінің жоғарғы құрылысы);

17) жүк көтергіштің көрсеткіші - жебенің аралығының түрлі радиустары кезінде осы кранға арналған шектелген жүктемесін (жүктің қойылуы немесе қойылмауына қарамастан) автоматты түрде көрсететін құрылғы;

18) контейнерлерге арналған спредер - контейнердің жоғарғы бұрышты фитингтерінде қолмен немесе механикалық әдіспен белгіленетін, халықаралық стандартқа сәйкес келетін, контейнерлерді ұстайтын таяқша түріндегі жүкқарпығышқа бейімделіп жасалған құрылыс;

19) жүктік кеме лифті - жүктерді адамдардың көмегінсіз жоғары көтеріп төмен түсіретін кеме лифті;

20) жүктік жебенің желдеткіштері - шығыр арқылы қолданысқа енетін немесе автономды жетектері бар жебелерді жүктерсіз ауыстыратын және жүк астындағы қозғалмайтын жебелерді ұстап тұратын механизмдер;

21) рұқсат етілетін жұмыс жүктемесі (SWL) - жүк көтергіш құлақтарындағы әрбір жекелеген бөлігіне әрекет ететін ең үлкен статикалық күшейтілім.

Көпшкивті блоктар үшін рұқсат етілген жұмыс жүктемесі (SWL) оның қапсырмаларындағы ең ауыр жүктемесі болып келеді.

Тростың түпкі соңын орнықтырумен немесе орнықтырусыз жасалған біршкивті блоктар үшін (SWL) жұмыс жүктемесі блок тросындағы ең жоғары күшейтілім болып табылады. Тросқа күшейтілім түсетін тростың түпкі соңын орнықтырусыз біршкивті блок блок құлақшынындағы ең үлкен жүктемесінің тең жартысын құрайды. Тросқа күшейтілім түсетін тростың түпкі соңын орнықтырумен біршкивті блок блок қапсырмаларындағы ең жоғарғы жүктемесінің үштен бірін құрайды;

22) жыл сайынғы қарап тексеру - жүк көтергіш құрылғысының берілген құжаттамаларына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізіледі. жыл сайынғы қарап тексеру көлемі құрылғының техникалық жай-күйіне байланысты Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері белгілейді;

23) кабинаны еркін толтыру принципі - кабина еденінен пайдалы алаңына тәуелді жолаушылардың санын есептей келе, жолаушылар лифтісін жүк көтергіштігін анықтау;

24) кеме жүк жебелері - жебенің өзінің құрылымына және одан тыс (діңгектерде, колонналарда, палубаларда және шығырларда) бекітілген тростар мен блоктар жүйесі арқылы ұстауды және ауыстыруды жүзеге асыратын жүк көтергіш құрылғылар;

25) кеме краны - кранның құрылымынан тыс орнықтырылатын тростар мен блогтардың жүйесін қажет етпейтін жүктерді ауыстыруға арналған жүк көтергіш құрылғысы (стационарлы немесе қозғалмалы);

26) кемелік көтергіш платформасының табандықтары - бағыттаушыға қатысты платформаның белгіленген орнықтырылуын қамтамасыз ететін кеме көтергіш платформаның қозғалмалы бөліктерінің элементтері;

27) кеме көтергіш платформасының буфері - кеме көтергіш платформаның қозғалмалы салмағының қозғалыс кезіндегі энергияның елеулі бөлігін өзіне қамтуды қамтамасыз ететін өтелім тірегі;

28) кеме көтеру платформасының тірегі - авариялық жағдайда немесе шеттен шыққан жұмыс жағдайында платформасының қозғалысын шектейтін құрылғы;

29) кеме көтеру платформасының бағытталуы - платформа қозғалысына қажетті траектория беру үшін жасалған, сондай-ақ қарпығыштар қолданылған жағдайда, оны ұстайтын механизмдегі кеме көтеру платформасының құрамдас бөлігі;

30) кеме көтеру платформасы - гидравликалық және электромеханикалық тіректермен жүргізілетін кеменің жүкті палубалары арасында тиеуді және түсіруді көлденең түрде іске асыратын жүктерді тікелей тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше платформалары бар жүк көтергіш құрылғысы;

31) кеме көтеру платформасының жанындағы платформа - трос көмегімен жебеге ауыстырылатын жан-жақтары қоршалған немесе қоршалмаған, тартқыш жүйесі, гидравликалық құрылымды элементтері, тісті рейкалары немесе шпиндельдері бар кеме көтеру платформасының жүк тасымалдаушы бөлігі. Егер конструктивті қажет болса, платформа палуба қосылған геометриялық контурды құрайды, жүктік операциялар кезінде және «жүріс бағыты» кезінде тіреу құрылғыларын белгілейді. Кеме көтеру платформасының түрлі палубаларда жүктік операцияларды бір уақытта орындау мақсатында бір немесе екі платформасы болады;

32) кеме лифтінің жүк көтергіші - кабинаға көтерілетін жүкті бекіту үшін уақытша орнықтырылған көмек ететін алмалы-салмалы тетіктердің салмағын қоса алғанда берілген лифттің жоғары көтеріліп, төмен түсірілетін адамдардың немесе жүктердің ең үлкен салмағы;

33) кеме лифті - адамдарды түсіретін немесе отырғызатын палубаларда жабылатын есіктерімен бекітілген кеме қозғалысына қатысты шахтада тікелей орналасқан кабинадағы адамдар немесе жүктерді көтеруге немесе төмен түсіруге арналған жүк көтергіш құрылғы;

34) кеме лифтінің кабинасы - еден және төбе жапқышы бар жан-жағынан барлық биіктікке қоршалған кеме лифтінің жүк тасу бөлігі;

35) көтергіш - машиналық немесе қолмен жасалатын тіректегі таяқша краны, тельфер, таль (гиней) және горденей тәріздес, кеме стационарлы түрде бекітілген жеңілдетілген конструкциядағы жүк көтергіш құрылғы;

36) қауіпсіздік коэффиценті - бұзатын жүктеменің жұмыс жүктемесіне ең аз деген үлкендігінің қатысы;

37) лифт жылдамдығын шектеуіш - берілген жылдамдық асып кеткен кезде оны дұрыс қозғалысқа енгізетін лифт қарпығыш құрылғысы;

38) лифт қарпығыштары - белгіленген баяулықпен тоқтайтын автоматты жұмыс істейтін және жылдамдықтың асып кеткен кезінде не болмаса арқандардың үзілуі барысында лифт кабинасын немесе ауыр затты күштің бағытталуын ұстап қалатын құрылғылар;

39) лифт шахтасы - барлық жағынан қоршалған, кеме лифтінің кабинасын және қарсы салмағын орналастыру үшін жасалған кеме кеңістігі;

40) механикаландырылған жебе - құрылғының ажырамас бөлігі болып табылатын шығырлардың көмегімен жүкпен көтеретін, түсіретін, жанына бұрып көтеретін бағыттағышы бар жүк көтергіш құрылғы;

41) механизмдер - жүктік жебелердің шығырлары мен желдеткіштері, жүкті көтеретін механизмдер, жебенің аралық бағытының өзгеруі, крандардың бұрылуы мен қозғалысы;

42) соңғы ажыратқыш - механизм жетегін соңына дейін өшіру жолымен жүк көтергіш құрылғыларының немесе оның қандай да бір бөлігінің ауысуын автоматты түрде шектейтін құрылғы;

43) сынамалық жүк - салмағы +2 % нақтылықпен куәландырылатын сынамалық жүктемемен сынақ жүргізілетін жүк;

44) темір конструкциялар (металл конструкция) - жүк көтергіш құрылғыларға әрекет ететін жүктемені қабылдайтын жебелер, діңгек, колонналар, салингтер, көпірлер, порталдар және басқа да құрылымдар;

45) толық көлемде куәландыру - қажет жағдайда куәландырудың басқа да әдістерімен толықтырылатын ішкі қарау, мысалы, қолмен жүргізу, өлшеуішпен, дефектоскопиямен өндіру, қозғалысын тексеру және қаралатын жүк көтергіш құрылғыларының механизмдері мен бөлшектері, құрылым жағдайын анықтау үшін сондай-ақ, қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жүргізіледі;

46) жетекті агрегат - гидравликалық сорғыш станциялары, шығырлар;

47) шығырлар - жүктерді немесе бағыттағыштарды көтеру, төмен түсіру және ауыстыру үшін әзірленген механизмдер;

9. Осы Қағидада қабылданған терминология осы Қағиданың 1-5- қосымшаларындағы шартты белгілер түрінде көрсетілген.



 

 

3. Куәландыру көлемі



 

10. Кеме қатынасы тіркелімімен куәландыруға мынадай жүк көтергіш құрылғылар жатады:

1) кеме жүк жебелері, кеме крандары және жүк көтерімділігі 1 т және одан асатын көтеру құрылғысы;

2) жүзбелі крандардың және кран кемесінің жоғарғы құрылысы;

3) жүзбелі доктардағы крандар және жүк көтерімділігі 1 т және одан асатын жүзбелі бұрғылау қондырғысын қамтуды кемеде түсіруге арналған жүзбелі бұрғылау қондырғысындағы крандар (бұдан әрі - ЖБҚ);

4) жүк көтерімділігі 250 кг және одан да артық кеменің жүк лифтері және кабинадағы адамдар мен жүктерді арқандармен 1,0 м/с жылдамдықпен көтеріп, төмен түсіруді жүзеге асыратын электр тіректі жолаушылар лифті;

5) жүк көтерімділігі 1 т және одан да артық құрайтын кеме көтеру платформалары, жоғары көтеру мен төмен түсіру 0,1 м/с жылдамдықпен жүзеге асыралады;

Басқа типтегі жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру және тағайындау әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.

11. Кеме қатынасы тіркелімімен куәландыруға кіреді:



1) техникалық құжаттамаларды қарау және мақұлдау;

2) жүк көтергіш құрылғыларын әзірлеу кезінде жүргізілетін куәландыру, оларды кемелерге орнату (жүзбелі құрылыста) және жөндеу;

3) сынау;

4) желімдеу;

5) Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарын беру.

12. Кеме қатынасы тіркелімінің куәландыру объектісі мыналар болып табылады:



1) кемелік жүк жебелері: металл конструкциялар, шығырлар, желдеткіштер, бөлшектер және тростар;

2) крандар мен көтергіштер: металл конструкциялар, механизмдер, бөлшектер мен тростар, қауіпсіздік құралдары;

3) лифтер: металл конструкциялар, лифтерді жабдықтау, лифті шығырлар, қауіпсіздік құралдары, арқандар мен арқан бөлшектері;

4) кемелік көтеру платформалары:

платформа жабдықтары;

тасу құралдары;

сақтандырғыш құрылғы;

5) механизм жетектері;

6) жүк көтергіш құрылғылардың электр жабдықтары;

7) жүк көтергіш құрылғылар құрамындағы қазандар мен ыдыстар;

8) жүк көтергіш құрылғылардың жүйелері мен құбырлары.

Жүк көтергіш құрылғылардың жауапты конструкцияларының, механизмдерінің және бөлшектерінің кеме қатынасы тіркелімімен куәландырылатын номенклатурасы осы Қағиданың 6-қосымшасында келтірілген.

13. Кемеде әзірлеу және орнату кезіндегі куәландыру және жүк көтергіш құрылғыларын, олардың механизмдерін, металл конструкцияларын, бөлшектерін және қауіпсіздік құралдарын жөндеу Сыныптамалық және басқа да қызмет туралы жалпы ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Осы Қағиданың талаптарымен регламенттенбеген механизмдерді, механизмдердің гидравликалық және қосақталған тіректерін, жүйелерді, құбыржүргіштерді, электр жабдықтарын, бұйымдар мен материалдарды, сондай-ақ қазандар мен ыдыстарды куәландыру Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңының 4-бабының 3-тармағының 48) тармақшасына сәйкес бекітілген Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасына (бұдан әрі - Сыныптау қағидасы) сәйкес жүзеге асырылады.

Алайда, егер осы Қағидадағы талаптар бірдей немесе Сыныптау қағидасының тиісті бөлімдерінің талаптарынан өзгеше болып келсе, осы Қағидаға артықшылық білдіріледі.

14. Аулау құралы жұмысы кезінде, сондай-ақ басқа кеменің жебесінің қосақталған шкентельдерімен жұмыс жасауға арналған қозғалмайтындай орнатылған кеме бағыттағыштарының жасақталуы кезінде, қолданылатын жүктік жебелер, крандар және балық аулау кемелерін куәландыру белгіленген көлемдегі жүкті көтеру үшін кәдімгі құрылғыларды куәландыруы сияқты жүргізіледі, яғни, Кеме қатынасының тіркелімі аулау қаралы жұмысын жүргізуде қажет болатын жүк көтерімділікті анықтауға қатыспайды.

15. Кран-аралықтың және тельфер сияқты механикалық жебелердің, көтергіштің куәландырылуы кеме крандарын куәландыру сияқты жүргізіледі, ал таль (гиней) тәріздес көтергіштерді және горденейлерді - кеме жүк жебелерінің тиісті бөліктері ретінде куәландырады.

 

 

4. Техникалық құжаттама



 

16. Кеме қатынасының тіркеліміне қарау және мақұлдау үшін ұсынылатын техникалық құжаттама:

1) сипаттама (түсіндірме жазба);

2) негізгі сипаттамаларды (жүк көтергіштік, жұмысшы аймақтары, жебе ұшағының борттан аса аралығы, көтерілу мен жүктің түсірілуі, ең үлкен және ең кішкентай ұшақ, бұрылу жылдамдығын көрсете отырып, жүк көтергіш құрылғысының жалпы орналасқан орнының сызбасын;

3) жебелермен қоса берілген діңгектердің, кеме крандарының, өрлеуіштердің, лифтер мен кеме көтеру платформаларының, олардың кеме құрылымдарына орнықтырылуы және орналасқан орындағы кеме корпусын нығайту жүкті жұмыстардың жалпы түрлерінің сызбасын;

4) жүктік жебелер және крандардың жарақтарының және такелажды қаруының сызбасын;

5) тұрақтылық пен беріктілік есебіндегі металл конструкциялардың сызбаларын (жүктік діңгектер, жебелер, мосттар, порталдар, іргетастары, крандардың, шахталардың, кабиналардың және кеме жебе лифттерінің, платформалардың бұрылу құрылыстар);

6) механизмдер және олардың тіректері бойынша техникалық құжаттамаларды;

кескіндері бар жинақтама сызбаларды;

жүк біліктері, тістегершік және редукторлардың тісті дөңгешектері, сондай-ақ қосатын жалғастырғыш схемалары (жинақталған сызбалар құрамында ұсынылады);

гидравликалық орнатылымдардың принципті схемаларын;

дәнекерлеу (сварка) деректері бойынша іргетасты рамалар мен корпустар сызбасын (жинақталған сызбалар құрамында ұсынылады);

жауапты кернеулік бөлшектердің есептеулері немесе беріктілік есеп нәтижелерін;

түсіндірме жазба немесе негізгі техникалық сипаттамалары көрсетіліп жазылған жазбаны;

механизмдердің басты және сериялық үлгілерінің сынақ бағдарламаларын қамтиды;

7) электрлі жабдықтау бойынша техникалық құжаттамалар:

іс-қимыл принципін және негізгі сипаттамаларды;

жиынтық бұйымдардың, сондай-ақ құралдар мен материалдардың тізбесін қамтитын ерекшелік;

конструктивті жинақтама сызбаларын;

электр жетектің принципті схемасын;

сынақ бағдарламасын қамтиды;

8) Кеме қатынасы тіркелімі мақұлдаған беріктілік есебі және стандартты бөлшектерге тең берік болып келетін бөлшектер сызбаларын;

9) қауіпсіздік құралдарының сызбаларын (қажетті жағдайда, беріктілік есебі көрсетіледі);

10) жүк көтергіш құрылғыларды «жүру бағыты» бойынша орнықтыру сызбаларын;

11) жүк көтергіш құрылғылардың кернеулік элементтеріне әрекет ететін күшейтулер схемаларын;

12) конструкциялардың есептері немесе есеп нәтижелері, сондай-ақ бағыттағы крандардың және майыспалы өрлеудегі бағыттағыш тұрақтылығының есебін;

13) жұмыс жүктемесі, типі, мөлшері және такелаж схемасы жұмыс аймағы көрсетілген кескінді жүкті бағыттағыштармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулықты;

14) жүк көтергіш құрылғысының әзірлеуші зауыттағы және кемеге орналастырғаннан кейінгі сынақтама бағдарламасын қамтиды.

Ұсынылған техникалық құжаттама түскен күнінен бастап Кеме қатынасы тіркелімімен отыз күнтізбелік күн бойында қаралады.

17. Жүк көтергіш құрылғыларының крандарына, шығырларына, металл конструкцияларына, бөлшектеріне және қауіпсіздік құралдарына арналған техникалық құжаттамаларды жеке ұсынуға рұқсат етіледі (кемеге арналған техникалық құжаттамадан басқа), алайда, оларды қолдануға арналған, кемелердің, жүзбелі құрылыстардың типтері және тағайындалуын көрсетумен.

18. Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген немесе мақұлданған стандарттар және техникалық шарттарға сәйкес әзірленетін сеталлконструкцияларды, бөлшектерді, механизмдерді және құралдарды қолдану ерекше келісуді талап етпейді. Сондай-ақ, Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған стандарттар мен техникалық шарттар бойынша жүргізілетін технологиялық процесстер мен термиялық өңдеу де келісуді аса қажет етпейді.

19. Кеме қатынасы тіркелімімен қажет болған жағдайларда діңгектерді, колонналарды, шығырларды, крандарды, көтергіштерді, сондай-ақ орнықтыруларды және «жүру бағыты» бойынша крандарды орнататын жерлердегі корпустың нығайтылу және кемелік құрылығылардың беріктілік есебін беруді талап ете алады.

20. Жаңғырту немесе жөндеу жұмыстарына байланысты, жүк көтергіш құрылғылары өзгертілгенде ұсынылған құжаттаманың көлемі осы Қағиданың талаптарын қанағаттандыратын әдісті ескере отырып, жүргізілген өзгерістерге сәйкес келуін ескереді.

21. Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданбаған жобалар бойынша жасалған жүк көтергіш құрылғыларды алғашқы куәландыруға ұсынған кезде, тексеру есептерін қоса алғандағы, техникалық құжаттамалардың көлемі осы Қағиданың 16-тармағында келтірілген тізбеге сәйкес келуі қажет.

Кейбір жағдайларда, талап етілетін техникалық құжаттамалардың қысқартылуы дайындаушы-зауыттың және осы Қағиданың 453-тармағына сәйкес өзге де сыныптамалық қоғамдардың құжаттарын назарға ала отырып, Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша рұқсат етіледі.

 

 

5. Жалпы техникалық және арнайы талаптар



 

22. Барлық жүк көтергіш құрылғылар, олардың металл конструкциялары, механизмдері, бөлшектері мен құралдары осы Қағидаға және Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген қолданыстағы стандарттарға сәйкес жобаланады және әзірленеді. Бұл ретте, бағыттағыштың ең жоғары аралық кезінде және қоршаған ортаның ылғалдылығының берілген диапазонында қисаюдың берілген бұрыштары мен дифферентінде жүк көтергіш құрылғының іс-әрекетінің қауіпсіз жүзеге асырылуы қамтамасыз етілуі қажет.

23. Осы Қағиданың арнайы талаптарымен регламенттелмеген бөліктегі механикалық, гидравликалық және қосақталған тіректер, жүйелер мен құбырлар, электр жабдықтары Сыныптау қағидасының қолданыстағы талаптарын қанағаттандырулары қажет.

24. Механизмнен алшақтанатын жетекті қоса алғандағы жүк көтергіш құрылғылары механизмдерінің конструкциялары, сондай-ақ жылдамдық желісін өзгертіп отыруға бейімделген механизмдер жүктің құлауын немесе жебенің өз бетімен ұшырылуын, не болмаса жылдамдықтарды қайта қою кезіндегі әрекеттерге жол бермей, оларды ескеруі қажет.

Гидро жетегі бар механизмдерде жүктердің құлауын, жебелердің немесе кранның өз бетімен ұшырылуын, не болмаса гидрожүйедегі қысымның төмендеуін жоятын құрылғылар көзделеді.

25. Жүкті көтеру және бағыттағыштың аралығының өзгеру механизмі жүктің немесе жебенің төмен түсуі тек жетекпен мүмкін болатындай етіп орындалады.



Авария жағдайында қауіпсіз және баяу тоқтауды, сонымен қатар жүкті қауіпсіз төмен түсіруді қамтамасыз ететін құралдар көзделуі қажет.

26. Гидробекіткіштері бар өз бетінше тежелетін немесе гидравликалық цилиндрдің жетегі бар механизмдерді қоспағанда, жүк көтергіш құрылғысының әрбір механизмі осы Қағиданың тиісті тарауларында көрсетілген қор коэфицентімен тежеуді қамтамасыз ететін автоматты түрдегі тежегішпен қамтылады.



Тежегіш қорының коэфиценті түсінігі бойынша тежегішпен құрылатын сәттің, тростың аса ауқымды тартылуы арқылы құрылатын статикалық сәттің қатысы түсіндіріледі (жүкті жоғарыға көтеру механизмі, ұшырылудың өзгеруі және бағыттағыштардың тростармен қоса бұрылуы), ал қатты кинематиялық байланыстағы механизмдер (бұрылу механизмдері және крандардың қозғалысы, бағыттағыштың өзгеруі) - инерционды жүктемемен есептеледі.

Конструкция жұмысшы соленоид керісінше электр қозғалғыш күшімен, паразитті тоқпен немесе оқшаулау басқышымен қоздырылмайтындай (бұдан әрі - ЭДС) болуы керек. Авариялық жағдайда, энергияның болмағанында, көтеру механизмінің жетектеріне тежегіштердің қолмен тежеу жұмыстары көзделуі қажет.

27. Автоматты тежегіш мынадай жағдайларды жұмыс іске қосылады:



1) басқару рычагының нейтралды жағдайға қайтарылуында;

2) механикалық тіректің авариялық өшірілуінде;

3) энергия берудегі үзілісте, сонымен қатар фазалардың толық алшақтануында немесе кернеуліктің елеулі түрде төмендеуінде.

28. Тежегіштер, егер басқасы осы Қағиданың тиісті тарауларында көрсетілмеген болса, олар тұйықталған түрде болулары қажет, және баяу құбылып, кедергілерсіз әрекет етулері керек, олардың арнайы жеңіл жететін құралдары болуы қажет және фрикционды бөлшектердің ыңғайлы ауыстырылуы іске асыру қажет.

29. Механизмдер мен олардың іргетастары тежелудің барлық уақыты бойы күшейтулерді сенімді баяулатып, ұстап тұруы қажет.

30. Басқарылатын тежегіштермен жұмыс күшейтілімі қол ұстағышында немесе рычагта 160Н-нан аспауы тиіс, ал тепкілері олар - 310Н-нан аспауы керек. Жұмыстың әдеттегі режимінде қолданылатын тежегіштер үшін күшейтілулер азайтылуы тиіс, яғни, жекелеп алғанда, 2 есеге азайтылуы тиіс. Тежегіш тепкілері жоғары беткейлері сырғанамалы болмауы керек.

31. Қауіпті жүктерді арнайы тиеу, түсіру және ауыстыруға арналған жүк көтергіш құрылғылардың көтеру мен жебе аралығын өзгерту механизмдері энергия беру болмаған жағдайда жүкті (жебені) бір тежегішпен ұстауды қамтамасыз ететін, біріне бірі тәуелсіз қызмет атқаратын, екі автоматты түрде жүзеге асырылатын тұйықталған тежегіштермен қамтылады. Тежегіштер кезекпен іске асырылады.

Егер қозғалғыш пен редуктор арасында жалғастырғыш болса, онда тежегіш редуктор жағынан алғанда, жалғастырғыштың жартысына немесе редуктордың білігінде орнатылады. Екінші тежегіш электр қозғалғышының білігінде немесе жетек механизмінің кез келген жерінде орналасуына рұқсат етіледі. Тежегіштерді бір тежегіштің сенімділігін бақылау үшін келесісінің әрекетін жеңіл шектейтіндей етіп орналасады.

Көтеру механизмі және гидроцилиндрмен аралықтың өзгертілуінде екінші тежегішке ұқсайтын, соған тең болып келетін екінші құрылғының жойылуына, яғни жоқ болуына жол беріледі.

32. Қолмен жүргізілетін жетекті көтеру механизмі автоматты әрекет ететін жүк жетек тежегішімен немесе бір тұтас конструктивті тұтқа болып қалыптасатын «қауіпсіз тұтқамен» қамтылады. Жүктің өз бетімен түсірілуін жоятын басқа да құрылғыларды (қолмен жүргізілетін сорғыш қосылған гидротірек) қолдануға болады.

33. Қол жетегіндегі жүк көтергіш құрылғылар әрбір қызмет көрсетілетіндерге 160Н нан аспайтындай күшейтілімнің жұмсалатынындай етіп есептеледі. Қолмен жүргізетін тартқыш шынжырларды олардың тартқыш дөңгелектерінен құлауын алдын алау қажет.

34. Басқарылатын алшақ тұрған тежегіштер тұйықталған түрде белгіленеді. Тежегіш жүктермен тежелу күшейтілімін құруға тыйым салынады. Осы мақсатта қолданылатын серіппелер бастырылатындай және төлке мен тұзеткіш түріндегі бағыттауыштары болуы керек.

35. Қозғалғыш және беріліс арасында орнатылған тежегіш, беріліс білігінде болады.

36. Бірнеше механизмдердің бір жетекпен жұмыс жасауын қамтамасыз ету кезінде тежегіштер әр механизмге орналастырылады.

37. Егер арнайы қорғанышпен әзірленбесе тежегіш барабаны жауыннан, теңіз суынан, қардан, мұздан, майлардан қорғалуы керек.

38. Қолмен, құралмен немесе автоматты түрде жүзеге асырылатын тежегіш механизмдердің берілістеріндегі жойылған кез келген бөлшектерге қарамастан, ең ауыр жүк көтерімділікті жүкпен аса жағымсыз режимде жұмыс жасау үшін талап етілетін сәттен 25 % артық тежегіш сәті дамып іске асырылуы қажет.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет