Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №216 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет2/31
Дата09.06.2016
өлшемі2.69 Mb.
#125266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
§ 1. Алғашқы куәландыру

 

11. Алғашқы куәландыру жүргізіледі:

1) кеме жасалғаннан кейін;

2) жаңарту, қайта жабдықтау, жетілдіру немесе жөндеу, оның салдарынан оның типі мен мақсаты өзгерген жағдайда;

3) кемені қайтадан сыныптаған кезде жүргізіледі;

4) Кеме қатынасы тіркелімі беретін құжаты жоқ, соның ішінде бұрын басқа сыныптамалық (қадағалау) органының тіркеуінде болған кемені сыныптауға қабылдау кезінде алғашқы куәландыру жүргізіледі.

12. Алғашқы куәландыру кезінде кеме элементтерінің жобаға және Кеме қатынасы тіркелімі талаптарына сәйкестігі тексеріледі, Кеме қатынасы тіркелімінің кемеге сынып және кеме құжаттарын беру үшін олардың конструктивтік ерекшеліктері мен техникалық жай-күйі анықталады.

13. Пайдаланымдағы кемені алғашқы куәландыру көлемі кемені қайта жабдықтау, жетілдіру немесе жөндеу, кеменің қызмет ету мерзімі, элементтерінің техникалық жай-күйі, техникалық құжаттамасының бар болу көлеміне байланысты белгіленеді және жалпы алғанда кезекті және сыныптамалық куәландыру көлемінен кем болмайды.

14. Кейбір жағдайларда алғашқы куәландыру көлемі сыныптамалық органы Кеме қатынасы тіркелімі таныған қолданыстағы куәлік және Кеме қатынасы тіркелімі талаптарына сәйкестігін тексеруге қажетті техникалық құжаттар болған кезде жыл сайынғы куәландыру көлеміне дейін кемітіледі.

15. Алғашқы куәландыру кезінде осы Қағиданың 11-тармағы 1) және 4) тармақшаларына сәйкес тіркеу нөмірі және Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттары беріледі.

16. Кемеге берілген тіркеу нөмірі кеме корпусына (форпик жағына немесе тозу мен бүлінуге аз ұшырайтын басқа көрнекті жерге диаметральдық жазықтық (бұдан әрі - ДЖ) ауданындағы форпик аралығының жоғарғы бөлігіне) жазылады.

17. Тіркеу нөмірінің жазылатын орны Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісіледі және тіркеу нөмірінің орны алғашқы куәландыру актісінде көрсетіледі.

18. Темір кемелерде тіркеу нөмірі соғылады, нақышталады немесе дәнекерленеді, ал пластмасса кемелерінде - пластмассадан жасалады және желімденеді, ағаш кемелерде - нақышталады немесе күйдіріледі.



 

 

§ 2. Кезекті куәландыру



 

19. Кезекті куәландыру кеме элементтерінің техникалық жай-күйін анықтау мақсатында сыныптамалық куәландырудың алдында жүргізіледі. Кезекті куәландыру нәтижелері бойынша талаптар қойылады, олар орындалған соң кеменің сыныбы қайта жаңартылады.

20. Кемені кәландыруға дайындау және оның элементтерінің ақауын анықтау Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

21. Осы Қағиданың 27-тармағына сәйкес кезекті куәландырудың мерзімділігі сыныптамалық куәландырудың мерзімділігімен алдын ала анықталады.

 

 

§ 3. Сыныптамалық куәландыру



 

22. Сыныптамалық куәландыру пайдалануға дайындалған кемеге сыныбын қайта жаңарту және жаңа сыныптамалық куәлігін ресімдеу мақсатымен кезекті куәландырудан кейін жүргізіледі.

23. Сыныптамалық куәландыру кезінде кеме иесі кезекті куәландырудан кейін орындалатын жұмыстардың сапасы мен көлемін, параметр өлшеу нәтижелерін растайтын құжаттарды, кеме элементтерін сынақтан өткізу жөніндегі актіні, ауыстырылған бөлшектерге сертификаттарды ұсынады.

24. Сыныптамалық куәландыру кезінде кезекті куәландыруда қойылған талаптардың орындалғаны тексеріледі.

25. Кеме мен оның элементтерінің Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкестігі тексерілуі тиіс, сондай-ақ конструкция ерекшелігі, техникалық сипаттамалары, қалыпты жұмыс істеуі, жинау сапасы, құрамы, жинақталуы мен басқа қасиеттері тексеріледі.

26. Көрсетілген іс-қимылдардан кейін кеме элементтерінің техникалық жай-күйі және кеме сыныбының қайта жаңартылуы мен жүзу жарамдылығын тану мүмкіндігі анықталады.

27. Кеме сыныптамалық куәландыруға, алғашқы куәландыру немесе соңғы куәландыру күнінен бастап 5 жылда бір рет жүргізіледі.



Кеме қатынасының тіркелімі, егер кеменің мерзіміне, техникалық құралдарының тозуы, жүзу жағдайларының өзгерісіне байланысты олардың динамикасы өзгергенде кемені тұтасына немесе оның іріленген элементтеріне (корпус, механизмдер, электр жабдықтары) сыныптамалық (кезекті) куәландыру жүргізу аралығындағы уақытты өзгертуі мүмкін. Кеме иесінің негізделген сұранысы бойынша кеменің іріленген элементтерін сыныптамалық (кезекті) куәландыру әр түрлі мерзімде жүргізіледі.

 

 

§ 4. Жыл сайынғы куәландыру



 

28. Кемені жыл сайын куәландыру сыныптамалық куәландыру арасындағы кезеңде жүргізіледі, кеменің техникалық жай-күйін бақылаумен тексеру жұмысынан және кеменің сыныпты растауға жеткілікті дәрежеде сәйкес болатынын белгілеу мақсатынан тұрады.

29. Жыл сайын куәландыру кезінде негізінен кеме элементтерінің сыртын қарау, жұмыс барысында тексеру орындалады, көлемі осы Қағиданың тиесілі бөлімдерінде белгіленеді.

30. Кеме иесінің сұрауы бойынша аралас жүзудегі кемелер жыл сайынғы куәландыруға мерзімінен бұрын ұсынылады.

Сонымен, осы куәландыру мен келесінің арасындағы кезең 18 айдан артық болмайды.

31. Сыныптамалық куәландыру жылында жыл сайынғы куәландыру жүргізілмейді.



 

 

§ 5. Доктық куәландыру



 

32. Доктық куәландыруға осы Қағиданың 128-тармағының 1)-8) тармақшасына сәйкес кеме корпусына сыртқы жүктемелердің азаюын қарайтын шектеулер арқылы жүзуге жарамды деп танылған ішкі суда жүзетін және аралас «өзен-теңіз» суда жүзетін барлық кемелер жатады.

33. Кезектен тыс доктық актісімен бекітілген жүзу аумағында пайдаланған және маусымдық шектеулерді бұзған куәландыруға Кеме қатынасы тіркелімі құжаттарымен белгіленген ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер жатады.

34. Алғашқыдан немесе сыныптамалық куәландырудан кейін, доктық және кезекті куәландыру арасындағы кезең 36 айдан артық болмайтын есеппен, үшінші жыл сайынғы куәландыру алдында жүргізіледі.

35. Доктық куәландыру жалпы беріктіктің жойылуы, болдырмайтын жергілікті қалдық нысанының өзгеруі және сыртқы қабаты тұтастығының бұзылуы мүмкін болатын белгілерді анықтау мақсатында жүргізіледі.

36. Доктық куәландыру кезінде кеме құрылғыларының корпустың су асты бөлігінде орналасқан кеме элементтерінің құрылғысы, түптік-борттық арматура мен қозғағыш кешенінің күйін тексереді.



 

 

§ 6. Кезектен тыс куәландыру



 

37. Кезектен тыс куәландыру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) Осы Қағиданың 6-тарауына сәйкес пайдаланудағы кеменің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтін бүлінулерден кейін;



2) бүлінулерді жойғаннан кейін, бұл ретте куәландыру кезінде қойылған талаптардың барлығы осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес орындалғаннан кейін жүзу жарамдылығы жөніндегі құжаттар ресімделеді;

3) жүзу қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақаулар анықталған жағдайда және қажет болғанда кеменің техникалық жай-күйін немесе жүзу ауданын тексеру, сондай-ақ Кеме қатынасы тіркелімінің күшін жойған құжаттарын бұрынғы қалпына келтіру;

4) тәжірибелік объектілердің техникалық жай-күйін бақылаумен тексеру мақсатында;

5) кеменің дайындығын тексеруге: осы Қағиданың 7-тарауына сәйкес белгіленген жүзу ауданынан тыс жерде бір жолғы өту, осы Қағиданың 8-тарауына сәйкес жолаушы емес кемелерде ұйымдасқан адамдар тобын тасымалдау, осы Қағиданың 9-тарауына сәйкес ірі ауқымды және/немесе ауыр салмақты жүктерді тасымалдау қауіпті жүктерді тасымалдауға, жем және жем емес тиелген жүктер (Кеме қатынасы тіркелімінің бұрын берген куәлігінде көзделген), ауық-ауық жоғарғы разрядты бассейндерде жүзуге;



6) кеменің техникалық жай-күйі жыл сайынғы куәландыру кезінде жарамсыз болып табылу нәтижесінде. Келесі жыл сайынғы куәландыруға дейінгі мерзім бұрынғы жыл сайынғы куәландыру күнінен бастап есептеледі;

7) Кеме қатынасы тіркелімінің заңды күшіндегі құжаттары бар кемелерді сыныптамалық тіркеуге қою және тіркеуден алу;

8) кеменің техникалық жай-күйін алдын ала анықтау, сондай-ақ алдағы куәландыруға байланысты мәселелерді шешу;

9) оны жаңарту, жетілдіру немесе жөндеу кезінде кеменің типі мен міндетін өзгертпей;

10) Кеме қатынасының тіркелімі құжаттарында белгіленген ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер үшін жүзу аумағын пайдаланған және мерзімдік шектеулерді жіберілген қателіктер.

38. Кезектен тыс куәландыру көлемін әрбір нақты жағдайда, куәландыру мақсаты мен міндетін ескере отырып, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен анықтайды.



 

 

4. Куәландыру мерзімін ұзарту



 

39. Кеме қатынасының тіркелімі егер кеме пайдалануда болса, кеме иесі Кеме қатынасы тіркеліміне өтініш жазғанда сыныптамалық, кезекті және жыл сайынғы куәландыру мерзімін ұзартады.

40. Ішкі жүзудегі кемелерге сыныптамалық және кезекті куәландыру жүргізу екі жылғы мерзімге дейін ұзартылады.

41. Аралас жүзудегі кемелерге сыныптамалық және доктық куәландыру жүргізу бір жыл мерзімнен артпай ұзартылады.

42. Осы Қағиданың 40, 41-тармағында көзделген, осы Қағиданың 126-тармағында көрсетілген кемелерге куәландыруды ұзарту кеме иесінің өтініш жасаған мерзімінде пайдалану үшін олардың корпустарының беріктігін есептеудің негіздемелері болған кезде мүмкін болады.

43. Егер механизмдердің және электр жабдығының құрамына кіретін жекелеген кемелік техникалық құралдар есептен шығарғанға дейін өзінің ресурсын бітірген жағдайда сыныптамалық (кезекті) куәландыру мерзімін ұзарту мүмкін болмайды.

44. Кемені жыл сайын куәландыру, сонымен қатар ыдыстағы ішкі куәландыруы қысымымен екі ай мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін.

45. Кезекті куәландыру кезінде, осы куәландыру өткізілгенге дейін 12 ай артпай қажетті көлемде (доктағы немесе слиптегі куәландыруларды қоса) жүргізілген кеме элементтерін тексеру түрлерін орындамауға болады.

 

 

5. Кемелерді қайта сыныптауға байланысты куәландыру



 

46. Кеме қатынасы тіркелімі қайта сыныптау жүргізілетін кемелерді куәландыру мен техникалық жай-күйін анықтау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес әзірленген техникалық құжаттамалар басшылыққа алынады.

47. Кеме иесінің өтініші бойынша сынып төмендетуге қайта сыныпталатын сериялы жасалатын кемелердің корпустары үшін қайта сыныптаудан кейін кемені пайдалану кезінде сыртқы жүктеменің төмендеуін ескере отырып, қалдық қалыңдықтары және өзгеру параметрлерінің тағайындалған жеке нормативтерін қолдануға болады.

48. Қайта сыныпталатын кеменің басқа элементтерінің техникалық жай-күйін анықтау осы Қағиданың нормаларына сәйкес жүргізіледі.

49. Кемелерді қайта сыныптамалық алғашқы куәландыру актісімен ресімделеді, оның көлемі барлық кеме элементтерінің Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына және Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамаларына сәйкестігін растау, сондай-ақ оның жаңа сыныпқа қатысты техникалық жай-күйін анықтауы үшін жеткілікті болуы тиіс.

50. Осы куәландыру нәтижесінде кемеге жаңа сынып, жүзу жағдайы мен ауданы тағайындалады, су үсті бортының биіктігі, келесі сыныптамалық және жыл сайынғы куәландыру мерзімі анықталады, Кеме қатынасы тіркелімінің жаңа құжаттары ресімделеді және беріледі, ал бұрын қолданыста болғандарының күші жойылады, алынады және формулярға тігіп қойылады.

51. Кемені сыныпты төмендетуге қайта сыныптау кезінде жаңа сыныптамалық куәлігі беріледі, ал қалған құжаттарға тиісті өзгерістер енгізіледі.



 

 

6. Кеменің техникалық құралдарының бүлінуі мен тоқтап қалуына



байланысты кезектен тыс куәландыру

 

52. Кеменің бүлінуі туралы кеме иесі қызметінің шеңберінде бүліну туралы Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне жедел хабарлайды және кемені куәландыруға ұсынады.

53. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері, бүліну көлік оқиғасына, кеменің істен шығуына келтірмеген және осы бүліну салдары кеме жағдайында қысқа мерзімде жойылуы мүмкін болған жағдайда, куәландыру жүргізбеуге құқылы.

54. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме капитанынан немесе кеме иесінен көлік оқиғасы, кеменің және оның элементтерінің бүлінуі туралы мәлімдеме алу бойынша алынған мәліметтерге сәйкес жедел түрде, Кеме қатынасы тіркелімінің орталық аппаратына жағдайы және бүліну салдары жөнінде хабарлайды.

55. Кеменің бүліну алған сәтіндегі жағдай, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері келгенге дейін, кемеге және оның үстіндегі адамдар қауіпсіздігіне қауіп төнбейтіндей, сондай-ақ одан әрі қирауға келтірмейтіндей қалпында сақталады.

56. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері куәландыру басталғанға дейін, кеменің бүліну жағдайы мен себептері және/немесе техникалық құралдарының тоқтап қалуы айтылған алғашқы кеме актісінің мазмұнымен танысады.

57. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кемені куәландыру кезінде бүліну сипатын және бүлінуге жеткізген себептерді анықтайды, техникалық жай-күйіне байланысты сыныбын сақтау, сондай-ақ кемені одан әрі пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын немесе жөндеу немесе түсіру орнына бір жолғы өту мүмкіндігін белгілейді.

58. Егер кеменің техникалық жай-күйінің жарамсыз болу себептеріне байланысты сыныбы сақталмаған жағдайда, кеме иесі кеменің бір жолғы өтуіне рұқсат алу үшін түсіру және/немесе жөндеу орнына өту (өткізу) қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары сипатталған дәлелді сұрауларды Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне ұсынады.

59. Кеменің өту ауданы мен кеме иесінің шараларын ескере отырып, оның нақты күйіне байланысты Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарымен көзделмеген Кеме қатынасы тіркелімі кеменің оның мақсатына сәйкес қауіпсіз жүзуін адам өмірін қорғау және жолаушылардың денсаулығын және кеменің экипажын, кемеде тасымалданатын жүктің сақталуын, кеменің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, кеменің ерекшелігінен туындаған немесе оның пайдалану шартына сәйкес жазбаша ұсынған қойылатын шектеулерді және қосымша талаптарды орындаған жағдайда, Кеме қатынасы тіркелімі кемені бір жолғы өтуге жарамды деп таниды.

60. Бүліну болған кемені кезектен тыс куәландыру нәтижелері актімен ресімделеді.

Куәландыру актісіне, кеме иесі комиссиясының құрастырған көлік оқиғасы туралы актісінің көшірмесі және/немесе кеменің (лер) команда құрамының тұлғалары құраған алғашқы кеме актісінің көшірмесі қоса беріледі.

61. Бүлінген кеме элементтерінің кезектен тыс куәландыру актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:



1) бүлінген кеменің немесе объектінің типі, міндеті, жоба авторы мен нөмірі, жасау немесе жөндеу күні мен орны, соңғы жөндеу орны, күні және сипаты, объектіге (пайдалану жөніндегі нұсқаулықты ұстану, техникалық қызмет көрсету бойынша кестенің бар болуы мен орындалуы) техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мәліметтерді растау құжаттары, типі, соңғы куәландыру күні және осы куәландыру нәтижелері бойынша техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;

2) объектінің конструктивтік ерекшеліктері;

3) көлік оқиғасының актісіне немесе куәландырылатын объектіні бүліну жағдайлары туралы алғашқы кеме актісіне сілтенетін, соның ішінде орны, уақыты, тиеу нұсқасы, кеменің қозғалу бағыты туралы қысқа мәліметтер;

4) куәландыруға ұсыну сәтіндегі жалпы күйі (орналасқан жері, жүзгіштікті жоғалту, беріктіктің бұзылуы, бөліктердің, энергия қондырғыларының бүлінуі);

5) қажетті сұлбалар, сызбаларды қоса отырып, толық сипаттау;

6) бүліну себептері туралы қорытынды;

7) бүліну мен ақауларды жою бойынша талаптар;

8) бүліну себептерін анықтауға қажетті мәліметтер;

9) ұқсас бүлінулерді ескерту бойынша ұсыныстар.

62. Актінің мазмұнында, бүлінген корпусты куәландыру кезінде осы Қағиданың 61-тармағындағы мәліметтерге қосымша мынадай мәліметтер болады:



1) жүктің түрі, ұзындығы мен биіктігі бойынша оның орналасуы, жүкті бекіту мықтылығы, артық жүктердің немесе сұйық жүктердің жоғарғы бетінде бос орынның болуы;

2) кемеде немесе жүк жұмысы айлақтарында Тиеу және түсіру жөнінде нұсқаулықтың болуы және жүктердің осы Нұсқаулыққа сәйкес орналастырылуын растау;

3) бұрын белгіленген пайдалану жағдайларын шектеуді және оның орындалуын растауды атап шығу;

4) гидрометеорологиялық жағдайларды (жел бағыты мен жылдамдығы, болжамды және нақты толқын биіктігі, болжау алу тәртібін сақтау, толқынға қатысты кеменің қалпы, мұзды жағдайды сипаттау) көрсету.

63. Кеме техникасының бүлінген объектілерін куәландыру кезінде кемені кезектен тыс куәландыру актісінде осы Қағиданың 61-тармақ мәліметтеріне қосымша ретінде мыналарды көрсету қажет:



1) объект маркасы, зауыт нөмірі, жасау немесе күрделі жөндеу жылы мен орны;

2) бүлінуге дейінгі, соның ішінде әзірлеу, соңғы күрделі, орташа, ағымдағы жөндеулерден кейінгі жұмыс сағатының мөлшері, Кеме қатынасы тіркелімінің немесе басқа сыныптамалық органның сертификатының болуы;

3) тоқтап қалу сәтіндегі негізгі параметрлерін көрсете отырып, жұмыс режимі мен жағдайы;

4) оқиғаға дейін болған бүлінулер, орындалған жөндеулер мен техникалық қызмет көрсету (вахталық машиналық журнал бойынша) туралы мәліметтер;

5) қашықтық немесе қашықтықтан автоматты басқару жүйесінің түрі және бар болуы, оның техникалық жай-күйі, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдарының жарамдылығы мен жинақталуы, жарық және дыбыс авариялық-ескертпе сигналын беру және автоматты қорғану туралы мәліметтер;

6) пайдалану үрдісінде бөлшектерді ауыстыру туралы мәліметтер.

64. Бүлінген электр жабдығын куәландыру кезінде осы Қағиданың 61-тармағының мәліметтеріне қосымша, кемені кезектен тыс куәландырғанда актісінде көрсету қажет:



1) электр станциясының құрамы, тоқ, кернеу түрі;

2) бүліну алдында және куәландыру кезіндегі оқшаулау кедергісін өлшеудің соңғы нәтижелері дымқыл және тозу дәрежесін өлшегішпен тексеріледі;

3) генераторлардың автоматты қорғау, электр жетегінің, күштеу кабельдерінің, өздігінен жарықтандыру тізбектерінің және артық жүктемеден, қысқа тұйықталу тоқтарынан, өздігінен қосылудан қорғау күйі мен бапталуы;

4) бақылау-өлшеу құралдарының және жарық арқылы сигнал беру жинақтаулылығы мен жарамдылығы.

65. Бүлінген жүк көтеру құрылғысын куәландыру кезінде осы Қағиданың 61-тармағының мәліметтеріне қосымша кемені кезектен тыс куәландыру актісінде мынаны көрсету қажет:



1) тоқтап қалу сәтіндегі жүк салмағы, еңіс бұрыштары, жебе бұрылуы мен жүк көтеру биіктігі;

2) жүк көтеру құрылғысының металл конструкция мен жауапты бөлшектерінің сыртқы түрі мен техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;

3) бүлінген элемент материалының қасиеттері туралы мәліметтер.

66. Бүлінген қысымдағы ыдысты куәландыру кезінде осы Қағиданың 61-тармақ мәліметтеріне қосымша ретінде кемені кезектен тыс куәландыру актісінде техникалық жай-күйі туралы мынадай мәліметтерді көрсету қажет:



1) манометрлер, олардың жинақталуы, тексеру кезеңділігі;

2) ыдыстар мен құбырлардың арматуралары, сақтау қақпақтарының жарамдылығы мен реттеу дұрыстығы, оларда пломбылардың болуы, жеңіл балқу тығындарының, сепараторлардың күйі;

3) ыдыстың бүлінген қабырғасы, ішкі және сыртқы жағы бетінде тотығу белгілерінің болуы, ыдыстардың бекітілуі.

67. Бүлінген мұздату қондырғысын куәландыру кезінде осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет