Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»



бет1/2
Дата09.06.2016
өлшемі211.5 Kb.
#125839
  1   2
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 02.02.2012 18:05:01
Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 бұйрығы

 

«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңы 19-бабының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қызмет өңірін айқындау қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.



3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ә. Құсайынов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің

төрағасының міндетін атқарушы

(Монополияға қарсы агенттік)

Б.А. Парсегов _________________

2011 жылғы 2 наурыз

 

Қазақстан Республикасы



Көлік және коммуникация

министрінің

2011 жылғы 28 ақпандағы

96 бұйрығымен бекітілді



 

 

Қызмет өңірін айқындау

қағидасы

 

1. Осы Қызмет өңірін айқындау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2. Қағида Қазақстан Республикасының барлық аумағында механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін (бұдан әрі - КҚ) міндетті техникалық байқаудан өткізуді қамтамасыз ету үшін техникалық байқау орталықтарының өңірлік қызметін анықтау тәртібін белгілейді.

3. Қызмет өңірі тіркелген КҚ бөлу қағидаты бойынша анықталады.

4. Осы Қағидаға 1 және 2-қосымшадағы 2-бағанда көрсетілген елді мекендерде және өңірлерде техникалық байқаудың стационарлық желісі бар техникалық байқау орталығы КҚ-ның міндетті техникалық байқауды осы Қағидаға 1 және 2-қосымшадағы 3-бағанда көрсетілген елді мекендер мен өңірлердің әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде техникалық байқаудың ұтқыр желілерімен өткізуін қамтамасыз етеді.

Өңірлерде КҚ-ның міндетті техникалық байқауы аудандардың, ауылдық/селолық округтердің және аудандық маңызы бар қалалардың әкімшілік орталықтарында қамтамасыз етіледі.

5. КҚ міндетті техникалық байқаудан уақтылы өтуін қамтамасыз ету үшін техникалық байқау орталығы қызмет өңірі шегінде КҚ-ның міндетті техникалық байқауды өткізу кестесін (бұдан әрі - Кесте) әзірлейді.

6. Техникалық байқаудың стационарлық желісі міндетті техникалық байқаудың жыл бойы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін өтуін қамтамасыз етеді.

Ұтқыр желі міндетті техникалық байқауды жыл бойы бекітілген Кестеге сәйкес өтуін қамтамасыз етеді.

7. Техникалық байқау орталығы тіркелген орны бойынша Кестені Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық көліктік бақылау органына (бұдан әрі - көліктік бақылау орган) техникалық байқау орталығының тізіліміне қосылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде келісуге ұсынады.

8. Кесте осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылады.

9. Көліктік бақылау органдары келісуге ұсынылған Кестені келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

10. Кестені көліктік бақылау органы келіскен кезде қызмет өңіріне елді мекендер санының және атауының және міндетті техникалық байқауды өткізу мерзімдерінің сәйкестігі тексеріледі.

11. Кестені техникалық байқау орталығы қызмет өңіріне сәйкес елді мекендердің саны мен атауын және міндетті техникалық байқауды өткізу мерзімдерін толық емес көрсету арқылы ұсынған жағдайда көліктік бақылау орган Кестеге түзетулерді енгізеді.

12. Міндетті техникалық байқауды өткізу мерзімі бір елді мекенде кем дегенде үш күнтізбелік күнді құрайды.

13. Кестені көліктік бақылау органы келіскеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде техникалық байқау орталығы тұрғындарды Кесте жөнінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын кезеңдік баспа басылымдарында хабарлайды.



 

Қызмет өңірін айқындау



қағидасына 1-қосымша

 

 

Техникалық байқау орталығының қызмет өңірі

 

р/с №

Міндетті техникалық байқау стационарлық техникалық байқау орталығымен қамтамасыз етілетін елді мекендердің және өңірлердің атауы

Міндетті техникалық байқау ұтқыр техникалық байқау желілерімен қамтамасыз етілетін елді мекендердің және өңірлердің атауы

1

2

3

Ақмола облысы, Астана қаласы

1

Астана қ.,

Aршалы ауданы,

Целиноград ауданы,

Шортанды ауданы.

Aршалы ауданы, Астрахан ауданы, Атбасар ауданы, Егіндікөл ауданы, Есіл ауданы, Жақсы ауданы, Жарқайың ауданы, Қорғалжын ауданы, Ерейментау ауданы, Целиноград ауданы, Шортанды ауданы.

2

Көкшетау қ., Щучинск қ.,

Степногор қ.,

Зеренді ауданы,

Бурабай ауданы.

Ақкөл ауданы, Атбасар ауданы, Бұланды ауданы, Бурабай ауданы, Еңбекшілдер ауданы, Зеренді ауданы, Сандықтау ауданы, Степногор қ.

Алматы облысы, Алматы қаласы

3

Алматы қ., Қапшағай қ.,

Есік қ., Ұзынағаш а.,

Қарасай ауданы,

Іле ауданы,

Талғар ауданы.

Балқаш ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жамбыл ауданы, Іле ауданы, Қарасай ауданы, Райымбек ауданы, Талғар ауданы, Ұйғыр ауданы.

4

Талдықорған қ.,

Ескелді ауданы.

Ақсу ауданы, Алакөл ауданы, Ескелді ауданы, Қаратал ауданы, Кербұлақ ауданы, Көксу ауданы, Панфилов ауданы, Сарқант ауданы, Текелі қ.

Ақтөбе облысы

5

Ақтөбе қ.,

Қарғалы ауданы.

Алға ауданы, Әйтеке би ауданы, Байғанин ауданы, Ырғыз ауданы, Қарғалы ауданы, Мәртөк ауданы, Мұғалжар ауданы, Темір ауданы, Ойыл ауданы, Қобда ауданы, Хромтау ауданы, Шалқар ауданы.

Атырау облысы

6

Атырау қ., Құлсары қ.

Жылыой ауданы, Индер ауданы, Исатай ауданы, Құрманғазы ауданы, Қызылқоға ауданы, Мақат ауданы, Махамбет ауданы, Құлсары қ.

Шығыс Қазақстан облысы

7

Өскемен қ.,

Глубоков ауданы,

Ұлан ауданы.

Глубоков ауданы, Зайсан ауданы, Зырян ауданы, Қатонқарағай ауданы, Көкпекті ауданы, Күршім ауданы, Тарбағатай ауданы, Ұлан ауданы, Шемонаиха ауданы, Риддер қ.

8

Семей қ.

Абай ауданы, Аягөз ауданы, Бесқарағай ауданы, Бородулиха ауданы, Жарма ауданы, Үржар ауданы, Курчатов қ.

Жамбыл облысы

9

Тараз қ.,

Байзақ ауданы,

Жамбыл ауданы.

Байзақ ауданы, Жамбыл ауданы, Жуалы ауданы, Қордай ауданы, Мерке ауданы, Мойынқұм ауданы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Сарысу ауданы, Талас ауданы, Шу ауданы.

Батыс Қазақстан облысы

10

Орал қ.,

Зеленов ауданы,

Теректі ауданы.

Ақжайық ауданы, Бөкейордасы ауданы, Бөрлі ауданы, Жаңақала ауданы, Жәнібек ауданы, Зеленов ауданы, Казталовка ауданы, Қаратөбе ауданы, Сырым ауданы, Тасқала ауданы, Теректі ауданы, Шыңғырлау ауданы.

Қарағанды облысы

11

Қарағанды қ., Теміртау қ.,

Бұқар жырау ауданы.

Абай ауданы, Ақтоғай ауданы, Бұқар жырау ауданы, Қарқаралы ауданы, Нұра ауданы, Осакаров ауданы, Шет ауданы, Балқаш қ., Приозер қ., Саран қ., Шахтинск қ.

12

Жезқазған қ., Сәтбаев қ.,

Ұлытау ауданы.

Жаңаарқа ауданы, Ұлытау ауданы, Қаражал қ.

Қостанай облысы

13

Қостанай қ., Рудный қ.,

Қостанай ауданы.

Алтынсарин ауданы, Амангелді ауданы, Әулиекөл ауданы, Денисов ауданы, Жангелдин ауданы, Жітіқара ауданы, Қамысты ауданы, Қарабалық ауданы, Қарасу ауданы, Қостанай ауданы, Меңдіқара ауданы, Наурызым ауданы, Сарыкөл ауданы, Таран ауданы, Ұзынкөл ауданы, Федоров ауданы, Рудный қ., Арқалық қ., Лисаковск қ.

Қызылорда облысы

14

Қызылорда қ.

Арал ауданы, Жалағаш ауданы, Жаңақорған ауданы, Қазалы ауданы, Қармақшы ауданы, Сырдария ауданы, Шиелі ауданы, Байқоңыр қ.

Маңғыстау облысы

15

Ақтау қ.,

Мұнайлы ауданы.

Бейнеу ауданы, Қарақиян ауданы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауданы, Түпқараған ауданы, Жаңаөзен қ.

Павлодар облысы

16

Павлодар қ., Ақсу қ.,

Павлодар ауданы.

Ақтоғай ауданы, Железин ауданы, Ертіс ауданы, Қашыр ауданы, Лебяжье ауданы, Май ауданы, Павлодар ауданы, Успен ауданы, Шарбақты ауданы, Ақсу қ.

17

Екібастұз қ.

Баянауыл ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы

18

Петропавл қ.,

Қызылжар ауданы.

Айыртау ауданы, Ақжар ауданы, Аққайың ауданы, Есіл ауданы, Жамбыл ауданы, Қызылжар ауданы, Мамлют ауданы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Шал ақын ауданы, Тайынша ауданы, Тимирязев ауданы, Уәлиханов ауданы.

Оңтүстік Қазақстан облысы

19

Шымкент қ.,

Сайрам ауданы.

Арыс ауданы, Бәйдібек ауданы, Қазығұрт ауданы, Мақтаарал ауданы, Ордабасы ауданы, Отырар ауданы, Сайрам ауданы, Сарыағаш ауданы, Созақ ауданы, Төле би ауданы, Түлкібас ауданы, Шардара ауданы.

20

Түркістан қ.

Бәйдібек ауданы, Созақ ауданы, Кентау қ.

21

Сарыағаш қ.

Мақтаарал ауданы, Сарыағаш ауданы, Шардара ауданы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет