Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №216 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет12/31
Дата09.06.2016
өлшемі2.69 Mb.
#125266
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
§ 1. Бондық қоршаулар

 

561. Қалқымалы бондық қоршаулар ұзындығы кеменің пайдалану ауданын ескеріп белгіленеді және әртүрлі пайдалану жағдайларында мұнайдың құйылуын жою технологиясы және мыналарды құрайды:

жүккөтерімділігі 2000-200 м жоғары өздігінен жүретін және мұнай құюға арналған кемелер үшін, сонымен бірге екінші түбі және/немесе 2,5L екінші борты жоқ, мұндағы L-кеменің конструктивтік сызығы;

оларды 2В кем болмайтын бондық қоршаумен жабдықтаған жағдайда, мұнай операцияларын жүргізетін кемелердің басқа түрлері үшін, мұндағы В кеменің ені.

562. Қалқымалы бондық қоршаулар параметрлері осы Қағиданың 11-қосымшасында келтірілгенмен сәйкес болуы қажет.

563. Қалқымалы бондық қоршаулар 5,5 м кем емес биіктіктен зақымдамай суға лақтыруға төтеп береді және тұрақты отырумен және су үсті бортын толқында және ағыста сақтайды.

564. Бондық қоршауларды жасауға арналған құрылыс материалдары жанбайтын немесе жанатын баяу жалынмен таралатын болуы қажет.

565. Қалқымалы бондық қоршауларды дайындауға арналған конструкциялық материалдар оларды оны қолмен орнату немесе штатты кемелік құрылғыларды қолданумен және кемелік механизмдер көмегімен бортқа қоршауларды көтеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

566. Бондық қоршаулар қалтқыларының бірлікке су ығыстыруы олардың ұзындығы зәкірге қоршауды орнату кезінде туындайтын су үсті бортына қажетті балласт және күш көлемін ескеріп қамтамасыз етуге жеткілікті болады.

567. Бондық қоршаудың ұзындық бірлігіне балласт көлемі бондық қоршаудың тік осінен есепті пайдалану шартының 150 кем емес бұрышына бонның етегінің тік жағдайда ауытқуын қамтамасыз ету, үшін оның тік орналасуын сақтау үшін жеткілікті.

568. Қалқымалы бондық қоршаулар кемелік арқандап байлау құрылғысын, зәкірлік буйға немесе жағаға бекіту үшін арқандап байлау арқандармен жабдықталады.

569. Қалқымалы бондық қоршаулар секциясының саны бөліктер конструкциясы олардың жалғануы бондық қоршауды суға түсіру, кеменің бортына көтеру және мұнай дақтарын жою шарттарынан таңдалады, бірақ барлық жағдайларда суға түсіруге дайындықтың қосынды уақыты және жұмысы жағдайына бондық қоршауды орнату 30 минуттан аспайды.

570. Бойлық созылу күшін қабылдайтын қалқымалы бондық қоршаудың элементтері пайдалану шарттарында жеткілікті беріктілікке ие.



Созылу күшінің шекті мәні қалқымалы бондық қоршауды орнатуға арналған техникалық шарттарда көрсетіледі.

571. Қалқымалы бондық қоршаулар тез шешілетін бекітулер көмегімен кемеге нығайтылады.



 

 

§ 2. Сорбент, арнайы киімдер жинағы



 

572. Мұнайды жинау үшін экологиялық қауіпсіздік сорбенті қолданылады.

Сорбенттің қажетті көлемі Vс мынадай формуламен есептеледі, м3:

 

Vс = 1500/(Нс ас),

 

мұндағы Нс - су температурсы 00 С, кг/кг кездегі сорбенттің мұнай сыйымдылығы.;

ас - сорбенттің үйілген тығыздылығы кг/ м3.

573. Сорбенттің су сіңіруі 10 кг/кг аспауы қажет. Кепілдік сақтау мерзімі орнатуға арналған техникалық шарттарда көзделеді.

574. Мұнай өнімдерін құю зонасына сорбентті беруге арналған құрылғы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) сорбент тозаңданған кезде құрылғыны беру - 0,6 м3/ч кем емес;

2) құрылғы әрекетке кемелік энергия көздерінен келтірілетін, қолдық, ауыспалы автоматты энергия көздерімен немесе стационарлы болады.

575. Мұнай жинау құбырлары механикаланған жинаудан (скиммерлер) немесе қолмен жиналған болады (тор қарпығыш) және мынадай талаптарға сәйкес келеді:



1) скиммерлер кеменің жұмыс акватория ағысының жылдамдығын және қалқымалы бондық қоршау конструкциясын ескеріп бондық қоршаулар астынан мұнайды алып кетуді болдырмау үшін жеткілікті өнімділігі болады;

2) торлы қарпығыштар сорбентпен жұмыс істелген қолмен жинау үшін 5 мм аспайтын, көлемі 0,006 м3 және тұтқа ұзындығы 1,5 кем емес ұяшықтары болады. Сараптау саны- екеуден кем емес.

576. Контейнерлер ретінде, қосынды сыйымдылығы 1 т кем емес мұнай өнімдерін қабылдауды қамтамасыз ететін кемеде орнатылған сыйымдылықтарды қолданады.

577. Арнайы киімдер жинағына мынадай талаптар қойылады:

1) Костюм жинағының қыстық/жаздық нұсқалары кеменің жүзу ауданының ерекшелігін ескеріп шығарылады.

2) Жинақ мұнаймен жұмыс істеуге арналған костюмнен тұру қажет: комбинезон, куртка шалбарымен, немесе жартылай комбинезонмен; ұзын қонышты етік, мұнаймен жұмыс істеуге арналған қолғап, бас киім (капишон болмаған жағдайда). Мұнай өнімінің ерекшелігіне байланысты қажет болған жағдайда жинаққа қорғаныш көзілдірік және тұмылдырық қосылады.

3) арнайы киім жинағының саны - төртеуден кем емес. Егер кеме экипажының саны 4 адамнан кем болса, арнайы киім жинағының саны экипаж санына сәйкес келеді.

 

 

16-бөлім. Пайдаланылған сулармен ластануды болдырмау үшін кемелердің жабдықтарына және



 құрылғыларына қойылатын талаптар

 

78. Жалпы талаптар

 

578. Экипажды кеме мыналармен жабдықталады:

1) ағынды-фандық жүйелермен;

2) пайдаланылған сулар үшін жинаушы цистерналармен;

3) пайдаланылған суларды қабылдау құрылғысына беру үшін стандартты құймалы жалғаулармен;

4) пайдаланылған суларды өңдеуге арналған қондырғы.

579. Егер жабдық осы Қағиданың 578-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген экологиялық қауіпсіздік шарттары бойынша қажетті жергілікті жүзуді қамтамасыз ететін болса, кеме пайдаланылған суларды өңдеуге арналған қондырғымен жабдықталмайды.

580. Кеме қатынасы тіркеліміне осы Қағиданың 30-қосымшасына сәйкес экологиялық қауіпсіздік шарттары бойынша жергілікті жүзу есебі ұсынылады.

581. Жинау цистерналарын, сыйымдылықтарды, жинау жүйелерін, айдауды басқа мақсатта қолдануға, өңдеу және олардың құрамына кіретін жабдықтармен және құбырлармен пайдаланылған суларды беру және оларды басқа жүйелермен осы Қағиданың 599, 607-тармақтарын қоспағанда жалғауға рұқсат етілмейді.



 

 

79. Жиналмалы цистерналар



 

582. Жиналмалы цистерналардың қосынды сыйымдылығы тапсырыс берушімен (кеме иесімен) келісілген есеппен анықталады; есеп Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылады.

583. Жиналмалы цистерна Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес келу қажет.

584. Жиналмалы цистерналар мүмкіндігінше сыртқы жинақ жүйесімен орындалады. Олардың түбі құбырдың қабылдау жағына қарай еңіс болады.

585. Жиналмалы цистерналар мыналармен жабдықталады:



1) ішке кіру және тазарту үшін мойын;

2) тұнбаларды қопсытуға арналған жүйелермен;

3) жууға арналған жүйелермен;

4) әуе құбырымен;

5) рульдік рубкаға және ОБП цистернадағы деңгейдің 80 % жеткені туралы жарықты және дыбысты сигнал беруші құрылғымен;

6) сұйықтық деңгейін өлшеу жүйесі.

586. Пайдалану кезінде кері температура болуы мүмкін жерлерде орналасқан жинау цистерналары қыздыруға арналған жабдықтармен жабдықталады.

587. Жиналмалы цистерналар цистерна түбінен төменгі санитарлық құралға дейін өлшенген, құйма құбырларында бекіту жоқ, бірақ сулы бағанадан 2,5 кем емес, сулы бағананың 1,5 қысымына тең сынама қысыммен гидравликалық сынақ жүргізіледі.

588. Қопарғыш ретінде су, бу және сығылған ауа қолданылады.



Қопарғыш және жуу жүйелерін басқа кемелік жүйелермен жалғау Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

589. Жиналмалы цистерналарының әуе құбырлары ашық палубаға шығарылады, ал олардың шығару ұштарын жиналмалы цистерналарынан ауа тұрғын және қызметтік үй-жайларға түспейтіндей етіп орналастырады.

590. Жинау цистерналары егер тамақ шикізатын және азықты тасымалдауға арналмаса жүкті үй-жайларда және машиналық үй-жайларда орналастыруға рұқсат етіледі.

 

 

80. Айдау, беру және шығару жүйелері



 

591. Жүйелер құрылғысы және ағын суларды айдау, беру және шығару құбырларының орналасуы Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес келеді.

592. Арматураларды және пайдаланылған суларды айдау, беру және шығару құбырларын гидравликалық сынау Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

593. Пайдаланылған суларды қабылдау құрылғысына беру жүйесінің құбырлары екі бортқа да шығарылады.

Негізделген жағдайларда осы Қағиданың 498-тармағында көрсетілген кемеде бұл құбырды бір бортқа ғана шығаруға рұқсат етіледі.

594. Пайдаланылған суларды беру жүйесінің құбыры басқа беру жүйелеріне жататын құбырлармен жалғанбайды.

595. Ағын суларды беру жүйесі құбырының келте құбырлары шлангілерді жалғауға ыңғайлы жерлерде орнастырылады және айрықшаланатын жазуы бар стандартты құймалы жалғаулармен жарақтанады.

596. Кеме-құрастырушылар стандартты құймалы жалғаулармен жарақтандырылады. Қажет болған жағдайда кемелер аралас жүзу және теңіз кемелерінен пайдаланылған суларды қабылдауға арналған осы Қағиданың 767-тармағына сәйкес халықаралық үлгідегі стандартты құймалы фланецті жалғаулармен ауыспалы құрылғысы болады. Шығаратын келте құбырларды осы Қағиданың 595-тармағына сәйкес фланцтермен біріктіруді қамтамасыз ету үшін ауыспалы муфтыны қолдануға рұқсат етіледі.

597. Пайдаланылған суларды беру жүйесі осы мақсаттарға арналған сорғылармен қызмет етіледі.

Басқа айдау құралдарын көздеу Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

598. Пайдаланылған суларды беру жүйесінің құбырларын борт сыртындағы, соның ішінде шлангілерді сулармен жуу көзделеді.



Жуатын суларды қабылдау құрылғысына немесе кеменің жиналмалы цистернасына бұрады.

599. Пайдаланылған суларды шығару жүйесінің бекіту арматурасында, арматураны пломбылауды көздейтін конструкция болады.



Талаптар пайдаланылған суларды айдайтын жеке құралдары жоқ кемелерге қолданылмайды.

600. Айдау сорғыларын қосу және тоқтату қолмен жүргізіледі.



Шығаратын келте құбырлар орналасқан ауданда бақылау орны және айдау құралдарын қашықтықтан ажыратумен жабдықталады немесе бақылау орны мен айдау құралдарын басқару орын арасында тиімді телефондық немесе радио байланыс көзделген.

 

 

81. Пайдаланылған суларды өңдеуге арналған қондырғы



 

601. Пайдаланылған суларды өңдеуге арналған қондырғыда кемеде суды тұтыну есебіне сәйкес келетін кіру қабілеті болады.

602. Пайдаланылған сулармен жанасатын пайдаланылған суларды өңдеуге арналған қондырғы және оған жататын сорғылар, құбырлар және арматура, айналадан келетін ықпалдардан қорғайды.

603. Пайдаланылған суларды өңдеуге арналған қондырғы Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарымен регламенттелетін тазарту деңгейін қамтамасыз етеді.

Ішкі су жолдарында жұмыс істейтін ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді пайдаланылған судан және мұнайы бар суларда тазарту деңгейінің нормативтік мәні осы Қағиданың 10-қосымшасында келтірілген.

Тазартудың нормаланған деңгейіне тек қана пайдаланылған суларды тазарту және залалсыздандыру жолымен жетеді. Тазарту көрсеткішіне суды араластыру жолымен жетуге рұқсат етілмейді.

604. Пайдаланылған суларды өңдеуге арналған қондырғы ұйымдастырушы-дайындаушыда 1,5 жұмыс қысымына тең сынама қысымына, ал кемеде - жұмыс қысымымен сыналу керек.

605. Пайдаланылған суларды өңдеуге арналған қондырғы орналасатын үй-жайда тиімді жасанды сорғыш желдеткіш болады.

606.   Қондырғыны жуудың және зарарсыздандырудың және оның техникалық құралдарына құбырлар және қызмет көрсетумен, тексерумен және қондырғыны жөндеумен байланысты жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арматураларға қызмет көрсететін тиімді жүйе көзделген.

607. Пайдаланылған суларды өңдеуге арналған қондырғы өңделген сулардың байқауын таңдауға арналған құрылғымен жабдықталады.

608. Пайдаланылған суларды өңдеуге арналған қондырғы автоматты режимде жұмыс істеу үшін конструкцияланады. Қолмен басқару көзделеді.



 

 

17-бөлім. Қоқыспен ластануды болдырмауға арналған жабдықтар мен құрылғыларға қойылатын талаптар



 

82. Жалпы талаптар

 

609. Бортында адамдары бар кемелер қоқыс жинауға арналған құрылғымен жабдықталады.

610. Кеме иесінің қарауы бойынша қоқысты өңдеуге арналған немесе қоқысты өртеуге арналған (инсенераторлармен) құрылғылармен жабдықталады.

611. Осы Қағиданың 498-тармағында көрсетілген кемелерде қоқыс жинауға арналған жабдықтың орнына бір рет пайдаланылатын қалың полиэтиленді қапшықтарды қолдануға рұқсат етіледі.

 

 

83. Қоқысты жинауға арналған қондырғы



 

612. Қоқысты жинауға арналған қондырғының қосынды сыйымдылығы тапсырыс берушінің (кеме иесінің) келісілген есебімен анықталады, есеп Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылады.

613. Қоқысты жинауға арналған қондырғыны алмалы-салмалы етіп немесе бекітіп орнатады және тығыз жабылатын қақпағы болады.

614. Қоқысты жинауға арналған алмалы-салмалы құрылғының тегіс ішкі беті болады және оларды кемеде нығайтуға лайықты болады.

615. Қоқысты жинауға арналған қондырғы ашық палубада немесе тиімді желдеткіші және тұрмыс және қызмет бөлмелерінен оқшауланған бөлмелерде орналастыру қажет.

616. Қоқысты жинауға арналған қондырғы болаттан жасалады. Ішкі беті тегіс түппен 300 кем болмайтын жүк түсіретін жаққа қарай еңіс болады. Жүк түсіретін саңылау төменгі бөлікте кертпегі болмауы керек және кеменің кез келген пайдалану шартында оның сенімді жұмысын қамтамасыз ететін қақпақтармен жабдықталады.

 

 

84. Инсинераторлар



 

617. Тиеуге арналған бункері бар инсенератордың соңғы бекіткіш қақпақтарында олардың бір мезгілде ашылуын болдырмау үшін блокталады.

Егер сол немесе басқа тиеуге арналған материалды қолдануға қатысты шектеулер болса, мысалы өңделген майды, майлы қорғауды онда оны көрінетін жердегі инсенераторға қосымшаланған сақтандырғыш кестеде көрсетеді.

618. Тиеуге арналған бункері жоқ инсенераторда тиеуге арналған люгі оны ашуды қоспағанда блокталады:



1) оттық жануға арналған ауаны жіберу үшін;

2) кемеде қолданылатын жылу буының тұтануы температурасынан жоғары температура кезінде.

619.   Жану процесі бақылау тікелей (көзбен шолу) немесе жанама (құрал бойынша) бойынша жүзеге асырылады.

620. Жылуды беруге арналған форсункада немесе басқа құрылғыларда Кеме қатынасы тіркелімі мақұлдаған конструкциясы болады.

621. Сұйық отынды тек қана мынадай жағдайларда беруді қамтамасыз етумен, форсункалар блокталады:



1) егер форсунка жұмыс күйінде болса;

2) егер ауа оттыққа берілсе;

3) егер тиеуге арналған люк жабық болса.

622. Форсунка жылу беруді 5 секундтан аспайтын уақытқа тоқтататын құрылғымен жабдықталады, егер:



1) оттыққа ауа берілмесе;

2) жанарғының алауы сөнсе;

3) электрлік қорек ажыратылғанда;

4) жылу қысымы рұқсат етілген жұмыс қысымынан төмендегенде.

Жылуды беруді автоматты сөндіру жарықты және дыбысты сигнал берумен қоса жүру керек.

623. Сондай-ақ егер форсункіге беруден бастап 5 секундтан астам өткенге дейін тұтанбаса отынды беру тоқтатылады.

624. Форсунканы сөндіруге, біреуі инсенератор орналасқан үй-жайдан тыс жерде табылатын екі ажыратқыш құрылғы көзделеді.

625.   Жеке сорғыш желдеткіші болмаған жағдайда автоматты оталу форсункасын басқару бағдарламасының жұмысын жалғастыру үшін мыналар көзделеді:



1) жағар алдында 3 минуттан кем емес оттықты желдету;

2) отынды беруді сөндіргеннен кейін 3 минуттан кем емес оттықты желдету.

626. Автоматты жану процесті инсинераторларда осы Қағиданың 13-қосымшасында келтірілген параметрлер бойынша қорғаныш және сигнал беру құралдары болады.

627. Отын және газ шығаратын инсенераторлар Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

628. Жоғарғы беті қызатын инсенераторлар Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес оқшауланады.

629. Жану қалдықтарын сақтау үшін қозғалып кетуден сенімді қорғайтын алмалы-салмалы жабылатын ыдыстар көзделеді.

630. Инсенераторлар машиналық және басқа үй-жайларда орнатылады.



Егер инсенератор машиналық бөлімшеде орнатылса, онда ол көршілес техникалық құралдардан экранмен бөлінеді және оның орналасуы мен бекітлуі Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес келеді.

631. Инсенераторларды жеке үй-жайларға орналастыру кезінде көзделеді: қондырғының жұмысына қажетті ауаның келуін қамтамасыз ететін қиылысатын-соратын желдеткіш, жұмысқа қажетті қондырғылар; Кеме қатынасы тіркелімінің талабына сәйкес автоматты өрт сөндіру сигналы.



 

 

85. Қоқысты өңдеуге арналған құрылғы



 

632. Қоқысты ұсақтауға арналған құрылғы оны 25 мм аспайтын бөлігіне дейін ұсақтауды қамтамасыз етеді.

633. Қоқысты қыспақтауға арналған құрылғы оның алғашқы көлемін орташа алғанда 5 есе азайтуды қамтамасыз етеді.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет