Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі №209 Бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


§ 9. Поездарды, локомотивтерді және басқа жылжымалы бірліктерді белгілеу үшін қолданылатын сигналдар



бет4/6
Дата12.06.2016
өлшемі4.28 Mb.
#130605
1   2   3   4   5   6
§ 9. Поездарды, локомотивтерді және басқа жылжымалы бірліктерді белгілеу үшін қолданылатын сигналдар

 

103. Поездың бас жағы бір жолды жолмен қозғалғанда және екі жолды учаскелерде дұрыс жол бойынша қозғалғанда, күндіз сигналдармен белгіленбейді, түнде буферлік білеудің жанындағы фонарьдың екі мөлдір-ақ отымен белгіленеді осы нұсқаулықтың 116-қосымшасына сәйкес;

Поездың бас жағы дұрыс емес жолмен қозғалғанда, күндіз және түнде сол жақтан - фонарьдың қызыл отымен, оң жақтан - фонарьдың мөлдір ақ отымен белгіленеді осы нұсқаулықтың 117-қосымшасына сәйкес;

Поездың бас жағында немесе вагондарсыз келе жатқан локомотивте бір жолды жолмен және дұрыс және дұрыс емес жолмен екі жолды учаскеде қозғалғанда, түнде прожектордың сигналдық мөлдір ақ оты қосылады. Моторвагонды поездың бас жағы түнде прожектордың бір мөлдір ақ отымен белгіленуі мүмкін.

104. Жүк поезының бас жағы вагондарды алға салып, бір жолды жолмен және екі жолды учаскелерде дұрыс жолмен қозғалғанда, күндіз сигналдармен белгіленбейді, түнде буферлік білеудің жанындағы фонарьдың мөлдір-ақ отымен белгіленеді осы нұсқаулықтың 118-қосымшасына сәйкес;

Жүк поезының бас жағы вагондарды алға салып, дұрыс емес жолмен қозғалғанда, күндіз - алдыңғы өтпе алаңшада орналасқан, сол жақтан поездың сүйемелдеуші қызметкерімен көрсетілетін, жайылған қызыл жалаушамен белгіленеді; түнде - буферлік білеудің жанындағы фонарьдың мөлдір-ақ отымен және сол жақтан поездың сүйемелдеуші қызметкерімен көрсетілетін, қол фонарының қызыл отымен белгіленеді осы нұсқаулықтың 119-қосымшасына сәйкес.

105. Поездың соңғы жағы бір жолды жолмен және дұрыс және дұрыс емес жол бойынша екі жолды учаскелермен қозғалғанда, былай белгіленеді: жүк және жүк-жолаушы поезы күндіз және түнде - буферлік білеу жанындағы жарық шағылдырғышы бар оң жақтағы қызыл дискімен осы нұсқаулықтың 120-қосымшасына сәйкес;

«Patentes Talgo S.A.»компаниясы шығарған вагондардан құралған жолаушылар поезы, күндіз және түнде - автотіркеменің екі жағына орналасқан екі қызыл отпен;

жолаушылар және почталық-багаждық поезы; күндіз және түнде - үш қызыл оттармен осы нұсқаулықтың 120-қосымшасына сәйкес;

Сигналдық фонарлары жоқ жүк вагонын тіркегенде, жолаушылар және почталық-багаждық поездың соңғы жағы былай белгіленеді: күндіз - қызыл дискімен немесе оң жақтағы буферлік білеудің жанындағы жайылған қызыл жалаушамен; түнде - оң жақтағы буферлік фонарьдың бір қызыл отымен осы нұсқаулықтың 121-қосымшасына сәйкес;

Жүк поезының соңында орналасқан локомотив, сондай-ақ вагондарсыз келе жатқан локомотив арт жағынан былай белгіленеді: күндіз және түнде - оң жақтағы буферлік білеудің жанындағы фонарьдың қызыл отымен осы нұсқаулықтың 121-қосымшасына сәйкес.

106. Итеруші локомотив және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам вагондары жоқ локомотивтің сигналдары тәрізді белгіленеді.

Итеруші локомотив және шаруашылық поезы дұрыс емес жол бойынша екі жолдан аралықтан жөнелту станциясына кері қайтқанда, дұрыс емес жол бойынша жүру сигналдарымен белгіленеді.

107. Жүк поезы аралықта бөлінген жағдайда, станцияға жөнелтілетін поездың соңғы бөлігі былай белгіленеді: күндіз - оң жақтағы буферлік білеудің жанындағы жайылған сары жалаумен; түнде - фонарьдың сары отымен осы нұсқаулықтың 122-қосымшасына сәйкес.

Поездың соңғы әкетілетін бөлігі жүк поезының соңғы жағы тәрізді белгіленеді

108. Көп жолды учаскелердегі поездар көп жолды учаскенің бір немесе басқа жолы бойынша белгіленген қозғалыс тәртібіне байланысты бір және екі жолдағыдай белгіленеді.

109. Қар тазалағыш бір жолмен және екі жолды учаскенің дұрыс жолы бойынша қозғалғанда, былай белгіленеді:

егер қар тазалағыш бас жақта болса, онда: күндіз - бүйірлік ілгектердегі екі сары жайылған жалаушамен; түнде - бүйірлік фонарьлардың екі сары отымен, ал локомотив жаққа қарай - екі мөлдір-ақ бақылау оттары осы нұсқаулықтың 123-қосымшасына сәйкес.

егер локомотив бас жағында болса: күндіз - буферлік фонарьлардың жанындағы жайылған, екі сары жалаушамен, түнде - буферлік фонарьлардың екі сары оттарымен осы нұсқаулықтың 116-қосымшасына сәйкес.

Қар тазалағыштың соңғы жағы жеке келе жатқан локомотивтің соңғы  жағы тәрізді белгіленеді.

110. Қар тазалағыштар екі жолды учаскенің дұрыс емес жолы бойынша бас жақта қозғалғанда, блылай белгіленеді: күндіз - екі сары жайылған жалауша және бүйірлік ілгектерге ілінген сарының астындағы жайылған қызыл жалауша: түнде тиісінше фонарьлардың екі сары және бір қызыл оты, ал локомотив жаққа қарай - үш мөлдір ақ бақылау оты осы нұсқаулықтың 124-қосымшасына сәйкес.

Егер локомотив бас жағында болса, онда ол қозғалыстың бас жағындағы қар тазалағыш тәрізді белгіленеді осы нұсқаулықтың 124-қосымшасына сәйкес.

111. Локомотив маневрлік қозғалыстар кезінде, оның ішінде поезд құрамына қарай және поезд құрамынан қозғалғанда, түнде локомотивті басқаратын негізгі пульт жағынан буферлік білеулерде алдыңғы және артқы жақтарынан бір-бірден мөлдір ақ оты болуы тиіс.

112. Алмалы-салмалы түрдегі дрезиналар, жол вагоншалары және басқа алмалы-салмалы жылжымалы бірліктер аралықта болған кезде мыналар болуы тиіс:

бір жолды жолда және екі жолды учаскенің дұрыс емес жолы бойынша қозғалғанда, күндіз - екі жағы қызыл түске боялған, тік бұрышты қалқанша немесе сырыққа байланған, жайылған қызыл жалауша; түнде - сырыққа бекітілген алдыңғы және артқы жақтан қызыл отты фонарь.

екі жолды учаскелерде, дұрыс жолмен қозғалған кезде, күндіз - алдыңғы жағы ақ түске, артқы жағы қызыл түске боялған тік бұрышты қалқанша, түнде - алдыңғы жағында мөлдір-ақ от, ал артқы жағында сырыққа байланған қызыл отты фонарь.

Аралықта электрлендірілген учаскелерде жұмыс істегенде, алмалы-салмалы жөндеу мұнараларында мыналар болуы тиіс:

бір жолды учаскелерде және екі жолды учаскенің дұрыс емес жолы бойынша қозғалғанда, күндіз - екі жақтан да жайылған қызыл жалауша; түнде - алдыңғы және артқы жақтан қызыл отты фонарь;

екі жолды учаскелерде, дұрыс жол бойынша қозғалғанда, күндіз - поездың қозғалыс бағыты бойынша оң жақта, жайылған қызыл жалауша; түнде - алдыңғы жағында фонарьдың мөлдір-ақ оты, артқы жағында - фонарьдың қызыл оты Сигналдар барлық жағдайларда алмалы-салмалы жөндеу мұнарасының жерленген белдеуінің жоғарғы деңгейіне бекітілген болуы тиіс.

Аралықтағы алмалы-салмалы жөндеу мұнаралары мен жол вагоншалары, одан басқа жөндеу мұнарасымен және вагоншамен бір мезгілде қозғала отырып тасымалданатын немесе қызыл қол сигналдарымен, басшылыққа алынған еңіске және аралықтағы рұқсат етілген жылдамдыққа байланысты осы нұсқаулықтың 38-қосымшасының 4-бағанында көрсетілген Б қашықтықта екі жағынан қоршалған болуы тиіс.

Станцияда жұмыс істегенде, алмалы-салмалы жөндеу мұнарасында мыналар болуы тиіс: күндіз - екі жағында да жайылған қызыл жалауша, түнде - алдыңғы және артқы жағынан фонарьдың қызыл оты;

Жол вагоншасы: күндіз - екі жағы қызыл түске боялған қалқанша немесе сырыққа байланған қызыл жалау; түнде - алдыңғы және артқы жағында сырыққа бекітілген фонарьдың қызыл оты.

Станциялық жолдармен және бағыттамалы бұрмалармен қозғалғанда, алмалы-салмалы жөндеу мұнаралары мен жол вагоншалары екі жағынан кемінде 50 м қашықтықта алмалы-салмалы жөндеу мұнаралары мен жол вагоншалары қозғалғанда бірге қозғалатын, тасымалданатын және қызыл қол сигналдарымен қоршалған болуы тиіс

Егер екі жолды немесе көп жолды учаскеде көрші жол бойынша қарама-қарсы поезд жүретін болса, онда алмалы-салмалы жөндеу мұнараларын, жол вагоншаларын немесе басқа жылжымалы алмалы-салмалы бірліктерді алдыңғы жағынан бөгейтін қызыл сигнал поезд өткенге шейін алынып тасталады.

Екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерден және жолаушылар поездары 120 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын учаскелерден басқа, екі жолды электрлендірілген учаскелерде алмалы-салмалы жөндеу мұнараларын поездардың дұрыс жол бойынша қозғалатын жағынан қоршауға рұқсат етіледі. Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мұндай учаскелерде алмалы-салмалы жөндеу мұнараларының жұмысын ұйымдастыру тәртібін темір жол көлігі кәсіпорнының басшылығы жергілікті жағдайларды ескере отырып, белгілейді.

Алмалы-салмалы жөндеу мұнараларын, жол вагоншаларын немесе басқа жылжымалы алмалы-салмалы бірліктерді қоршайтын темір жол қызметкерлері, жылжымалы бірліктердің қозғалысына басшылық жасайтын басқа қызметкерлер поездың жақындағаны туралы сигналдарды беру үшін тасымалдау қалқаншаларынан, қол жалаушалары және сигналдық фонарлардан, петардалардан, үрлеу сырнайларынан басқа, егер қажет болса, поезды тоқтату сигналдарымен жабдықталуы тиіс.

 

 

6. Дыбыс сигналдары



 

§ 1. Дыбыс сигналдарының түрлері

 

113. Поездар қозғалғанда дыбыс сигналдары локомотивтердің, моторвагонды поездардың және дрезиналардың ысқырықтарымен, үрлеу сигналдарымен, қол ысқырықтарымен беріледі осы нұсқаулықтың 125-қосымшасына сәйкес.



Радиобайланыс болған жағдайда, дыбыс сигналдары поездар қос тартыммен немесе итеруші локомотивпен жүргенде, машинистер арасындағы сөйлесулермен ауыстырылуы мүмкін.

114. Хабарлаушы сигнал - бір ұзын ысқырық, ал дұрыс емес жолмен қозғалғанда - локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның бір ұзақ, қысқа және ұзын ысқырығы мына жағдайларда беріледі:

поезд станцияларға, жол қосындарына, жолаушылар тоқтайтын пункттерге, жылдамдықты азайтуды талап ететін тасымалданатын және қол сигналдарына, «С» сигналдық белгілеріне, ойықтарға, жолдың қисық учаскелеріне, тоннелдерге, өтпелерге, алмалы-салмалы дрезиналарға, алмалы-салмалы жөндеу мұнараларына, жол вагондарына және алмалы-салмалы жылжымалы бірліктерге жақындағанда;

тасымалдау сигналдарының бар болуына байланыссыз ескертуде көрсетілген километр алдындағы километрден бастап жұмыс орнына жақындағанда;

сигналшылар беретін «Ток қабылдағышты түсіру» қол сигналын қабылдағанда;

жолда тұрған адамдарға жақындағанда және темір жол көлігі кәсіпорны басшылығының бұйрықтарында көрсетілген басқа жағдайларда. Тұман, боран және көрінуді нашарлататын басқа қолайсыз жағдайларда хабарлаушы сигнал бірнеше рет қайталанады, ал дұрыс емес жолмен жүргенде локомотивтің бір ұзын, қысқа және ұзақ ысқырығы беріледі.

Поезд қабылданып жатқандықтан, маневрлерді тоқтатқан поезд құрастырушылары, сигналшылар мен бағыттауыш қосынның кезекшілері хабарлаушы сигнал бойынша әрқайсысы өз учаскесінде қабылданатын поездың қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілгенін тексеруге және оған көз жеткізуге міндетті.

115. Қырағылық сигналы мына жағдайларда локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның бір қысқа және бір ұзын ысқырығымен беріледі және мерзімді түрде қайталанып отырады:

шартты-рұқсат етуші сигналы бар қызыл отты өту бағдаршамына жақындағанда және ары қарай блок-учаске бойынша жүріп кеткенде;

қызыл отты, сондай-ақ көрсетуі түсініксіз немесе оның алдында тұрғаннан кейін сөніп қалған өту бағдаршамы арқылы жүріп өткенде және ары қарай блок-учаске бойынша жүріп кеткенде;

шақыру сигналын білдіретін, ай тәрізді-ақ оты бар кіру сигналына жақындағанда және кіру сигналының тыйым салу көрсеткішінде немесе оның негізгі оттары сөніп қалғанда, поезды станцияға қабылдаудың басқа барлық жағдайларында поезды дұрыс емес жол бойынша қабылдағанда (бұл жол бойынша кіру сигналы болмағанда). Бұл сигнал станция алқымы арқылы өткенде де берілуі тиіс.

116. Екі жолды учаскелердің аралықтарында поездар кездескенде бір ұзақ ысқырықпен хабарлаушы сигналдар: бірінші сигнал - қарсы поезға жақындағанда, екіншісі - қарсы поездың соңғы бөлігіне жақындағанда беріледі.

117. Поездың жақындағаны туралы дыбыстық сигналдар беріледі: аралықта темір жол жолын және жасанды құрылыстарды қараушылармен, өтпе жолдар бойынша кезекшілермен, жол жұмыстарының және түйіспе желі жөніндегі жұмыстардың басшыларымен, алмалы-салмалы жөндеу мұнараларының, жол вагоншаларының қызметкерлерімен; станцияларда - сигналшылармен және бағыттауыш кіру қосындарының кезекшілерімен. Тақ поездың жақындағаны туралы хабарлау - бір ұзақ дыбыстық сигналмен, ал жұп поездың жақындағаны туралы хабарлау - екі ұзақ дыбыстық сигналмен беріледі.

Сигналшылар және бағыттауыш кіру қосындарының кезекшілері поездың жөнелтілу сигналын естіп, бір ұзақ дыбыстық сигнал береді.

118. Темір жол көлігі кәсіпорны басшылығымен белгіленген тізбе бойынша ірі қалалар, елді мекендер, шипажай орындары шектерінде орналасқан станциялар мен аралықтарда локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның ысқырығын беру дауыс қаттылығы аз ысқырықпен жүргізіледі, локомотивтің итеруші поезбен жүру жағдайын, адамдарды немесе кедергіні басып кету қатерін, сондай-ақ қырағылық және дабыл сигналдарын беру қажеттілігін есепке алмағанда.

Осы станцияларда поезд жөнелтілгенде, автотежегіштер сыналғанда және деполық жолдармен жүргенде, локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның ысқырық сигналдары берілмейді.

 

 

§ 12. Дабыл сигналдары және арнайы көрсеткіштер



 

119. Дабыл сигналдары локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның ысқырықтарымен, гудоктарымен, сиреналарымен, үрлеу сырнайларымен, әскери сигналдық сырнайлармен, әуеге асылып тұрған метал заттарды соққылау арқылы беріледі.

Дыбыстық сигналдарда белгіленген дыбыстар олар соққылаумен берілген кезде:

ұзағы - бірінің артынан бірі жиі кезектесетін соққылармен;

қысқасы - қажетті қысқа дыбыстар саны бойынша сирек соққылармен.

120. «Жалпы дабыл» сигналы бір ұзақ және үш қысқа дыбыстан тұратын топпен:

__... __... ___...

келесі жағдайларда:

жолда қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақаулық байқалғанда, қар басып қалғандықтан поезд тоқтағанда, поезд қирағанда және көмек талап етілетін басқа жағдайларда беріледі.

Сигнал қажет болғанда темір жолдың әрбір қызметкерімен беріледі.

121. «Өрт дабылы» сигналы бір ұзақ және екі қысқа дыбыстан тұратын топпен:

__.. __.. __..

Сигнал қажет болғанда темір жолдың әрбір қызметкерімен беріледі.

122. «Әуе дабылы» сигналы сиреналардың ұзақ дыбысымен, сондай-ақ 2-3 минут ішінде бірқатар үзіліссіз қысқа дыбыстармен беріледі,

..........

Қалаларда орналасқан станцияларда және темір көлігінің басқа ұйымдарында қалада берілген немесе радиотрансляция жүйесімен берілген «Әуе дабылы» сигналы, дереу сиреналармен, сондай-ақ локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның ысқырықтарымен қайталанады

Қалалардан тыс орналасқан станцияларда және темір көлігінің басқа ұйымдарында «Әуе дабылы» сигналы осы құралдармен тиісті станция, зауыт, кәсіпорын бастығының өкімімен беріледі.

Аралықтарда «Әуе дабылы» сигналы локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның ысқырықтарымен беріледі:

әскери поездарда - тасымалданатын әскери бөлімшенің жеке құрамынан бөлінген бақылаушының өкімімен;

басқа поездарда - поезд жүргізіп келе жатқан локомотив машинисімен беріледі.

Теміржолда (поезда, станцияларда және темір жол көлігінің басқа ұйымдарында) радиотрансляция жүйесі болғанда, әуе дабылы сигналын беру туралы хабарлау осы желі арқылы жүргізіледі.

123. «Радиациялық қауіп» немесе «Химиялық дабыл» сигналдары 2-3 минут ішінде беріледі:

аралықтарда - локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның бір ұзақ және бір қысқа дыбыстардан тұратын ысқырықтармен

__. __. __.

Станцияларда және темір жол көлігінің басқа ұйымдарында - асылған металл заттарға жиі соққылау арқылы беріледі.

«Радиациялық қауіп» немесе «Химиялық дабыл» сигналдары станцияларда және темір жол көлігінің басқа ұйымдарында тиісінше станция бастығының және темір жол көлігінің басқа ұйымдарының өкімі бойынша, ал аралықтарда жетекші локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның машинисімен беріледі.

Теміржолда радиотрансляция жүйесі болғанда, радиациялық қауіп немесе химиялық қауіп туралы хабарлау осы желімен аталған сигналдардың мәтінін беру арқылы жүргізіледі.

124. Әуе дабылының аяқталғаны, сондай-ақ радиоактивтік немесе уландырушы заттармен зақымдану қатерінің өткені туралы темір жол қызметкерлері мен жолаушылар:

станцияларда және темір жол көлігінің басқа ұйымдарында - тиісінше станция, зауыт, кәсіпорын бастығының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның нұсқауы бойынша радиотрансляция желісі және хат-хабар тасушыны қоса алғанда, басқа байланыс құралдары арқылы;

жолаушылар поездарында - поезға қызмет көрсетуші қызметкерлер немесе поездық радиотрансляция желісі арқылы берілетін жолаушылар поезы бастығының (механик-бригадирдің) нұсқауы бойынша;

әскери поездарда - станция бойынша кезекшіден хабар алған кезде эшелонның байланыс құралдарымен эшелон бастығының нұсқауы бойынша;

жүк-жолаушылар, почта-багаж және жүк поездарында - станция бойынша кезекші арқылы хабарланады.

125. Поездың қағынған учаскеге кетіп бара жатқаны туралы локомотив бригадаларына және поезға қызмет көрсетіп жүрген басқа қызметкерлерге ескерту үшін, сондай-ақ оған адамдардың жеке қорғану құралдарынсыз (газ тұмылдырықсыз, қорғағыш костюмдерсіз және т.б.) кіруін болдырмау үшін мұндай учаске «Қағынған» арнайы көрсеткішімен қоршалады (9.1-суреті).

Станциялар мен аралықтарда «Қағынған» көрсеткіштері қағынған учаске шекарасынан 50 м-ден аспайтын қашықтықта орнатылады. Аралықтар одан басқа қозғалыс бағыты бойынша оң жақтан қағынған учаскенің екі жағынан бірінші «Қағынған» көрсеткішінен 1200 м қашықтықта, дәл сондай екінші көрсеткіштермен қоршалады. «Қағынған» көрсеткіштері жер төсемінің жиегіне немесе жол аралығына орнатылады.

Поезд жүрісі бойынша бірінші «Қағынған» көрсеткіші алдына немесе қағынған учаскенің барлығы туралы станция бойынша кезекшіден алынған хабарландыруда көрсетілген орын алдында (учаске қоршалған ба, әлде қоршалмаған ба оған байланыссыз) жетекші локомотивтің машинисі «Радиациялық қауіп» немесе «Химиялық дабыл» сигналдары беріледі және белгіленген жылдамдықпен қағынған учаске бойынша жүру қамтамасыз етіледі.

«Қағынған» көрсеткіштері түнде жарықталынуы тиіс.

126. Бағдаршамдардың, фонарлардың, бағыттауыш көрсеткіштердің, поездық, қол және басқа сигналдардың сигналдық оттары жарықтан бүркемелейтін құрылғылармен қамтамасыз етілуі тиіс.

 

Темір жол көлігіндегі



сигнализация туралы

нұсқаулыққа

1-қосымша

 

 

Шақыру сигналы



 

линзалық                                                            прожекторлық

Сурет

 

Темір жол көлігіндегі



сигнализация туралы

нұсқаулыққа

2-қосымша

 

 

Шығу бағдаршамдары



 

Сурет


 

Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы

нұсқаулыққа

3-қосымша

 

 

Кіру, маршруттық, шығу бағдаршамдары



 

Сурет


 

Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы

нұсқаулыққа

4-қосымша

 

 

Кіру, маршруттық, шығу бағдаршамдары



 

Сурет


Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы



нұсқаулыққа

5-қосымша

 

 

Кіру бағдаршамы



 

Сурет


Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы



нұсқаулыққа

6-қосымша

 

 

Кіру бағдаршамы



 

 

Сурет



 

Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы

нұсқаулыққа

7-қосымша

 

 

Кіру бағдаршамы



 

Сурет


Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы



нұсқаулыққа

8-қосымша

 

 

Кіру бағдаршамы



 

Сурет


 

Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы

нұсқаулыққа

9-қосымша

 

 

Кіру бағдаршамы



 

Сурет


Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы



нұсқаулыққа

10-қосымша

 

 

Кіру бағдаршамы



 

Сурет


 

Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы

нұсқаулыққа

11-қосымша

 

 

Кіру және маршруттық бағдаршамы



 

Сурет


Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы



нұсқаулыққа

12-қосымша

 

 

Кіру және маршруттық бағдаршамы



 

Сурет


 

Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы

нұсқаулыққа

13-қосымша

 

 

Кіру және маршруттық бағдаршамы



 

Сурет


 

Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы

нұсқаулыққа

14-қосымша

 

 

Шығу бағдаршамы



 

Сурет


 

Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы

нұсқаулыққа

15-қосымша

 

 

Шығу бағдаршамы



 

Сурет


 

Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы

нұсқаулыққа

16-қосымша

 

 

Шығу бағдаршамы



 

Сурет


 

Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы

нұсқаулыққа

17-қосымша

 

 

Шығы бағдаршамы



 

Сурет


 

Темір жол көлігіндегі

сигнализация туралы

нұсқаулыққа

18-қосымша

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет