Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы
5В050400 – «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған «Баспа ісінің спецификасы» пәнінен
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Павлодар
1 Пәннің мақсаты
- студенттерді заманауи аппаратты редакциялық-баспалық құралдармен және бағдарламалық қамтылумен таныстыру;
- полиграфияда қолданылатын базалық технологиялардың мазмұндамасы; - баспалық БАҚ-ын құру саласында студенттердің практикалық дағдысын қалыптастыру;
- түрлі сандық тасығыштар мен байланыс каналдарын қолдана отырып, студенттерге ақпаратты сақтаудың жолдарын көрсету;
- баспалық бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялық жұмысында қолданылатын қазіргі техника, кітап баспасының тарихымен таныстыру;
- баспа ісін экономикалық тұрғыдан ұйымдастырудың негіздерін оқу.
Пәннің міндеттері
- студенттерге баспалық БАҚ құрудың практикалық дағдыларын қалыптастырудың, газет-журналдардың сапасын бағалай білу жолдарын көрсету;
- оларға баспалық БАҚ шығару жөнінде икем-дағдыларын игерту;
- баспа үдерісіндегі редактордың орны мен қазіргі баспа орындарының құрылымы туралы ұғымдарын қалыптастыру;
- қазіргі баспа өндірісінің механизмі іспетті маркетинг пен менеджменттің негізгі элементтері жайлы қажетті білім көлемін беру;
- ақпараттық технологияларды қолдана отырып, студенттерге қоғамдық типтегі мамандық болып табылатын баспа ісінің негіздерін игерту.
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің ұғымдары болуы тиіс:
- баспалық БАҚ құруға арналған полиграфиядағы технологиялар туралы; - қазіргі кітап өндірісінің масштабы туралы, оның дамуының қарқыны мен үрдісі туралы;
- әлем бойынша және жеке елдер бойынша шығарылатын баспа өнімдерінің көлемі туралы.
Студенттер білуі тиіс:
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану негізіндегі журналистік өнімдердің шығарылу және таралуының даму жағдайы мен үрдістерін;
- баспа өнімдерінің қызмет ету ерекшеліктерін;
- қазіргі редакцияның техникалық құрылымының ерекшеліктерін;
- баспа ісіндегі заманауи ақпараттық жүйелер;
- баспагер-маман арсеналындағы техникалық құралдар;
- полиграфиялық техника мен полиграфиялық үдерістер;
- қазіргі электронды редакциялық-баспа техникасын;
- баспа тиражының версткасы мен басылуы;
- басып шығарудың негізгі технологиялық схемасы;
- фотографияның фотографиялық техникасын және бейнелеу құралдарын
Студенттер істей алуы тиіс:
- жол форматын, жолдан түсіру параметрлерін дұрыс қою;
- макетке сәйкес дәлдікпен «жасалған түр бойынша» верстка жасай алу;
- қандай да бір баспаның ерекшеліктеріне сәйкес мәтіндік және графикалық ақпаратты орналастыру;
- буклет, журнал, газет, кітаптар және т.б. версткаларын орындау;
- өнімнің көркемділігін жоғарылатуға арналған спецэффектілерді қолдану;
- баспаға дейінгі дайындықты жасау және басылымды бақылау, баспа параметрлерін тиісті қалыпқа келтіру;
- редакциялық ұжымда жұмыс істеу
2 Пререквизиттер:
Журналистикалық шеберлік, Журналистика менеджменті мен маркетингі, Этика, заңнама және БАҚ, Медиадизайн
3 Постреквизиттер:
Журналистика бойынша мастер класс, Газет, журнал, телерадиобағдарлама шығару
Сабақтың мазмұны
1-тақырып. Пәнге кіріспе. Оқу көздері
1 «Баспа ісінің спецификасы» пәнінің мазмұны.
2 Пәнді оқыту мақсаттары, теориялық білім мен практикалық дағдыларын, біліктіліктерін қалыптастыру.
3 Ғылыми-техникалық төңкеріс пен нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін қазіргі редактор – баспагердің кәсіби қалыптастыратын пәндердің ішіндегі аталған пәннің орны.
2- тақырып. Баспа ісінің құқықтық негіздері. Қазақстанның қазіргі баспа жүйесі. Баспа және мемлекет
1 Баспа ісі саласындағы негізгі заңнамалық актілердің сипаттамасы.
2 Заңнамалық актілерге сүйенетін басқа да заңдардың сипаттамасы: «Авторлық құқық және қосалқы құқықтар туралы», «Құжаттардың міндетті даналары туралы» және т.б. РФ Заңдары.
3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кітап баспасы ісін дамытуға және демеуге бағытталған Қаулысы және басқа да нормативтік құжаттары
4 Баспагердің мемлекетен екіжақты байланысы: біріншіден – баспагердің мемлекетке тәуелділігінен құтылуға тырысуы, екіншіден – мемлекет тарапынан көмекке мүдделену, заңдық, экономикалық және ұйымдастырушылық сұрақтарды шешу бойынша мемлекет тарапынан көмек алу.
3-тақырып. Қазіргі баспа орнындағы редактор
1 Нарықтық экономика жағдайындағы редактор рөлінің жоғарылауының объективті заңдылықтары
2 Редактор баспа орнының шығармашылық басылымдылықтарын қалыптастыратын, тақырыптық басты жоспарды анықтайтын, редакциялық-баспа үдерістерінің даму перспективасын анықтайтын басты тұлға іспетті.
4-тақырып Баспа орнының автормен қарым-қатынасы
1 Авторлық құқықтың негізгі ережелері және типтік авторлық келісімшарттар.
2 Әдеби, публицистикалық, журналистік шығармаларға келісімшарттар.
3 Бейнелеу өнері туындыларына келісішарттар.
5-тақырып Баспалық БАҚ тарихы, полиграфиялық үдерістердің даму тарихы.
1 Кітап баспа ісінің тууы
2 Жоғары баспа
3 Теру үдерістерінің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы
4 Баспа түрлері
6-тақырып БАҚ қазіргі редакциясының құрылымы мен қызмет етуі
1 Қазіргі баспалық БАҚ редакциясының құрамы
2 Мерзімді басылымдардың шығарылу кезеңдері
3 Қазіргі редакторлық-баспа ісіндегі Интернеттің орны.
7-тақырып Редакциялық-баспа үдерісі
1 Редакциялық-баспа үдерісінің мәні мен мазмұны
2 Автормен келісімшарттар жасасу
3 Автор туындысын баспа орнының қабылдауы
8-тақырып Мәтіндік және көркем материалдарды баспаға дайындау. Көркем түпнұсқалардың шығарылуы
1 Ақпаратты енгізу және беру қондырғылары
2 Ақпаратты енгізуге арналған бағдарламалық қамтылулар: теру бағдарламалары, мәтінді оптикалық тану жүйелері .
3 Дауысты қабылдау жүйелері
4 Базалық кешен: компьютер, монитор, сканер, принтер
5 Модемдер, персоналды коммуникаторлар
6 Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған қазіргі компьютерлік платформалардың салыстырмалы анализі, платформааралық сәйкестіктер.
7 Сандық фотоаппараттар. Оны БАҚ қолдану мәнісі, даму перспективасы.
8 Растр, оның тағайындамасы, линиатура
9 Көркем түпнұсқаларды дәстүрлі фотохимиграфиялық және заманауи электронды тәсілдермен өңдеудің салыстырмалы сипаттамасы: технологиялық схемалар, мүмкіндіктері, алғышарттары
9-тақырып. Газет, журнал, кітаптардың макеттелу және версткалану ерекшеліктері
1 Газет құрамы
2 Типтік макеттер
3 Газеттің мәтіндік және графикалық материалдарының өңделу ерекшеліктері
4 Журнал құрамы
5 Типтік макеттер
6 Бір басылымда бірнеше макетті құруға арналған мастер-шаблондарды қолдану
7 Модульдік торапты құру
8 Көпқатарлы верстка
9 Кітап элементтері
10 Кітап өнімдерінің типтік форматтары
11 Стиль және мастер-шаблондарды қолдану арқылы кітап версткасын жасау
10-тақырып. Әр түрлі типтегі басылымдарға арналған баспадан кейінгі үдерістер
1 Брошюралау үдерістері: парақтарын беттестіру, қиюластыру, фальцовка,блоктарды комплектілеу, дәптерлерді сығымдап бекіту, мұқабаның жасалуы
2 Өңдеу үдерістері: лактау, үлдірлеу, фольгамен сығымдау
11-тақырып. Баспа ісіндегі интернет – технологиялар
1 Интернет мүмкіндіктері
2 Қазіргі редакторлық-баспа қызметіндегі Интернеттің маңызы
3 Замануи редакцияның техникалық құрылымының ерекшеліктері
12- тақырып. Баспа менеджменті және маркетингі
1 Қазіргі баспа өнеркәсібіндегі механизм ретіндегі маркетинг пен менеджменттің басты элементтері
2 Баспа өнеркәсібі қызметінің тиімді нәтижесін көру мақсатында маркетинг, менеджмент және нарықтық шаруашылықтың басқа да механизмдерінің элементтерін қолдану.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі
1) Галкин С. И. Техника и технология СМИ: художественное конструирование газеты и журнала: учеб. пособие для вузов/С. И. Галкин. - М.: Аспект Пресс.-2005 г., 216 с.;
2) Мжельская Е. Л. Редакторская подготовка фотоизданий: учеб. пособие для студ. вузов/Е. Л. Мжельская. - М.: Аспект Пресс.-2005 г., 112 с.;
3) Cикорский Н. М. Теория и практика редактирования: учебник для студентов вузов обучающихся по спец. "журналистика". - М.: Высшая школа, 1971 г., 367 с.;
4) Мильчин А. Э. Методика редактирования текста. - М.: Книга, 1980 г., 320с.;
5) Справочная книга редактора и корректора: Редакционно-техническое оформление издания/Сост. и общ. ред. А.Э.Мильчина. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Книга, 1985 г., 576 с.;
6) Смирнова Е. В. Издательская деятельность в современном вузе:Организационные основы и особенности редакционного процесса: учеб.-метод. пособие для системы повышения квалификации рук. и спец. ред.-изд. подразделений вузов/Е.В.Смирнова, З.Н.Федотова. - М.: Логос:МГУП, 2001 г., 183 с.;
7) Межгосударственный стандарт библиотечная статистика: Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу//Кiтапхана, 2004 г., N5-6, С.54-59
Қосымша
8) Казбекова Н. А. Становление библиотек как образовательных учреждений просветительных обществ и некоторые вопросы развития издательского дела в Казахстане: (вторая половина Х1Х-начало ХХ вв.)//ҚазҰҮ хабаршысы. - Вестник КазНУ (КазГУ), 2007 г., N 1, С.97-100;
9) Гречихин А. А. Вузовская учебная книга: Типология стандартизация, компьютиризация: Учеб.-метод. пособие в помощь авт. и ред. - М.: Логос, 2000 г., 255 с.;
10) Эриашвили Н. Д. Книгоиздания: Менеджмент и маркетинг: Учеб. пособие для вузов, 2-еизд. перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001 г., 304 с.;
11) Вильберг Г. П. Азбука книжного дизайна/Пер. с нем. В. Г. Еременко. - СПб.: Изд-во СПбГПУ, 2003 г., 109 с.;
12) Касымов Е. Д. У истоков казахского книгоиздания/Е. Д. Касымов. – Алматы, 1998 г., 23 с.;
13) Феллер М. Д. Социальный прогресс и прикладные исследования в области издательского дела//Книга: Исследования и материалы. - М.,1985 г., С. 29-46;
14) Шлюпер Е. В. Автор, редактор и читатель научно-художественной книги//Книга: Исследования и материалы. - М.,1980 г., С. 42-63;
15) Издательско-полиграфический и книговедческий словарь-справочник//Краткий справочник книголюба. - М., 1976 г., С.155-190
Достарыңызбен бөлісу: |